Жаңа жүйеге көшу үдерісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау қаласындағы
Физика математика бағытандағы
Назарбев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Тақырыбы: "Қазақстанның орта жалпы білім беретін мектеперінің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуінің маңызы"

Оқушы: Тогаев Бекбол Давронбекович
Жетекші: Бектасова Гульназия Елюбаевна
Мазмұны:

I. Кіріспе 3

Кіріспе
Жаһандану жолындағы әлемде бәсекелестік ортаға тез бейімделу тұрақты дамудың басты факторына айналуда. Бүгінгі әлемнің күрделілігі біздің білім беру жүйемізге жаңа міндеттер және жаңа талаптар қояды. Кез келген дамыған елдің бәсекеге қабілеттілігі оның әлеуметтік капиталының дамуымен байланысты, ол көбінесе білім беру жүйесінің жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алғаннан бастап елімізді халықаралық дәрежеге көтеру мақсатында білім беру жүйесі қоғамда маңызды рөл атқарды. 2021 жылы өткізілген министрліктің кеңейтілген отырсында білім және ғылым министрі, Асхат Аймагамбетов 12 жылдық білім беру жайлы айтып кеткен болатын. Орта мектептегі білімді дамыту үшін 2023 жылдан бастап латын графикасын енгізе отырып, 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңімен көшу көзделіп отыр. Ол үшін өте үлкен жұмыс істеу керек, - делінген хабарламада [2]. Қазақстан Республиксының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтып кеткендей: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінің орнының маңыздылығы саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуда айқын байқалады. Ел экономикасының дамуында халықаралық экономика деңгейінде инвестицияны адам капиталы және білім беруге құю болашақта үлкен рөл сомдайды, осыған байлаынсты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз мақаласында: қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман, - деген болуы керек. Мемлекеттің ұзақ мерзімде тұрақты экономикасын сақтау және қоғамның қалыпты дамуы мақсатында орта білім беру жүйесіне аса үлкен назар аударған жөн.
Зерттеу жұмысының өзектілігі - жаһандану заманында, бәсекелестік ортаға тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың маңызды факторы. Кез келген дамыған елдің бәсекеге қабілеттілігі оның әлеуметтік капиталының дамуымен байланысты, ол көбінесе білім беру жүйесінің жағдайымен анықталады. Сонымен қатар, білім, әдетте, өнімділік пен шығармашылықты жақсартады, сонымен қатар кәсіпкерлік пен технологиялық жетістіктерді ынталандырады. Осы факторлардың барлығы өндіріс көлемінің ұлғаюына және экономикалық өсуге әкеледі. Осыған байланысты, білім беру жүйесіне енгізілетін реформалар өте маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның жаңа білім беру жүйесіне көшу үдерісін зерттеу; 12 жылдық білім беру жүйесінің өзгерістері мен жетістіктерін талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қазақстан Республикасы үшін 12 жылдық білім беру жүйесінің мүмкін әсерін талдау
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсаты мен себебін анықтау
Жаңа білім беру жүйесіне байланысты өзгерістер мен тиімділігіне талдау жүргізу
Зерттеу жұмысының сұрақтары:
Қазақстанның 12 жылдық білім беру жүйесіне өту себептері қандай?
12 жылдық білім беру жүйесінің дәстүрлі білім беру жүйесімен салыстырғанадағы жетістіктері қандай?
Жоғары сыныптарға білім беру стратегиясы мен оқушының сапалы маман болып келуінің байланысы бар ма?
12 жылдық орта білім беруді орнату шет елдерде және Назарбаев Зияткерлік мектептерінде нәтижелі болды ма?
Зерттеу жұмысының әдістері:
Әлеуметтік сауалнама жүргізудің статистикалық нәтижелерін талдау

Негізгі бөлім

Қазақстанның 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі
Жаңа жүйеге көшу үдерісі
"Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Алма Әбілқасымованың айтуынша, 12 жылдық білім беруге көшу идеясын Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы ұсынған. 2001 жылдың 2 - 3 ақпанында өткен Білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде 12 жылдық білім беруге көшу және кәсіптік білім мазмұнын қайта қарастыру мәселесі алғаш рет қозғалған болатын. Одан кейін 12 жылдық білім беруге көшудің моделін әзірлеуге бағытталған зерттеу жұмыстары 2002 жылы жүргізіледі. 2003 - 2004 жылдар аралығында әлемдік білім кеңістігіне кірудің 2015 жылға дейінгі стартегиясы әзірленіп, жаңа міндеттер белгіленеді. 12 жылдық оқытуға көшудің эксперименттік нұсқасы еліміздің 104 мектебінде енгізіледі. 2003 жылы құқықтық негіз, оқу-нормативтік база және жаңа оқу бағдарламалары пайда болған. 2005 жылға дейін еліміздің 104 мектебінде 12 жылдық оқытуға көшудің эксперименттік нұсқасын тестілеу басталған болатын . Елімізде 2005 - 2010 жылдар аралығында білім саласын дамытудың аталған кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Ақпараттандыру бағдарламасының үшінші және төртінші кезеңінің жұмыстары, сәкесінше 2005 - 2007 және 2007 - 2010 жылдары аралығында жүргізілді [4]. 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі 2008 оқу жылынан басталды. Сонымен қатар, 2006 жылы Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы орнатылған болатын. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына, Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ - дарламасына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленген болатын [6]. Мектептегі білім беруді жаңғырту бойынша іс-шаралар 2010 - 2015 жылдар барысында қолға алынды. 12 жылдық білім беруге кезең - кезеңмен көшуге дайындық жұмыстарына белсенді сипат берілді. 2013 жылдың мәліметтеріне сай, осы көшу процессінде 2010 - 2014 жылдар дайындық кезеңі болды, ал 2016 - 2020 жылдар аралығында білім беру стандарты енгізіле бастаған. Сонымен қатар, жаңа мектептер жұмыс істеу үшін мұғалімдерді даярлау 12 жылдық оқытуға көшу кезінде ең жауапты міндеттердің бірі болып табылады. 2007 - 2011 жылдар аралығында 8 эксперименттік сыныптың 468 мұғалімі (71 %) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында курстар өткен [5]. Қазіргі жоспарға сай, жалпы орта білім мектептеріндегі 6 сынып оқушылары алғаш болып 12 сынып оқиды.

Көшу мақсаты
Қоғамның дамуына байланысты білім беру саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі бүгінгі күні әлемдік білім беру кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып табылады. Республикада 12 жылдық білім беруге көшу үшін орасан зор ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп, халықаралық тәжірибе мұқият зерделенді. Бұл процесс, уақыт талабына байланысты, объективті қажеттілік болып табылады. 1992 жылы Еуропа Кеңесінің университеттік мәселелер жөніндегі тұрақты конференциясында қабылданған декларацияда халықаралық тәжірибеде 12 жылдық мектеп жүйесі басым деп айтылған. Жалпы білім беруді ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі 12-13 жылдық оқытуды көздейді [3]. 2022 жылғы мәліметтерге сәйкес, әлем бойынша 150 астам мемлекеттерінде 12 сынып орта мектептің соңғы жылы болып табылады, осы тізімде бәсекеге қабілеттілігі бойынша үздік 20 ел қатарына кіретін (Австрия, Канада, Франция, Жапония, Нидерланд және т.б.) елдер бар. Сонымен қатар, посткеңестік елдер қатарынан Армения, Грузия, Латвия, Литва, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Эстония 12 жылдық білім беру моделіне көшкен.
Білім саласындағы өзгерістер соңғы 20-30 жылда ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және жаңа технологиялардың әр түрлі салаларына енгізілуінен пайда болды. Осыған байланысты, жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сәйкес тəрбиелеу үшін оларға мазмұны жағынан жаңа, неғұрлым жоғары деңгейдегі білім беру қажет. "Біріншіден, адам білімінің өсу қарқыны мен көлемінің үлкендігіне байланысты, 10-11 жыл ішінде алынған негізгі білім өмір бойы алға жылжу үшін жеткіліксіз. Оқудың он екінші жылы заманауи кәсіпқойға қажет жаңа сапалы білім мазмұнымен толығады. Компьютерлік технологиялар мен шет тілдерін меңгеру орта мектеп түлегі үшін қалыпты жағдай болып табылады", - деп Б.Төлеубекова айтқан. Қазақстан Республикасының алдына қойылып отырған мақсаттарға байланысты және әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеге көз жұма алмайды. Қайта, Қазақстандағы білім беру жүйесін дамыған елдер деңгейіне үйлестіруге тырысуымыз қажет.
Елімізде қоға алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы
Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері
Жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда білім сапасын бағалаудың басым бағыттары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамды бөліктері
Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
12 жылдық білім беру
Пәндер