Балалардың дауыстарын қорғау
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Оқушылардың музыкалық есту қабілеті мен әншілік дауыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Оқушылардың әншілік дағдыларын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Балалардың дауысын қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Окушылардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... 7
1.5 Вокалдық музыкалық жаттығулардың түрлері, мақсаты мен міндеті. Оларды ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.6 Ән репертуарын таңдау және оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.7 Ән үйретудің әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.8 Екі дауысты әндермен жүмыс жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.9 Ән үйрету кезіндегі дирижердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Практикалық іс-тәжірибеден сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты толыққанды қазақ азаматы етіп тәрбие беруге өз халқымыздың ән-күйінің ауқымы өте кең. Ата-бабамыз бізге баға жетпес мол мұра-бесік жырынан бастап түрлі аңыз, әңгіме, жыр, терме, ән-жыр, күйлерін қалдырып кетті. Осы мол мүмкіндікті біздер барынша нығайтып, бүгінгі заманымыздың талабына сай кеңейтіп, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне құйып отыруымыз керек. Дүниенің мысалы баспа кезек, әркім де баспалдақтан басып өтер - деп 19 ғасырда өмір сүрген Майлықожа ақын айтқандай, ұрпақты қазақ мәдениетіне тәрбиелеу - мектеп баспалдағынан басталады емес пе! Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті шәкірттеріне музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеудің мақсаты. Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалім ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы керек. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған білімді азамат етіп тәрбиелеу- біздің парызымыз.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Мұғалімнің күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістері музыкалық анықтамаларда түсіндіруге, оқушылар шығармашылығын, қызығушылығын арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектеседі.
Музыка сабақтары оқушылардың музыкалық танымын кеңейтіп, олардың қабілетін дамытуға, талғамын қалыптастыруға және үлкен сахналарға жол ашуға көмектеседі. Жалпы хормен ән айту жауапкершілікке, жинақылыққа, достыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелейді.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Оқушылардың музыкалық есту қабілеті мен әншілік дауыстарының ерекшеліктері.
Ән айту - оқушыларға музыкалық білім және тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі.
Әрбір денсаулығы жақсы баланың ән айтуға құштарлығын, сезімін, көңіл-күйін, ынтасын, эстетикалық талғамын қалыптастыруда ән айтудың рөлі зор. Сондықтан іскер музыка маманының ұйымдастыруымен ән айту эстетикалық тәрбие берудің нақты ортасы болып табылады. Ән айту адамға жан-жақты тұрғыдан әсер етуі арқылы балалардың өмірдегі қуаныш пен әсемдік сезімдерін, эстетикалық талғамын байытады, қалыптастырады.
Ән үйрету кезеңі (процесі) әуенді тыңдай білу, таза орындай білу және есте сақтауға үнемі жаттығуды талап етеді. Ән айту оқушыларды музыкаға баулып, жан-жақты дамытудың жалпы құралы. Сонымен бірге оқушылардың зейінін, тәртібін, аңғарымдылығын тәрбиелейді. Бірігіп ән айту әннің мазмұнының таза орындалуына тырысуға, көркемдік бейнені бірдей ашуға ынталануға, бір ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелейді, бірлікке жұмылдырады.
Ән айту кезеңі музыкалық тәрбиенің ортасы ретінде қолданыла отырып, мұғалімге:
балалардың ән айтуға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыруға;
музыкаға деген эмоциялық сезімдерін дамытуға;
көркемдік-эстетикалық талғамын дамытуға;
балалардың әншілік дауыстарын: әдемі табиғи дыбыс шығаруға, диапозондарын дамытуға;
вокалдық дағдыларын, мәнерлі, сауатты және көркем орындай білуге;
музыкалық есту қабілетін жан-жақты - әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамытуға тәрбиелеуді міндеттейді. [9,59-62]
Мұғалім оқушыларға ән үйрету кезінде әдіс-тәсілдерді дұрыс жүргізе отырып, балалар ағзасының біртіндеп өсіп дамуы барысындағы ән айту аппаратының өзгерісіне байланысты заңдылықтарды қатаң білуі керек.
Мектепке келген 6-7 жастағы баланың музыкалық кейбір түсініктері қалыптасқан болады: бала-бақшада, радио-теледидар арқылы, музыкалық аспаптарда ойнап үйренуі, әр түрлі конкурстарға қатысуы, т.б. Мұғалім осы білімдерін одан әрі толықтырып жаңа музыкалық түсініктер беру арқылы есту қабілеттерін дамытуы тиіс. Мектепке келген әр баланың дыбыс шығару аппаратын тексеріп, денсаулықтарының дұрыстығына үлкен көңіл аудару керек.
Кейбір балалардың есту қабілеттері нашар, сөйлеу кезіндегі тіл мүкістігі болуы мүмкін немесе тамақтарының аурулығы, дыбыстарының таза еместігі (қырылдау) болуы мүмкін. Ал, керісінше кейбір балалардың есту қабілеттері өте жақсы дамыған, зерек есте сақтау мүмкіндігі де ерекше болады.
Мұғалімнің ән айтуды дұрыс ұйымдастыруы, үнемі әуендік естуді дамытатын жаттығулар жүргізу, дауыстарына күш түсірмейтін жеңіл әуенді әндерді айтқызу арқылы балалардың бірте-бірте есту қабілеттері тиянақтанады, әнді таза айтуға, ырғақты сезінуге мәнерлеп орындауға қалыптасады.[1,89-90]
1.2 Оқушылардың әншілік дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың әншілік дағдыларын қалыптастыру, дамыту барысында олардың жас ерекшеліктерінің дамуы кезеңдеріне байланысты дауыс диапазондарын жақсы білуі керек.
Әрине әр баланың ән айту, яғни дыбыс шығару мүмкіндігі әр түрлі. Кейбір балалардың (6-7 жастағы) дауыс диапазондары кең, кіші октаваның ля дыбысынан ре - 2-ші октаваға дейін немесе до1-до2 -ге дейін болуы да мүмкін. Бірақ әр жасқа ортақ ғылыми зерттеу арқылы қойылған "дыбыстау шегі" болады.
1- сынып. Мұнда ре1 - си2(до2) аралықтарындағы дыбысталуды қатаң сақтаған жөн.
Баланың өсіп жетілу барысында, сонымен қатар музыка сабағындағы ән айтуды дұрыс ұйымдастырудың барысында дыбыс шығару мүшелерінің бұлшықеттері дамып, шынығып, бірте-бірте бір қалыпты дем алуға қабілеттері де қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының дауыс аппараттары қыздар мен ер балаларда бірдей дамиды. Соны ескере отырып төмендегідей дауыс диапазондары кестесі ұсынылады:
Балалардың жасы
Диапазондары
1 сынып 6-7 жас
Ре1-си1 (до2)
2 сынып 7-8 жас
До1 - до2
3 сынып 8-9 жас
До1 - ре2
4 сынып 9-10 жас
Си (кіші окт) - ре2 (ми2)
Ән айту диапазоны дегеніміз - адамның ең төменгі дыбысы мен ең жоғарғы дыбыстарының аралығы. [1,91-94]
1.3 Балалардың дауыстарын қорғау
Бастауыш сынып оқушыларының дауыс шығару аппараттары нәзік болып келетіндіктен үйретілетін әндерді, жаттығуларды таңдап алу негізінде олардың жас ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қатаң сақталуы керек. Оқушылардың дыбыс шығару алпараттарын бірте-бірте шынықтыру, дамыту, әуенді таза меңгере алмайтын, есту қабілеті нашар балаларды мұғалімге жақын алдыңғы қатарда отырғызу, дауысқа күш түсірмейтін жеңіл жаттығулар, әндер үйрету, т.б. арқылы балалардың әншілік дауыстарын кездейсоқ қиындықтардан, дауыстарының бұзылуынан сақтаймыз.
Ән сабағы өткізілетін бөлме жарық, ауасы таза, жылы болуы керек. Ән айтқан кездегі отыру ережесі де оқушылардың дауыстарының дұрыс қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Оқыс айқай-шудан сақтандыру керек, ән айту ұзақтығы 10-15 минуттан аспау керектігін мұғалім қадағалауы керек. [10,4-7]
1.4 Окушылардың вокалды дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын ән айтуға, әнді айтуға үйрету барысында ән айтудың өзіндік ережелерін сақтай отыра әнді сауатты да мәнерлі, әдемі терең сезіммен, ырғақтық үйлесіммен, сөздерін анық та түсінікті, мазмұнды да мәнерлі орындауға қалыптастыру үшін мынадай вокалдық ережелердің орындалуын үнемі қадағалау керек.
Ән айтқанда денені дұрыс үстай білу дегеніміз - кеудені түзу тік ұстап, басты сәл артқа қарай көтеріп отыру. Қолды тізенің үстіне қою (отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу (тұрғанда).
Дем алу. Ән айтар алдында демді иықты көтермей ішке терең алып белгілі бір тиянақты ойды білдіретін фразаға дейін үнемдеп жеткізу. Дирижерлеп тұрған мұғалімнің қолының көтерілуіне байланыстыруға болады.
Дыбыстау немесе дыбыс шығару. Дыбысты таза өз дәрежесінде шығару, хормен айтқанда бірдей бастау, фраза аяғына дейін жеткізу.
Дикция. Дауысты дыбысты таза шығару, дауыссыз дыбыстарды қысқа анық меңгеру, әннің сөзін анық та түсінікті айту, дауыссыз дыбыстарға көп тоқтамау. Мысалы: р-р-р, қ-қ-қ "қандай жақсы" дегенде қ-қ-қан- н-д-д-дай деп дауыссыз дыбыстарда отырып алмай қысқа да нақты шығарып, керісінше дауыстыға тез ауысып айту.
Әуен түзеу - әннің әрбір басталуы, дем алысы, аяқталуы, әр әншінің дыбыстарды меңгеруі бірдей, бір кісідей айтылуы, әуеннің бірдей шығуы.
Ансамбль. "Ансамбль" француз тілінде бірлік, үйлесімділік деген үғымды білдіреді. Хормен ән айтуда ансамбль өлең мәтінінің, әуеннің, гармонияның, ырғақтың, екпіннің, дыбыс күшінің, дыбыс үнінің полифониялық үйлесімділігін білдіреді. Ансамбль: көлденең ансамбль - ол бір бойдағы, бір дыбыс бойындағы үйлесімділікті, ал тігінен болатын ансамбль - бірнеше дыбыстардың үйлесімділігін білдіреді. [2,19-30]
1.5 Вокалдық музыкалық жаттығулардың түрлері, мақсаты мен міндеті. Оларды ұйымдастыру әдістері.
Ән айтуға үйрету кезінде вокалдық жаттығулардың алатын орны ерекше. Оны жүргізудің мақсаты - әншілік дауыстың негізгі дағдыларын қалыптастыру. Вокалдық жаттығулар дыбыс шығару аппараттарын шынықтырып, төзімділігін арттырады, әншілік дағдыны меңгеруге тәрбиелейді.
Жаттығулардың ең бастысы - оны құра білу. Әрине ең басты негізгі қарапайым дем алу, артикуляция, дикция, т.б. дағдыларды меңгерту. Одан әрі бірте-бірте өте нәзік бағытта өзгерте отырып дағдыландыру керек. Жаттығуларды ән айтудың алдында жүргізу дауысты ән айтуға дайындап шыңдау болып табылады.
Вокалдық жаттығуларды екі категорияда жүргізуге болады. Біріншісі тиянақты бір музыкалық шығармаға байланыстырып қолдану. Мұнда вокалдық дағдының меңгерілген қорына байланысты жүргізілсе, екінші түрі үйретілетін шығарма (ән) репертуарына байланысты белгілі бір қиындықтарды меңгеру бағытында жүргізіледі. Ол үйретілетін әннің әуеніндегі қиындыққа негізделіп құрылған болуы мүмкін. [11,12-13]
Осы екі түрлі жаттығулардың қайсысы болмасын оқушылардың саналы түрде орындауына көңіл аударылуы керек. Вокалдық жаттығуларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп таңдап алуларына болады.
Мыс: 1. Ма- ма- ма- ма- ма-а -а- а бір дыбыста айтылады.
2. М-е-н ә-н ай-та-мын, жақ-сы ай-та-мы-ы-ы-н.
1.6 Ән репертуарын таңдау және оған қойылатын талаптар
"Ән - көңілдің ажары" деп халық бекерге айтпаса керек. Музыка сабағының басты бөлімінің бірі - ән айту болса, осы әндерді оқушыларға жүйелі түрде әр сыныптың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алып үйретудің тәрбиелік маңызы зор. Әр сыныптың оқушыларының ақыл-ойының дамуына байланысты әндерді жеңілден күрделіге қарай іріктеу керек. 1-сынып оқушыларының дауыс диапазонына сәйкес келетін, сонымен қатар ән мазмұны мен музыкалық құрылымы балалардың қабылдап меңгеруіне лайықты болатын әндерді таңдап алу мұғалімнің міндеті. Мыс: "Бесік жырлары", "Тұсау кесу", "Төлдер", "Отан", "Туған жер", "Болайықшы осындай", "Біз өмірдің гүліміз" сияқты жеңіл әндерді үйретуден басталады.
Әр сыныптың оқушыларының ой-өрістерінің дамуына байланысты іріктелетін әндер мазмұны құрылымы жағынан күрделеніп отыруы тиіс. Ал, әндерді үйрету тәсілдері мынандай кезеңдерден құрылуы тиіс:
Үйретілетін әнге байланысты кіріспе әңгіме.
Мұғалімнің ән мәтінін мәнерлеп оқып таныстыруы және оны әуенімен орындауы.
Әнді екі жолдан үйрету кезеңі.
Әннің шумақтарын қосып түгел оқушылармен қайталауы.
Үйренген әнді толық пысықтау мақсатында әр түрлі тәсілдермен бірнеше қайталап хормен айтқызу. [3,17-18]
1.7 Ән үйретудің әдіс-тәсілдері.
Әнді үйретпес бұрын мұғалім әннің мазмұнымен таныстырып не туралы екендігін мәтінін оқу арқылы түсіндіріп, тәрбиелік мәнін ашады. Әннің авторларымен таныстырып, суретін оқулықтан көрсетіп, қысқаша өмірбаянына шолу жасау керек.
Әннің мазмұнына сәйкес көрнекілік қолдануға болады. Себебі кейбір оқушылар сөздің мазмұнын түсініп үлгермеуі мүмкін, ал көркем сурет арқылы олар тез қабылдайды.
Мысалы, А. Меңжанованың "Болайықшы осындай" әнін үйрету барысында 1-сынып оқушыларына әннің авторы туралы мағлұмат беріп, мәтінін оқып әрбір сөзінің мағынасын түсіндіру арқылы еңбекке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулып, ер азамат болуға тәрбиелейміз. Осыдан соң мұғалім әнді мәнерлеп әуенімен аспапқа қосылып айтып беруі керек, әнді мұғалімнің әдемі орындауы оқушылардың әнге қызығушылығын, ықыласын арттырып, олар тез үйреніп алуға ынталанады. Мысалы:
Мұғалім:
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Оқушылар:
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады. 2-3рет цайталайды.
Мүғалім:
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады
Оқушылар:
Қиындықты жеңіп кіл,
Қүшағы гүл толады. 2-3 рет.
Енді осы шумақты түгел қосып айтайық:
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындыңты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады. 2-3 рет қайталату керек.
Қайырмасын үйренейік.
Мұғалім:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы осындай.
Оқушылар:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы осындай. (2-3 рет)
Содан соң шумақ пен қайырманы қосып қайталату керек. Осы тәсілмен келесі шумақтар үйретіледі.
Әр түрлі тақырыптардағы әндерді үйреткен кезде көркемсуреттер қолдану арқылы алдын ала оқушылардың ой-өрістерін, білім-біліктерін дамыту мақсатында сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгімелер жүргізген өте тиімді.
Мысалы: 1-сынып бағдарламасында берілген әңдердің бірі Ә. Тәжібаевтің сөзіне жазылған Ә. Байділдаевтың "Құлыншақ" әнін үйрету барысына тоқталайық. [12,12-15]
Құлыншақ
Муз. жазған Ө. Байділдаев
Сөзін жазған Ә. Тәжібаев
Тақтадағы көркемсуреттен құлыншақтың суретін көрсетіп:
Мынау қандай жануар?
Жылқы.
Жылқының баласын не дейді?
Құлыншақ, - деген жауаптан соң.
Ал жылқының қандай пайдасы бар?
Мінсең, жексең көлік, ішсең сүті сусын, дәмді тағам.
Сүтінен жасалған тағамды кім айтады? - Оқушылар өз білгендерін айтады.
Қымыз, - деп жауап береді.
Етінен қандай тағамдар жасалады?
Қазы, қарта, жая осы сияқты т.б. көптеген сұрақтар қойылып жылқының пайдасы туралы жауап алу арқылы оқушылардың өз білгендерін, ойларын ортаға салу арқылы сөйлеуге, тіл дамытуға, өз ойларын толық жеткізе білуге ақыл-ойын, санасын тәрбиелеп дамытамыз. Бір әннің аясында оқушыларға көптеген тәлім-тәрбиенің түрлерін беруге болатынын әр мұғалім жақсы білу керек. Мұндай жан-жақты талдау үшін мұғалімнің өзінің білім деңгейі өте терең болуы тиіс. [4,126]
Тағы да бір мысал:
2-сынып бағдарламасы ұсынған Ш. Құлманова мен Р. Наурызбаеваның "Жыл басы кім болады?" бір бөлімдік операсындағы әр жануардың әндерін үйрету барысында оқушылардың музыкалық білімдерін, ән айту дағдылары мен әншілік шеберлігін арттырып, әр жануардың ерекшелігі мен қасиеттерін, өмірде адамға, қоғамға пайдасын, қай жануардың қай жерлерде кездесетінін, үй жануары мен дала жануарының айырмашылығын
білуге үйретеміз, оларға деген қамқоршылығын, сүйіспеншілігін, еңбекқорлығын тәрбиелейміз. Сонымен қатар жыл санау барысындағы әр жылдың атауын да жақсы меңгереді. [13,110]
Жыл басы кім болады
(Музыкалық ертегі)
Музыкасын жазған Ш. Құлманова
Кіріспе
2-сыныпта үйретілетін Н. Жақаевтің сөзіне жазылған С. Қарапаевтің "Табиғат анамыз" әніне байланысты туған жердің әсем табиғатынан көріністер бейнеленген көркем суреттермен жұмыс жүргіземіз. Әр аймақтың табиғатына байланысты суреттерден оқушылар оңтүстіктегі тауларды, солтүстіктегі шырша, өзен-көлдерді, батыстағы жазық даланы, өзен-көл ормандардың сұлулығын тамашалай отырып, табиғатты аялауға, көркейтуге, ағаштар мен шөптердің ерекшелігін, қасиетін, таулар мен өзендердің атауларын біліп өсуге тәрбиеленеді. Өлең сөздерінің мазмұнын түсіндіру арқылы терең мағлұмат беріледі. [14,1-2]
Табиғат анамыз
Табиғат анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауында,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Әннің әр сөзінің мазмұнын түсінген оқушылар әннің әуені мен мәтін мазмұнын байланыстыра отырып, терең сезіммен мәнерлеп шын көңіл ниеттерімен беріле орындауға дағдыланады. Осындай жүйелілікпен енгізілген музыкалық тәрбиенің 3-сыныптағы оқушылардың музыкалық білімдері, ән салу шеберлігі, ой-өрістері, жан- жақтылығы дами бастағанын нақты сезінуге болады. Бұл ретте оларға үйретілетін әндер де күрделеніп, мазмұндары кеңіп, тақырыптары маңыздырақ болып келетін шығармаларды жоспарға енгізуіміз керек.
Мысалы: "Он үш жаман" халық термесін, "Алпамыс батыр" жырын, "Диуана мен Бадамшаның айтысын", Нұртуған жыраудың "Қанеки тілім, сөйлеші" термесін үйрену барысында оқушыларға жақсы мен жаманды салыстыра отырып, жаман әдеттен жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеген, өз халқымыздың асыл мұрасы - жыр, терме, айтыс туралы ұғымдары мен біліктерін дамыту арқылы халқымыздың өнерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруды көздейміз. Өз халқының өнерін қастерлеуге, сүюге, үйренуге тәрбиелейміз. [5,119]
3-сынып бағдарламасындағы "Айтыс өнерімен" таныстыру кезінде оқушыларды айтыстың түрлеріне жеке-жеке тоқталып таныстырамыз. Оқушылар айтыстың көне түрі "Бәдік айтысты" үйрену арқылы ерте замандағы қазақ халқының өмірімен, айналысқан кәсібімен танысады, сонымен қатар төрт-түлік малдың қасиетін, олардың пайдасын, атам қазақтың сол малмен тұрмыс-тіршілік еткендігін ұғынады. "Жар-жар" айтысымен таныстырып, үйрету арқылы ежелден қалыптасқан ұлттың салт-дәстүрді біліп, әндегі әрбір сөздердің мәнін, мағынасын ұғындыруымыз керек. [15,18-19]
Мысалы:
Жар-жар
"Қара насар, замандас, қара насар, жар-жар" деген жолдағы сөз ұйқасы үшін халық әндеріндегі қолданылатын сөздер болатындығы туралы түсінік береміз. Осы тәріздес, мысалы "Базардан алып келген", "Айналайын қарағым" деп басталатын көптеген халық әндері бар екендігін түсіндіреміз.
"Қара мақпал сәукелең шашың басар жар-жар" қалыңдыңтың сәукелесі құнды матадан тігіліп шашымен үйлесім тауып тұрғаны, "Мұнда әкем қалды деп қам жемегін жар-жар" қалындыңтың өз ата-анасына деген сүйіспеншілігінің ерекше екендігі, әр адам өз ата-анасына, туғандарына деген ерекше ілтипат, құрмет тұтуы керектігі туралы тәрбиелік түсінік берілсе, "Жақсы болса қайын атаң орнын басар жар-жар" деген жолдарда қайын жұртты да өз туғандарындай көріп, сыйластыққа тәрбиелеп, қазақтың салтын-ғұрпын жалғастыруға баулимыз. [6,130]
Осы айтыс тақырыбы арқылы оқушылардың шығармашылың қабілетін оятып, оларды бір-бірімен айтыстыруға, сөз ұйқастығын келтіріп, өз әуендерін шығаруға баулимыз. Айтыс өнерін жаңаша түрде дамытуға, ұлттық өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатын көздейміз.
4-сыныпта оқушылардың өсіп жетілуімен қатар олардың ой-өрістерінің де, әншілік дауыстарының да дамып жетіліп келе жатқандығын байқауға болады. Осыған байланысты үйретілетін әндер де күрделеніп, мазмұны жағынан маңызды сипат алып, музыкалық құрылымы да күрделенген болуы керек.
Оқу жылының басынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны үйретіледі. Мемлекеттік әнұран Қазақстан Республикасында тұратын барлық халық үшін ең негізгі ән болып табылатынын, әнұран салтанатты жағдайларда түрегеліп тұрып орындалатындығы немесе тыңдатылатыны туралы оқушылардың санасына жеткізуіміз керек. Әрбір Қазақстан азаматы оны жатқа білу керектігі және ол әр оқушының басты міндеті екендігі түсіндіріледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz