Сыныптан тыс жұмыстың міндеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

І. Кіріспе . . . 2-3

1. 1 Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты . . . 4-10

ІІ. Негізгі бөлім

1) Теориялық бөлім

2. 1. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 11-17

2. 2 Сыныптан тыс оқытуың түрлері . . . 18-20

2. 3. Оқушының ой-өрісін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарының маңызы . . . 21-25

2) Тәжірибелік бөлім: «Сыныптан тыс жұмыс» . . . 26-28

ІІІ. Қорытынды . . . 29

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30

Мазмұны:

І. Кіріспе

Мектептің міндетті оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-білімдік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс -оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділікті шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстың міндеті:

Баланың өзіне қатысты жағымды қатынаты қалыптастыру, өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.

Ынтымақтастыққа, ұжымдық, өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру.

Оқушыда әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті арттыру.

Оқушының дүниетанымының ккомпоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.

Баланың таным қызығушылығын дамыту.

Егер де, сыныптан тыс жұмысы оқу жұмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларынын кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш класты бітіргенде, ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады. Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.

Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дүрыс үстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды. Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынып айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет. Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай, класта алған ұғым кластан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай, оқу үрдісі тереңдей келе, адамның өздігінен ойлау, оқу, әрекет ету процестері күрделене, өзгешелене түсуде. Заман талабына ілесу үшін, ең алдымен ойлаумен өзгелерден ерекшелену үшін тұлғаның қарқынды дамуы елеулі үлес атқарады . Тұлға болып қалыптасу мектеп бесік тәрбиесінен бастау алып, мектепте негізі қаланатынын білеміз. Білім беру жүйесінде тек оқу бағдарламасы бойынша ғана білім беріп қана қоймай, жан-жақты ой-өрісін қалыптастырып, шапшаң ойлап, лидерлік қасиетін қалыптастырып, логикасын, қиялын дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше. Сол себепті, болашақ маман ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды қызықты әрі ұтымды оқыту үшін, сыныптан тыс жұмыстарды орынды ұйымдастырып, қолдануды көздедім. Себебі, Ана тілді оқыту, оның келешегі болуы-ұлттың ұлт болып өмір сүруі деп білемін.

Курстық жұмыстың мақсаты: оқытудағы сыныптан тыс жұмысының маңызы мен ұтымды жақтарын анықтап, келешек ұрпаққа насихаттау, практикада қолдану жолдарын ұйымдастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері: Оқу тәрбие үрдісіндегі сыныптан тыс жұмыстың маңызын анықтау, зерттеу жұмыстары арқылы шыққан нәтижемен жұмыс істеу.

  1. Сыныптан тыс оқудың маңызы мен мақсаты

Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларынын кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш класты бітіргенде, ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.

Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.

Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дүрыс үстап, күте білудің ережелерін үйре-теді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.

Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқу-лықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқи-ғаға өзінің қалай қарайтынып айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.

Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғатта-ну т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен та-нысады. Осындай, класта алған ұғым кластан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында мүғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.

Бастауыш мектептердегі кластан тыс оқудың мазмұны мен үйымдастыру жолы жөнінде жаңа программа-ның жобасында былай делінген: «Кластан тыс оқудың мақсаты: баланың кластан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қа-жетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу ; өз бетімен жүмыс істеу дағды-сын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын, қүштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану қүмарлығын арттыру.

Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды үйымдастырудың ең негізгі принципі - оның класта жүргізілетін оқумен ты-ғыз байланыста болуы. Оқушының кластан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде үсынылады. Оны мүғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сүрап, класта оқы-ғандарына байланыстырып отырады . . . ».

Сөйтіп, класта оқу сабағы жақсы үйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мү-ғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қы-зықтыра алса, кластан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, класта М. Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Т. Бигелдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кей-ін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мүғалім С. Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.

Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу кластан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушы-лармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақса-тында оның класта оқылғаннан басқа шығармаларымен кластан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтын-саринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтірік-тің залалы» т. б. әңгімелері кластан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды кластан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шы-ғармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.

Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы жә-не бейім екендіктерін білу үшін мүғалім олардың әрқай-сысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, - бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы кар-точкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. үнатады. Осыдан кейін мүғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.

Балаларға кластан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шы-ғармалардың ішінен іріктеп үсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар үйымдастырады т. б.

Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын үсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұға-лім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқи-ғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кі-тапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ға-на айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсы-руға болады.

Бастауыш класс оқушыларын оқуға қызықтыру үшін V-VI сынып оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө-нінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.

Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезін-де оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзін-ділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарай-ды, оқытады.

Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен кластан тыс оқудың маз-мұнына сай, бастауыш класс оқушыларымен мынадай жұхмыстар орындауға болады:

1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ер-тегілерді, мақалаларды талдау.

2) Күнделікті баспасөздегі («Балдырған», «Ақ жел-кен», «Зерде» журналдары мен «Ұлан» газеті) мақала-ларды оқу.

3) Кітаппен жүмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.

Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармалары-на сүрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қоры-тынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығанда-ры жөнінде өз кезқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде жолдастарынан сүрау, пікір алысу т. с. с. тыйым салынбайды.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында кернекі қүралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кез-десетін қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жен.

Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын тал-дауда сол жазушының емірі мен қызметінен толығырақ мағлүмат беруге болады. Мұүндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:

а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;

ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығарма-сынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.

Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қыс-қаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.

Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқылана-ды, ал үшіншгсабақта қорытындыланады.

Жоғарыда бастауыш кластарда балалар ертегі оқу-ға өте қүмар келеді дедік. II-III кластарда көбіне жа-нуарлар туралы ертегілерді жақсы көреді. Мұндай са-бақтарға көрнекі қүралдарды балалардың өздеріне жа-сатуға болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан су-реттер де бар («Түлкі мен бөдене» т. б. ), ал көптеген ер-тегілер бойынша диафильмдер жасалды.

II-III кластарда оқу үшін үсынылатын материал-дарды мұғалім өзі іріктейді, ал IV класта балалар езде-рі іріктеп алады.

Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын мына си-яқты жүйемен жүргізуге болады:

а) балаларды өздерінің «Үлан» газетіне қызы-ғатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың мектептегі, үйдегі іс-әре-кеттері мен еңбектері, пионерлердің өз мектебіне, сов-хозына, қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткен-дері т. б. ), әңгіме үйымдастыру (балалар газетті оқи ма, ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар үнай-ды т. б. ) .

ә} газетті кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күн-дері шығатынын, қай кезден бастап шыға бастағанын айту.

б) «Ұлан» атты газетінің кезекті номерінің қүры-лысымен (макетімен) және мазмүнымен таныстыру. Мұндай сабақтарда қажет жерлері болса, географиялық карта, кітап жаймасы т. б. болғаны жөн.

«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында журналдың кітаптан айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны, тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады.

Балаларды ез беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т. б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет. Кластан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жө-нінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл - балалар-ды ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағды-ландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кі-таптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.

II-III кластарда балалар оқыған кітаптарының ав-торы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне үнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал IV класта осы-ларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.

Оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмысы. Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып отырады.

Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көз-деледі:

1) кітаппен жүмыс жасауға дағдыландыру,

2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағдай жасау.

Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі мазмүны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.

Мұғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілей-ді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.

Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жүмыс бірнеше этаптан түратын болса, онда ол жұмыо тың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.

Балалардың өздігінен орындайтын жүмыстарының түрлері:

1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында бе-рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оқу кітабын-да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың мазмүнынан белгілеңдер.

2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мүнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.

3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке бөлуг қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.

4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.

5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Үйге текстің мазмүнын қайта оқып шығу-ды бермей, творчестволық тапсырма беру керек. Мыса-лы « . . . туралы айтылған жерлерді табыңдар, текске қандай сүрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.

Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары-на көңіл бөлу - олардың белсенділігін көтереді.

Сұраулар мен тапсырмалар

1. Оқушыларға өздіктерінен жүмыс орындату қандай мақсат көз-дейді?

2. Балалардың өздігінен орындайтын жүмысынын, түрлері қандай?

3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып бойынша оқушыларға ездігінен орындауға қандай жүмыстар беруге болатынын анықта.

Сыныптан тыс жұмыстар Ю. К. Бабанский мен Победаносцевтің еңбектерінде үлкен мән берілген. Олар бұлай деп ой тұжырымдайды:"Богатые воспитательные возможности внеурочной работы заключаются в том, что здесь в большой мере, чем на уроках, учитываются и удовлетворяются индивидуальные запросы, интересы, потребности ученика и создаются предпосылки для интенсивного развития его способностей ".

Сабақтан тыс уақытта жан-жақты ойластырылып істелген кластан тыс жұмыстардың оқушылардың білімін толықтыруда, тілін дамытуда, пәндерге қызығушылғын арттыруда, тәрбиелеу жұмыстарының пәрменділігін арттыруда атқаратын қызметі өте күшті. Оқушылардың сабақтан кейінгі бос уақыттарын дұрыс шешу, ұйымдастыру мәселесінің маңызы өте зор.

Оқушының бос уақытын пайдалы мәнді өткізуіне мұғалім, күшті әсер ете алады. Бұл әсер сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыстардың зор тәрбиелік мәнін ғалымдар өз еңбектерінде кең дәлелдеген.

ІІ. Негізгі бөлім

1) Теориялық бөлім

2. 1. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері

Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады. Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады. Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу, өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.

Танымдық іс-әрекет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстың манызы
Мектепте биология курсынан үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz