Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
«Педагогика және Психологиясы» ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық ойын түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну.
0105000- «Бастауыш білім беру» (мамандығы)
0105083- «Ағылшынша білім беру» (біліктілігі)
ББ-Б-18 топ студенті: . . . Ж. Н. Нысаналы (қолы)
Пән оқытушысы: . . . Г. У. Абиева
(қолы) жоғары санатты оқытушы
Қызылорда, 2021-2022жыл
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ . . . 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 4
ІТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ . . . 4
1. 1 Дидактикалық ойындарға түсініктеме және оның түрлері . . . 4
1. 2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойынды қолданудың ерекшеліктері . . . 11
II ТАРАУ. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖҮЙЕСІ . . . 19
2. 1 Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындардың жиынтығы . . . 19
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 24
3. 1 Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы әлемдік деңгейде алатын орны мамандардың біліктілік, шеберлік пен шығармашылық деңгейіне байланысты екені анық. Демек, қоғамның кез-келген мүшесінің танымдық белсенділігі мен кәсіби шеберлігі, даярлығы және шығармашылық қабілеті тұтас мемлекеттің дамуына тікелей ықпал ететіні белгілі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Содықтан, ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»-деген еді. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, білімін күнделікті өмірмен байланыстырып қана қоймай оны қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс.
Ойын-бұл, еңбек баласы. Бала үлкендердің іс-қимылына қарай отырып, сол қимылдарды ойынмен ұштастырады. Бала ең алдымен өзін қоршаған заттармен ойнайды. Өсе келе қоршаған ортаға көңіл аударып мамандыққа байланысты ойындар ойнайды. Жас баланың бұлай ойнауы оның сана сезімінің өскендігін байқатады. Ойындардың дамуының өзінде де біршама кезеңдер бар, заттық түрде рольдік ойынға, ал рольдік ойыннан дидактикалық ойынға ауысады. Баланың дидактикалық ойынды қызыға ойнауы, оның ойлау қабілетін дамытады. Математикалық ойындар бала өмірінде айрықша орын алады. Олар балаға математикадан алғашқы түсінік береді. Сабақта өтілген материалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактиклық ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты - балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті - балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойлай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.
Зерттеу базасы : С. Сейфуллин атындағы № 165 мектеп
Зерттеу пәні : Бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық ойын түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындардың түрлерін теориялық және практика бойынша зерделеу;
Зерттеу болжамы: Егер жұмыста ұсынылып отырған дидактикалық ойындар оқушылардың таным деңгейін арттырса, онда жас ерекшеліктеріне сай, білім-білік дағдыларын қалыптасатын еді.
Зерттеудің міндеттері.
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
2. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу әдісі. педагогикалық, талдау, салыстыру, әңгімелесу;
оқушылармен пікірлесу;
Зерттеу обьектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі;
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, үш тақырыпшада, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Күтілетін нәтиже: Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойын түрлерін жинақтадым. Дидактикалық ойын түрлерін сабақта пайдаланудың жолдарын зерттедім. Тәжірибе кезінде сабақта дидактикалық ойындарды пайдаланып, оқушылардың білім-білік, дағдыларын анықтап жасаған жұмыстарымды жинақтап, ұсындым.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1. 1 Дидактикалық ойындарға түсініктеме және оның түрлері
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсаты мен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі оқу мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және сөйлету мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді
Н. К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н. Ф. Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.
В. В. Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А. С. Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я. А. Коменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді.
Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты. К. Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді. Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог В. А. Сухомлинский терең және жан-жақты қарастырған.
Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
1. Танымдық дидактикалық ойындар.
2. Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.
3. Пәндік олимпиада апталығы.
4. Көрнекіліктер.
5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
7. Педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
1. Дидактикалық міндет.
2. Танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқудың тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
- Сабақтың шығармашылық бастамасы.
- Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.
- Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.
- Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.
- Білім мазмұнының көлемі, маңызы.
- Білімді меңгеру деңгейі.
- Білімді қабылдауы.
- Білімді қолдана білуі.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т. б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген
құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады. Бұл тапсырмалардың ішінде оқушыларға түрлі тақырыпта, мазмұны қысқаша шығарма жаздырту жұмысы маңызды роль атқарады. Оқушыға біріншіден шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схемаларды беру ұйғарылды. Себебі, кез- келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында, оқушыларға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы сыныпта жаздыртуға көңіл бөлінеді. Үшіншіден, оқушының еңбегін бағалауға ерекше мән беріледі.
Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шы-ғармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі - бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері қолданылады.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі - ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жұргізіледі, содан кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіреді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда оқушыға әңгіменің тақырыбын тандауға бағыт беріп, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінді.
Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар, анаграммалар, сконвордттар құрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да біз үнемі үлгі, тірек схемасын пайдаланып отырдық.
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:
- өлең шығаруға үйрету;
- ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру;
- ой тастау.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор. Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа деректермен молая түседі. «Адам» бөліміндегі «Өнер, мәдениет-ақыл-ойдың-жемісі» тақырыбы бойынша оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» туралы жалпы мәліметтер берді, бұл оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын оятып, оқушылардың танымына ерекше ықпал етті. Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.
Қоғамдық құбылыстар мен табиғат құбылыстары жайында белгілі бір тақырып бойынша қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер іздестіруге арналған тапсырма беру де оқушылардың танымдық қызығушылын арттыруға мүмкіндік берді. «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бөлімдерінде «Зоопарк», «Ботаникалық бақ», «Табиғатқа саяхат», «Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры» т. б. ойындарды пайдалануға болады. Сонымен, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:
- танымдық сипаттағы көркем мақалалар;
- қызықты тапсырмалар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, ребустар, мақал-мәтелдер;
- проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар;
- материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар мен тәжірибелерге негізделуі;
- дидактикалық ойындар «Жануарлар бағы», «Ботаникалық бақ», т. б. ;
- тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;
- көрнекі материалдар.
Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері
пайдаланылады: Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».
Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті - есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».
Көп танбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде « Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!» т. б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т. б.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін белсендендіруде сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Зерттеу барысында біз танымдық бағыттағы сабақтарды жүргізе отырып, ірі жетістіктерге жеттік. Мысалы, математикадан «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу» тақырыбында өткізілген сабақты «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің сюжетіне құрдық. Бұл сабақта оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, әртүрлі тапсырмалар орындайды. Мұндай сабақтың баланың танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, тәрбиелік мәні зор. Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестерін дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында белсенділік асыл қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.
Дидакти́калық ойындар - оқытудың ойын, белсенділік ұстанымдарының бірқатарын жүзеге асыратын, оқу ойындары түрінде ұйымдастырылатын сабақтардың түрлері. Олар оқыту іс-әрекеті және бағалау жүйесімен белгіленген белсенді оқыту әдістерінің бір түрі. (В. Н. Кругликов, 1988) .
Дидактикалық ойындар - әрбір команда мен оның мүшелері ортақ басты міндеттерді шешуде және ұтысқа өзінің тәртібін бағыттайтын ұжымдық, мақсатты оқыту іс-әрекеті. Дидактикалық ойындар - оқылатын жүйе, құбылыс, үдерістерді имитациялық моделдеу арқылы жүзеге асатын белсенді оқыту іс-әрекеті.
Дидактикалық ойындардың белгілері:
Дидактикалық ойындардың айырықша ерекшеліктері әдістердің негізі ретінде қолданылатын ойын жағдаяттардың түрлері болып табылады. Қатысушылардың әрекеттерінің ережелері, бағалаудың қатаң жүйесі ойында түпкілікті сақталады. Тағы да бір айта кететін жағдай, дидактикалық ойындар іскер ойындардан шешім қабылдаудың тізбегінің болмауымен ерекшеленеді.
Дидактикалық ойындардың түрлері:
Нақты жағдаяттарды талдау;
Ойын жобасы;
Жетекшінің іскер поштасын ажырату.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары;
2) дидактикалық ойындар;
3) қозғалыс ойындары;
4) іскерлік ойындар;
5) интеллектуалдық ойындар.
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім процесін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары.
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V. Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар - шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
- мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;
- ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
- жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
- ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы
1. 2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойынды қолданудың ерекшеліктері
Ойын технологиясының ерекшелігін ойын ортасы анықтайды. Ойындарды пəнмен, пəнсіз, үстелде ойнайтын, бөлмелік, аулада ойналатын, компьютерлік, техникалық оқу құралдары, сондай-ақ əртүрлі қозғалыс құралдарымен өткізуге болады. Мақсатты бағдарлау спектрі: Дидактикалық: - ой-өрісін кеңейту, танымдық қызмет; - білім, білік, дағдыны іс-əрекетке қолдану; - практикалық іс-əрекетке қажетті белгілі бір білік пен дағдыны қалыптастыру; - жалпы білімдік білік пен дағдыны дамыту. Тəрбиелік: - ерік, дербестілікке тəрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық жəне дүниетанымдық ұстаным қалыптастыру; - ұжымшылдық, татулыққа тəрбиелеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz