Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 1
1-бөлім: Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие
құралдарымен еңбекке баулудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. 1
0.1 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ұлттық тәрбие құралдарының педагогикалық мазмұны ... ... ... ... .7
0.2 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулудың мүмкіндіктері және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...11
2-бөлім: Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулудың әдістері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулуды ұйымдастырудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... 38
2.3 Қосымша мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...49

Кіріспе
1-бөлім: Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулудың теориялық негіздері

Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетке ұмтылған бүгінгі күннің талабына орай болашақ ұрпақты ұлттық тәлім-тәрбие өнегесіне сүйене отырып парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін жетілдіру, дербес іс-әрекетке баулу, адамгершілік эстетикалық сезімталдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндетті қойылып отыр. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конституциясында, Тіл туралы Заңында, Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетіледі.
Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың оқу, тәрбие жағдайы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде саналып отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 23-бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне баса назар аударылған. Ел Президенті өзінің Қазақстан - 2030 стратегиясында Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады деп сенім білдіреді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени даму тұжырымдамасында: Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму жолы дегеніміз - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау деп атап көрсеткен. Осы қағидалар негізінде балаларды мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу, іскер, еңбекқор, өз еңбегін де, өзгенің еңбегін де бағалай білетін, еңбек дағдысы қалыптасқан елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес қосатын білімді азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ата-ананың, педагогтың міндеті.
Ұлттық тәрбие дегеніміз не? Бір халықтың тұрмыс тіршілігін, мәдениетін, өзге ұлттардан ажыратып тұратын адамгершілік нормаларының жиынтығы.
Қазіргі уақытта тек құр ұрандатып тәрбиелеуден ештеңе шықпайтынына баршаның көзі жетіп болды, ендеше тәрбие іс-әрекет арқылы, күнделікті өмір-тіршілігімізбен байланысты жүзеге асырылуы және бүгінгі қажеттіліктен туындауы керек. Тәрбиенің басты бағыты жөнінде тереңірек ойлансақ, әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, туған елдің патриоты болуы керек. Ұлттың болашағы тек өзіне байланысты екенін есте ұстауы тиіс.
Халық ұлт ретінде ежелден келе жатқан өзіне тән өнері мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдени тұрмыстары арқылы жетілетіні белгілі. Өйткені, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып жалғасын тауып, мазмұнын жетілдіріп келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер әрбір жеке тұлғаның дамуына себепші болады. Қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрлерді жинақтап, жаңа көзқараспен болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсатында зерттеу қажеттілігі өмір сұранысынан туындауда.
Ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік қағидаларын ұрпақ бойына сіңіру - баланың мектепке дейінгі кезеңінен отбасы, балабақша, мектеп арқылы орнығатын ұзақ үрдіс. Қазақ халқының бай мұрасы, тұрмысындағы терең мазмұнды мәдени ұлттық ерекшеліктері, бүлдіршіндердің талғам-сезімдеріне, қиялдары мен ерік-жігерлеріне ықпал етіп еңбекқор болып өсуіне тигізер маңызы зор. Осыған орай қазақ балабақшаларындағы оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында ...балабақшадағы тәрбие мазмұнын қайта құру, демократияландыру, баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеудегі негізгі міндеттің бірі - бойындағы ұлттық психология қалыптасқан, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгерген дені сау, тілі түзу, еңбекқор ұл мен қыз тәрбиелеуде әулет пен балабақша арасында халықтық педагогика негізінде ізгілікті тәрбие берудің негізін қалау деп көрсетеді.
Ал, халық педагогикасының түп-тамыры қазақ халқының әлеуметтік, тұрмыстық, шаруашылық кәсібімен, қолөнермен сабақтасып, салт-дәстүрлермен тығыз байланысты туындап, дамып ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырғаны белгілі. Бұған орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Ибн Сина, М.Дулати, т.б. еңбектерінде еңбек тәрбиесі туралы айтылған ой-пікірлері дәлел. Ұлы ғұламалар адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан оларға жоғары адамгершілікпен адал еңбек ету тән деп санады.
Әл-Фарабидің ой-түйіндерінде еңбек қоғамның өмір сүруінің, соның ішінде адамзат тіршілігінің мәңгілік, тәбиғи шарты деп қарастырды. Ж.Баласағұн бала тәрбиесін бесіктен бастау керек екендігін және барлық байлық, молшылық адал кәсіппен еңбектену арқылы жететінін баса айтады. Ибн Сина еңбек етуге еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарап, еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді.
XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулары (Шалкиіз, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау т.б.) халқының азаттығы мен бірлігі, ел тұтастығы мен амандығы жолында адал еңбек ететін өз заманының тұлғаларын тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүрдің озық түрлерін үлгі еткені тарихтан белгілі.
Ұлт болмысы мен болашығын халқының тамырынан іздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев халықтың әл-ауқатының, санасы мен мәдениетінің, салт-дәстүрінің даму кезі еңбексүйгіштікте, ғылым, білім алудың түп-төркіні еңбекте деген философиялық ой-түйіндері, бүгінгі педагогика ғылымының қағидаларымен өте жақын қабысады.Қазақ елінде психология, педагогика, тіл тағылымы сияқты тұңғыш оқулықтардың негізін жасаған Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Досмұхаметов, Т.Шанонов, т.б. ғалым-ағартушыларымыз өз еңбектерінде болашақ ұрпақты еңбекке баулуды халық тәжірибесінен іздеп, оны тәрбиеге арқау ету керектігін баса айтқан.
Қазақтың ұлттық мұраларын, салт-дәстүрі мен ауыз әдебиетін, оның мазмұнын, маңызын Ә.Диваев, В.В.Радлов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Ө.Жәнібеков еңбектерінде зерделеп жас ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелеуге кеңестер береді.
Қайта өрлеу дәуірінде жаңа педагогиканың негізін салушы я.А.Коменский, И.Песталоции, Р.Оуэн, Ж.Ж.Руссо, т.б. балаларды бірінші өз ұлттық тілдерінде оқытып, халқының озық тәрбие дәстүрлеріне сүйеніп, жастайынан жақсы мінез-құлыққа және еңбекке баулуды ұсынады. Ресейдегі халық тәрбиесінің мәнін, мазмұнын ашқан К.Д. Ушинский орыс халқының бала тәрбиелеу ісін оның сан ғасырлық тарихымен байланыстырып, халықтың мәдени салт-дәстүрінен іздестірді.
ТМД елдеріндегі ұлттық тәрбиені ғылыми тұрғыда зерделеген г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, Н.Ф.Афанасьев, А.Ш.Гашимов, М.Сайфуллаев, З.А.Измайлов, т.б. ғалымдар тәрбиенің ұлттық сипаты мен оның педагогикалық үрдістегі мән-мағынасын, еңбекке баулу мүмкіндіктерін, әдіс-тәсілдерін әр қырынан қарап, халық ұстанымдарының, салт-дәстүрлерінің тәрбиелік қызметтеріне сипаттама береді.
Республикамызда этнопедагогиканың тарихи-теориялық, ғылыми әдістемелік негізін салушы С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаев, К.Ж.Қожахметова, Ы.Оршыбаев, С.Ғаббас, Ә.Табылдиев еңбектерінде мектеп және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдістерінде жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелей отырып, еңбексүйгіштікке бейімдеу мәселелері қарастырылады.
Баланың жеке тұлға ретінде даму заңдылықтарын психологиялық тұрғыда зерттеген белгілі психолог ғалымдар В.В.Давыдов, Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Д.Б.Элбконин, А.В.Запорожец, В.С.Мухина еңбек іркетіндегі баланың қалыптасу теориясын анықтай отырып, олардың жас және дара даму ерекшеліктерін ескеруді ұсынады.
Е.И.Тихеев, С.Р.Буре, А.П.Усова, В.Г.Нечаева, Т.А.Маркова, Н.С.Тюрина, З.М.асланова, Д.Асанова мектепке дейінгі балалар ұйымындағы оқыту мен тәрбие мазмұнын жаңартуды және еңбекке баулудың әдіс-тәсілдерін жетілдіруді қарастырады.
Мектепке дейінгі балалардың еңбек әрекетінің кейбір мәселелері психолог-ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, С.Балаубаев, Ә.Темірбекова, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Н.Елікбаев еңбектерінде ішінара көтерілсе, Х.Шериязданова зерттеуінде балабақша балаларының психологиялық даму ерекшеліктері толық қарастырылып, жеке анықтамалар беріледі.
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізген ғалымдар В.Н.Андросова, Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Н.Храпченкова, М.Т.Тұрыскелдина, М.С.Сәтімбекова, Р.К.Аралбаева, Г.Ж.Меңлібекова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, Т.Иманбеков, С.Н.Жиенбаев еңбектері қазақ балабақшаларының оқу-тәрбие мазмұнын жаңартуға лайықты үлес қосуда.
А.К.Меңжанованың Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу атты монографиясында еңбек әректінде әдеби шығармаларды пайдалана отырып, балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастастырудың жолын қарастырады.
Г.Ж.Меңлібекова Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях Республики Казахстан атты зерттеуінде мұрағат материалдары негізінде республикадағы мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды еңбекке баулудың тарихи даму жолдарын, еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздерін жүйелеп, әдістерін анықтайды және олан әрі дамытуды алға қояды.
Р.К.Арадбаева Формирование словаря у детей дошкольного возраста в процессе освоения о труде взрослых атты ғылыми еңбегінде балабақшаның сәбилер мен естиярлар тобында балаларды ересектердің еңбегімен таныстыра отырып, сөздік қорын молайтудың тиімді әдіс-тәсілдерін зерттейді.
С.Н.Жиенбаева Мектепалды балаалрын еңбекке баулудың ғылыми- педагогикалық негіздері деп аталатын зерттеу жұмысында мектепалды топтарында балаларды еңбекке баулуда ересектер еңбегінің құндылығын, еңбек әрекетіндегіөзіндік менін түсінуін, шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелерін анықтайды.
Сонымен, зерттеу нысанамызға тікелей жақын мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселелерін қарастырған психологиялық, педагогикалық зерттеулерді талдаудан түйгеніміз баланы қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың негізгі зерттеу нысаны болмағанын байқаймыз. Нарықтық экономиканың қарыштап өсу жағдайында бәсекелестікке қабілетті болашақ еңбек адамын дайындау үшін, мектепке дейінгі балаларды қазақтың салт-дәстүрі негізінде еңбекке баулу (5-6 жас) мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда меңгерілетін қарапайым дағдылар, біліктілік ұлттық мазмұнда өз халқының тұрмыс-салт ерекшелігіне орай жүргізілуі қажет. Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі арқылы еңбекке баулудың қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыда толық зерттелмей, ғылыми әдістемелік деңгейде қамтамасыз етілмеуі арасында қарама-қайшылық туындады. Осыған орай, зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі тақырыпты Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулудың ерекшеліктері деп алуымызға себеп болды десек те болады.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақи ұлттық тәрбие негізінде еңбекке баулуды ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер қазақтың ұлттық тәрбие құралдары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу мүмкіндіктері балабақшалардың оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда ұлттық дүние танымы мен біліктілігі қалыптаса бастаған, қарапайым еңбек дағдыларын меңгерген балаларды тәрбиелеуге болады. Себебі, қазақтың киіз үйі, оның жабдықтары, төрт түлік малы, зергерлік бұйымдары, ұлттық тағамдары мен киімдері балабақшаның тәрбие үрдісіне негізделіп, қол еңбегінде жасату мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек дағдысының дамуына оң ықпалын мол тигізер еді.
Зерттеудің міндеттері:
oo Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық дәстүр ерекшеліктері негізінде еңбекке баулудың ғылыми-теориялыұ негіздерін анықтау;
oo 4-7 жас аралығындағы балалардың қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулудың теориялық моделін құру, мазмұнын жүйелеу, мағынасын айқындау;
oo Мектепке дейінгі бабаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке қосымша бағдарларын ұсыну;
oo Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында әдістемелік нұсқау дайындау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Қазақтың ұлттық тәрбие құралдары негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы еңбекке деген сүйіспеншілігі пен қарапайым дағдыларын қалыптастыру - олардың ұлттық құндылықтарға мақтанышпен қарауларына, еңбек амалдарын құрметтей білулеріне негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жеке тұлға және іс-әрекет теориясы, педагогикалық үрдіс теориясы, мәдени мұраларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері. Философтардың, психологтардың, педагогтардың, этнографтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері; Қазақстан Республикасының ресми материалдары, оқу-әдістемелік құралдар; бағдарламалар, ғылыми-педагогикалық басылымдар.
Зерттеу әдістері. Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге ғылыми талдау, жинақтау, қорыту, тәжірибелер, сауалнамалар жүргізу, балалармен сөйлесу, пікір бөлісу, балалардың еңбек нәтижелелерін салыстыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
oo Ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулу ұғымына тоқталу;
oo Қазақтың ұлттық тәрбиесі негізінде балалардың еңбекке баулудың теориялық моделі құрылады;
oo Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс негізінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, тиімділігі көрсетіледі.
Зерттеудің парктикалық мәнділігі:
Дипломдық жұмыста қарастырылған теориялық пайымдалулар мен тәжірибелік ұсыныстарды мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды еңбекке баулуда және педагогтардың біліктіліктерін арттыру істерінде, жоғары оқу орындарының мектепке дейінгі тәрбие бөлімдерінде, арнаулы курстарды жүргізуде қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері балабақшаларға арналған әдістемелік құралдарды дайындауға негіз болады.
Мектепке дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен баулуды зерттеуде қалыптасқан ой-пікірлер талданып, тұжырымдамалар негізге алынып, теориялық негіздері анықталды. Балаларды қазақтың салт-дәстүрі тәрбиесі арқылы еңбекке баулудың анықтамасы беріліп, теориялық моделі құрылды, тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы ұлттық тәрбие құралдарының педагогикалық мазмұны

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістер мектепке дейінгі ұйымнан бастап, жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдістеріне, оның ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласына өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс.
Өткен тарихымыздың терең қойнауына ой сәулесін түсірсек, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор - халқымыздың этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарына рухани азық болған, ғасырлардан қалған асыл мұралары бар. Оны филологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан-жақты талдап өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеуден өткізуде. Ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.
Қайсы бір ұлттық құндылықтар туралы алсақ та салт-дәстүрлер жүйесінен аттап кету мүмкін емес. Дәстүр әр түрлі бағытта ұлттық-демографиялық, философиялық, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде ғылым талаптарына сай барлық зерттеу салаларында қолданылады.
И.Г.Гердер, А.К.Конн, Ғ.Ақпанбет, А.Айталы, т.б ғалымдар философиялық еңбектерінде салт-дәстүрлердің сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, тілімен байланыса отырып, бірлікте дамитынына баса назар аударады. Мысалы, И.Г.Гердер "салт-дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы", - дейді.
Ғ.Ақпанбет "ұлттық салт-дәстүр тәрбиедегі, мәдениеттегі ұлттың мұрагері және терең философиялық ойдың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да, көркем бейнесі" деп қазақ дүниетанымының салт-дәстүрмен байланысты екенін айтады.
Кеңес үкіметі тұсындағы ұлттық салт-дәстүрімізге мән берілмей, назардан тыс қалуы туралы философ А.Айталы "отарлау саясаты қазақтың мемлекеттік рухын жойып, мәдениетін бүлдіріп, тіліне қысым жасап ғана қойған жоқ, ең қауіптісі оны ұлттық жан дүниесінен, ата-баба салтынан, дәстүрінен айырды" деп салт-дәстүрдің маңызына үлкен мән береді.
Жер шарында қанша ұлт пен ұлыс тіршілік етсе, олардың әрқайсысының өзіне тән салт-дәстүрлерінің болуы заңды құбылыс. Дамудың философиялық заңдылықтарына орай салт-дәстүр - әр халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігімен, еңбегімен, сана-сезім, ойлау ерекшелігімен жүйеленіп, сол халыққа жататын адамдардың мәдени деңгейін, рухани байлығын, басқа халықтардан айырмашылықтарын танытады. Ғалымдардың осындай ой-пікірлерінен адамзат ең алдымен өз халқының ұлттық салт-дәстүрлерін игеру арқылы ғана ұлттық сана мен адамгершілік сезімді, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыра алады деп түйіндедік.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде ғалымдарымыз ұлттық салт-дәстүрлерді адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі ретінде насихаттап, ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қоюда. Осыған орай этнопедагогика ғылымында бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Профессор С.Қ.Қалиев салт пен дәстүрдің айырмашылығына анықтама беріп, дәстүрдің салттан өрісі кен екендігіне тоқталады. К.Ж.Қожахметова салт-дәстүрдің ішкі мазмұнына тоқталып "екі сөз қосарланып айтылғанымен әрқайсысының өз мән-мағынасының барын ескеру, әр ұғымның өзіндік функция атқаратынын түсіндіру керек" деп ескертеді. Ғалымның пікірінше салт - жеке адамға, дәстүр бүкіл халыққа байланысты бағытталып айтылады. Берілген анықтамаларды салыстыра отырып, олардың бір-біріне сәйкес тұстары көп екенін және салт-дәстүрлер ұлттық тұрмыспен, мәдениетпен бірлестікте дамитынына көзіміз жете түсті [1] .
Р.Х.Дүйсенбинова тұрмыс-салт дәстүр, бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар, үйлену, үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, халық мейрамдары, қазақтың қонақ күту дәстүрлері, бата-тілек түрлері, діни наным-сенімге байланысты салт-дәстүрлер деп топтастырады. Жалпы салт дәстүрлерді, ұлттық идеяларды насихаттау барған сайын көкейтесті сипатқа ие болып отыр.
С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смайылованың "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты оқу-құралында қазақтың салт-дәстүрін нақты үш топқа:
а) бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер; ә) әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер; б) тұрмыс- салт дәстүрлер деп бөледі.
Сөйтіп, тұрмыс-салт дәстүрлерге киіз үй, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіпке үйретудің тәлімгерлік түрлері енетіндігін айтады. Бұл тұжырымның дұрыстығын қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде "Тұрмыс - әл-аухат, хал-жай, тіршілік" десе, "Тұрмыс-салт тұрмыста қалыптасқан әдет, дәстүр, жора жеке халықтардың шаруашылық кәсібі, тұрмыс-салты кіреді" деп берілген анықтама дәлелдей түседі[3].
Академик Ә.Қайдар казақтардың тұрмыс салтында киіз үйдің сүйегін сайлап, киізін басуды, бау-шуын иіріп, шиін өруді, ер-тұрман әбзелдерін ез қолдарымен реттеп, киім-кешектерін өздері тігіп, қолөнердің өзіне қажетті салалаларын өзінше дамытып келгендері туралы пікір айтады.
Белгілі этнограф, мәдениеттанушы Н.Шаханова киіз үйді көшпелі мәдениетімізбен байланыстыра отырып, оны ұлтттық құндылығымен қатар философиялық мағынасьш "құт" идеясымен түсіндіреді. Ал "Құт" адамның ақыл-ойымен, еңбегімен келетін ырыздығы, сыйы, бақыты деген мағынаны білдіреді. Қазактың тұрмыс-салт дәстүрінің балаларды еңбекке баулуда парасатты мінез-құлык пен еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда мүмкіндігі зор. Олар:
а) қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі үлкенді сыйлау, еңбекті қадірлеу сияқты қасиеттерге тәрбиелейді;
ә) тұрмыс-салт дәстүрі өз халқының ақыл-ой, қол еңбектерінің нәтижесінде жеткен этнографиялық өмірін көрсетуге қызмет етеді;
б) тұрмыс-салт дәстүрі еңбек адамының көңіл-күйін, ішкі сезімін білдірудің психологиялық құралы;
в) тұрмыс-салт дәстүрі атадан балаға мұра болып берілген еңбек дәстүрінің, қоғамдық сананың ең биік нормалары.
Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлерінің болашақ ұрпақты еңбекке баулудағы үлкен тәрбие мектебі екенін насихаттау, ғылыми тұрғыда мәнін ашып жүйелеп зерттеуді қажет етеді. Сонымен, киіз үй жиһазы, төрт түлік малы, киім-кешек, қолөнер түрлері еңбек әрекетінің нәтижесінде, бір-бірінен ажырамай күнделікті тұрмыстық болмысты құрағанына көзіміз жете түседі. Тұрмыс-салт дәстүрлерінің жалпы тәрбиелік мүмкіндіктері педагогикалық әдебиеттер мен тәрбие құралдарында әр қырынан айтылып келгенімен, мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы орны әлі жеткіліксіз[4].
Қорыта айтқанда, тұрмыс-салт дәстүрінің аясын қамтитын кәсіпке; еңбекке үйретудің тәлімгерлік кағидаларын өз жүмысымыздың негізі етіп алдық. Тұрмыстық салт-дөстүрлердің мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуда тәрбиелік, білім беру, дамытушылық мүмкіндіктері жоғары деп санаймыз.
Ж.Аймауытов баланы кішкене кезінен төрт түлік малды бағуға, күтуге, шөп шабу, арық қазу кәсіптерімен таныстырып, асық ату, ақ сүйек сияқты ұлттық ойындарын ойнатып, өлең, ән салып, не нәрсе болса да жастан әдеттендіру керектігін және тәрбиеге туған жер, ана тілде ықпал етіп, қазақ баласының ұлттық тұрмысынан, салт-дәстүрінен алшақ кете алмайтынын айтады. Бүл біздің зерттеуімізге қажетті басты қағиданың бірі болмақ.
М.Жұмабаевтың әрбір ұлтгың баласы өз ұлтының ортасында, сол ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті деген ойы бүгінгі күн талабымен қабысып отырған түжырьм. Ә.Диваев қазақ балалары күнделікті тұрмыс салттарында көріп, ұстап жүрген төрт-түлік малды өздері қолдарымен саз балшықтан жасайтынын (ат, түйе, қой, т.б.). ол ойыншықтар мен қуыршақтардың, европалық фабрикада жасалған ойыншықтарға қарағанда баланың қиялдау қабілетін әлдеқайда дамытатынын айтады.
Қазіргі кезде балабақшадағы тәрбие балаға аса зор әсер етеді. Ұлттық тәрбие негізінде тәрбиеленген бала ол әрине өз елінің, өз отанының ұлы болары сөзсіз.
Ұлттық тәрбиеге байланысты қазіргі таңдағы тәрбиенің негізгі даму барысын қарастырамыз. Күннен - күнге педагогика саласында болып жатқан жаңалықтар мен өзгертулер, қосымша толықтырулар көптеп кездеседі. Атап айтсақ педагогигка саласындағы оқытушы мамандар, ғалымдар, оқулық салалары көптеп кездеседі. Алайда, ғылымда пародокс деген ұғым бар. Бұл ұғым ғылымның құлдырауын білдіреді. Ғылым дамыған сайын адам тұлғаға айналуы керек. Ғылым саласы дамығанмен мәдениет саласы артта қалу үстінде. Адамның мәдениеттілігі оның тәрбиелілігіне байланысты. Педагогика саласында тұлғаға байланысты тақырыбымызды ұлттық тәрбие негізінде алып отырмыз. Алға үлкен үміт арта отырып, парадокстың жойылуына өз үлесімізді қоссақ деген ниеттеміз.
Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алағашқы білім ошағы. Сол себепті де балаларды балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі мультфильмердің көрсетілуі талап етілуі керек.
Халықтық педагогика негізінде балаларға ұлттық тәрбие беру арқылы еңбекке баулу балаларды жақ-жақты дамытудың кепілі[7].
Қазіргі кезде бүкіл тәлім-тәрбие жұмысыңда жас ұрпақты еңбекке, экономикалық, адамгершілік және психологиялық жағынан өмірге даярлау бірінші кезекте тұр. Тәрбие жұмысының міндеті: әрбір жас өзінің әл-ауқатын жақсартудың алғышарты -- ең алдымен, қоғамдық мүлікті, байлықты молайту, үнемдеу, шашпау, өзінікін ұқыпты пайдалануды түсіндіру.
Жалпы қорытындылай келгенде, ұлттық тәрбие құралымен еңбекке баулып өсірген баланың болашағынан үлкен үміт күтеріміз сөзсіз.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық тәрбие құралдарымен еңбекке баулудың мүмкіндіктері және ерекшеліктері

Халық тәрбиесінің тарихына үңілсек, баланы отбасында еңбекке баулу қазақ халқында ертеде қалыптасып, оның жинақталған мол тәжірибесі бар. Бұл жөнінде психолог М.Мұханов мектеп жасына дейінгілер әсіресе, ауылдык жерде тұратын отбасыларында айталық, қыз балалардың үйге қолғабыс тигізуі, не өзінен кішілерге қамқорлық жасауы жиі кездеседі. Ал, ер балаларды алсақ бұлар туысқандарымен бірге тұрмыстық шаруашылықтарға араласып, малға қарайды, бұзау, лақтарды бағуға әрекет жасап еңбекке бейімделеді деген[4].
5-6 жастағы балаларды ұлттық тұрмыс салт-дәстүр арқылы еңбекке баулудың теориялық мәселесін зерттеуде ғалымдардың тұжырымдарын негізге ала отырып, төмендегідей анықтама жасадық: "Ұлттық тәрбие құралдары негізінде еңбекке баулу - балаларды қазак халқының тұрмысында қалыптасқан салт-дәстүрлер арқылы қарапайым түсініктері мен еңбек дағдыларын қалыптастыру".
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібіне тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі куат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс салт-дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады.
В.С.Выготский, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн және тағы басқалар мектепке дейінгі балалардың еңбек әрекетінің бастамасы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлтының еңбек тәжірибесіне байланысты деп есептейді.
В.С.Мухинаның еңбегінде бала тәрбие үрдісінде әрекеттің (орамалмен сүртіну, қарындашпен сурет салу, мүсіндеу) сан алуан түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы нәтижеге бастайтын практикалык іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуынын негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ.Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, "әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс" деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін (ойын, еңбек үстінде) бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады.
Психолог Я.Л.Коломшский, Л.В.Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас аралығында бала ойын мен еңбек арасындағы айырмашылықты аңғарып, еңбек құралдарын орнымен пайдаланып, еңбек операцияларын орындап, еңбектің объективтік мақсатын қоя біліп, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығын түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы.
Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады. А.В.Запарожец мектеп жасына дейінгі балаларды тек еңбек нәтижесі ғана емес, оның басқа адамдар үшін маңыздылығы да қызықтыратындығын айтады. Балалар қағаздан, ағаштан әр нәрсе жасауға, ересектерге көмектесуге қызығады, егер ересек тарапынан қолдау болса, балалар өздеріне тапсырылған іске неғүрлым саналы ниетпен қарап, орындауға талпынады. 5-6 жастағы балаларда алғашқы еңбек әрекеті қалыптасып, ересектен көмек сұрап қана қоймай, өздерінде де көмектесу ниеті пайда болады. Мектепке жасына дейінгі балалардың енбек әрекетінің өзіндік мақсаты, мотиві, жоспары нәтижесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Аталған құрылымдар еңбек әрекетінің үрдісінде көрініп ересектердің көмегімен дамып жетілетіндігін айтады.
Г.А.Урунтаева еңбек мақсатын балалардың өздерінде қалыптасқан түсінігі бойынша қояды. Ересектің сөздік нұсқауы бойынша бірте-бірте жақын арадағы мақсатқа, осылар арқылы түпкі мақсатына жетеді. Балаға берілген баға арқылы еңбек мақсатын тұрақты және шынайылыққа айналдыруға болады. Ересек топтың балалары өз әрекетіне мақсат қойып, оны накты нәтижеге қол жеткізгенше ұстанады. Алайда, бұл дағдылар көбіне белгілі үйреншікті материалдармен жұмыста іске асады[5].
Психологтардың пікірін негізге ала отырып, біз қазақ халқының бала тәрбиесінде қолданған көтермелеу, мақтау, бағалау, талап ету, колдау әдістерін балаларды еңбек әрекетінде мақсат коя білуге тәбиелеуде басшылыққа аламыз. Мектеп жасына дейінгі балалардың мақсатқа бағытталған еңбек әрекеті баланың қалай орындағанына ғана байланысты емес, не үшін еңбектенетініне байланысты. 5-6 жастағы балалардың еңбек әрекетіндегі мотиві негізінен ересектердің мақтауы, ересектермен қарым-қатынас жасауы, өзін көрсетуі үшін болады. Бірақ, мектеп жасына дейінгі балаларды материалдық марапаттау үшін еңбекке баулуға мүлде болмайды. Сондықтан мотивация баланың жеке сапаларын қалыптастыруда қатты ықпал етеді. Р.И.Дзарасов мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекті қажеттілігіне айналдыруы, олардың мінезіндегі ауытқудың алдын-алу үшін қажетті міндет болып табылатынына ерекше мән береді. Еңбек процесінде тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке кызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, олардың еңбекке деген қоғамдық мотивін қалыптастыру әрбір педагогтың міндеті.
Педагог мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу әрекетін бастамас бұрын мақсатқа жетудің жолын, құралын, жағдайын жасап алып, іс-әрекет реттілігін жоспарлап, операциясын нақтылайды. Педагог баланың еңбегін алдын ала жоспарлау арқылы, оның біліктілігі мен еңбек сапасын арттыруға, еңбек әрекетінде мақсатқа жетуіне жағдай жасайды. Балалар, тек еңбек үрдісінде ғана жоспарлайды, негізгі кезеңдеріне мән беріп, орындалу амалдарына назар аудармайды. Бұл жөнінде Д.А.Баба жоспарлау еңбек нәтижесін жөне сол нәтижеге жетудегі процестерді алдын-ала білумен сипатталады дейді. Бала еңбек әрекетін жүзеге асыру үстінде алынған нәтижені өзінің ойлағанымен салыстырады. Ойлаған әрекетті нәтижемен салыстыруға үйрету, баланың еңбекке қажетті сапаларды жинақтауына және өз әрекетінің бағасын білуге машықтандырады. Біздің зерттеу объектімізге байланысты балаларға еңбек әрекетін жоспарлауды үйрету, тұрмыс салт-дәстүрі негізінде балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылу қажет деп санаймыз[2].
Белгілі бір сәтке дейін балалар еңбек үрдісінің өзіне қызығады, ересектерге ұқсауға ниеттенеді, олардың мақұлдауына ие болу тілегін басшылыққа алады, алайда, алған білімдерінің немесе өздерінің еңбек тапсырмаларын орындау нәтижелерінің мәнін әлі де түсінбейді. Яғни, мектепке дейінгі 5-6 жаста бала еңбек әрекетін саналы орындауды енді ғана түсіне бастайды.
Қызығулар балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалатындығы тәжірибеде дәлелденген. Ғалымдардың айтуына қарағанда, кызығудың нәтижесінде мектеп жасына дейінгі кезде техника саласына әуес болған бала, мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерге ықылас қойып, мектеп бітіргеннен кейін де сол салада нәтижелі еңбек етіп, өз кабілеттерін жақсы көрсете алады. Демек, баланың қызыға білуінің де маңызы зор, кызығуы "тұрақты" қасиетке айналған бала ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы керек. Қызығу қажеттіліктен туындайды, ал қажеттілік дегеніміз - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы болмақ. Біз зерттеу нысанамызға байланысты мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу міндеттеріне:
- еңбекті жақсы көруін, ересек еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- қарапайым еңбек білім, дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру;
- еңбек етуге қажеттілігін дамыту;
- ұлттық тұрмыс салт-дәстүр негізінде болашақ еңбекке даярлау жатады.
Соңғы міндетті шешу үшін, оның мазмұнын, жүзеге жолдарын анықтау қажет. Балаларды қазақтың тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулуда парасатты мінез-құлық пен адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеп, қалыптастырудың мүмкіндігі зор.
Жоғарыда айтылғандай мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, ересек топ балаларын еңбекке баулудың өлшемдерін белгіледік. Олар киіз үй және оның жабдықтарын білуі, төрт түлік малға сүйіспеншілігін қалыптастыру, әшекей (зергерліх) бұйымдарды жасай білу дағдысының болуы, ұлттық тағам туралы түсінігі, ұлттық киімді құрастыра білу дағдысының қалыптасуы. Аталған өлшемнің көрсеткіштерін төмендегідей жүйемен беруді мақсат етіп, ересек топ балаларын тұрмыс салт-дәстүрі негізінде еңбекке баулудың моделін құрастырдық:
- киіз үй және оның жабдықтарын білуі - киіз үй туралы, жиһаздары, ыдыс аяғы туралы білугс қызығушылығы, құштарлығы, білімі, қол еңбегінде жасай білу біліктілігі;
- төрт түлік малға сүйіспеншілігі - төрт түлік мал туралы білуге қызығушылығы, құштарлығы (көркем шығармалар арқылы) ересектер еңбегі туралы түсінігі, еңбек әрекетінде пайдалануы;
- әшекей (зергерлік) бұйымдарды жасай алу дағдысы - әшекей (зергерлік) бұйымдарға (бойтұмар, сақина, білезік, т.б.) қызығушылығын ояту, түсінігі, білімі, қол еңбегінде жасай білу біліктілігі;
- ұлттық тағам туралы түсінігі - ұлттық тағамдарды (ет, сүт өнімдері, т.б.) білуге құштарлығы, ниеті, пайдасы туралы түсінігі, ұғымы, біліктілігі;
- ұлттық киімдерді құрастыра білу дағдысы - ұлттык киімдерге (сәукеле, тақия, камзол, шапан, т.б.), ондағы ою-өрнектерге қызығушылығы, оның ерекшеліктеріне мән беруі, білімі, қол еңбегінде жасап, құрастыра білу біліктілігі[9].
Ересек топ балаларын тұрмыстық салт-дәстүр негізінде еңбекке баулудың жоғары, орта, төменгі деңгейлері анықталды:
Жоғарғы деңгей: киіз үй, төрт-түлік мал, ұлттық тағам, зергерлік бұйым, ұлттық киім туралы білуге құштарлығы бар, олар туралы білімі, түсінігі жеткілікті, еңбек әрекетінде шығармашылықпен қолданып, ойын әрекетінде ұштастыра алады.
Ортаңғы деңгей: киіз үй, төрт-түлік мал, ұлттық тағам, зергерлік бұйым, ұлттық киім туралы білуге құштарлығы бар, олар туралы білімі, түсінігі жеткіліксіз, ішінара күнделікті еңбек әрекетінде қолданып, ойын әрекетінде ұштастыра алмайды, ересектің нұсқауын қажет етеді.
Төменгі деңгей: киіз үй, төрт-түлік мал, ұлттық тағам, зергерлік бұйым, ұлттық киім туралы білуге қызығушылығы төмен, күнделікті өмірде кездескенін ғана біледі, еңбек әрекетінде қолдана білмейді.
Балабақшаларға арналған бағдарламалардың (1934, 1938, 1962, 1964, 1979, 1984, 1989 жылғы) еңбекке баулу мазмұнына талдау жасалынып, еңбектің өзіне-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, кол еңбегі, табиғаттағы еңбек түрлерінің мазмұны ересектің еңбегімен таныстыру, өздігімен еңбектену, еңбекті құрметтеу сезімін тәрбиелеу көзделгені белгілі болды. Ұлттық тәрбие беру мақсатын көздеген "Балбөбек" бағдарламасының еңбекке баулу мазмұнының ерекшелігі қолөнер туындыларын жасай білуі, мал шаруашылығына қатысты малға күтім, малшылардың жыл мезгіліне қатысты еңбегімен таныстыру қарастырылған. Бірақ, қазақ халқының тұрмыс салт-дәстүрінен киіз үй және оның жабдықтары, ұлттық киім түрлері, зергерлік бұйымдар еңбекке тәрбиелеу құралы аз қамтылып, жүйесіз берілген. 1998, 1999, 2000 жылдарда "Балаларды мектепалды дайындау" бағдарламалары жарық көріп, онда еңбекке баулу мазмұны талқыланып, қазақтың тұрмыс салт-дәстүрімен толықтырулар қажеттігі айтылған[24].
2004 жылғы "1 жас пен 6 жас арасындағы балаларды мектепке дейін тәрбилеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумында" еңбек тәрбиесінің мақсат, міндеттері, базалық мазмүны, бала дамуының деңгейіне қойылатын талаптар айқындалған. Ересек топтағы балаларды еңбекке баулу "балалардың бойында еңбек етуге талапты және біліктілікті тәрбиелеу, тапсырманы, кезекшінің міндетін өз бетінше орындауға үйрету" деп білім, білік, дағдыларының жүйесін көрсеткен. Балалардың қарапайым еңбекке дайындығына қойылатын талаптарды ескере отырып, тұрмыс салт-дәстүр негізінде еңбекке баулу мақсатында "Балбөбек" бағдарламасына қосымша бағдарлама даярланды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2014 жылғы мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған Шаңырақ бағдарламасы. Бұл бағдарламаның негізге алған міндеттері:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
балалар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қорғау және эмоциялық амандығын қамтамасыз ету;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
әр баланың жеке тұлғалық дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсету;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
азаматтылыққа, қазақстандық патриотизмге, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ынтымақтастық атмосферасын жасау арқылы отбасын балаларды тәрбиелеу және білім беру процесіне тарту;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға қолдау көрсету;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
балалардың дербес және топтық қызметі үшін дамытатын, уәждейтін орта жасау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
балаларды мектепте оқуға дайындауды қамтамасыз ету.
Педагогика тарихында білім және тәрбие проблемасы қай заманда болмасын ұлттық ерекшелігімізге мазмұндас жүргізіліп отырды. Тарихқа көз жіберетін болсақ ерте кезде-ақ, ғұлама ғалымдар әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқаридың білім, тәрбие мәселелері жайлы кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен мол рухани мұралары осы күнге дейін өзінің маңыздылығын дәлелдеп келеді. Солардың ішіндегі бірегейі, кемеңгер ойшыл, Шығыс Аристотелі атанған әл-Фараби орта ғасырда өз еңбектеріне ұлттық тәрбиенің философиялық негізін қалады. Ол, тәрбие - философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы-деп қарастырған[16]
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, С.Көбеев, А. Байгұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин еңбектерінде келешек ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болып, саналы да тәрбиелі болу керектігі жайлы айтып кеткен, ой-пікірлерін бүгінгі егемендік алған еліміздің ертеңгі ұрпақ тәрбиесінде басшылыққа аламыз.
Ұлттық тәрбие мәселелерінің философиялық негіздері Ж.Әбілдин, Д.Кішібеков, Садықов, Ә.Нысанбаев теориялық негіздері, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский еңбектерінде қарастырылса; психологиялық-педагогикалық негіздеріне Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев, С.А.Ұзақбаева, т.б. ғалымдар назар аударған.
Тәрбие - мәңгілік және жалпы адамзаттық категория. Алайда қай халықтың болмасын бұл салада өзіне ғана тән ерекшеліктері мен дараланып тұратын үлгілері болады. Бұл ерекшеліктердің негізін халық ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпакқа мирасқа қалдырып отырады. Егер оларды жай хронологияға көшірер болсақ қазақ жері мен еліндегі ғасырлар бойы қалыптасқан оны үйрету, тәрбиелеу, оқыту жүйелерінің даму диалектикасын да түсінер едік. Осы әдісті негізге алып жоғарыдағы үрдістерді:
- тәрбие мен үйретудін орта ғасырлық үрдістері. Бұл біліктілікке ұмтылыс, тәрбие мен оқуға ұмтылыстың өзіндік бір белесі;
- тәрбие мен біліктілікке, саналылық пен танымға бейімдеудегі шешендік сөздер мен өнердің биігіне шығуы;
- кейін осы үрдістер дамып, жетіліп, ал қайсы бір тұстарда құлдырап, дегенмен рухани дүниеміздің бір бөлігі болған және оны байытқан сазгерлікпен, ақын-жыраулардың ой толғауларымен ұласты. Мұны кемел ойшыл М.Әуезов халық қазынасы деп атады. Халқымыздң психологиялық, тәрбиелік үрдістері мен көзқарастары, дүниетанымы дами түсті [1;].
Қазақ топырағындағы қалыптасқан тәрбие үрдістері ұлтымыздың өзіндік ұлттык философиясын, педагогикасын, психологиясын, жалпы дүниетанымы мен талғамын қалыптастырды. Олар ұрпақтан-ұрпақка жетіп жалғастығын тауып отырды. Сондықтан қазіргі оқу-тәрбие процесінде біз құбылыстан мәнге, теориялық санаға, оқуды білікпен ұштастыруға бетбұрыс жасаймыз.
Заман талабына байланысты бүгінгі оку-тәрбие ісіндегі этномәдениеттік бағыттарға бетбұрыс барысында, теориялық тұрғыдан, қандай өзекті теориялық мәселелерді түсінуіміздің қажеттігі осылай туындап отыр. Бұл тұрғыда теориялық жағынан тиянақтауды қажет етіп тұрған бірден-бір бағыт - халықтық ойлау, үйрету үлгілері мен тәрбиелері, олардың ұлттық ерекшеліктері мен біліктері туралы рухани мұраларында көрініс тапқан үлгі-ұғымдары.
Қазақ халқының өткен ұрпағы артына жазба мәдениетін қалдыра алмағанмен, ауызекі үлгілермен өздеріне тән рухани мұралар жүйесін жасай білген. Осы рухани мұралар жүйесінің ішінде қазақ халқының диалектикалық ойлау элементтері мен халықтық тәрбиелеу бағытының алатын орны ерекше .
Адамның адам болып қалыптасуының құралы - еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу - маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.
Адамды -- адам еткен еңбек. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.
Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей- дегендей жерге дән сеуіп, оны күтіп баптап өсіреді. Базарға апарып сатып, ақшасына тамақ, киім алады[11].
Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.
Мысалы: 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
Оқушыларды тәрбиелеу барысында еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Балалардың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
Мектеп алды даярлық тобындағы еңбекке баулуы
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Пәндер