НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Болтабаева Айнура Сабитовна
«ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ НАҚ ОСЫ ШАҚТЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ »
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Білім беру бағдарламасы 5В011900 - «ШЕТ ТІЛІ:ЕКІ ШЕТ ТІЛІ»
Көкшетау, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Аударма ісі және шет тілі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., Н. С. Жумагулова
«» 2021ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ НАҚ ОСЫ ШАҚТЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ»
Білім беру бағдарламасы 5В011900 - «ШЕТ ТІЛІ:ЕКІ ШЕТ ТІЛІ»
Орындаған: А. С. Болтабаева
Ғылыми жетекшісі: Ф. А. Батаева ф. ғ. к., доцент
Көкшетау, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Лингвистикада салыстырмалы әдіс түрін тіларалық қатынастардың дамуына байланысты қолдану, әсіресе алыс тілдерді салыстыру кезінде өте маңызды. Осы зерттеу әдісінің нәтижесінде жеке тілдердің ерекшеліктері мен өз ара сәйкестігін егжей-тегжейлі бақылауға болады. Қазіргі уақытта тіл саласында зерттеудің көп бөлігін құрайтын, тілдің аса қарқынмен дамушы салаларының бірі-функционалды сала.
Осы жұмыста қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі етістіктің нақ осы шағын функционалды тұрғыдан зерттеу жүзеге асады. Функционалды грамматиканың басты қағидасы - тіл бірліктерінің қолданылу мағынасын, мазмұнын, яғни атқаратын қызметін негізге ала отырып, түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің қарым-қатынас процесін, сөйлеу барысында тікелей байланысын анықтау.
Зерттеу әдісі, сонымен қатар, тілдік категориялардың мән-мағынасын толық ашу үшін дәстүрлі лингвистика әдістерін қолданады. Өйткені, қандай тіл болсын, лексикалық немесе грамматикалық парадигмадағы үлкен бөлім.
Тілдің негізгі функцияларының бірі болып табылатын қарым-қатынас пен танымдық белсенділік сөйлеуде анық байқалатындықтан, тіл мен сөйлеу деңгейінде функционалды грамматика тұрғысынан біздің тіліміздің функционалды-семантикалық өрістерін қарастыру қажет. Осыған байланысты құрылымдық және функционалдық аспектілерде дәлдік семантикасын зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Спикер әрекетті берілген мерзім аралығында орындайды. Нaқ oсы шaқ қaзaқ жәнe де aғылшын тілдерінде функционалдық грамматика жағынан алуан тіл деңгейіндегі тіл бірліктері ретінде көрінеді, атап айтқанда: мeзгіл үстeулeрі, мeзгіл мәнді құрмалас сөйлeм, атаулы сөйлeм, нaқты әрeкетті көрсетeтін қaлып етістіктeрі мeн амал-әрeкет eтістіктері т. б.
Зерттеуде алғаш рет қазақ тілінің шақ санаттарының жеке түрі функционалдық-семантикалық тұрғыда ағылшын тілімен салыстырмалы түрде зерттелуде. Етістіктер санатының ішіндегі сөйлем ұйымдастырушысының негізгі категориялардың бірі, яғни етістік шақтарын ағылшын және қазақ тілдерінің материалдарымен салыстыра отырып, екі тілдің тілдік көріністерін бағдарлау, ортақ белгілері мен айырмашылықтарды анықтау үлкен зерттеу мен талдау жұмыстарын талап етеді.
Жалпы, шақ категориясы кең және күрделі категория, функционалдық-семантикалық өрістердің кешені болып табылады. Бұл категория келер, өткен, және осы шақтың жеке мағыналарының жиынтығынан тұрады. Біз осы заңдылықты зерттеу жұмысымыздың объектісі болып саналатын шақ категориясының нақ осы шақ семантикалық шағын өрісіне қатыстықарастыратын боламыз.
Зерттеу өзектілігінің тағы да бір аспектісі, түрлі тілдің деңгейлердегі тілдік бірліктердің парадигмасын, осындай бірліктердің функционалдық мәні мен семантикалық құрылымын анықтау және ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың құрылымдық-семантикалық және көркемдік ерекшеліктерін бірінші рет қарастырылуы болып табылады. Сол себепті осы жұмыста шақ санатының нақ осы шақ семантикaлық шaғын өрісі оның функционалдық ерекшеліктерімен бірге зерттеледі. Нақ осы шақтың құрылымдық мәні - іс әрекеттің орындалып жатқан кезі мен қимылдың нақты мекенінің айқын берілуі болып табылады.
Жалпы грамматикадағы шақтың түрлері қарым қатынас аясында шақтық мазмұнды білдіретіні мәлім. Сол себепті шақтық қатынасты білдіретін тілдік құралдардың тек грамматикалық шақ категорияларымен байланысты болуы шарт емес, сонымен қатар лексика, синтаксис тұрғысынан да көрінісін таба алады. Ол дегеніміз, нақ осы шақтың мәні жалғыз ғана шақ көрсеткіші аясында байқалмайды, өзге де уақытты анықтайтын тілдік бірліктері арқылы айқындалып, нақ осы шақтың айтарлықтай бөлігін құрайтыны анық. Сондықтан ерекшеліктің мағынасы қалай да болсын өзге семантикалық нысандармен қатты байланысты тілдік бірліктердің функционалды-коммуникативті лексика, морфология, синтаксистік деңгейде көрінеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты - салыстырып, байланыстырып, негіз ретінде алған қос тілдегі нақ осы шақ семантикасына тән артықшылықтарды және ұқсас тұстарын анықтау. Аталған мақсат орындалу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- мерзімге байланысты нaқ oсы шaқтың өрісін құрылымды, функционалды грамматиканың тарапынан ғылыми түрде негіздей отыра зерттеу;
- қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың мән-мазмұндық құрылымына сипат беру;
- нақ осы шақ шағын өрісінің маңызды бөлігін құрауға қажетті көсемше жұрнақтары -ып, -іп, -п мен отыр, жатыр, тұр, жүр секілді қалып етістіктері ағылшын тіліндегі be (am, are, is) секілді көмекші етістіктері мен -ing тіркесімділігінің жасалу айырмашылығын талдау;
- нақ осы шақ ұғымын жалғыз грамматика бойынша емес, өрістің шеткі аумағында орын тапқан тілдің өзге де деңгейлерінде тіл бірліктерін көрсететін қазақ және ағылшын тілдеріндегі материалдары арқылы зерттеп дәлелдеу.
Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың функционалды-семантикалық өрісін құрайтын тіл деңгейі құралдарының ерекшеліктері мен айырмашылықтары толық түрде анықталып, зерттеу жұмысы аясында келесі нәтижелерге қол жеткіздім:
- нақ осы шақ қазақ және ағылшын тілі деректері бойынша салғастырыла отырып, функционалды-семантикалық аспектіде жалпылама түрде қарастырылды;
- нақ осы шақ өрісінің негізгі негізін құрайтын көсемше түрлері мен отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің тіркесімділігі, ағылшын тіліндегі нақтылық мағына беретін to be (am, is, are) + . . . ing моделінің семантикалық ерекшеліктері анықталды және осы шағын өрістің шеткері аймағында орналасқан басқа да тілдік бірліктердің қызметі сараланды;
- салғастырылып отырған тілдердегі нақ осы шақтың түрі мен семантикасын білдірудегі ұқсастықтар, айырмашылықтар айқындалып, нақ осы шақтық мағына функционалдық грамматикасының теориялық негізгі міндеттері арқылы кешенді түрде қарастырылды;
- қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ субкатегориясының локативтілік, аспектуалдылық, шақтық локалдылық/бейлокалдылық, таксис ұғымдарымен байланысы анықталды;
- ағылшын тілінде көп қолданысқа ие нақ осы шақтың мағыналық топтары өзара жүйелене отыра, олардың қазақ тіліне алуан деңгейде құралдар арқылы берілетіні көрсетілді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы . Осы кіші аймақтың семантикалық құрылымын қазақ және ағылшын тілдерінде анықтау функционалды грамматиканың теориялық мәселелерін анықтауға және құрылымдық грамматика теориясының дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері қазіргі лингвистиканың функционалды грамматика саласындағы "формадан мағынаға және мағынадан формаға" екі бағытының негізгі теориялық ережелері мен тұжырымдамаларын жетілдіруге, ғылыми мәселелерді шешу принциптерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінде қол жеткізген тұжырымдар мен түйіндер, қорытындылар салғастырмалы тілдік білімнің теориялық мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Зерттеу деректері мен анықталған қорытындыларды қазақ және ағылшын тілдерін оқытудың теориясы мен практикасында, морфология, синтаксис және қазақ тілі грамматикасында маңызды мәселелері бойынша жүзеге асатын оқылымдарда, атап айтқанда, «Ағылшын тілінің теориялық грамматикасы», «Негізгі базалық шет тілі», «Қазақ тілінің семантикасы», сондай-ақ «Функционалды грамматика», «Cемантикалық өрістердің контрастивті талдауы», «Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар» деп аталатын элективті пәндерді оқытатын арнайы курстар мен семинарларда және қазақ тілін басқа тілді аудиторияға үйрету үшін пайдалануға болады. Негізгі тұжырымдар: - тілдің маңызды қызметтері сөйлеуде айқын көрінеді, сондықтан тіліміздегі функционалды-семантикалық өрістерді функционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу деңгейінде қарастыру қажеттілігі туады.
Осы орайда қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ категориясы функционалды семантикалық өріс шеңберінде жүйелі түрде жан-жақты зерттеуді талап етеді;
- ағылшын тіліндегі Present Continuous шағы қазақ тіліндегі нақ осы шақтық мағынаны білдіретін отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері негізінде жұмсала алады және олар әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктер арқылы мағыналық реңктеріне қарап талданады;
- қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақты жасаушы түрлердің құрылымдық ерекшеліктері олардың қолданыстағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуге негіз болады;
-қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ шағын өрісін білдіретін тілдік бірліктер шақтық локалдылық/бейлокалдылық категориясының шеңберінде және локативтілік, аспектуалдылық, таксис, ұғымдарымен тығыз байланысып жатады. Бұл ұғымдар уақыт мезгілімен тығыз байланыста болып, нақ осы шақтық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер қатарын толықтырып, сонымен қатар нақтылауыштық қызмет атқарады;
- қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ моделін жасауда түрлі тіл деңгейі бірліктерінің семантикалық мүмкіндіктері сөйленімнен көрініс табады. Ал екі тілдегі нақ осы шақ шағын өрісінің шеткері аймағында орналасқан грамматикалық түрлер, нақты және жалпы түрдегі субъектілер тобы, объекті, лексикалық бірліктер, мезгіл үстеуі, сілтеу есімдігі сияқты тілдік бірліктер тілдік құралға жатады, сонымен қатар ағылшын тіліндегі Present Continuous шағы нақ осы шақтық мағынадан бөлек келер шақтық мағынаны да анықтайды.
Жалпы грамматика саласында осы шақ грамматикалық бірлік негізінде қарастырылады. Осы шақтың семантикалық өрісі дегеніміз- іс әрекеттің жасалу уақытын сөйлеп тұрған кезде, немесе жасалып жатқан қимылмен көрсетуінде. Сөйлеу кезі етістіктің барлық шақтарын өзара ажыратуға үлкен көмектеседі. Сөйлеп отырған кезде сол уақытқа сай жасалып жатқан қимылды білдіретін етістіктің шақ түрін осы шақ деп атайды. Уақытқа байланысты қимыл қозғалысты зерттеп түсіндірген ғалымдар, «уақыт сызығы» ұғымын тиек ете отыра іс қимылға қатысты ұғым екендігін айтқан. Бүгінгі таңда, қазақ тіліндегі нақ осы шақты спецификалық грамматика формаларының көмегенсіз-ақ, қалып етістігінің қосылуы бойынша жасауға болады. Жалпы, қазақ тіліндегі осы шақ өзара нақ және және ауыспалы деп екі түрге жіктеледі. Ол келесі формалардың көмегімен жасалады: -ып тұр, -жүр, ып жатыр, -ып отыр, -а тұр, -а отыр, -а жатыр, -а жүр. Берілген етістік шақтарының даму жолдары, өзара қалыптасуы көмекші етістіктерге тікелей бағынышты сөздер болғаннан кейін, жұмыста аса көп талдауға алынбады. Сонымен қатар, нақ осы шақ дара әрі жалаң түрдегі -отыр, -жүр, -жатыр, -тұр сияқты етістіктердің жіктелуі көмегімен жасалынады. Нақ осы шақта, нақты іс-әрекет сөйлеу барысында жасалады. Сондай-ақ, оны өзара жалаң, күрделі деп екі түрге бөлеміз. Ал нақ осы шақтың болымсыз түріне келсек, ол қалып етістіктері есімшеге, (-ған, -ген) жоқ сөзінің тіркесуімен жасалынады: отыр-ған жоқ, тұр-ған жоқ, жүр-ген жоқ. Келесі, нақ осы шақтың күрделірек түрі де бар, ол -a, -e, -й, -ып, -іп, -п көсемшенің жұрнақтарына -отыр, -жүр, -тұр, -жатыр секілді қалып етістіктерін тіркеумен жасалынады.
Соған қоса, берілген етістікке -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтарының жалғануы көмегімен де болымсыз түрін жасауға болады. Осы шақтың келесі түрі ауыспалы осы шақ қимылдың дағдылығын, яғни, әрқашан болатынын айқындайды. Берілген шақ түрін -а, -е, -й тұлғалы көсемшесін жалғау арқылы жасайды.
Нақ осы шақ сияқты ауыспалы осы шақтың да болымсыз түрі бар. Етістікке -ма, -ме, ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Сонымен қатар, ІІІ жақта айтарлықтай жиі қолданысқа енген -уда, -уде жұрнақтары да осы шақтық мағынаны білдіреді. Негізі, ауыспалы осы шақ етістіктің түбіріне -ады, -еді қосымшаларының қосылуымен, үшінші жақта -а, -е, -й секілді көсемшенің жұрнақтарына -ды, -ді қосымшасын жалғау арқылы жасалынады.
Осы шақ тұлғаларының мән-мағыналық құрылымына да, жіктемесіне де байланысты ерекшеліктердің барын қазақ тіліндегі шақ категорияларын зерттей отыра анықтауға әбден мүмкін. Осы орайда осы шақ туралы және оның көрсеткіштеріне тән мағыналық сипаттары жайлы ғалымдардың еңбектерін айта кету керек деген ойдамын.
Негізінде, осы шақты дағдылы және дәл осы шақ ретінде Қ. Жұбанов өз еңбектерінде бөліп көрсеткен. Қандай да бір істің болуы, немесе болмауы, қазіргі кезде болып жатса, аяғына дейін жетпеген іс болса, осыны көрсету мақсатындағы етістіктің осы шақ ретінде жіктелуі:
1. Дағдылы осы шақ: естиді, көреді, біледі (келер шақ па, немесе осы шақ па екені қасындағы басқа сөздер арқылы білінеді) :Ит үреді - осы шақ. Ертең ит үреді - келер шақ.
2. Дәл осы шақтың тараулары: а) жалпы осы шақ - оқып жатырмын ә) кәдімгі осы шақ - оқып жүрмін б) қазіргі осы шақ - оқып отырмын в) әзіргі осы шақ - оқып тұрмын [1] .
Жалпылама түрде, осы шақ дегеніміз істің дәл осы уақытта істеліп жатқаны не болмаса көптен бері созылып келе жатқан іс ретінде үздіксіз жүріп жатқан болуы да мүмкін, осыны жалпы түрде айтатын болсақ, етістік осы шақта болады: Жаңбыр жауып тұр. Кәдімгі осы шақ. Ұзаққа созылған, үздіксіз жасалынып жатқан іс жайлы мәлімдеу қажет кезде, кәдімгі осы шақты қолданамыз: Аман кітап жазып жүр. Қазіргі осы шақ. Істеуші дәл осы сәтте іс үстінде екендігін көрсету мақсатында қазіргі осы шақ қолданылады: Аман кітап жазып отыр. Әзіргі осы шақ. Дәл осы кезде болып жатқан және өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз: Жаңбыр құйып тұр [2] .
А. Ысқақовтың осы шақ жіктемесі бойынша, осы шақ нақ осы шақ, жалпы осы шақ, неғайбыл осы шақ болып үшке бөлінген. Жалпы осы шақ -а/е/й жұрнақтары, нақ осы шақ -ып, (-іп, -п) және -а (-е, -й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің тіркесуі арқылы, неғайбыл осы шақ -ғалы, (гелі) және -йын деп (-йін деп) түріндегі формасына жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркесіп, оған жіктік жалғауының тікелей тіркесуі арқылы жасалады [3] .
Аналитикалық форманттың бөлігі ретінде берілген осы уақыттың семантикалық реңктері келесідей:
1) қимыл-әрекеттің дағдылы күйін аңғарту.
2) қимылдың бір қалыппен істеле беруін білдіру.
3) қимылдың ұзақ жүргізіле беретіндігін білдіру.
4) амалдың белгілі бір мезетке дейін жалғаса беру реңкі.
5) амалды жол-жөнекей жүзеге асыра беру.
Ағылшын тіліндегі етістіктің жалпы шақтары сөйлеу кезіне қатысы жоқ, дағдылы, жалпы іс-әрекетті білдіріп үш шаққа бөлінеді: The Present Indefinite (Simple), The Past Indefinite (Simple), The Future Indefinite (Simple) . Present Indefinite-тің қазақ тіліндегі сәйкес баламасы - ауыспалы осы шақ. Present Indefinite қазақ тіліндегідей іс-әрекеттің бұрыннан болып келе жатқанын, осы кездерде болып жүргенін, немесе әдетке, дағдыға, белгілі бір кәсіптің, заттың бойына сіңген қасиетке айналғанын білдіреді. Indefinite деген сөз «белгісіз» деген мағына береді, яғни іс-әрекеттің өту мезгілі белгісіз, сондықтан сөйлемдегі мезгіл көрсеткіштері: usually-әдетте, sometimes - кейде, анда-санда, often - жиі, always - ылғи, never - ешқашан, everyday (morning, year, summer, week) - күнде (таңертең, әржылда, жазда, аптада), once a week (month, year) - аптасына (айына, жылына) бір рет деген уақыт жиілігін көрсететін мезгіл мәнді үстеулер мен сөз тіркестерінен тұрады. Present Indefinite формуласы: Vo, Vs (V етістік) . Бұл жердегі (o) дегеніміз етістіктің жіктік жалғауды қабылдай алмайтындығын білдіретін көрсеткіш. Present Indefinite формасындағы етістіктер осы шақта бірінші, екінші жақта жекеше түрде және барлық жақта көпше түрде жіктік жалғау жалғанбайды. Ал Vs тек үшінші жақта, жекеше түрде -s жіктік жалғау жалғанады [5] .
Ағылшын тіліндегі Indefinite (Simple) тобының семантикалық өзегі қимылдың белгілі бір мезгіл ішінде жалпы өту қарқынына тоқталмайды яғни арнайы мән бермейді. Present Indefinite тобының ерекшелігін көркем шығармалардағы әр түрлі сипаттама, суреттеме еңбектерді жазуда, әсіресе шешендік өнердің (риторикалық) нақышын жеткізуде, әдепнамаларды беруде, хронологиялық оқиғаларды жазуда, басылымдарда немесе ақпараттық әуе толқынында саяси, әлеуметтік, мәдени, спорттық талдауларды жеткізуде қолдануға болады. Indefinite (Simple) тобының функционалды-семантикалық өрісі мынадай істерді қамтиды:
а) жалпы және күнделікті жүйелі түрде қайталанатын амаләрекет.
ә) бірінен-соң бірі тіркесе келетін амал-әрекет;
б) ақиқат істер;
в) жылдам, лезде, шапшаң, тез арада істелетін амалдар
Адамзат өмірі әсіресе жалпы және күнделікті жүйелі түрде қайталанатын істер, ақиқат істер мен жылдам, тез арада істелетін істерге арналған. Сондықтан бұл іс-әрекеттер ауызекі сөйлеуде өміршең.
Крылова «A Grammar of Present - day English» еңбегінде aspect дегеніміз - іс-әрекеттің қалпын білдіру үшін қолданылатын етістіктің түрі» - дей келе, оның екі түрін атап өтеді: Сontinuous және Non-Continuous. Бұл жердегі NonContinuous дегеніміз Indefinite тобы болып саналады, оның өзіне тән арнайы аспектілік сипаты болмағанмен, оқиғаның енді басталғандығын, яғни жалпылығын (broad meanings) білдіреді. Ал сөйленімде Сontinuous тобына жататын шақ формалары ісәрекеттің уақытша дамуын көрсете алатын дәл (clear-cut) аспектілік сипатқа ие.
Сонымен қатар Present Indefinite фомасы мезгіл бағыныңқылы сабақтас, қарсылықты және шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің жалғаулықтарынан кейін келер шақты білдіру үшін қолданылады. Мысалы: I’ll have a look at his paper when I get it // Оның газетін алсам, оқып шығамын (time) If you ever need me, I”ll always around you// Егер мен саған керек болсам, әрқашан қасыңнан табыламын (condition) . Even if he hates me, I’ll never do any harm to him // Ол мені тіпті жек көрсе де, оған ешқандай жамандық жасамаймын (concession) . Present Indefinite-тің
семантикалық өрісінің кеңдігі сонша тіпті өткен уақытта да және осы күнге дейін де мән-мағынасын жоймаған істерді тек өз өрісінде ғана қамтымайды, тіпті басқа өрістерден де көрінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz