КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-3
1.1. Кері байланыс. Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-6
ІІ. Негізгі бөлім
1)Теориялық бөлім
1.1. Қалыптастырушы танымдық кері байланыс тиімділігі ... ... ... ... ...7-17
1.2. Сабақтағы кері байланыстың тиімді жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... .18-23
1.3 Кері байланыс арқылы оқушылардың қалыптастырушы танымдық қабілеттерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-26
2) Тәжірибелік бөлім:
Кері байланыс - сабақтағы маңызды үрдістің бірі ... ... ... ... ... ... .27-3 0
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

І. Кіріспе
Жалпы білім беру үдерісінде кері байланыс ұсыну оқу жетістіктерін жақсарту мақсатында табысқа жету критерийлерінің бірі ретінде кеңінен қолданылуда. Қалыптастырушы танымдық кері байланыс оқушылардың жетістікке жетудегі тиімді құралдардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Кері байланыс түрлерінің ішінде танымдық кері байланыс жан - жақты қарастырылған. Хэтти және Тимперли зерттеулеріне сүйене отыра танымға бағытталған кері байланыстың оқушылар біліміне әсерін айқын көруге болады. Әдістемелік құрал кері байланыстың тиімді жолдарына жан-жақты тоқтала отыра, мұғалімге пайдалы кеңестер ұсынады. Төменде берілген сабақ жоспарында кері байланыс түрлері үлгі ретінде егжей - тегжейлі көрсетілген. Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде құрылған сабақ үзінділерінен тиімді кері байланыс орнату жолдарын қарастырамыз. Кері байланыс беру барысында пайдалануға болатын тіркестер мен ұсыныстар мысал ретінде беріледі. Оқушымен байланыс орнату кезінде мұғалімнің кері байланысына қойылатын талаптар және алгоритмдер ұсынылады.
Табысты мұғалімдер сабақтарында кері байланысты сәтті пайдалануда. Дегенмен, кері байланыс үдерісі оқушылардың қаншалықты білім алғанын өлшей алады? Қолданыстағы кері байланыс көбінесе эмоционалды тұрғыда қалыптасып бара жатқаны ешкім үшін құпия емес. Сабақта жетістікке жетелейтін, оқушылардың өзін-өзі реттеуге, метатанымына әсер ететін құралдардың бірі - танымдық кері байланыс. Кері байланыс арқылы оқушы өзінің қай деңгейде екенін, жұмысын қалай жақсартуға болатынын, өз даму жолын көре алады.
Мұғалім сабақтың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оқушыларды үнемі кері байланыс үдерісіне тартады. Кері байланыс қаншалықты жұмысты дамыта алады? Сабақ жоспарлауда, тапсырмаларды саралау мен басымдықтарды айқындауда Хэтти мен Тимперли кері байланыстың төрт деңгейін белгілейді:
жауапкершілік туралы кері байланыс;
тапсырманы қорыту туралы кері байланыс;
өзін-өзі реттеу туралы кері байланыс;
тұлғаға бағытталған кері байланыс.
Хетти зерттеулерінде кері байланыстың өзектілігі мен танымға әсерін
көрсеткен. Берілген зерттеулердің негізінде оқушылардың танымына әсер ететін әдістерді саралай отыра, оларды қолдануға байланысты нұсқаулықтар берілген.
Кері байланыс ұйымдастыру оқушы білімінің дамуымен қатар, сараптама жасау, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға машықтайды. Жасалған әрекет негізінде өзіне есеп бере отыра қалай білім алу керек екенін, өзінің қалай оқып жатқанын түсінеді. Сондықтан сабақтарда кері байланыстың орны ерекше маңызды. Жалпы кері байланысты қалыптастырушы бағалаумен біртұтас, бөлінбейтін үдеріс. Тиімді оқыту бағдарламасында Қара жәшік ішіндегі жұмыс метафорасы оқушының оқу сапасын жақсартуда кері байланыстың маңыздылығы көрсетілген.
Сабақта кері байланыс үдерісі жүйелі қолданылатын болса, оқу мақсатына жету өлшемі айқындала түседі. Мақсат пен кері байланысты үйлестіру алгоритімдерін пайдалану да маңызды. Алгоритмдер мұғалімнің кері байланыс берудегі дағдыларын шыңдай түседі. Сабақтың сапасы мақсат және оған жету жолдарының тиімді ұйымдастырылуына байланысты. Сабақта мақсатқа жетудің табысты өлшемдерінің бірі - кері байланыс.

1.1. Кері байланыс. Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары
Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты:жан - жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игерудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр. Жаңашыл мұғалім - оқыту технологиясы жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзыреттілігін айқындау бағытындағы әдістәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Қазіргі әлеуметтік-педагогикалық ғылым түсінігінде (ағылш. feedback -фидбэк), термині жиі қолданылады. Әлеуеті жоғары мұғалім оқушыларының сабақта не үйренгеніне міндетті түрде назар аударады. Алынған білімді өлшеу жолдарының бірі тиімді кері байланыс орнату. Кері байланыс аспектілерінің бірі танымдық кері байланыс орнату. Кез келген білім алу үш аспекті бойынша жүзеге асады. Кері байланыс үдерісі де эмоционалдық, танымдық, әлеуметтік аспектілері бойынша қарастырылады. Кері байланыс деген не? Оны жүзеге асыру жолдары қандай? Танымдық кері байланыстың сабақ барысындағы өзектілігі қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Барлығымыз кері байланыс алу жолдарын ұйымдастырамыз. Тиімді кері байланыспен барлық оқушыларды қамтамасыз ету маңыздылығы туындап отыр. ОЛ оқушыға не береді? Оқушы өз әрекетін реттей алады, сабақта не үшін әрекеттер жасалғанын түсінеді, өз оқуына жауапкершілік алады, болған жағдайға рефлексия жасап үйренеді, өзін-өзі реттеуге машықтанады. Мұғалімге не береді? Мұғалім тиімді жоспарлауға, сабаққа нақты мақсат қоюға, оқушы ерекшеліктерін анықтауға, сабағына өзгеріс енгізуге мүмкіндік алады. Осыған орай сабақта танымдық кері байланысты кеңінен ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері.
Жалпы:
1. Мұғалім кері байланысы уақытылы болуы тиіс, туындаған даудың әрқайсысына қолдау көрсете отыра тоқтату керек.
2. Бір сөзді қайта қолданудан қорықпаңыз, себебі айтылған ойдың түсінікті болғаны маңызды.
3. Кері байланыс субъективті және ой талқылауға ашық.
4. Кері байланыс үдерісіне қатысушыларға мәселені жан-жақты талқылауға жеткілікті уақыт берілуі тиіс.
5. Сіз беретін кері байланыс оқушы жасаған жұмыс шеңберінде болуы керек. Оқушы сабақтың қай кезін фокус етіп алып тұрғаныңызды біліп, бар күшін салуға мүмкіндік алатындай болуы шарт;
6. Кері байланыс барысында адам қандай да сезімге ие, соның негізінде өзіндік пікір қалыптасады. Сезімнің жағымды болуына назар аударыңыз. Жағымды: y Сөйлеп тұрған адамға кері байланыс бергіңіз келсе қысқа қағытпа сөздерді (реплика) мейлінше жиі қолданыңыз, реплика алаңдаушылық туындатпайтын болсын; y Жұмыстың жақсы жақтарын тым көтермелеудің қажеті жоқ, мәнін қарапайым сөздермен беру жеткілікті; y Мадақтау мәселені шешуге бағытталуы керек; y Ұзақ сөйлемеңіз.
8 Жағымсыз: y Сыни ескертпенің мәнін асыра айтудың қажеті жоқ, сынды байыппен тұжырымдаңыз. y Сыни ескертуді жалпылама көрсетпеңіз, нақты жағдайға қатысты көрсетіңіз. y Ұсақ сыни ескертуге жол бермеңіз, нақты мәселелерді көрсетіңіз. y Кемшілікті көрсеткенде сыналған жұмыстың оң жақтарын да көрсетуді ұмытпаңыз. y Факт бойынша ресми сөйлеңіз. Ұсақ- түйекті айтып үйретуге, намысына тимеуге тырысыңыз. y Сында мәселенің шешімін көрсетуден гөрі, сол шешімді табуда қолдау көрсетудің маңызы зор. y Сыни ескертуді жоққа шығармаңыз, байыппен ойлана отыра фактілер келтіріңіз. y Бірден шабуыл жасап сынды бетіне баспаңыз (арты дауға ұласуы мүмкін); y Айтылған сынға ренжуге асықпаңыз, сындарлығына назар аударыңыз. y Сыни ескертулер көлемін шектеу үшін қайта сұраңыз және түсініксіз сұрақтарды анықтаңыз. y Сыни ескерту бір жақты пікірге негізделгені болжанса, басқа қатысушылардың пікірін білуге тырысыңыз. y Егер сын қажетті деңгейде дәлелденбесе, өз негіздемелеріңізді қайталап, түсініктемені кеңейтіңіз.

ІІ. Негізгі бөлім
1)Теориялық бөлім
1.1. Қалыптастырушы танымдық кері байланыс тиімділігі
Көбіне кері байланыстар эмоцияға бағытталып жатады. Мысалы: Сабақ ұнады ма? Өзіңді сабақта қалай сезіндің? Әрине осының барлығы да маңызды болғанымен оқушының өзін-өзі реттеуіне әсер ете алмайды. Оқушы тек өз эмоциясын жазады, мұғалім өз кезегінде сабағына өзгеріс енгізе алмайды. Кері байланыс оқушының біліміне бағытталмағандықтан маңыздылығы жойылып кетеді. Сондықтан кері байланыс орнату танымға бағытталуы тиіс. Кері байланыс ұйымдастыруда төмендегі қағидаттарды ұстаныңыз. Неліктен танымдық болатынына назар аударып отырыңыз. y бағыттаушы сұрақтардың маңыздылығын ескеру; (қайда? қалай? кімдер? неліктен осылай жасады?) y Кері байланыс үдерісінде қолданған әдістер жаңа немесе тың идея әкелуге бағытталсын; (джигсо, сана аллеясы, пікірлер сызығы, стоп - кадр т.б.) y әдістер оқушылардың қалай оқу керектігін түсінуіне бағытталуы (метатаным); y Ойларын жинақтау, зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында графикалық органайзерлерді қолдану; (дара диаграмма, қос диаграмма, Венн даграммасы) y берілген әдістер мақсатты өлшеуге бағытталсын; (сабақта мақсат отбасы мүшелерінің мінезі болса, әдіс осы мақсаттың жүзеге асуын көретіндей болу керек. Атамның мінезі..., Әжемнің мінезі ...) y кері байланыс алу және беру мүмкіндігін ойластыру; (әр сабақта 5 минут) y кері байланыс тұлғаны бағалауға емес, жұмысты түзетуге бағытталсын; y кері байланыс алу тек эмоция түрінде қалмасын; (сабақ ұнады, ұнамады) Әрине ЖАРАЙСЫҢ! деген сөз керемет. Бірақ, оқушының нені біліп неге үйрену керек екенін көрсете алмайды. Білімнің оқушы танымына қалай әсер еткенін өлшеу маңызды. Мысалы: Сабақтан түйген 3 ой ... , осыған дейін таныс болған 2 ақпарат ..., түсініксіз 1 сұрақ ... жазыңыз деген ұсыныстар сабақтан алынған білімге байланысты болуын ойластырыңыз. y сынып толығымен кері байланыс үдерісіне тартылуы тиіс; Топтық жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың танымына оң әсерін тигізеді. Жасалған жұмысқа кері байланыс беруде ойландыратын тұстары баршылық. Топтық жұмыстарды талдау мен модерация жасау кезінде төменгі қағидаттарды ұстанғаныңыз жөн.
Кері байланыс топтық жұмыста 3 ақпарат аймақ байланысын реттеу үшін қажет: Жеке мәнді ақпарат аймағы (топта отырған бір мүшені қызықтыратын, оны дамуға жетелейтін ақпарат болуы); Әлеуметтік мәнді ақпарат аймағы (топ мүшелерінің барлығының дамуына әсер ететін қажетті ақпарат); Мазмұнды мәнді ақпарат аймағы (топтық жұмысты жүзеге асыратын нақты ақпарат). Топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінде кері байланыстың 2 түрі белгілі: жағымды (келісім, жағымды мінездеме, қолдау) және жағымсыз (пікірді жоққа шығару, теріс бағалау, нақты бір адамға бағытталған сын). Мұғалім мәселенің мәнжайын толық меңгеріп қана қоймай, кері байланыс берушілер мен алушылардың ерекшелігін ескеру керек. Кейде қатысушыны шектен тыс мақтау оның зерігуіне әкеледі немесе ирония ретінде қабылданады. y қысқа, жағымды сөздерді қолдану; y жағымды көзқарасты бекіту үшін қысқа негіздемелер келтіру. Жағымды кері байланыс топтың ахуалын немесе қатысушының жеке қанағаттанушылығын жақсартып қана қоймай, олардың топтық әрекеттегі белсенді рөліне жағдай жасайды. 10 Топтық жұмыста кері байланысты мейлінше жиі қолдануға болады, бірақ қатысушыларда дұрыс бағыт пен өзіндік көзқарас қалыптасу үшін сын мен мақтаудың көлемін, құрылымын естен шығармау керек. Мұғалімнің кері байланысы топ мүшелері үшін үлгі боларлықтай деңгейде болсын. Кері байланыстың өзіндік моделі ретінде қызмет ету керек. Осының барлығы оқушының танымының дамуына жағдай жасайды. Материалдарға саралана аударма жасалған. Кері байланыс ұйымдастыру машығыңызды шыңдауда төмендегі кесте көмек болады. Кері байланыс білдіруде бағалаудан аулақ болыңыз, жұмыс бойынша фактілер келтіріңіз. Даму траекториясын анықтауға көмек болатын тұстарына баса назар аударыңыз. Жұмысты дамытуға арналған ресурстар ұсыныңыз (кітап атаулары, интернет сілтемелері).
КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ
Сұрақты өзгерту
Тура жауапты қажет ететін сұрақтың орнына нақты дәлелді талап ететін сұраққа өзгертіңіз. Мысалы, Франция демократиялық ел ме? сұрағын Демократиялық ел болудың маңызы неде? деп өзгертуге болады.
X пен Y
Оқушылардан X неліктен Y мысалы болатындығын сұраңыз. Мысалы: Неліктен біз жеміске мысал келтір дегенде алманы атаймыз?
Неліктен түлкі сүтқоректілердің мысалы?
Осы сияқты сауалдар нақты жауапқа негізделмейді, ал дәлелденген жауапты көздейді.
Сен білетіннің барлығы
Оқушылар тараудың басында _______ жайлы білетіндерін жазады. Мұғалім білетін білімдеріне сүйеніп, қайталау жасамай оқыта алады.
Түзетулер
Сізге көрсеткенге дейін оқушылар өз жұмыстарына түзетулер жасайды.
Мұғалім түзету барысында жасалған өзгертулер мен комментарийлерге дәлелдеме ретінде көңіл бөлетіндігін баса айтуы қажет. Ол үшін мұғалім уақыт беруі тиіс.
Сөздерді талқылаңыз
Талқылауға кілтті сөздерді таңдап, оларды мұқият қарап шығыңыз. Олардың қалай қолданылатындығын талқылаңыз. Түсініксіздері бар ма? Бұл сөздер барлық жерде бірдей қолданыла ма?
Коммуникация
Оқушыларды өз ойларын түрлі тәсілдермен жеткізуді сұраңыз - хат, сурет, қойылым, карта, мүсін және т.б. арқылы. Тасымалдаушы құрал - бұл хабарлама. Белгілі бір дәрежеде қарым-қатынастың қалай болатындығы жайлы суреттейді. Басқа тасымалдау құралдарын қолдана білу мұғалімдердің оқушылар түсінігін түрлі жағынан көруіне көмектеседі.
Ойластырылған диалог
Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог барлық оқушылар өз ойларын айта алатындай, түсінігін оятып, анықтай алатындай ойластырылған, рефлексиялық, бағытталған болуы керек. Оқушылармен сұхбаттасу сапасын талқылап, мақсатын айқындап, қандай жағдайда жақсартуға болатынын сұраңыз.
Бұл неліктен ең жақсы?
Үй жұмысына оқушылардан олардың ең жақсы жұмысын табуды сұраңыз және оларға бұл жұмыстың неліктен ең жақсысы екендігін айтып беруді сұраңыз.
Белсенді оқушылар
Оқытуды бағалаудың негізі болып белсенді оқушылар, оқуға шоғырланған қатысушылар болып табылады. Мазмұны мақсаттарға ықпал ететін тәсілдер туралы ойлаңыз. Егер мазмұны қызықсыз болып көрінсе, қызықты және көңілді тәсілдерді ойластырыңыз.
Ұзақ және қысқа мерзімдер
Үдерісті үлкен суретпен сәйкестендіру үшін оқушылар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар қоя алады. Қысқа мерзімді жоспарларды апта сайын немесе әр екі аптаның ішінде, ал ұзақ мерзімді мақсаттарды тоқсанның аяғында қарастыруға болады. Ұзақ мерзімді мақсаттың болуы мұғалімдер мен оқушылардың қысқа мерзімді мақсаттарына деген сенімділіктерін арттырады. Осыған орай оқушыларды пәнге деген уәжін арттыратын нақты нәрселерге назар аудартыңыз.

Минуттық қағаз
Сабақтың өн бойында оқығанды естеріне түсіріп, ең негізгісін (пайдалысын,
ұқсамайтынын, маңыздысын) анықтап, ол туралы бір минут уақыттың ішінде
жазады.
Сұрақтарға өтінім
Сабақта ойланудың жоғары деңгейін ояту үшін өтінімдерді қолдан.
Мысалы: Австралия қаншалықты демократияланған ел? Біздің мектебіміз неліктен басқа жерде орналаспаған?
Бір сөйлемді қорытындылау
Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау үшін бір сөйлем жазады. Сөйлем Кім? Не? Қашан? Неге? Қалай? Қайда? сияқты сөздерден құрылуы тиіс. Содан кейін бұл сөйлемдерді құрдастарымен салыстыруға, қайта көшіруге, қайта құруға болады.
Ең түсініксіз
Оқушылар 1-2 түсініксіз болған жағдайды жазады. Бұл орындалған жаттығудың бөлігі немесе өткен сабақтағы материал болуы мүмкін. Содан соң мұғалім оқушылармен тығырықтан шығу жолын қарастырады.
Сын-пікір- Сэндвич
Пікір оқушылардан әртүрлі амалдармен алынады, пікір-сэндвич дегеніміз
А) Жағымды комментарий.
Жақсартуға болатын сындарлы сын.
Ә) Мән мәтіндік көзқарас - Маған ұнады... Неге десеңіз...
ҚазірКелесі жолы...
Интербелсенді көзқарас (мысалы, жұмысқа негізделген сұрақ). Сенімен бірге басқа оқушылардың арасында жұмысты жақсартатын не және оған қалай жету керек? Ол үшін мына сұрақтарды қолданыңыз:
Жұмысты не жақсартатынын айта аласыңдар ма?
Комментарийлер жөнінде не айтасың?
Сен әрқашан не істеуойлау керектігін білесің бе?
Жұмысыңды қашан жақсы істегеніңді білесің бе?
Өзін - өзі бағалау
Өзін-өзі бағалау - біздің қалай оқитынымыз туралы білім, өзін-өзі бағалау біздің нені оқуымыз. Өзін-өзі бағалауды жаттықтыру үшін мынадай сұрақтарды қолданыңыз:
Оқу басталғанда не болғанын ойлаңыз.
Сені не ойландырды?
Саған не қиын болды?
Қай жерде көмек керек болды?
Саған не ұнады?
X туралы жаңадан не білдің?
Басқа сыныпта қолдану үшін білім беру сабақтарын қалай өзгертер едің?
Мұғалім сұрақтың жауаптарын оқушыларға өздерін бағалаудың үлгісі ретінде
көрсете алады.
Қай сұрақ жақсы?
Оқушылармен сұрақты не жақсартатындығы жайлы талқылаңыз. Бұл үдеріс ашық және жабық сұрақтардың айырмашылығын көрсетеді. Содан кейін тақырып бойынша сұрақтар ойлап, оны талқылау барысында қайсысы жақсы екСеріктесіңмен сөйлес
Сабақты бастамас бұрын өткенді қайталау үшін оқушылар серіктестерімен
Үш оқылған жаңа нәрсе
Оларға не жеңіл болды
Оларға не қиын болды
Болашақта олар қалай оқығылары келетінімен бөліседі.
Стикерлер
Оқытуды бағалау үшін стикерлерді қолданыңыз.
Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке жауап береді:
Мен не оқыдым?
Маған не жеңіл болды?
Маған не қиын болды?
Қазір не білгім келеді?
Тақырып бойынша нақты ақпарат жазуын қадағалаңыз.
Серіктесіңнен сұра
Оқушылар жұптары мен серіктестерінің жұмыстарын талқылауды, пікір айтуды ауызша жүргізеді, яғни бағалайды. Жұмыс тиімді болу үшін оқушылар оқу мақсаттары мен табыс критерийлерін білуі керек. Сонымен қатар олар оқу мақсаттарына оң және сындарлы пікір ұсынуы арқылы бір-бірінің рөлін бағалауы керек. Жұмысты бітірген оқушыларға сұрау үшін сұрақ үлгілерін беруге болады.
Қолыңды көтер
Оқушыларға қолдарын сұраққа жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін көтеру
керектігін айтыңыз. Мұғалім барлығының түсінгенін білу үшін жауап беретін оқушыны таңдайды. Мұз кәмпиттің таяқшасына есімдерін жазып, кез-келгенін суырып алыңыз. Есімі шыққан оқушы сұраққа жауап береді.
Жақсы сұрақтың негіздері
Неге...?
Егер де...?
Сен қалай ойлайсың...?
... түсіндіре аласың ба?
... не болады?
Оқуды бақылау
Сыныпты аралап жүріп мұғалім оқушылар тапсырманы орындау кезінде оқыту туралы ақпарат жинайды, әртүрлі оқыту стратегияларын енгізеді, керек жерінде түзетулер енгізеді.
A, B, C, D
Әрқайсысында A, B, C, D нұсқалары болатын төрт карточканы үлестіріңіз. Төрт нұсқасы бар сұрақ қойыңыз, оқушылар өздерінің жауаптарын көрсетеді.
Басқа біреудің жауаптарын қайталамас үшін оларды бір-біріне қарамайтындай етіп отырғызыңыз.
Көрсет және айтып бер
Әр оқушы жауапты тез жазып немесе суретін салып сізге көрсету үшін шағын
тақталарды қолданыңыз Топ қажеттілігі мен үміттерінің түсініктемесі (Үміт ағашы 1-бөлім)
1. Мұғалім сабақты барынша тиімді құру үшін қатысушылардың не күтетінін
анықтап алу қажеттігін хабарлайды;
2. Мұғалім топты 3 шағын топқа (ерікті түрде) бөледі;
3. Қатысушылар шағын топта алма-карточкаға сабақтан күтетін 5-6 үмітін
жазады.
4. Топтар өздерінің не күтетінін көрсетеді, мұғалім олардың карточкаларын
алма ағашына орналастырады.
5. Мұғалім үміттерінің барынша ақталуы үшін жұмыс ережесін жасауды
ұсынады.
Қорытынды шығару (Үміт ағашы 2-бөлім)
1. Қатысушылар сабақтың қорытындысын шығарады және орындалған
үміттердің жемісін жинайды.
2. Егер кейбір жемістер әлі де ілулі тұрса, мұғалім олардың неге қалып
қойғандығына, басқаша не істеуге болатындығына байланысты сөз қозғайды.
ҚОЛ
Әр қатысушы қағазға қолдың суретін салады. Әр саусақ бағаны білдіреді.
Бас бармақ - керемет болды, маған ұнады!
Балаң үйрек - әлі де мән беру керек.
Ортан терек - маған бұл мүлдем ұнамады.
Шылдыр шүмек - бұл жердің атмосферасы ... болды. Кішкене бөбек - маған
... жетпеді.
Бәрі менің қолымда!
Уақыт: түсіндіруге 5 мин, жеке жұмысқа 10-20 мин, көрмені тамашалауға 15 мин, жазуға,сұрыптауға, карточка мазмұнын жалпылауға 30 мин.
Материал: барлық қатысушыларға қағаз, карточкалар (түрлі түсті), әр қатысушыға фломастер, кнопкалар немесе скотч.
Өтуі:
*Жұмыс қорытындысын бағалауға арналған
сұрақтар саусақтар арқылы білдіріледі:
Бас бармақ - бұл тақырыпты мен әлі де қарастырар едім;
Балан үйрек - маған бұл жерде тапсырма нақты берілді;
Ортан терек - маған бұл ақпарат мүлдем түсініксіз;
Шылдыр шүмек - психологиялық атмосфера;
Кішкене бөбек- маған ... жетпеді.
Оқушылар қағаз бетіне қолдың суретін жиектеп салады, әр саусақтың қасына
сұрақтар жазады, жиектің ішіне сол сұрақтың жауабын жазады. Кейін қағаздар
көрмедегідей ілінеді де, барлық қатысушыларға жалпы қарастыруға, танысуға уақыт беріледі. Бас бармаққа нені түсінгенін, нақты материал бойынша жазады.
Балықтар
Қағаздан әр түрлі көлемде балықтар қиылады. Оқушылар оған 2 сұрақ бойынша ойларын жазады:
Мен ұстап алған және өз ауымда қалдырғым келетін балықтар (идеялар, қорытындылар, жаңалықтар).
Мен ұстап алған және босатып жібергім келетін балықтар (ойлар, көңіл күй, қағидалар).
Мұғалім арқаннан немесе басқа материалдан ау жасайды. Әр қатысушы өз карточкаларын оқиды немесе ауға жинайды, не болмаса суға жібереді (едендегі аудың қасындағы кеңістік). Әр қатысушыға берілген карточкалардың саны шектеулі емес.
Сатылым
Қатысушылар сөмкенің суретін салады. Онда олар сол күні алынған білімдерін, көңіл-күйлерін, танымдарын т.б жазады. Қатысушылар басқа қағазға келесі күндерде алғылары келетін азық-түліктің тізімін жазады.
Су таразысы
Бөлменің ортасында орталай су құйылған +, - белгісі бар ыдыстар қойылады. қатысушылар кезекпен келіп, жұмысқа, жаттығуға өз бағаларын айта отырып, - белгісі бар ыдыстан + белгісі бар ыдысқа су құяды. Не болмаса керісінше.
Жұпта толтыр
Бағандарға тақырып бойынша ойыңызды білдіріңіз, бұл тәжірибеге қатысты
әсеріңіз бен талдауыңызды жасаңыз. Интерпретация жасаңыз.

Есімдер жазылған конверттер
Сабақ аяқталуына 1 күн қалғанда мұғалім есімдер жазылған конверттерді белгілі бір жерге қояды. Әр қатысушы басқаларға (мүмкіндігінше әрқайсысына) тақырып бойынша бір сұрақ жазып, конвертке салады. Мұғалім конверттегі тілектер саны мен қатысушы санының сәйкестігін қадағалайды. Конвертті жапсырып, бағытталғанадамға тапсырады. Оқушы ашып өзінің ойын жазып қайта береді.
Бағалаушы сұхбат
Сабақтың барысын еске түсіріңіз. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Алған білімді қай жерде қолдануға болады?
2. Берілген тақырыптардың қайсысы бойынша қосымша ақпарат алғыңыз
келеді?
3. Бізге сабақты қалайша жақсартуға болады?
4. Бұл сабақта неге үйрендім?
5. Сабақ соңында менің кәсіби қызметім өзгереді ме?
Жоспарланбаған жағдайда өзімді қалай ұстадым
Мінез-құлық стратегиясы және нәтижесінде не болды, жағдайдың, мінезқұлықтың талдауы, әрекеттегі, әсерлеріндегі заңдылықты іздестіру.
1. Менің міндеттерім және армандарым. Жазылған міндеттер армандап жүрген
мақсатыма қалай қол жеткізді?
2. Менің міндетттерім және мақсаттарым. Ұзақ мерзімге қойылған
мақсаттарыма қалай жақындадым?
3. Менің жаңалықтарым. Мен үшін не жаңалық болды және маған қалай әсер
етті?
4. Күн жетістігі және ол ненің есебінен жүзеге асты? Мен неден қанағат табамын және оған қол жеткізуге не көмектесті: табандылық, байланысты тиімді қолдану, идеяларды ойластыру техникасы?
5. Не жоспарланды? Орындалмай қалған жоспар қайсы? Себептер?
Жоспарлаудағы кемшіліктеріммен қалай жұмыс істеу керектігін ойлану
үшін талдаймын.
6. Күн цитатасы. Маған әсер еткен оқылған, көрілген, естілген ақпарат.
7. Персонаждар. Адамдар, кейіпкерлер, менің қасымдағылар, мені қолдағандар,әлемге, өзіме басқаша қарауға мүмкіндік бергендер.
8. Идеялар (идеялар күнделігі). Басыма келген идеялар.
9. Маған не күш берді?
10. Мен ... сезіндім. Қайта ойлаудан, талдаудан өткендер.
11. Бүгінгі күнгі көңіл- күйім (көңіл- күй күнделігі).
12. Нені жетілдіру керек? Өткен ойлардан шығады.
13. Күш қайда жұмсалды? Жұмыс уақыты мен орындалған жұмыс сәйкестігі.
Стикердегі сұрақтар
Бұл тәсіл сабақта тиімді. Біз оны былай қолдандық: алдымен мұғалім берген мәтінмен таныстық, Кім? Не? Қайда? Қашан? Қалай? Неліктен? деп басталатын сұрақтар құрастырып, стикерлерге жаздық. Кейін бұл сұрақтарды қиындығына қарай А4 форматтағы параққа топтастырып орналастырдық. Содан соң күрделілігіне қарай біртіндеп сұрақтарға жауап бердік. Өткізілу формасын өзгертуге болады, стикерлерді тақтада Кім? Не? Қашан? Қайда? Қалай? Неліктен? деген топтарға жинастыруға болады. Оларға жауап беріледі. Сынып белсенділігі арта түседі, мәтін терең қарастырылады,ақпарат естерінде қалады. Бәрі бағаланады.
Плюс, Минус, Қызықты
Семинар тақырыбы бойынша жұмыс жасау үшін әр кіші топқа 3 бағанды плакат беріледі, оған мәселенің оң (+), теріс (-) жақтары келешекте қолдануға болар қызықты жақтары жазылады. Топтардың жұмысты әрі қарай талқылауы мәселені талдауға, нақты мәселелерді шешудегі басымдықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Өзіме хат
Бұл сабақты бағалаудың қызықты тәсілдерінің бірі. Бірақ уақыт пен құралды қажет етеді. Мұғалім барлық қатысушыларға өздеріне хат жазуға ұсыныс тастайды. Оны мынандай сөздермен бастау керек: Қымбатты ... ! Мен жаңа ғана ... бойынша сабақта болдым. Хатта қатысушылар мына 2 сұрақты қарастыру керек: 1) сабақтан үйренгені; 2) осы тақырып бойынша мысалдары. Хат соңында міндетті түрде аты- жөні мен мекен-жайы жазылады. Шамамен 10 минуттан соң мұғалім барлық хаттарды жинап, сабақты аяқтайды. Бір күннен соң модератор хаттарды мекенжайлары бойынша иелеріне жібереді. Мұндай хатты алған соң өткен сабақты елестетеді, сабақтан соң жүзеге асырмақ болған жоспарларды еске түсіреді.

Топтық поэма
Материал: әр қатысушы үшін қағаз парақтары және фломастер. Қатысушылар қағаздың жоғарғы оң жақ бөлігіне аты-жөндерінің бастапқы әріптерін жазады. Әр қатысушы қысқа өлең жолын жазады, поэма сол жолдардан жалғасын табады. Содан соң парағын сол жақтағы көршісіне береді. Ол өз кезегінде бір жол қосады. Осылайша әрқайсысы бір-бір жолдан жазып шығады. Кейін аяқталған поэма алғашқы иесіне беріледі. Поэма жазылып болған соң, өзіңіздікін оқып шығыңыз. Дауыстап оқығысы келетіндерге оқуға болатынын ескертіңіз.
ЖҚБА
Бұл тәсіл қатысушылардың әсерін келесі сұрақтар бойынша тез анықтауға
жағдай жасайды. Олардың бастапқы әріптері түсініксіз сөзді құрайды.
Жақсы...
Қызықты...
Бөгет жасады...
Алып кетер едім...
Әр қатысушы мүмкіндігіне қарай бұл сұрақтарға шынайы жауап берулері керек. Ол сабақ жұмысының нәтижелілігін арттыра түседі. Не түсінгеніне есеп береді.
Топтағы сұхбат
Оқушылар топтарға бөлінеді. Кейін модератордың сұрақтарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Іскерлік кездесулер
Қарым қатынас психологиясы туралы түсінік
Ауылдық және қалалық байланыс желілері
ATM over ADSL технологиясының дамуы мен қолданылуы
Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
«Диалог» микропроцессорлық орталықтандыруының жұмысы
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Пәндер