Ақпараттық технология - пандемия кезіндегі іскерлік шешім


Диплодық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын туралы қажетті ақпараттарды алу, кәсіпорынның ақпараттық жүйесін тұрғызу және сақтау процесін автоматтандыру болып табылады. Бұны іске асыру үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
а) берілген жоба бойынша қажетті материалдарды жинақтау;
ә) кәсіпорынға қатысты құжаттарын жинақтау, талдау жасау;
б) сұраныстар, есептер құратын программа дайындау;
в) сақтандыру базасын енгізу жүйесін автоматтандыру;
г) SQL тілімен сұраныстарды іске асыру;
ғ) ақпараттық жүйені CASE мүмкіншіліктермен іске асыру;
д) жасалған ақпараттық жүйені тесілеу.
Зерттеу нысаны - «Сыбаға-12» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жобалау және құру.
Зерттеу пәні - ақпараттық жүйені құруғa aрнaлғaн құрaлдaр, тeхнoлoгиялaр жәнe прoгрaммaлық тiлдeр, coндaй-aқ мәлiмeттeр қoрынa eну әдicтeрi бoлып тaбылaды.
Жұмыстың құрылымы дипломдық жұмысты орындау кезіндегі белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді. Ол жоба мазмұнымен анықталады және кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық бөлігі отандық және шетел ақпараттық ілім өнімдерінің ғылыми еңбектері бойынша конференция деректері болып табылады.
Пандемия кезекті озық технологияларды қолдана отырып, бизнесті жүргізудің жаңа тәсілдерін ойлап табуға дайын кәсіпкерлердің жаңа буынының пайда болуына мүмкіндік береді (Akpan et al., 2020b) .
COVID-19 цифрлық трансформация процесін компанияларда ғана емес, сонымен қатар, жеке тұлғалар мен мемлекеттік құрылымдарда да жеделдетті. Компанияларды цифрландыру цифрлық маркетинг пен онлайн сатуға сұранысты арттырды және қашықтан жұмыс істеу мен технологиялық өнімдерді тұтынуды (жасанды интеллект, үлкен деректер, робототехника) қолға алуға ынталандырды.
Цифрлық технологиялар тұрақты бизнес-модельдер құруға, өнімділікті арттыруға, өндіріс шығындары мен шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ өндіріс процесінің ресурс сыйымдылығын төмендетуге көмектеседі (Di Vaio et al., 2020) .
Covid-19 пандемиясы адамзат үшін өте қиын және қайғылы болса да, бізге ақпарат пен ақпараттық жүйені басқару тәжірибесін терең зерттеуге мүмкіндік берді. Пандемиямен күресу үшін цифрлық әлемге үлкен қадам жасалынып, көптеген компаниялардың жұмыс тәсілі өзгерді. Қазіргі таңда жасалынған тәжірибелер мен өзгерістер өз жемісін берді. Сонымен қатар, пандемия басқаша зерттелуі мүмкін емес және тасада қалып кеткен теориялық мәселелерді қолға алуға септігін тигізді.
Covid-19 пандемиясы бізге цифрландырылған әлемге терең енуге жол ашты. Ғаламторды пайдалану күрт өсті, әсіресе, әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram, Telegram) мен онлайн кездесуге арналған платформаларға (Zoom, Skype, Webex meeting, Microsoft Teams) қажеттілік артты. Біз үйде отырып жұмыс жасаймыз, виртуалды түрде кездесеміз, онлайн режимде сабақ өтеміз. Бұлардың барлығы кейбір адамдарды мәжбүрлі түрде жұмыс істеуге әкелді, көпшілігі қарапайым офлайн режимді қалады. Бірақ, кейбір мамандық иелері үшін өте ыңғайлы және тиімді болып шықты. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар, білім беру және психолгия секілді салалар.
Ақпараттық жүйелер саласының дамуы біраз жылдарды қамтыды және оны онжылдықтарға бөліп қарастырсақ болады. Алдымен, 1950 жылдары бизнеске қатысты ақпараттық технологияларды қолданумен басталды. 1960 жылдарда үлкен көлемдегі мэйнфреймдерді әзірлеу барысында кәсіпорындар мен басқа да мекемелер көптегенген мәселерге соқтығысқан болатын, кейіннен, 1970 жылдары шағын процессорлардың кезеңі басталып, 1980 жылдардың басы дербес компьютерлердің дәуірі болып есте қалды. Әрине, соңғы 20 жыл ішінде немесе одан да көп уақыт ішінде технологияның барлық түрлерімен, соның ішінде ноутбуктермен, смартфондармен, планшеттермен және дамып келе жатқан мыңдаған қосымшалармен болған жағдайды ескермеу кездейсоқ емес. Бұл технологияларды, қосымшаларды және олармен байланысты ақпаратты басқару көптеген қиындықтарды тудырады, олардың көпшілігі бүгінде қалады.
Халы
Информационная технология-решение бизнеса во время пандемии.
Ақпараттық технология-пандемия кезіндегі іскерлік шешім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz