Әлімхан Жүнісбек зерттеулеріндегі қазақ фонологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Әлімхан Жүнісбек зерттеулеріндегі қазақ фонологиясы
0.1 Қазақ тілінің төл дыбыстар (дауысты және дауыссыз дыбыстар) құрылымы және кірме әріптердің дыбыс мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.2 Ә.Жүнісбек жіктеліміндегі дыбыстардың үйлесім түрленімі және құрама қазақ сөзінің жасалым желісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.Төл әліпби-төл жазу мәселелері
2.1
2.2 қазақ тілінің дыбыс құрамы және түркі әліпбиі
0.3
Фонология гректің phone-дыбыс, logos-сөз, ілім сөздерінен шыққан, тілдің дыбыстық құбылысы мен қызметін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонология термині екі мағынада жұмсалып жүр: дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін фонетика саласы және тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық моделі. Фонология сөздегі дыбыстардың өзгешелігін қарастырады. Бір сөздегі дыбыстың екінші сөздегі дыбыстан айырмашылығын қамтамасыз ету қабілетін ерекше бағамдайды. Мысалы, қас-қаз сөздерінің екі түрлі мағынаға ие болып тұрғанын бірінші сөздегі с дыбысының қатаң айтылуынан, екінші сөздегі з дыбысының ұяң айтылуынан, яғни қатаң-ұяң белгілерінің өзара тіркесуінен болып тұрғанын аңғара аламыз. Сонымен қатар қас пен қақ сөздерінің де екі түрлі мағынаға ие болып тұрғанын соңғы дыбыстардың айтылу орнына қарай әртүрлі шығып тұрғанынан байқаймыз, яғни с тіл алды, қ тіл арты болып айтылуынан: тіл алды және тіл арты белгілерінің өзара тіркесуінен екенін көреміз. Ас-ат сөздеріндегі с дыбысының жуысыңқы, т дыбысының тоғысыңқы болып айтылуынан, жуысыңқы-тоғысыңқы белгілердің өзара тіркесуіне байланысты сөздер екі мағынаға ие болып тұр. Фонология дыбыстардың сөз құрау қабілетін, яғни сөздің қазақы естілуін қамтамасыз етеді және сөйлеу үстінде сөздердің аражігін ажыратып отыру үшін шекара белгісі болу қабілетін де зерттейді.
Фонология нысанындағы тілдік бірліктер сегментті және суперсегментті болып екі топқа бөлінеді. Жоғарыда аталып өткендердің барлығы сегментті фонологияға жатады. Себебі сегментті деңгей бірліктері екі жақты лингвистикалық мүшелену бойынша анықталады. Ал суперсегментті деңгейде дауыс ырғағы, екпін мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері қарастырылады. Қазірде бұл екі деңгей бірліктері де зерттелу үстінде.
Фонологияның жалпы, салыстырмалы және тарихи түрлері болады. Жалпы фонология дүниежүзіндегі барлық тілдерді қамтып, олардағы ортақ фонологиялық құбылыстарды, салыстырмалы фонология бір тіл мен екінші тілдегі фонологиялық ұқсастықтар мен айырмашылықтарын зерттесе, тарихи фонология дыбыстар жүйесін, құрамын, даму жолдарын зерттейді. Бұдан басқа фонологияда мектеби бағыттар болады. Мысалы орыс фонология мектептері Петербор және Мәскеу мектептері болып бөлінеді. Ал қазақ фонологиясында классик фонема мектебі және сингорманизм мектебі бар. Мектеби бағыттардың көзқарасында маңызды айырмашылықтар бар: классик фонема мектебіндегілер қазақ тілінде екпін бар деген тұжырымға сүйеніп фонологиялық бірлік фонема десе, сингармонизм бағытын ұстанушылыр бұл пікірге қайшы келіп, қазақ тілінде екпін жоқ екенін және сингармонизм ережесі бойынша қазақ тіліне тән фонологиялық бірлік ол-буын дей келіп, оны сингема деп атауды ұсынады. Алғашқы бағытты ұстанушылар қатарында Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов, т.б болса, сингармонизм бағытын қолдаушылар Ә.Жүнісбек, М.Жүсіпов, Ж.Әбуов, т.б болды.
Ал фонетика сөзі гректің phone түбірінен қалыптасып, қолданысқа енген, тіл ғылымының тілдің дыбыстық жағын зерттейтін үлкен саласы. Қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған. Қазірде бұл екі термин синоним ретінде қолданылады. Дыбыс жүйесі тіл дыбыстарының пайда болуынан бастап, олардың түрлерін, жіктелуін, сөз ішінде бір-біріне ықпал етіп, үндесіп, үйлесуін, тіркес тетігін, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың байланысын, орфографияны зерттеуді негізгі мәселелер нысаны ретінде қарастырады. Фонетика тіл білімінің негізгі салаларының бірі, себебі дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, тіл білімінің басқа салаларын, яғни лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, сонымен қатар қатаңдану, ұяңдану секілді дыбыстық өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудың сырын түсіну қиынға соқпақ. Бұдан бөлек фонетика тіліміздегі бірқатар сөздердің қалай пайда болғанын анықтауға, тілдер арасындағы туыстық байланысты аңғаруға, тілдің айту және жазу нормаларын дұрыс ажыратып, меңгеруге мүмкіндік береді. Яғни жоғарыда атап өткен аспектілерге сүйене отырып, фонологияның фонетиканың бір саласы болып табылатынын аңғаруға болады.
Қазақ фонетикасының ғылым ретінде қалыптасып, зерттелгеніне ғасырдан асып барады. Оның зерттелім желісін ғылыми нәтижесіне қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бұл салаға арналып жазылған еңбектердің басы баршылық: ғылыми монографиялар, диссертациялар, оқулықтар, сөздіктер, жазба архивтеріндегі фонетикалық талдаулар, баяндама және мақала түріндегі жұмыстар.
Десе де, әр кезеңнің өзіне тән ерешелігі болары сөзсіз. Ол ерекшеліктер теориялық жетістіктері мен практикалық талаптарына сәйкес болады. 19-ғасырда орыс миссионерлерінен бастау алып, төл зерттелім дәуірімен(20-ғасырдың басы) жалғасып, екпін-фонемалық зерттелім дәуірінен(20-ғасырдың 50-70-жылдары) үндесім зерттелім дәуіріне(20-ғасырдың 70-90-жылдары мен 21-ғасырдың басы) жеткен зерттеме жұмыстар авторларының сіңірген еңбегі орасан зор. Бірақ ескеретін жайт: әр кезеңнің еңбегін саралап, тиянақтап, бір жүйеге салып отыру, сөз жоқ, қажет. Қай дәуірдің болмасын еңбегі халықтың сұранысымен туындап отырған.
Қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингорманизм теориясын зерттеуде ерен еңбек сіңірген беделді ғалым Әлімхан Жүнісбектің түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселелері, қазақ тіліндегі үндесім түрленім(сингорманизм) заңы, қазақ тілінің артикуляциялық құрамындағы артикуляциялық үлгілер, қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі, латын әліпбиіне көшу мәселелері, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі бойынша әдістемелік оқулықтар жазумен айналысқан. Әсіресе сингармониялық бағыт Ә.Жүнісбек еңбектерінің арқасында қалыптасып, ғылыми жүйеге еніп, көпшіліктің оқуына себеп болды.
Қазақ тілінің дауысты дыбыстары, Түркі тілдерінің сөз просодикасы және қазақ тілінің сингармонизмі тақырыптары бойынша ғылыми диссертациялар қорғап шығады. Негізгі еңбектері ретінде: 2002 жылы Астана баспасында басылып шыққан Қазақ грамматикасы (сегментті фонетика бөлімі); 2009 жылы Алматы баспасында жарық көрген Қазақ фонетикасы; Введение в сингармоническую фонетику; 2009 жылы Орал баспасынан басылып шыққан Қазақша-орысша фонетикалық сөздік; 2018 жылы Алматы баспасынан түлеп ұшқан Қазақ тіл білімінің мәселелері және 2017 жылы Алматы баспасынан жарық көрген Төл әліпби - төл жазу мәселелері атты оқулықтарды айтуға болады.
Ә.Жүнісбек қазақ тілінің шын жанашыры ретінде қазақ тіл біліміне ғылыми реформа жасауды ұсынады. Ал сол реформаны фонетикадан бастауды жөн көреді.
Ғалым қазақ фонологиясының құрылымын тарихына үңілуден бастайды. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы үш бөліктен тұрады: көне түркі кезеңінен бері келе жатқан төл фонетика, араб-парсы жазба дәстүрінен қосылған кітаби фонетика және күшпен енгізілген тоталитарлық фонетика.
Түркі дәуіріндегі фонетика қазақ тілінде толық сақталған, сондықтан қазақ тілінің дыбыс жүйесінің төл даму тарихында айтарлықтай өзгеріс болмады деуге болады.
Ал араб-парсы тілінен енген х,һ әріптері болса, қазақ тіліне орныға алмады. Бірақ араб-парсы жазуының ықпалымен енген қазір, қарі тағы да сол сияқты сөздердің үндесім әуезін бұзып қабылдап, жиһаз, қаһарман сынды сөздерде қазақ тілінде жоқ көмей дауыссызын айтқызуға тырысу арқылы санаулы сөздердің үндесім айтылымын қолдан бұзып, жоқ дыбыс жасалып, әдеби тілге орынсыз енгізілді. Десе де қолдан жасалған дыбыс тілді сындыра алмай, көпшілікке қазыр-кәзір, қары-кәрі, жиһаз-жиқаз болып таралып кетті. Сондықтан да бұл үндесім ауытқуларын қазақ тілінің даму үрдісі деп қабылдауға болмайды дейді фонетист ғалым.
Қазақ тілінің құрамы мен жүйесінің үрдіс дамуы орыстар енгізген дыбыстар мен әріптер болды. Тіл туыстығы жоқ орыс тілінің дыбыстары қазақ тіліндегі дыбыстар қатарын көбейтіп жіберді, бұл-бір. Екіншіден, қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын кірме сөздер көбейіп кетті. Үшіншіден, қазақ тілінің емле ережесіне ауыр тиді.
Мысалы, жуан әуезді мый, жый, қыйын сөздеріндегі әуездің жіңішкеленуі; жүрөк, күнгөй сөздеріндегі ерін үндестігінің ескерілмеуі салдарынан ол сөздердің жүрек, күнгей болып өзгеріп бара жатқандығы.
Тілдің дыбыс құрамы мен жүйесі сыртқы ықпалға көне бермейтін ең тұрақты саласы болып табылады. Тілге бір дыбыс енетін болса немесе бір дыбыс жоғалатын болса, ондай құбылыс - араға жүздеген жылдар салып барып қана болатын нәрсе.[] Демек, күшпен бір түн ішінде енгізілген 14 дыбысты қазақ тілінің даму деңгейі деп қарастыра алмаймыз. Бірнеше жыл бойы әкімшіл саясаттың ықпалымен еніп кеткен орыс айтылымын, кейбір әріптердің төл сөздерге еніп, буын құрамын, тасымал ретін, айтылым әуезін, морфем жігін бұзғанына қарамастан, сол әріптерге фонема атағын беріп жатқан қолдаушы тіл мамандарының еуропаөзімшіл тоталитарлық фонетикасының қалыптасуына үлес қосып жатқандығы өтірік емес.
Алайда тоталитарлық фонетика негізінде тоталитарлық фонология әлі сақталып отыр, сондықтан да одан арылу әзірге қиынға соғып тұр.
Ә.Жүнісбек қазақ тілі дыбыстарының талдану жолдары, құрылымы мен жіктелімін жаңаша қарастырады.
Фонетикалық талдау:
- дыбыстың жасалымы(артикуляциясы), дыбыстың жасалымына қатысты сөйлеу мүшелері мен олардың қалпын анықтайды;
- дыбыстың айтылымы (акустикасы), дыбыстың айтылымына қатысты ауыз қуысы мен көмей қуысының өзара жүйесін (резонаторлар немесе жаңғыртқылардың қалпын)анықтайды;
- дыбыстың естілімі (перцепциясы), дыбыстың естілім түйсінімін анықтайды.
Үндесім (сингармонизм)талдау:
- дыбыстардың үндесім жасалымын анықтайды;
- дыбыстардың үндесім айтылымын анықтайды;
- дыбыстардың үндесім естілімін анықтайды.
Үйлесім (ассимилятив) талдау:
- дыбыстардың үйлесім жасалуын анықтайды;
- дыбыстардың үйлесім айтылымын анықтайды;
- дыбыстардың үйлесім естілімін анықтайды. [34,1]
Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз болып жіктелетіндігі аян.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен алшақ жатуы арқылы жасалады және оның басты ерекшеліктері болып мына белгілер танылады:
- дауыс шымылдығының толықтай тербелуі арқылы жасалады;
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады;
- буын құрау қабілетіне ие.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жуысуы немес тоғысуы арқылы шығады, басты ерекшеліктері:
- дауыс шымылдығының толымсыз тербелуі арқылы шығады;
- дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден келген ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады;
- буын құрай алмайды.
Қазақ тілінің әліпби құрамына енген дыбыстарды әліпби дыбыстар деп атай отырып, Ә.Жүнісбек қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 9 деп көрсетеді: А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар екі топқа жіктеледі: жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг). Жалаң дауысты дыбыс деп бастан-аяқ біркелкі дыбысталатындарды айтады: а, ә, ы, і, ұ, ү; бір дыбыстан басталып, екіншісімен бітетін дауысты дыбыстарды құранды деп атайды: о, ө, е.
Ә.Жүнісбек Қазақ тіл білімінің мәселелері атты еңбегінде қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды құрамына қарай - жалаң, құранды; тілдің тік бағытына қарай - ашық, қысаң; көлденең бағытына қарай - тіл ортасы және тіл арты, ерін қатысына қарай - еріндік, езулік қылып жіктейді. Осы орайда ескерте кететін мәселе: қазақ тілінде тіл алды дауысты дыбыстары болмайды.
Дауысты дыбыстарды акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде мындай бес топты бөліп көрсетеді:
Тілдің көлденең қалпына қарай:
- тіл арты: А, О, Ұ, Ы;
- тіл ортасы: Ә, Ө, Ү, І.
Жақтың тік қалпына қарай:
- ашық дауыстылар: А, Ә;
- қысаң дауыстылар: Ұ, Ы, Ү, І.
Еріннің қатысына қарай:
- ерін дауыстылар: О, Ө, Ұ, Ү
- езу дауыстылар: А, Ы, Ә, І, Е.
Әуез қатысына қарай:
- жуан дауыстылар: А, О, Ұ, Ы;
- жіңішке дауыстылар: Ә, Ө, Ү, І, Е.
Құрамына қарай:
- жалаң: А, Ә, Ы, І, Ұ, Ү;
- құранды: Е, О, Ө.
Бұл жерден аңғаратынымыз екі жалаң дауыстының арасында бір ортақ, екі айырым; екі ортақ, бір айырым немесе ортақ белгісіз үш айырым белгісі бар болып келеді.
Ғалым қазақ тіліндегі жалаң дауысты дыбыстардың жасалым моделін текше түрінде беруге болатындығын айтады. Белгілі болғандай текшенің 8 бұрышы бар, ал қазақ тіліндегі жалаң дауыстылардың саны 6. Демек, текшенің артық бұрыштарын алып тастау арқылы, үшкіл тектес модельді аламыз. Жалпы тіл білімі мен түркологияда текше модель түрінде беру қалыптасқан. Бірақ қазақ тіліне текше емес, үшкіл-призма моделі болу керектігін атап көрсетеді ғалым.
Ал құранды дыбыстардың моделін шаршы түрінде беруге болады. Бірақ қазақ тіліндегі құранды дыбыстардың саны 3-еу ғана. Демек, шаршының артық бір бұрышын алып тастау арқылы Ә.Жүнісбек қазақ тіліндегі құранды дыбыстардың моделі үшкіл-шаршы болу керек деп түсіндіреді.
Қазақ тілі дауыстыларының құрамына жалаң да, құранды да дыбыстар кіретіндігі белгілі болды. Олардың фонологиялық, яғни тілдегі қызметі бірдей, тек жасалым жағынан ғана айырмашылық жасайды. Осыны ескере отыра, Ә.Жүнісбек қазақ дауыстыларының жалаң да, құранды да түрлерін қамтитын бір модельді шығарады.
Бұл жіктелім қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар арасында қатаң жүйе бар екенін көрсетеді. Ә.Жүнісбек көрсеткен дауысты дыбыстардың модельдерінде кез келген дауыстының қайсыбір белгісі ауысар болса, екінші дауыстының пайда болатынын байқатады. Мысалы, А дыбысы ашық белгісінен айырылса, қысаң Ы дыбысына, тіл арты белгісінен ажырар болса, тіл ортасы Ә дыбысына айналып кетеді.
Сол сияқты І дыбысы езулік беогісінен айырылар болса, бірден Ү дыбысына, ал Ү дауыстысы еріндік белгісінен айырылар болса, езулік І-ге айналып кетеді.
Ә.Жүнісбек бұл талданымды текше моделінде көрсетеді.

[46,1]
Көрсетілген модель бойынша дауыстылардың орны тұрақты, артикуляциясында ауытқулар болмайды. Сол себептен де қазақ тілінде орыс тіліндегідей сапалық босаңсу байқалмайды.
Мұны орыстардың қазақ тілінде сөйлегенінен де көруге болады. Мысалы, құранды Е дыбысын алып қарайық. Е - қысаң, езу, тіл ортасы дауысты дыбысы болып табылатындықтан, жалаң, ашық болып айтыла алмайды, себебі модельден көрініп тұрғандай Ә дыбысы кедергі келтіреді, қысаң І дауыстысы кедергі жасайтындықтан, жалаң, қысаң дауысты болып та айтыла алмайды. Тек қана тіл арты, ашық Э дыбысына қарай икемделе алады. Яғни, орыстардың қазақша сөйлегенде (э)ЕТ, Б(э)ЕТ деп айтатыны осыдан.
Дауысты дыбыстардың моделі кез келген дауыстының бір-бірінен айырмашылығын, сөзде орналасу ретін көрсетіп, санын шығарып бере алады. Ол қазақ тіліне кірме дыбыстар мен төл дыбыстардың аражігін анықтап, басын ашып бере алады. Яғни, модельге кірмеген дыбыстар қазақ тіліне тән емес, өзге жазудан енген дыбыстар болып табылады.
Ендігі, Әлімхан Жүнісбек еңбектеріндегі дауыссыз дыбыстардың құрылымына үңіліп көрейік.
Қазақ тілінің төл дауыссыздар жүйесі 17 дыбыстан тұрады және олар қазіргі қолданыстағы әліпби бойынша былай таңбаланады: Б, Ғ-Г, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У(w), Ш. Қазіргі емле-ереже бойынша Қ-К, Ғ-Г дыбыстары жасалу орнына байланысты екі түрлі дыбыс болып келді. Ал Ә.Жүнісбек төл әліпбидің атасы Ахмет Байтұрсынұлы салып кеткен із бойынша оларды бір дауыссыздың екі түрлі варианты ретінде қарап, яғни жуан-жіңішке үндесім нұсқалары екендігін ескеріп, бір дауыссыз деп қарастырады.
Ә.Жүнісбек дауыссыз дыбыстардың жіктелімін былайша көрсетеді:

1-кесте, [102,1]

2-кесте, [102,1]

Ә.Жүнісбек қазақ тілінің төл әліпбиін қалпына келтіру барысында бар еңбегін төккен ғалым. Әсіресе кірме әріптер мен кірме дыбыстарға қазақ тілінде орын жоқ екенін түсіндіріп өткен. Кірме әріптердің дыбыс мәні қазақ әліпбиінің өзекті мәслелерінің бірі болып тұр.
Тоталитарлық тілдің емле ережелерінің салдарынан қазақ тілінің төл сөздерінің жазылымына бірнеше кірме дыбыстар енген. Бұл теориялық тұрғыда қазақ тіліндегі фонемалардың санын көбейтіп жіберіп, кірме әріптердің тіл бұзар әсерә күшейіп тұр. Біріншіден, қазақ сөздерінің үндесім әуезі бұзылып барады. Екіншіден, қазақ тілінің буын жігі бұзылды. Үшіншіден, тілдің морфем желісі, төртіншіден, қазақ тілінің тасымал желісі шатасып бітті.

1.2

Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру соңғы уақытта қозғалып жүрген өзекті мәселелердің бірі. Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Жүнісбек - қазақ тілтанымындағы реформатор ғалым
Қазақ тілі фонологиясының зерттелу тарихы
Жуысыңқы дауыссыз дыбыстың жасалу тәсілі
Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі
Дауысты және дауыссыз фонемалар
«Түркі мемлекеттерінің латын графикасына көшу тәжірибесі және әліпби реформасының қазақстандық жолы»
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу үдерісі
Ономастикалық атаулар жаңа қазақ әліпбиі кеңістігінде проблематикалық мәселелері және шешу жолдары
Пәндер