Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Қарағанды жоғарғы «Bolashaq» білім беру колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сын есімді оқыту барысында дамыта оқыту әдіс-тәсілдері арқылы білім алушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу»
Орындаған: ҚӘ-18-1 тобының студенті А. Ж. Шотова
Курстық жетекші: Г. Ж. Жолкенова
Тіркеу нөмірі
Баға
Қолы
Қарағанды қаласы
2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Сын есімді оқытуда әдептілікті дарыту
1. 1 Сын есімнің зерттелу тарихы . . . 5
1. 2 Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары . . . 9
- Сын есімді оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер
2. 1 Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер . . . 11
2. 2 Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту барысында
оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу . . . 21
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Жұмысының өзектілігі. Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі. Ана тілімізді әр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, Ж. Шәкенов, Р. Әмір, Ә. Төлеуов, Ф. Оразбаева, Г. Мамаева т. б. еңбектерді ерекше атауға болады.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметіне біршама көңіл бөлінді. Тіліміздегі сын есімдердің мағына жағын сөз еткенде оны сапалық және қатыстық сындарға бөледі.
«Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру» - делінген.
Педагогиканың тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие және оған мұғалімдерді дайындау туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов т. б. болған.
Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени-ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту мұғалімдерге жаңа талаптар қояды.
Қазақ мектептеріне сын есімдерді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеу - ел болашағының негізі. Оқушыларға білім берумен қатар ұлттық тәрбие беру де бүгінгі күннің басты талабы. Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарға талдау, сараптау жасау барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жеткілікті дәрежеде жүзеге аспай жатқандығы байқалады. Осы мәселелердің шешімін табу үшін қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында оқушылардың бойына ұлтжандылықты қалыптастыруды нысана етіп алдық.
Зерттеу нысанасы. Сын есімді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, оны оқушыларға меңгерту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп оқушыларына сын есімді оқыту барысында ұлтжандылық тәрбие беруді жетілдіру, дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
- Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары;
- Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру;
- Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдарын ұсыну.
Зерттеудің объектісі: сын есімді оқытуда оқушыларды тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: қазақ тілінің оқыту әдістемесі.
Зерттеудің болжамы: Сын есімді оқыту барысында дамыта оқыту әдіс-тәсілдері арқылы білім алушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, теориялық талдау жасау және негіздеу.
Зерттеудің әдістері: Теория, зерттеу, ізденіс.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімінен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен төменде таныса аласыздар.
1. 1 Сын есімнің зерттелу тарихы.
Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И. И. Мещанинов өзінің «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» (М., 1945) атты еңбегінде былай деді: «Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды». Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А. А. Потебня мен В. М. Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А. А. Потебня: «Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы» - деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді /1, 63/.
«Құдадғу билиг» пен «Һибат-ул хакайиқ» тіліндегі сын есімдер. Ж. Баласағұнның «Құдадғу билиг» («Бақытқа бастайтын білім») дастаны мен А. Йүгінекидің «Һибат-ул хакайиқ» («Ақиқат сыйы») дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ «Құдадғу билигте» - 176, «Һибат-ул хакайиқта» - 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны - 12. Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен көпшілігі сәйкес келеді. «Құдадғу билиг» және «Һибат-ул хакайиқ» ескерткіштері тілінің сөздік қоры - жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштердегі сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған.
Сын есімдердің морфологиялық сипаты. Академик В. В. Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік − есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы.
Сын, сапаны білдірудің лексикалық грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъективті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категорияның қалыптасу бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі − сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін тобы болып тұрақталды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффикцация жүйесі қалыптасты.
Негізгі сын есімдер. Қазақ тілінде, жалпы түркі тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарағанда, олардың дамуында екі түрлі ерекшелікті байқауға болады. Біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мәнде (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі қилы қолданысы бар. Тіл білімнің зат пен оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Бұл тезис қазіргі тіліміздің фактірлерімен де дәлелденеді. Кейбір сын есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы − о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.
Түркі тіліндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне дәуірде болған процесс. Енисей-Орхон жазбаларының тіліндегі сын есімдер соншалық көп болмаса да сараланған, дербестелінгендігі байқалады. Ол тілде бірсыпыра туынды сын есім жасайтын аффикстер де өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі. Сын есімдер дамуының екінші бір ерекшелігі − байырғы түбірдің мағынасының кеңеюі, жүктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы, көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәнерді (синий, голубой, көк түрк), сонан ара жігі айқын байқалады, бір-бірінен оңай бөлінеді. Бұл ретте етістік түбірден тікелей сын есім жасалуы емес, етістіктен туынды есім, сол туынды есімнен басқа бір аффикс арқылы сын есім жасалуы туралы ғана айтуға болады. Мұнда туынды сын есім үш сатылы жолмен пайда болады: етістік түбір − туынды есім − туынды сын есім.
Күрделі аффикстер. Сын есімдер дамуының қашан да зат есімдерге байланысты болуының тағы бір дәлелі әдетте күрделі аффикстер деп аталады.
Қазіргі тіл нормасы тұрғысынан «байырғы сын есімдер» деп қаралатын сөздердің барлығы бірдей тарихи тұрғыдан тек қана түбір бола бермейді. Тарихи тұрғыдан жіктеуге келмейтін түбір сөздер тілімізде көп емес. Қазіргі грамматика оқулықтарында байырғылар тобына жатқызылып, «негізгі» деп аталатын сын есімдердің едәуір бөлігі не түбір не қосымшаның тарихи кірігіп, жымдасуынан жасалғандығы немесе басқа сөз табынан ауысып сын есімнің мәні мен қызметіне ие болғандығы (адъективация) байқалады. Айталық жатаған, тебеген, сүзеген (сиыр), кебу (отын), ауру (кісі) т. б. сөздер о баста есімше, тұйық етістік болған, қолдану ерекшелігіне байланысты сын есімдер тобына ауысқан.
М. Оразов: «Әр түрлі заттардың түрлі формасын білдіретін сөздерде нақтылы мағына болмауы мүмкін емес» дейді. Сондықтан сын есімдерге заттардың түр-түсін, табиғатын, сыртқы, ішкі қасиетін білдіретін мағыналық түрмен бірге, оған баға беріп айтушының көзқарасын білдіретін реңк те бар. Соған қарамастан, сапалық және қатыстық сын есімдер бір-бірінен ерекшеленеді /12, 3/
1. 3 Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары.
Ата дәстүрін ардақтау - қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «жеті атасын білмейтін жетесіз» деп халық кінәлайды, айыптайды, жазғырады, жазалайды. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп солардың алдында ұрпақтық борыштарды өтеу - кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтың борышты: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата-дәстүрін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрді жалғастыру адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбіне отбасында сөз болып, ата-ана балаларын ата-ананы, ата-бабаны сыйлауға тәрбиелеу керек. Сонда бала ата дәстүрін ардақтайды.
Оқушыларға білім бере отырып, ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу. Айт мерекесін өз мәнінде мерекелеу, айтшылау сияқты салттарымызды оқушыларға уағыздау тиімді.
Ал, енді балалар айт күнін мұсылман халқы ерекше Мерекелеген, бір-бірінің үйіне кіріп құран оқып, айттарымен құттықтаған, есіктерін айқара ашып, қонақтарын ерекше қарсы алған. Қане, қазақ халқының қонақжайлығы туралы, қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жаман сөздің жауабы болмайды, жаман үйдің қонағы болмайды.
Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Дос түгіл қасына
Қазағым бір арман.
Жыланның басына
Ақ құйып шығарған.
Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарған. Бұл үйіне қонақ болып дұшпаның келсе де, одан барыңды аяма деген сөз. Өйткені қазақ халқына жомарттық, кендік тән.
Оқушылардың бойына әдептілікті дарыту жолдары . Оқушының адамдық болмысы қалыптасқан соң оның бойына адами мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерді себу үшін, игі әрекеттер үйретіледі. Ол әрекеттерге бала әдеттеніп, әдет өмірлік қолданысына айналып, баланың санасы әдет-ғұрыпты игере бастайды да, ол әдет-ғұрып әдепке (әдептілікке) дамып қалыптасады. Әдеп ұлттық қолданысты мәдени дәстүрге айналдырады. Дәстүр ұлттық өмір қолданысында салтқа (заңдылыққа) айналып, содан салт-дәстүр пайда болады. Салт-дәстүрдің ұлттық санадағы көрінісі салт-сана (яғни салттың ұлттық санаға сіңуі) деп аталады. Бұл үрдістер игі іс-әрекеттің мәдени сәулеті деп аталады. Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту жолдары осылай дамиды. Мысалы, үлкенді сыйлау әдетін үйрететін, дағдыланған бала әдеп (этника, этика) қалыптастырады да әдепті болады, одан әрі қарай сондай адамдардың әдептілігі дәстүрге, салт-дәстүрге айналады. Міне, осы сабақтастықтан, салт-сана (ұлттық санаға сіңген әдеп) пайда болады.
Қазақ мектептерінде оқушыларға сын есімді оқыту барасында ұлттық тәрбие беру жайының нашарлығы бәрімізге анық. Оны жақсартудың бірден-бір жолы мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындықтан өткізу қажет. Біз ол үшін мынадай анкета сұрақтары бойынша мұғалімдердің оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлық деңгейлерін тексеру керек:
- Өз пәніңізді оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие бере аласыз ба?
- Арнайы ендірілген «Қазақ халқының салт-дәстүрлері, «Әдеп және жантану», «Ұлттық мәдениет тарихы» пәндерін оқыта аласыз ба?
- «Атамекен» бағдарламасымен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, өткізе аласыз ба?
- Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, әдеп, өнер ұғымдарына түсінік беріңіз.
- Қазақ халқының тәрбиелік дәстүрлерін қалай түсінесіз?
- Қазақ тәлім-тәрбиесі тарихымен таныссыз ба?
- Жоғарыда аталған сұрақтар бойынша сіздерді дайындықтан өткізу қажет пе? Сіздерді дайындықтан өткізу қажет пе?
Қазақ мектептерінде ұлттық тәрбие беру ісі мұғалімдер мен тәрбиешілерді қазақ этнопедагогикасы бойынша жүйелі даярлықтан өткізгенде ғана жүзеге асады.
Проблемалық оқу оқушыларға беретін білімнің бәрін мұғалім өзі баяндап бермей, олардың алдына мәселе қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау. Кез келген сұрақ проблемалы болмайды. Проблемалық сұрақ - білетін мен білмейтіннің арасындағы қайшылықты іздеу, шешуге қажет тәсілді табу. Өзіміз тәрбиелеп отырған оқушылардың бойына, санасына адамгершілік қасиетін себу - бәрімізге ортақ және басты міндет.
Қазіргі заман талабына сай оқушыларды тәрбиелеу - халқымыздың қасиетті де киелі міндеттерінің бірі. Өмірге жол алған әрбір адамды ұстаз тәрбиелеп білім береді. Ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетін біліммен бірге саралап пайдалануға тиіс. Ол үшін ұстаз ұлттық әдебиетті, этнографияны, әдеп пен рәміздерді, дәстүрлер мен салт-сананы, тіпті рәміздерді де жақсы біліп оны сабақтың үстінде пайдалануға шебер болуға тиіс.
Мұғалім этикасын құрайтын компоненттер көп. Олардың бастылары: педагогикалық такт, байқағыштық пен психологиялық қырағылық, педагогикалық оптимизм, әділдік, күшті ерік-жігер, сөйлеу мен сезім мәдениеттілігі, қылық сұлулығы т. б.
Ұстазға қажетті жақсы сипаттың бірі - ұйымдастырғыш қабілет. Оқытушы сөзге де шебер адам болуы қажет. Ұстазға қажетті моральдық қасиеттің енді бірі - мейірімділік. Осы қасиет оқытушығы оқушылармен қырым-қатынас жасау үстінде ғана емес, олардың ата-аналарымен, басқа адамдармен байланыс кезінде де аса қажет.
2. 1. Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді
әдіс-тәсілдер.
Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер ететін бірнеше фактор бар. Олардың барлығы да мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс-әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптағы балалардың білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту факторлары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық. Сондықтан жаңа нәрселер жат болып қабылданбас үшін, әр жаңаның бойында осыған дейін қолданылып келген әдіс-тәсілдердің белгілі бір элементтері орын алып келгенін ескеру қажет.
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі - пәннің практикалық мәніне үнемі назар аудартып оқыту. Бұл оқушылардың оқу мотивтерінің оятудың, дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:
- Сабақтың қызықты болуы;
- Тілдік білім-машықтардың қажеттілігіне көз жеткізу;
- Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілетін білім әрқашан да сапалы болады. Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы жаңашылдық элементтердің қамтылуымен байланысты да туындап отырады. Мысалы, «Сын есім» туралы оқушының алған жалпы түсініктерін қызықты детальдармен толықтыруға болады.
Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы - тілдік терминдердің мағынасын аша отырып түсіндіру. Әуелде мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте-бірте тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына алып келеді. Сын есімді оқытуға әбден қолайлы /47, 8-19/.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практиканың дағдыны беруде білім беру әдістері жиі қолданылады. Әдіс ерекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда адамның ақыл ойының жіне практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде әдіс пен тәсіл бір ме деген сұрақ туады. Бұл екеуі екі түрлі мағынаны білдіреді.
Тәсіл - әдісті іске асыратын жолы.
Әдіс - тәсілдің жиынтығы болып табылады.
Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамаларға тоқталып өтейік:
Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz