Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК

Тіркеу № « ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ »

«» 2022ж. Директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Бисенова А. Х.

«» 2022ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Аударманың теориясы мен тәжірибесі

Тақырыбы: Ресми іс-қағаздарды аудару ерекшеліктері

Мамандығы: 0512000 «Аударма ісі»

Біліктілігі: 0212023 «Гид-аудармашы»

Орындаған: Нұрнияз А. Н

Жетекшісі: Шайрова Г. С.

Ақтау-2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация . . .
3: 4
Кіріспе: 1. 1 Аудармадағы трансформациялық үрдістер. . .
3: 7
Кіріспе: 1. 2 Ресми іс қағаздарды аударудағы грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері . . .
3: 8
Кіріспе: 1. 3 Терминдерді біріздендіру және аудару мәселелері . . .
3: 9
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 2. Ресми іс қағаздарды аударудың мәні және қоғамдық рөлі…… . . .
3: 11
Кіріспе:

2. 1 Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы . . …

2. 2 Аудармадағы грамматикалык сәйкестік

3:

12

15

Кіріспе: 2. 3 Шарттың грамматикалық ерекшеліктері. .
3: 18
Кіріспе: 2. 4 Шарттың лексикалық ерекшеліктері.
3: 22
Кіріспе: Қорытынды . . .
3: 23
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
3: 24

Кіріспе

Аударма - ғылым. Оның өзіне тән ғылыми, практикалық заңдылықтары бар. Күні бүгінге дейін негізінен көркем аудармаға ден қойылып, орыс тілінен қазақ тіліне көптеген шығармалар аударылып келді. Оның стильдік, жанрлық, тілдік т. б. мәселелеріне назар аударылды. Ал ресми құжаттарды, ісқағаздарын аудару, оның теориясы мен практикасы - тың мәселе.

Тіл әрбір мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу- ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Соның ішінде, бүгінгі таңда біздің қоғамымызда ерекше назар заң құжаттарының шет тіліне аударылуы болып отыр (жеке басты куәландыратын қарапайым құжаттардан бастап келісімшарттар, заң шығарушылық құжаттар, нормативтік құқықтық актілер, дипломатиялық және әскери құжаттарға дейін) .

Заң тілінің нақты, тиянақты болуы, оның қоғамдық қатынастарды нәтижелі реттелуінің, толыққанды жүзеге асырылуының маңызды кепілдіктерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда ұлт пен мемлекет мүддесін, адам құқықтарын қорғайтын заңдардың тілі де жоғары талаптарға сай болуы керек және халыққа ұғынықты тілмен жазылуы керек.

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі Ресми іс қағаздарды аударылуы. Зерттеу жұмысы аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформацияның ролі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация.

Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:

1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;

2) аудармадағы трансформациялық үрдістерді анықтау;

3) грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері;

4) таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.

«Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация» атты бірінші бөлімде, «Ресми іс қағаздарды аударудың мәні және қоғамдық ролі» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.

1. Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация

1. 1 Аудармадағы трансформациялық үрдістер

Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда ресми іс қағаздарды аудару объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы. Ресми іс қағаздарды аударуда бара барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталады. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады. Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:

1. Орын алмастыру;

2. Ауыстыру;

3. Қосу;

4. Түсіріп тастау.

Бұлай бөлу, айта кету керек, шартты бөлу, жуықтап қана бөлу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.

Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма текстінде өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сынарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердiң тiркестегі орны. Жақыпов Ж. А. Аударматануды аңдатуАстана- 200479-83 бб.

Сөз косу (additions) дегендi түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe that one is on the sea” сөйлемі қазақ тілінде “Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары - жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді” деп аударылған. Сөйлемдегі the palm courts зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts зат есiмiн түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.

Келесі мысалдарды талдап көрелік: “Не only actually lived in it a fortnight - then he advertised it to be let furnished", "Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды". Ағылшын тіліндегі a fortnight үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.

"It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face", “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады”. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Келтірілген аудармада бұл зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда келген сөзі қосылып отыр.

Сөз түсіру, яғни бір компоненттін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, "Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?”, “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?”. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда көрінетін мағынасын беретiн looking сөзi берiлмеген. Аудармашы тек good cөзін аударумен шектелген. "They say, "I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak", “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің”. Бұл аудармада beefsteak зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тілінде сиыр, сиыр еті болып аударылады.

Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мумкін. Яғни, ағылшын тіліндегі сөздер қазақ тіліне үнемі сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі сөздердің құрылымы жағынан қазақ тіліндегі сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. “If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss" сөйлемі қазақ тіліне “Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді” болып, "Mr. Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose" сөйлемі “Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді” болып аударылса, "I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact" сөйлемі "Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін” деп беріледі.

Тусiндiрме түріндегі аударма да аударма үдерісінде жиі қолданылады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір немесе бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда аудармашы түсіндірме тәсілін қолданады.

Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі - түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде.

Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды немесе бұл сәйкестік едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау іс-әрекетінің автоматтылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен, дегенмен түпнұсқа мәтіндегі бірлікті аудару процесі автоматты түрде жүзеге асырылмайды деп қорытындылауға да болмайды және синтаксистік-кұрылымдық үлгі тұрақты болып келмейді.

Мысалы: "The trouble with you young fellows is that you are so cocksure nothing can exist outside your own philosophy that you get the wind up when something occurs to jolt you out of that opinion", "Жастардың бір жаман жері сол, сендер өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін сыңаржақсыңдар. Ал енді әлгі сенімдеріңді басқа біреулер жоққа шығара қалса, зәрелерің кете бастайды”. Бұл сөйлемде қолданылған зат есім әтеш және сенімді деген мағыналарын білдіретін cock және sure сөздерінен құралған. Бұл күрделі сөзге аударма сөздікте өзіне сенімді деген мағына көрсетілген. Алайда аудармада ол сыңаржақ деп берілген, яғни оған өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін деген түсіндірме беріліп отыр. Осы түсіндірме арқылы өзіне ғана сену мәні қосыла беріліп отыр. Олай болмаған жағдайда тек сыңаржақ сөзінің өзі cocksure зат есімінің мағынасын толық аша алмас еді деп ойлаймыз. Сол себепті мұнда түсіндірме тәсілі қолданылған деп санаймыз.

Келесі "Emily French had been a strong-willed old woman, willing to pay her price for what she wanted" сөйлемін қазақ тіліне “Эмили Фрэнч өз есебіне шегедей, көңіліне ұнаған нәрсенің құнын жақсы білетін кемпір болатын” деп аударған.

Негізінде, ағылшын тілінде strong-willed сын есімі қазақ тіліне тікелей аударғанда өз тілектеріне, қалауларына мықты немесе берік деген мағынада жұмсалады, бірақ аудармашы оны қазақ оқырмандарының түсінігіне сәйкестендіріп өз есебіне шегедей деген тұрақты тіркес арқылы түсіндіре беріп отыр.

Алайда өз қалауларына, өз тілектеріне мықты немесе берік деп берсе де автор қателеспеген болар еді, өйткені ол колданыс та қазақ ұғымына жат емес.

Заңдық сипаттағы түрлі құжаттарды аударғанда oның мағынасын бeріп қана қoймай, тeрминoлoгияда, заңдар тұжырымдамасында, сөздeр баламасын қoлданғанда дәлдік қажeт. Өйткeні, жібeрілгeн бoлмашы қатeлік аудармаға мұқтаж адамды, яғни тапсырыс бeрушіні матeриалдық шығынға ұрындырып, сoт талқылауының басталуына нeгіз бoлуы мүмкін. Сoған oрай, заңдық аударма мәтіннің түпнұсқасы жасалған eлдің тілдік жәнe мәдeни eрeкшeліктeрінe, құқықтық жүйeсі мeн заңнамаларының eрeкшeліктeрінe сәйкeс жүзeгe асырылуы тиіс.

Аудармашының мақсаты мықтылық, берік деген мағыналарды шегедей сөзін қолдану арқылы беруді жөн санаған. Шеге-мықтау, бекіту, қатайту мәндерін де өз семантикасында қамтитыны белгілі.

Сонымен, аударма - адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен.

1. 2 Ресми іс қағаздарды аударудағы грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері

Ресми іс қағаздарды аударудағы трансформацияның түрлеріне лексикалық аудару, шендестіре аудару жатады. . Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда ерекше қызмет атқармайды.

Жалғаулықтар қатыспай тұрып-ақ құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы мағынаны ажырата аламыз. Ал ағылшын тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағынаны айқындап тұрады. Осы себепті ағылшын тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен аудару міндетті емес. Бұл жердегі аударудың мәні де осында.

Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Сондықтан біз бір ғана жайтқа ғана тоқталамыз.

Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін - нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.

Себеп пен салдарға байланысты ауыстыруларды Л. С. Бархударов лексикалық ауыстырулардың аясында қарастырады. Біздіңше, бұл мәселсе сөйлем шегінде қарастырылғаны жөн. Тіл фактілері осыны талап етеді.

Шендестіре аудару. (Антонимический перевод), шендестіре аудару дегеніміз - түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару.

Компенсация (орын толтыру) . Бұл тәсiл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады:

Қосуға байланысты тағы бір байқағанымыз аударма текстің оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауымен байланысты. Түсіріп тастау. Бұл - мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын сөздер түсірілуі мүмкін. Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Келесі бір кездесетін құбылыс, ағылшын тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрссту міндетті болмай қалады. Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмаласты құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгертпейді. Ал ағылшын тілі синтаксисі үшін бұл - принципті нәрсе. Сондықтан ағылшын тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсiрiп тастауға болады.

Сөз қылып отырған трансформациямыздың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару жатады. Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемндігі компоненттері жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал ағылшын тілінен сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Ағылшын тіліндегі осы сипаттагы құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардын төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.

1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;

2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;

3. Басыңқы сөйлемді бағынышты етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару; 4. Сабақтастың байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу;

5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіп аудару.

Бұл трансформациялардың бiрiншi түрi орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетінін байқадық, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездеседі.

1. 3 Терминдерді біріздендіру және аудару мәселелері

Аударма процесінің жандануы тіларалық қатынас проблемасын да шешті деп ойлаймыз. Олай дейтініміз көптеген ұлттар тілінен, ең алдымен, орыс тілінен өз тіліне орыстың ұлы жазушылары туындыларын, сонымен бірге орыс тіліне аударылған әлемдік әдебиет қазынасын аудару арқылы өз халқының мәдени өресін кеңейтіп, рухани қазынасын молайтты. Сонымен бірге бұл халықтар бірінің шығармасын ерекше аудару арқылы да мәдени, рухани мұра алмасу процесін бастан кешірді.

Ісқағаздарын аудару кезінде шығыс (аударылатын) және кіріс (аударма жасалатын) тілдің лексикалық (негізінен терминдер) бірліктерін аудару және қалыптастыру бірінші мәселе болса, екіншіден, синтаксистік құбылыстар жете ескерілуі қажет.

Заң саласындағы аударма - бұл құқықтық өзара қарым-қатынастарды рeттeйтін құжаттардың мамандандырылған аудармасы. Oның eрeкшeлігі аудармадағы кeз кeлгeн қатe нeмeсe бұрмалау күрдeлі құқықтық салдарға әкeліп сoғуы ықтималдығында жатыр.

Заңдық аудармалардың тағы бір eрeкшeлігі, заңдық құжаттамалардың рeсмилігінe байланысты oларды аударғанда аса ұқыпты, дәл бoлу кeрeк.

Қазіргі қазақ тілінің жете шешілмеген мәселерінің бірі - термин мәселесі. Осы мәселенің анықталмағаны күнделікті тәжірибеде көптеген кедергіге душар етіп жүргені белгілі. Сонда да болса, бұл жөнінде әлгі күнге дейін жұртшылық пікірлері ортаға салынған емес. Әлі күнге дейін мемлекеттік терминологиялық комиссиясының термин жөніндегі әр мезгілдегі шешімдері ғылыми принципке негізделген емес.

Терминді тұрақтандыру оны қазақ тіліне аудару ісіндегі кемішіліктің барысы - термин деген ұғымды ғылыми негізінде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін, ең алдымен термин деген сөздің мәнін ұғынуымыз керек. Онсыз қазіргі аудармада кездесіп жүрген былықтардан құтыла алмаймыз.

Термин деген не? Оның жай сөзден қандай айырмашылығы бар? Осы сұрақтарға жауап беру үшін терминге анықтама беріп, оның негізгі қасиеттерін және белгілерін көрсетейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма кезіндегі трансформация
Қазақ және ағылшын тілі саласындағы сөйлем мүшелері
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Түпнұсқа тілі мен аударма тілінің грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдағы рөлі
Аударманың грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдық рөлі
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz