Қазақстан мен Түркияның қазіргі кезеңдегі экономикалық және мәдени байланыстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

I-тарау Қазақстан мен Түркияның қазіргі кезеңдегі экономикалық және мәдени байланыстары

1. 1. Түрік-қазақ саяси байланыстары: тарихы және қазіргі кездегі дамуы

1. 2 Түрік капиталы-Қазақстан Республикасының экономикасында.

II- тарау Қазіргі кезеңдегі Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдениет, ғылым және білім саласындағы байланыстар

2. 1. Білім және ғылым саласындағы байланыстардың қалыптасуы және даму болашағы.

2. 2. Мәдени байланыстардың бүгінгі қазақ-түрік қатынастарындағы алып отырған орны

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырды 90-шы жылдарының басы адамзаттың даму тарихында үлкен бір өзгеріспен басталды. Бүкіл Евразия материгіндегі ең қуатты деген, саяси аренада социализм мен коммунизм идеясын басшылыққа алған біртұтас республикалар жүйесі ыдырап, халықаралық аренада жас тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуының өзі халықаралық қатынастардың даму тарихында жаңа бір кезең туғанын көрсетті.

Бүкіл экономикасы, саяси және әлеуметтік дамуы бір орталыққа бағындырылған бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің ендігі жерде нақты даму бағытын белгілеп, қалыптасқан жаңа жүйеде өзіндік орнын табуы негізгі өзекті мәселеге айналды. Осы ретте тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының алдында өзінің бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндеті тұрды. Ал бұл мәселе шетел мемлекеттерінің қолдауысыз, халықаралық ұйымдардың көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес жағдай.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жариялағаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аякталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен ролі айқындалды.

Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде.

Қазақстанның отарлық дәуірде, одан соң Кеңес мемлекеті құрамындағы кезеңде белгілі себептермен үзіліп қалған дәстүрлі туысқандық байланыстарының қайта жанданып, тұрақты сипат алуы бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің дамуы үшін аса зәру мәселе. Түркия мемлекеті, шет елдердің ішінде, 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қарым- қатынас орнату ниетін білдірген ең тұңғыш мемлекет болды.

Сол күннен бастап екі ел арасындағы байланыстар анағұрлым белсенді сипат алып, ынтымақтастығы нығая түсті.

Қазақстан Республикасы елдегі қайта құру ісін жүзеге асыруда Батыс Европа елдеріне қарағанда, Азия елдерінің даму үрдісінің жақындығын ескереді.

Бұл ретте түбі бір, діні бір, дәстүрі бір Түркия Республикасымен жақындасуы ғасырлар бойы түркі халықтарының аңсаған армандарының жүзеге асқандығын көруге болады. Дегенменде байырғы заманнан бері туыстас, тамырлас болған екі елдің кеңестік дәуірде үзілген байланыстарының қайта жандануы Ресей саясатында, бұрынғы коммунистік идеология үрдісімен «пантюркизм», «панисламизм» ниетін іздеу оқтын-оқтын көрсетіліп жүр.

1992 жылы Түркия Республикасының президенті С. Демирел Қазақстан мен Орта Азия республикаларына жасаған ресми сапары кезінде бұл жөнінде өзінің көзқарасын ашық айтқан: «Біздің мақсатымыз-пантюркизм емес. Біз бұл республикаларда тұрып жатқан түрік емес халықтардың мүддесінде нұқсан келтіруді мүлде көздемейміз. Бірақ біздің тарихи тамырымыз, біздің тарихымыз, мәдениетіміз де осы жерден бастау алады» [1, 58]

Түркияның экономикалық, саяси, мәдени салалардағы көмегі Қазақстан мемлекетіне белгілі бір дәрежеде қолдау берері сөзсіз. Екі елдің өзара қарым-қатынасының қалыптасу барысы, даму деңгейі Алдыңғы және Орта Азия аймағы мен халықаралық аренадағы алатын орны мен бейбіт қатынасты қамтамасыз етудегі рөлі, аймақтың интеграцияны жүзеге асырудағы белсенділігі бүгінгі күні бұл мәселелердің өзектілігін айқындайды.

Бүгінгі күні Түркия мемлекетінің саяси қолдауы мен экономикалық көмегі, мәдени саладағы нәтижелі ынтымақтастығы нарықтық экономиканы құру бағытында дамып келе жатқан еліміз үшін үлкен жағымды факторға айналып отыр.

Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының әр түрлі мәселелерін зерттеу, оның халықаралық ұйымдар шеңберінде шетелдермен жан-жақты ынтымақтастығың, соның ішінде Түркия мемлекетімен қарым-қатынасының дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау ғылыми жағынан да саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он жылдан астам уақыт ішінде Түркия Республикасымен орнатқан саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарын зерттеп, оның келешегін, проблемаларын айқындау, республиканың дамуында Түркиямен байланыстын алатын орның айқындау. Осы негізде диссертацияда мындай негізгі мәселелерді зерттеу міндеттері туындайды:

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жарияланғаннан бергі кезеңнен қазіргі уақытқа дейін түрік-қазақ қарым-қатынастарының орнауы мен даму барысын зерделеу;

-қазақ-түрік байланыстарының саяси саладағы ауқымы мен екі елдің өзара дипломатиялық принцип негізінде ынтымақтастағының қалыптасуы мен нығаюын, құқықтық негіздерін саралау;

-экономикалық байланыстардағы қол жеткен жетістіктер деңгейі мен маныздылығын аңықтай отырып, түркі тәжірибесінің ел экономикасын қайта құруда табысты аяқтауға тигізер үлесін көрсету;

-Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени байланыстардың әр салада, яғни мәдениет, білім, ғылым салаларындағы қазіргі ахуалын зерттеп, оның негізгі нәтижелерін саралау;

-Екі жақты байланыстардың әлі де болса шешімін табу қажет деген мәселелерді айқындау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Түрік-қазақ дәстүрлі тарихи тамырластығын, сол сияқты бүгінгі қатынастардың жан-жақты дамуына тікелей байланысты біраз еңбектердің бар екендігін айтуымыз керек. Түрік-қазақ қатынастарына арналған еңбектердің үлкен бір бөлігі бұл мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, кәсіпкерлердің, саяхатшылардың қаламдарынан шыққан жол жазбалары. Олар көбіне газет, журнал беттерінде жарияланған мақалалар. Сонымен қатар бұл мәселеге арналған арнайы зерттеулер де бар. Олар монографиялар мен ғылыми мақалалар түрінде болып келеді.

Бұл жөнінде ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халықаралық қатынастарға, еліміздің тарихи даму жолы мен келешек стратегиясына байланысты еңбектерін атап өтуге болады.

«Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінің үшінші тарауының «Түрік елі бойлығында» атты бөлімінде Түркияға барған алғашқы сапар барысына және Түрік мемлекеті басшылары Т. Өзал мен С. Демирелдің көрнекті саяси қайраткерлер ретіндегі екі елдің арасын байланыстырудағы қызметтеріне баға берілген. Түркия мемлекетінің жеткен табыстары туралы айта келіп Н. Назарбаев: «Түркияның шынайы өмірі бұған дейін КСРО-ның ақпарат құралдарында ресми түрде айтылып келе жатқанға атымен ұқсамайтындығы, оның қоғам мен экономикасының прогрессивті дамуы мені қатты таңғалдырды» -деп жазады. [2; 199]

«Под стягом независимости» атты Қ. Тоқаевтың көлемді еңбегінің «казахстанско-турецкие отношения» бөлімінде келтірілген деректік фактілер екі ел байланысының барысын барлық сфераларда хронологиялық ретімен саралауда маңызды бағыт берді[3] . Түрік-қазақ қатынастарынің әр алуан саласы жөнінде жазылған біршама ғылыми мақалаларда тақырыптың зерттелеуі деңгейіне өзіндік үлесін қосуда. Н. Нысаналинаның «қазақ-түрік қатынастары» атты мақаласында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жеті жыл аралығында екі жақты сауда байланыстарының даму қарқының қарастырған. [1]

Түрік-қазақ қарым-қатынастарындағы тарихи жақындастық мәселесін қарастыруда тарихты тереңдеп әріге кетпей-ақ қазіргі таңдағы ескеріліп отырған мүдделер үндестігінен туындайтын мәселелер төңірегіндегі проблемаларды қамтитын еңбектерге назар аударайық. Тарихшы М. Қойгелдиевтың « Тұтас Түркістан идеясы: қалыптасуы, даму тарихы және бүгінгі жағдайы» атты мақаласында Алаш қозғалысы мен Түркістан автономиясының тарихы, дала өркениетінің түрік халықтары мәдениетімен сабақтастығы қарастырылып, ол да бүгінгі түрік-қазақ ғылыми- мәдени байланыстарының өзекті желісіне айналды. Бұл зерттеулерден түрік- қазақ ресми және мәдени байланыстарының кеңестік кезеңде неліктен тоқырап қалғандығына жауап табуға болады. Себебі Алашорда, Түркістан автономиясының тағдыры, Мұстафа Шоқай сияқты ұлт-азаттық қозғалысының аса көрнекті қайраткерінің өмір жолы кеңестік дәуірдегі саясат бойынша Түркиямен де тығыз байланыста қарастырылды. Ал ол кезде бұл мәселелер көпшілік оқырман үшін жабық болатын. [4]

Философия ғылымдарының кандидаты О. Құдышевтың «Панисламизм» және «Пантюркизм» атты еңбегінде бұл ұғымдарға философиялық талдау жасалып, түрікшілдік, ұлтшылдық деген терминдердің мән-мағынасы ашып көрсетілген. [5]

Қазіргі кезде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстың дамуында саяси сипат алып, әлемнің назарын аударып отырған Каспий бассейні мұнайын әлемдік рынокқа шығарудың тиімді жолын іздеу төңірегіндегі проблема күнделікті баспасөз беттерінен түспейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселе бойынша арнайы зерттеулер де жарық көрді. Әсіресе, У. Қасеновтың еңбектерінде Каспий мұнайын әлем рыногына шығару жолдары үшін Ресейдің, Түркияның т. б. мемлекеттердің арасындағы саясат және мүдделер қақтығысына терең талдау жасалған. [6] Осы мәселеге өзектес жазылған О. Нұсқабаев, Ф. Будактың «Қазақстан- Түркия ынтымақтастығы» атты мақаласында Атырау мұнайын тасымалдау мәселесіне баса назар аударған. [7]

Шетелдегі қазақ диаспорасының зерттеу шеңберіндегі тарихшы ғалым Г. Мендіқұлованың «Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи тағдырлары: пайда болуы және дамуы» атты монографиясын атап өткен жөн. Онда басқа елдердегі қазақ диаспорасының қатарында Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы мен бүгінгі жағдайы да қамтылған. [8]

Түрік тарихнамасында Қазақстан, қазақ тарихнамасында Түркия сияқты, көбінесе жалпы түркі тілдес мемлекеттер аясында қаралады. Мәдениет саласында бүгінгі таңдағы түрік-қазақ қатынастарын зерттеуге арналған түрік тіліндегі еңбектер санаулы ғана. Мысалы, Ф. Будактың « Kazakistan dunu, bugunu ve yarini( Қазақстанның өткені, бүгіні және ертеңі ) атты монографиясы осындай еңбектер қатарына жатады. [9] Анкарада қазақ тілінде басылып шыққан бұл кітапта түрік-қазақ мәдени байланыстарының маңызы туралы қысқаша баяндалған. Профессор М. Сарайдың «Yeni Turk Cumhurietinin Tarihi»( Жаңа түрік мемлекеттерінің тарихы) атты оқулығының 3-тарауы Қазақ хандығынан бастап қазіргі Қазақстан тарихына, мәдениетіне негізгі саяси оқиғаларға арналған. Кітап Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар бөлек бөлім ретінде берілген. [10]

Түрік-қазақ қатынастары М. Бұлұтайдың « Қазақстан- Түркия» мақаласында жан-жақты қарастырылып, одан әрі жетілдіру жолдары берілген. [11] Б. Ирмухановтың, Р. Қалиева, Т. Сүлейменов т. б. авторлардың еңбектерінің Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен сыртқы саясаттағы бағытының мақсаты мен принциптері проблемаларын зерделеуге маңызы зор. [12]

Қазақстанның нарықтық экономика құрудағы қадамдарының табысты аяқталуына дұрыс шешім табудағы пікірлерін білдірген бірқатар еңбектер жарық көрген. Солардың ішінде Г. Рахметова, С. Кушкунбаевтың мақалаларын атап өтуге болады. [13]

Түркияның әлемді « түрік кереметі» деп шулатқан бұл экономикалық саясатының мәні мен мазмұны, тез арада көзге көрінген нәтижесі біраз зерттеушілердің назарын аударған. Бұл жөнінде С. Авдашеваның « Турция: национальная модель либерализации экономики» атты еңбегінің де қосары мол болды. Бұл еңбегінде автор Түркияның ХХ ғасырдың басындағы экономикалық- саяси қиыншылықтарын көрсете отырып, елдің экономикалық жағынан артта қалуын жою үшін алғашқы әрекет 1950 жылы, екіншісі 1970 жылдары жасалып, нәтижесіз аяқталғаны, оның аяғы 1978-1980 жылдардағы дағдарысқа әкелгені туралы мағлұмат берген. Жаңа саясат нәтижелеріне тоқталып бұрынғы КСРО мемлекеттері үшін Түркияның бұл тәжірибесінен алатын жақтары бар екендігі туралы тұжырым жасайды. [14]

Сондай-ақ « Егеменді Қазақстан», « Казахстанская правда», «Ақиқат», «Саясат» және түрік-қазақ бірлесіп шығарған « Заман Қазақстан», түріктің "Катев", Катиад", "ДА" т. б. басылымдарда сыртқы саясаттың проблемаларына арналған талдау-шолу мақалалары күнделікті жарияланды. Олар зерттеу жұмысына кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Тақырыптың мазмұның ашу барысында Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатының

Қорымен жұмыс істелді. Негізінен Түркия мен Қазақстанның фирмалары арасында жоғары деңгейде қол қойылған екі жақты келісімдер, Қазақстан экономикасын өркендетуге атсалысып жатқан түрік фирмалары туралы аңықтамалар, біріккен кәсіпорындар тізімі зерттелді.

Екі ел арасындағы мәдени байланыстарға негіз болған мемлекетаралық ресми келісімшарттар мен құжаттар. Сонымен қатар зерттеу жұмысында жекелеген ғылыми-зерттеу институттарының, оқу-орындарының, мәдениет мекемелері мен ұжымдарының өзара келісімдері мен солар бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы материалдар да кеңінен пайдаланылды.

Республикамыздың сыртқы саясаттағы алғашқы қадамынан бастап, барлық жүргізіп жатқан саясатының жай- күйін аңықтауда, тікелей сұхбат немесе арнайы сапар арқылы барлық мағлұматтарды халыққа жеткізіп отыратын баспасөз материалдарының деректік сипаты зерттеу жұмысын жазуда көп көмегін тигізді.

Бұл ретте 1992 жылдан бастап еркін еларалық газет болып шыққан « Заман Қазақстан» басшылығын екі жақты қарым-қатынасының барлық жағын қамтып, құңды пікірлер мен тарихи- танымдық материалдарымен көптеген мағлұматтарды алудың басты көзі болды. Сонымен қатар « Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ақиқат» т. б. журналдарының түрік-қазақ байланыстарының барысы туралы талдаулар жасауға септігі мол болды.

Республикамыздың мерзімді басылымдарымен қатар Түркия Республикасы өзі басшылық етіп ашқан орыс-түрік тілдерінде көптеген мәлімет беретін «DA», «MEDYA» атты басылым материалдары да жұмысқа арқау болды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі ретінде ұлттық тәуелсіздік идеологиясына сүйенген тарихилық принциптерін және жалпы адамзаттық құңдылықтар тұрғысынан ақиқатты зерделеу, ұлттық өркениет мүдделерін пайымдау барысында екі елдің арасындағы саяси, мәдени және экономикалық байланыстарының нәтижелерін сыни тұрғыдан талдау әдістері алынды. Сонымен қатар зерттеу барысындаТүркия мен Қазақстан арасындағы ресми келісімшарттармен қатар қоғамдық ұйымдар, мәдениет мекемелері, ғылыми орталықтар мен оқу орындарының өзара келісімдері нәтижесінде іске асырылған шаралардың пәрменділігі мен дәйектілігін жинақтау, салыстыру, жүйелендіру және талдау принциптері мен әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Тарихи даму үрдісімен бір кездері іргесі ажырап түркі халықтарының жақындығының аңықтап, кейінгі жылдары халықтардың саяси, экономикалық, мәдени қатынастары нығайып әлемде Түркі өркениетінің де орны қомақты екендігін нақтылауға жасалып отырған зерттеу. Өзекті мәселені талдау, кедергілерді табу және одан әрі дамыту жолдарын іздеуден тұрады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын айқындайтын мәселелер:

  • Түркі мемлекетінің тығыз байланыстары ешқандай пантюркизмдік идеяға негізделмейтіндігі аңықталды.
  • Түркияның халықаралық аренадағы орны мен тәуелсіздігін алған түркі мемлекеттеріне қолдаушылық ролінің негізділігі.
  • Екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әскери және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі салалары айқындалып, сипаты мен ерекшеліктері, болашақтағы мүмкіндіктері аңықталды.
  • Телекоммуникация саласындағы түрік инвестициясы ақпарат таралуын жылдамдатып, осылайша экономикалық өсімді көтергені көрсетілді.

Жоғарыда келтірілген ғылыми тұжырымдар мен қортындылардың кейбіреулері зерттеу жұмысында бірінші рет қарастырылып отыр. Ал қалғандары басқа зерттеулердің дәлелдемелерін күшейтеді және дамыта түседі.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Қарастырылған мәселелер Түркия мен Қазақстан арасындағы жан-жақты қатынастарды өрістетуге, олардың барысы мен нәтижелерін пайымдауға септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының деректерін, тұжырымдарын және қорытындысын көмекші оқу құралдар жазуда және де жоғары оқу орындарында арнайы дәріс беруде пайдалануға болады.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері: Егемен еліміздің Түркия мемлекетімен дипломатиялық байланыстарының қалыптасуы мен тарихын 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі кезенің қамтиды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтілуі. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен деректері баспасөз беттерінен жарық көруде. Атап айтқанда Қайнар университетінде өткен « Адам және оның әлемдегі орны» атты халықаралық конференцияда « Түрік-қазақ экономикалық қатынастарының дамуы қақында» тақырыбында баяндама баяндалды. Сонымен қатар « Түрік капиталы бүгінгі Қазақстан Республикасының экономикасында» атты мақалам жарық көрді // Шәкәрім атындағы СМУ-нің Хабаршысы-2005№1.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

I-тарау Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде

1. 1. Түрік-қазақ саяси байланыстары: тарихы және қазіргі кездегі дамуы

Біз тәуелсіздігімізді алғанша Түркия жайында көп ештеңе білмедік. Оның себептері белгілі. Түбіміз бір “түркі” екенімізді де сезіне алмаған болатынбыз. Бұл жерде түрік деудің орнына “түркі” сөзін әдейі алып отырмыз . Себебі, ғалымдар ХІХ ғасырда Орталық Азия түріктерін Анадолы түріктерінен ажыратып айту үшін алғашқыларын “түркі” деп атаған. Түрік сөзі тек Түрік Республикасының азаматтарына қатысты қолданыла бастаған. Сөйтіп, ғалымдардың жеңіл қолымен ойдан шығарылған « түркі» деген атауға ие болдық. Байырғы “түрік” сөзінің өзі қашан пайда болған дегенге келер болсақ, ғылымда бұл жайында әлі бір жүйеге келе қоймаған сан-алуан пікірлер айтылған. “Түрік” атауы жөнінде де біраз таластар бар.

Егер сан ғасырды артқа тастап, тарих тезінен өткен шежіремізге зерделей үңілсек, төрткүл әлемдегі түрік халықтарының ата жұрты бүгінгі қазақ жері, оның ішінде Жетісу, Арқа, Сыр өңірлері [15, 33] . Оны түрік ағайындарымыз да түгел біліп, қазақ даласын ата жұртымыз деп санап қана қоймай, әрдайым сағынышпен еске алып, жыр ғып айтып жүрген.

Екі халықтың бір-біріне деген бауырмалдық көңілі, тек кейінгі жылдары ғана ғайыптан пайда бола қойған жоқ. Ұлы Қазан жеңісінен кейін де қазақтың зиялы азаматтары ұлтының мүддесі, болашағы үшін туыстас халықтармен ынтымақтасуды көздеген. Бірақ, сонысы үшін олар “пантюркист” атанып, жазықсыз, қуғын-сүргінге ұшырап, жазаға тартылды. Ұлттың қамын ойлағаны ұлтшылдық, ізгі ниеті іріткі салушылық саналып, тұншықтырылып келді [15, 34] .

Негізінен тюркизм идеясының пайда болуының өзінің саяси және мәдени аспектілері белгілі. Алғышарттары Осман империясының әлсіреуі және алдыңғы қатарлы озық ой иелерінің қайтседе елді нығайту және басқа Европа елдері сияқты модернизациялау мүддесімен туған-ды. 1912-1913 жылдарындағы Балқан соғысы және Бірінші дүние жүзілік соғыс тюркизм идеясының қалыптасуына түрткі болды. Империяның ыдырауы және одан христиан халықтарының және арабтардың бөлініп шығуы түріктердің бірыңғай негіздегі нағыз түріктік мемлекетті нығайтуға жағдай жасады. Бұл мәселенің мәдени алғышарты- сол кезде қалыптасқан “ тюркофилия” және “тюркология” болды [16, 20] .

Бір кездері Батыс Европада осы түрік шеберлерінің қолынан шыққан өнер туындыларын иемдену, күнделікті өмірде пайдалану мода сияқты болды. Яғни, түрік өнер туындыларына табыну “тюркофилия” деген атпен тарихқа енді. Сонымен қатар осындай кереметімен аты шыққан Түрік мемлекетінің тарихын, халқын, мәдениетін зерттеу ісі жүргізілуінің арқасында тюркология ғылымы дүниеге келді. Осының бәрі түрікшілдік идеясының қалыптасуына негіз болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Түркия Республикасының тоғызыншы
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Туркия. Мемлекеттің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz