Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептері
1.1. Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептері 1.2. Отарлық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі. Ресей мұсылмандары одағының құрылуы ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАЛАР МЕН АҚПАН ТӨҢКЕРІСІ КЕЗІНДЕГІ МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 2.1. І және ІІ Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттарының қызметі. 1907ж. 3 маусым заңы. 2.2. ІІІ және ІV Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Қазақстанның саяси-әлеуметтік мәселелерін көтеруі. 2.3. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі және Қазақстанның саяси жағдайы. ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ КІРІСПЕ Скачать Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 434 Тақырыптың өзектілігі. Ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс орталық езгіге қарсы Ресейдегі түркі және өзге де мұсылман халықтарын тұтас бір майданға біріктіру жолында өзіндік діни, ұлттық, мәдени және саяси талаптарды көтерген демократиялық сипаттағы күрес болып табылады. Бұл қозғалыстың негізін құрайтын түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болатын. Мұсылмандық қозғалыс Ресей империясының қол астында ұлттық езгіні бастан кешірген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының да азаттық жолындағы күрес тарихында өзіндік із қалдырған. Алайда ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс мәселесінің әлі күнге дейін ақиқаты айтылмай келеді. Себебі, тоталитарлық идеологияның үстемдігі тұсында тарихымыздың бүтіндей бір кезеңдері, құбылыстары, соның ішінде Ресей империясын шарпыған ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс мәселесі де әдейі бұрмаланып, реакциялық, кертартпа, мәнсіз оқиғалар тізбегі ретінде көрсетіліп, объективті тұрғыдан зерттеуден тыс қалды. Еліміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік тізгінін өз қолына алуы өткен дәуірдегі тарихты сол кезеңнің шындығына сай, сыңаржақ қалыптардан ажыратып, ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге жол ашты. Мұсылмандық қозғалыс сияқты тарихи құбылысты жан-жақты қарастырып, объективті зерттеудің мүмкіндігі де енді ғана туып отыр. Ресейдегі мұсылмандық қозғалыстың қазақ халқының тарихына қатысты бар екеніне көпшілік назарын аудара отырып академик М.Қ.Қозыбаев: Бұл қозғалысқа демократиялық бағыттағы зиялы қауым атсалысты. Мемлекеттік думаға сайланған мұсылман депутаттар осы серпілістің қалың ортасында болды. Демократиялық үлкен күрес арнасына дінін, ділін, тілін қорғаған қалың қауымның да екпінді ағыны келіп осылай қосылды. Біз қа Скачать зақ халқының Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 534 тарихында осы бір тақырыптан ауыздықты тістеп, шошына ыршып қашатынбыз. Ал шын мәнісінде дін мен парасат, ағартушылық, тәлім-тәрбие ісі де астарласып жатқанын, халықтың қалың қауымы діндарлардың ықпалында болғандығын қалай жасыруға болады. Ендеше болашақта бұл тақырып та халқымыздың тарихының бір көрінісі екендігін ескергеніміз жөн, [1] - деп баса көрсеткен еді. Қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында бүкіл Ресейді қамтыған мұсылмандық қозғалысқа қазақ зиялылары да атсалысқан болатын. Мұсылмандық қозғалыстың ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдықсаяси өмірінде алар орны, жалпы осы қозғалыстың пайда болу негіздері, мақсат-міндеттері және оған атсалушы азаматтардың сол мақсат-міндеттерді іске асыру жолындағы қызметі арнайы зерттеуді қажет етеді. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұсылмандық қозғалыс жөніндегі алғашқы ойпікірлер ХХ ғасыр басындағы мұсылман басылымдарында, атап айтқанда И.Гаспринскийдің Тәржіман (Аудармашы) газетінде және бірқатар татар тіліндегі мерзімді баспасөздерде көрініс тапты. Бірінші орыс революциясы жылдары Үлфәт (Достық), Вакыт (Уақыт), Тәржіман газеті беттеріндегі мақалаларда [2] мұсылмандық қозғалыс Ресей империясы қол астында ұлттық езгінің ауыр тауқыметін кешіп жатқан мұсылман халықтарының мүддесін, құқын қорғау жолындағы әрекет ретінде сипатталады. Сондай-ақ аталмыш баспасөздерде мұсылмандық қозғалыстың жарқын көріністері іспетті бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізілуі Ресей мұсылмандары одағы және Мемлекеттік думаға мұсылман фракциясының құрылуы жоғары бағаланады. Алайда сол кездің өзінде социал-демократиялық бағыттағы Урал, Азат халық (Азат халық) секілді татар газеттері мұсылмандық қозғалысқа таптық тұрғыдан қарап, Ресей мұсылмандары одағын үстем тап өкілдерінің ұйымы ретінде көрсетіп [3], мұсылмандық қозғалыстың а Скачать заттық жолындағы сипатына Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 634 мән бермеді. Біз қарастырып отырған мәселе арнайы зерттелмеген тақырып. Бірақ мұсылмандық қозғалыс жайлы, сондай-ақ оған қазақ қоғамының қатысы туралы сипаттамалар ғасыр басында-ақ жарық көрген кейбір еңбектерде кездесіп отырады. Қазақ зиялыларының көшбасшысы Ә.Бөкейханов 1910ж. жарық көрген Қырғыздар (Қазақтар) атты әйгілі мақаласында [4] қазақ елінде өрбіген азаттық қозғалыстың екі саяси бағыты қалыптасып келе жатқандығын, оның бірі батысшылдар, яғни қоғам дамуында батыс дәстүрін үлгі тұтушылар, ал екіншісі қазақтарды бүкіл мұсылмандармен біріктіруге ұмтылған ұлттық-діни, түрікшіл бағыт екендігін атап көрсеткен-ді. Өз ойын қорыта келіп, Ә. Бөкейханов патша өкіметінің орыстандыру саясатының нәтижесінде батыс мәдениетіне күмәндана қарайтын түрікшілдер қазақ даласында белсенді топтың көпшілігін құрап отыр деп жазған болатын. Ал 1914 жылы өзі қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезінің шешімдері жайлы Ә.Бөкейханов Қазақ газеті Мұсылман съезі атты мақала жариялады. Оның қазақ депутаттарының пікірлерін сынға алып, бұдан былай мұсылман съездерінде көтерілетін қазақ мәселесі алдымен елдің өз ішінде талқылануы тиіс деп көрсетті. Орталық езгідегі мұсылман халықтарының азаттық күресі барысында бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізілуі, Ресей мұсылмандары одағының құрылуы мен Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының қызметі Ф.Туктаров пен М.Бигиев секілді татар зиялыларының еңбектерінде қарастырылған. Ф.Туктаровтың Бірінші, екінші және үшінші Думалардағы мұсылман депутаттары һәм олардың қызметі атты кітабында мұсылман фракциясының мүшелері қатарында қазақ зиялылары Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанов, Б.Қаратаев, У.Алдабергеновтің де суреСк ттері б ачатьеріліп, олардың қоғамдық-саяси Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 734 қызметіне шолу жасалған. Мәселен, 1906 ж. Ресей мұсылмандар одағы Орталық Комитетінің мүшесі болған Ш.Қосшығұловты алдына биік мақсат қойған күрескер ретінде сипаттайды. Аталмыш еңбекте мұсылман депутаттарын тек дәріптеу ғана емес, олардың қызметіндегі кемшіліктерге сын көзбен қарау да орын алған. Сондықтан да бұл еңбек кезінде Думадағы мұсылман депутаттарын келеке етуші кітап деп бағаланған-ді [5]. Белгілі татар ғалымы Ғ.Ибрагимов Ресей мұсылмандары одағының жанды хаттамасы [6] деп атаған М.Бигиевтің Ислахат әсаслари (Реформа негіздері) атты еңбегі тарихнамалық қана емес, дерекнемелік тұрғыдан да құнды. Себебі, М.Бигиев Ресей мұсылмандары съездерінің барлығына дерлік қатысып, мұсылмандық қозғалыстың бел ортасында болды. М.Бигиев мұсылман съездерін Ресей мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси белсенділігінің көрінісі ретінде бағалайды. ІV Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының жанындағы бюрода қызмет еткен, кейіннен 1917 ж. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің төрағасы болған А.Салихов Құрылтай жиналысында мұсылман фракциясын құру туралы атты татар тілінде жарық көрген кітабында [7] мұсылмандық қозғалыстың даму кезеңдеріне тоқталып өтеді. А.Салихов мұсылмандық қозғалыстың 1905 жылдан өрлеу алғандығын айта келіп, Ресей империясының төрт бірдей Мемлекеттік думаларында мұсылман фракциясының құрылуын ірі тарихи оқиға ретінде бағалайды. Мұсылмандарды Құрылтай жиналысы кезінде де бір фракцияға бірігуге шақырған аталмыш кітап А.Салиховтың 1917 жылы Қазанда өткен бүкілресейлік екінші мұсылман съезінде жасаған баяндамасы негізінде даярланған болатын. Л.Мартов, П.Маслов және А.Протесовтың редакторлығымен 1909-1912жж. аралығында жарық көрген Общественное движение в Р Скачать оссии в начале ХХ века Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 834 атты көп томдық жинаққа енген К.Залевскийдің еңбегінде [8] де мұсылмандық қозғалыс мәселесі көтерілген. Онда мұсылмандық қозғалыста Еділ бойы татарларының белсенділік танытқандығы, сондай-ақ оған басқа да мұсылман халықтарының соның ішінде қазақтардың да атсалысқандығы аталып көрсетілген. Зерттеуші К.Залевскийдің ұлттық езгідегі мұсылман халықтары өздерінің талаптілегін, саяси мүддесін бір мұсылман одағына бірігу арқылы білдіруге ұмтылды, Мұсылмандар одағы ислам дініне сенетін халықтардың ұлттық қозғалысының дамуына өзіндік игі әсерін тигізді деген пікірі орынды айтылған. Бірақ К.Залевский Мұсылмандар одағының ыдырайына таптық мүдде бойынша жіктелу себеп болды деп, оның шынайы мазмұнын аша алмаған. Патша өкіметі тұсында отаршылдық пиғылда жазылған еңбектерде, мұсылмандық қозғалыстың антиресейлік сипатына басты назар аударылып, оны панисламшылдық көрінісі ретінде суреттеу орын алды. Осы кезеңде көптеген европалық ислам танушылар панисламшылдықты діни фанатизм негізінде бірігіп, европалық өркениет пен бүкіл христиан әлемін жоюды мақсат еткен ілім деп түсінді [9]. Кеңес өкіметі кезінде мұсылмандық қозғалыс жайлы жазу ресми саясатқа тікелей тәуелді болды. 20-30 жылдары И.В.Сталин тарихғылымына өз монополиясын орнатуға толық құқылы екендігін бекітіп алды. Ендігі жерде тарих ғылымы оның бүкіл билігін тарихи негіздеу жолында қызмет етті [10]. Осы кезеңде ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлерін қуғындау М.Х.Сұлтанғалиевтің ісі деген саяси процесстен соң ресми сипат ала бастады. И.В.Сталиннің ұғымындағы сұлтанғалиевшілдік-пантүрікшілдік , панисламшылдық секілді ұғымдармен сабақтас болып шықты [11]. Сол кезеңде Кеңестер Одағындағы мұсылман халықтарының жауапты қызметтегі азаматтарын антисоветтік пиғылдағы пантүріктік ұйымдарымен б Скачать айланысы бар деген Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 934 желеумен айыптау процестері жүрді. Міне осы тұста сұлтанғалиевшілдіктің түп-тамыры сонау патшалық заманда-ақ пайда болғандығын дәлелдеуге талпынған А.Аршаруни мен Х.Габидуллиннің еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыстың азаттық күрестегі алатын орнына назар аударылмай, оның өңі бұрмаланып діндар үстем тап өкілдерінің реакциялық сипаттағы іс-әрекеті ретінде көрсетілді. Осылайша онда мұсылмандық қозғалыстың өмірге келу себептері мен оның тарихының әртүрлі кезеңдеріне оъективті баға берілмеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен сталиндік жосықсыздардың, содан кейін волюнтаризм мен субъективизмнің тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді [12]. Соған орай, 30-жылдардан 80 жылдардың соңына дейін жарық көрген еңбектерде [13] мұсылмандық қозғалыс тек қараланумен шектелді. Орта Азия және Қазақстан халықтарының кеңестік дәуірге дейінгі тарихының аса маңызды мәселелері 1955ж. Ташкентте өткен Біріккен ғылыми сессиясында қаралды. Оның күн тәртібіне қойылған бес мәселесінің бірі Панисламшылдық пен пантүрікшілдіктің реакциялық мәні және сатқындық ролі деп аталды. Сессияның шешімдері Орта Азия мен Қазақстанның ғалымдарының зерттеулерінен кейінгі кезеңде де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның бір айғағын Б.Сүлейменовтің 1905-1907жж. революцияға арналған еңбегінен аңғаруға болады. Автор Иттифақ (Ресей мұсылмандарының одағы) ұйымы жайлы былайша пікір білдіреді: Халық тілегіне қайшы келетін Иттифақ ұйымы Еділ бойын, Орта Азияны, Қазақстанды және басқа шеткері аймақтарды Ресейден бөліп алып, оны империялистік Англияның қолдауына сүйенген Түркияға қосуды мақсат етті. Мұндай ұйымдар татар буржуазиясымен Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда және басқа да қалалар Скачатьда құрылды [14]. Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1034 Дегенмен Кеңес өкіметі тұсында мұсылмандық қозғалыс туралы орынды ойпікір айтуға деген талпынушылық та байқалады. Мәселен, белгілі ғалым С.З.Зимановтың: Қазақ интеллигенциясы өмірден туындап отырған бірқатар мәселелерді түсінуі және оны шешу тәртібі мен жолдарына көзқарасы 1914 жылы Петербургте Ресей мұсылмандарының съезінің шақырылу кезінде анық, әрі айқын көрінді. Бұл съезді ұйымдастырушылар... елдің мұсылман жұртшылығына зәру мәселелерді талқылап, Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясына нақты ұсыныстар жасауды ұйғарды. Айқап журналы мен Қазақ газеті съезге біршама әзірлік жұмыстарын жүргізді және оған өз өкілдерін жіберді [15], - деген пікірі көңіл аудартарлық. Әсіресе кеңетікимперияның ыдырау кезеңінде жазылған Г.З.Қожахметовтің зерттеу жұмысындағы мұсылман фракциясы шеткері аймақтардың қоғамдық-саяси өмірінде оңды роль атқарды және жергілікті бұқара халықты азаттық алу үшін ашық күрес деңгейіне көтереді [16], - деген пікір орынды айтылған. Соңғы жылдары тарих ғылымының қатаң таптық, партиялық принциптен арылуы мұсылмандық қозғалысты жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеуге жол ашты. Бүгінгі таңда мұсылмандық қозғалыс ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өмірді және ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси ролін көрсетуге арналған еңбектерде [17] көрініс тауып, оңды бағаларға ие болуда. Мұндай зерттеулер қатарына М.Қозыбаев, К.Нұрпейсов, М.Қойгелдиев, Ө.Әбдіманапов еңбектерін атауға болады [18]. Бұл еңбектерде біз қарастырып отырған тақырып жете зерттеуге арқау болмаса да, өте құнды мәліметтерге толы. Мәселен, белгілі ғалым К.Нұрпейісов әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интеллигенциясы бірінші орыс революциясы кезінде саяси күрес арнасына шыққан либералдықдемократиялық партиялар мен топтардың жағында болумен қатар сол уақытта қоғамдық-саяси қозғалыс ретінде пайда бо Скачалған ресейлік мұсылмандар ть дың саяси Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1134 қызметіне де тікелей араласты деген құнды тұжырым айтады. Ал алаштық интеллигенцияға жаңа көзқарас қалыптастыруда үлкен үлес қосқан зерттеуші М.Қойгелдиевтің жуырда жарық көрген Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы атты еңбегінде: 1905 жылғы ресейлік төңкерістен соң өрлеу алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыс біріншіден, Мемлекеттік дума деңгейінде түркі және басқа мұсылман халықтарының ең өзекті саяси және әлеуметтік мәселелерін қойып, оларға отаршыл биліктің назарын аударуға мәжбүр етсе, екіншіден, татар, қазақ және басқа мұсылман елдерінің жас, балғын ұлтазаттық қозғалысының аяғынан тұрып, ержетіп есеюіне қолдау жасап, дем беріп отырды [19], - деуі аталмыш тақырыпқа жаңа көзқарастың, соны пікірдің қалыптасып келе жатқандығын аңғартады. Ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс мәселесі шетелдік тарихнамадан да орын алған. Бұл орайда билікпен келісе алмай шет елдерге кетуге мәжбүр болған зиялы қауым өкілдерінің мұсылмандық қозғалыс жайлы мол мәлімет беретін еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Кейінгі кезде олардың кейбірі орыс және қазақ тілдеріне аударылып жарық көре бастады [20]. Кеңестің дәуірге Ресейдегі мұсылман халықтарының тарихы, атап айтқанда олардың азаттық жолындағы қозғалысы поляк ғалымы С.Зенковский еңбегінде қарастырылған. Зерттеуші 1905-1917 жылдары Ресей мұсылмандарының саяси қызметінің нәтижелі болуына исламшылдық өзіндік үлес қосты деп тұжырымдайды. Алайда аталмыш еңбектің 1905 жылғы Қазақстан деген бөлімінде қазақ өкілдері бірінші және екінші бүкілресейлік мұсылман съездеріне қатыспады, тек үшінші съезге Бөкей Ордасынан Ш.Қосшығұлов қатысты, бірақ оның өзі солтүстікте және шығыста тұратын қазақтардың қалың бұқарасымен байланыста болмады деген жаңсақтыққа жол берген. Шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі мұндай жайтт Скачаартьдың жиі кездесуін дерек көздерінің Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1234 тапшылығы туындап отырса керек. Тақырыпқа қатысты шетелдік зерттеушілердің ой-пікірлері жайлы мәліметтерді К.Л.Есмағамбетов, М.Т.Лаумулин және Б.М.Сужиков еңбектерінен табуға болады [21]. Соңғы кезде батыс ғалымдарының еңбектерінің аудармалары қазақсатқындық басылымдарда беріле бастады [22]. Ұлыбританияда 80 жылдардың бас кезінде құрылған Орталық Азияны зерттеу қоғамы мұсылмандық қозғалысқа қатысты құжаттар жинаған орыс тілінде бастырып шығарды [23]. Бұл жинақтарға бүкілресейлік мұсылман съездерінің қаулы-қарарлары, Ресей мұсылмандары одағының жарғысы мұсылман фракциясының бағдарламасы енген. Жинақтарда берілген алғы сөздерде мұсылмандық қозғалыс шектері аймақтардың мүддесін, құқын қорғау жолындағы азаттық қозғалыстың бір көрінісі ретінде бағаланған. Жалпы батыс зерттеушілері мұсылмандық қозғалысты орыс-проваславиелық империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың формасы деп түсіндіретіндігін өзінің шетелдік тарихи концепцияларды талдауға арналған еңбегінде ғалым Г.Р.Балтанова да атап көрсетеді [24]. Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиетте баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады. Осы уақытқа шейін мұндай мәселені арнайы қарауға қажет алғы шарттар да қалыптаса қойған жоқ-тын. Ондай қолайлы жағдай енді ғана туып отыр. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыстың халқымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі алатын орнын ғылыми айналымға түспеген құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының басты мынандай міндеттер қойылып отыр: Скачать Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1334 - Жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа қазақ қоғамының тартылу себебін анықтау: - Бірінші орыс революциясы мен 1917 ж. Ақпан революциясы аралығындағы мұсылмандық қозғалыстың сипатына, ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсатына талдау жасау, және оған қазақ зиялыларының атсалысуын көрсету; - Бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізілуі және жеке мұсылман партиясы мен парламенттік фракциясының құрылуы секілді тарихи құбылыстардың мәнін түсіндіру; - Мемлекеттік думалардағы фракциясының қызметіне шолу жасау арқылы оның қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерудегі ролін көрсету; - 1917ж. Ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі мұсылмандық қозғалыстың жаңа міндеттерін баяндай отырып, қазақ қайраткерлерінің мұсылмандық қозғалысқа қатысын, көзқарастарын айқындау. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. 1905 жылдан 1917 жылғы Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды. Мұсылмандық қозғалыстың 1905 жылғы революциядан соң бүкіл Ресей империясын шарпығаны белгілі. Осы мезгілден бастап Ресей мұсылмандарының съездері өткізіліп, жеке мұсылман партиясы мен парламенттік фракциясы құрылды. 1917ж. Кеңестер билігі орнатылғаннан кейін Уақытша үкімет тұсында дүниеге келген Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сондықтан да зерттеу кезеңін 1917 жылғы қазан айымен шектедік. Зерттеу жұмысының деректік негізін архив құжаттары, баспасөз мәліметтері, бүкілресейлік мұсылман съездерінің қаулы-қарарлары, Мемлекеттік дума материалдары және жарияланған құжа Скачать ттар жинағын құрайды. Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1434 Зерттеу жұмысындағы дерек көзінің келесі үлкен тобы - мерзімді баспасөздер. Дерек ретінде ғасыр басындағы қазақ, татар және орыс тіліндегі басылымдардың материалдары кеңінен тартылды. Айқап журналы, Қазақ газеті секілді ұлттық басылымдардан мұсылмандық қозғалыс жөніндегі мол материалдар кездестіруге болады. Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының қазақ қоғамына қатысты мәселелерді көтеруі және оның ұйымдастырумен өткізілген іс-шаралар жөнінде берілген аталмыш басылымдардағы мәліметтер тақырыпты аша түсуде өз септігін тигізді. Сондай-ақ Бірлік туы, Сарыарқа газеттері бетіндегі тақырыпқа байланысты материалдар да қолданыс тапты. Ресейдегі тілдес мұсылман халықтарының баспа органы міндетін атқаруға тырысқан, 1883 жылдан И.Гаспринскийдің Тілде, істе және пікірде бірлік ұранымен шығарып тұрған Тәржіман (Аудармашы) газетінің материалдары да зерттеу жұмысында қолданылды. Әсіресе татар тіліндегі Үлфәт (Достық), Вакыт (Уақыт), Юлдуз (Жұлдыз), Турмуш (Тұрмыс), Куяш (Кун), Сюз (Сөз) газеттерінің және Шура (Кеңес) журналының материалдары алға қойған мәселелерді шешуге өз ықпалын тигізді. Тәржіман газеті мен жоғарыда аталған татар тіліндегі мерзімді басылымдарды шығарушы азаматтар ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалысқа тікелей атсалысты. 1905 жылы желтоқсан айынан А.Ибрагимовтың жетекшілігімен Петерборда шығып тұрған Үлфәт, Орынборда 1906 жылдан Ф.Каримовтың редакторлығымен шыққан Вакыт және Тәржіман газеттері осы қозғалыстың үні іспетті болды. Сондықтан да бұл мерзімді баспасөздерде мұсылмандық қозғалысқа қатысты материалдар үзбей жарияланып тұрған. Зерттеу жұмысына орыс тіліндегі Новое время, Русская воля, Речь, Туркестанские ведомости, В мире мусуСкльманств ачать а, Известия Всероссийского Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1534 мусульманского Совета газеттері де тартылды. Осы орыс тіліндегі басылымдардың ішінде мұсылмандық қозғалыс жөнінде мол мәлімет беретін газет - Бүкілресейлік мұсылмандар Кеңесінің атқару комитетінің органы Известия Всероссийского мусульманского Совета. Жұмыстың мазмұнын ашуға тікелей қатысты деректер сол тарихи кезеңде-ақ кітап етіп шығарылған Ресей мұсылмандары съездерінің қаулы-қарарларынан да алынды. Атап айтқанда, 1906 жылы Қазан қаласында Ағайынды Каримовтар баспаханасында, жарық көрген Ресей мұсылмандарының үшінші жиылысы және 1917 жылы Мәскеуде шыққан Бүкіл Ресей мұсылмандары съезінің қарарлары секілді татар тіліндегі сирек басылымдар ғылыми айналымға тікелей тартылды. Мұсылман фракциясының мүшелері және олардың көтерген мәселелері жайлы нақты беретін Мемлекеттік думалардың материалдары пайдаланылды. Зерттеу жұмысын жүргізуде ұлттық мәселелер мен қозғалыстарға қатысты жарияланған құжаттар жинағы да назардан тыс қалмады. Диссертация тақырыбын аша түсуге И.Гаспринский (Из наследия. Симферополь, 1991), А.Ибрагимов (Собих-е содих. Спб,: 1906), Г.Исхаки (Идель-Урал. Казань, 1991), З.Валиди (Воспоминания. Уфа, 1994), Ә.Бөкейханов (Шығармалар, Алматы, 1994) секілді қайраткерлердің еңбектерінен алынған деректер де кеңінен арқау болды. Осы жерде Ә.Тәкенов пен М.Қойгелдиев сынды ғалымдардың құрастыруымен Түркияда шыққан Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер (Стамбул, 1997) атты кітаптың зерттеп отырған мәселенің беймәлім тұстарын ашуға өз септігін тигізгенін ризашылықпен айтып өткен жөн. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - нақты деректер негізінде ғасыр басындағы Ресей империясын шарпыған мұсылмандық қо Скачать зғалыстың Қазақстанның Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1634 қоғамдық-саяси өміріндегі орны қазіргі заман талабына сай және тарихи шындық пен объективті тұрғыдан жан-жақты талданып көрсетілуі. Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу методологиясы объективтілілік, тарихилық, жүйелілік және даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді, сондай-ақ ХХғ. басындағы тарихи кезеңді мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған, әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы ұлттық езгіде болған халықтардың, соның ішінде қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ғасыр басындағы азаттық күресіне байланысты зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Сондай-ақ ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының тарихи жағдайын терең түсінуге жол ашады. Сондықтан да ізденіс нәтижелерін Қазақстанның ХХғ. басындағы саяси-әлеуметтік тарихына арналған монографияларда, арнаулы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады. І.МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ 1.1. Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептері ХХғ. басындағы патшалық Ресей көп ұлтты мемлекет еді. Империяда үстемдік етуші великоростар бүкіл халықтың 43,3%-і болатын. Егерде оған украиндар мен белорустарды қоссақ 65,5%-ке дейін жететін. Ал қалған халықты империяның шеткері аймақтарындағы ұлттар мен ұлыстар құрайтын. Олардың көпшілігі мұсылман дініндегілер еді. Мұсылман халықтары ғасыр басында 30 миллионға жуық болса, оның 5 миллионнан аст Скачать амы қазақтар тұғын [25]. Файл қосу Файлдар Баланс ID: 101 308 213 10.10.2021, 11:01 Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы Скачать Дипломдық жұмыс https:stud.kzreferatshow29371 1734 Сан жылдар бойы татар, башқұрт, қазақ, өзбек, азербайжан т.б. түркі тілдес және өзге де мұсылман халықтары Ресей империясының қол астында орыс отарлаушыларының теперішін бірге бастан кешіп, тағдырдың ауыр тауқыметін бірге тартты. Мұсылмандардың ым-жымын білдірмей, мүмкіндігінше көзін құрта беру керек [26], - деген құйтырқы саясатты ұстаған патша үкіметі ХІХ ғ. соңы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz