Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ - ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті АҚ

Реферат

Тақырыбы: Қазақстан дамуының қазіргі кезеңіндегі кәсіби маманның сенімі мен бағдары

Қабылдаған:Мурзалиева А. Б.
Орындаған: Джиенбаева А.
Тобы: АиУ 21-1

Жезқазған, 2021 жыл
Жоспар:
1

Кіріспе
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтайды. Технологиялық прогресспен ғылыми ақпарат көлемінің үлкейе түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау - мұның бәрі мұғалімнің біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптар арта түсуіне алып келеді. Бірнеше жылдар бойы білім беру жүйелерінің даму факторларымен анықталып келеді. Осының өзі осы дамуының қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға себеп бола алады.
Қазіргі кезде оқытудың сапасын арттыру мақсаты мен оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін мұғалімнің инновациялық білім беру технологияларын белсенді пайдалануына ерекше мән берілуде. Білім беру саласында мамандарды дайындауда қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар , оқу материалын ұғынуда қиындықтар туындаған жағдайдың негізгі себебі, біздің оймызша, білім беру үрдісі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқу білім беру үрдісінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез-келген пән бойынша оқу бағдарламаларын жасаушыларды жандандырудың логикалық-психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру мәселесі қойылады.
Қазіргі уақытта біліктілікті көтеру кадрларды қайта дайындау жүйесінің дамуы Республиканың әлеуметтік саласын ары қарай жаңартудың ең бір басты бағыттарына жатады.
Жоғары оқу орындарында студенттерге заман талабына сай психологиялық білім берудің мазмұны мен формасы жалпы психологиялық дайындықтың үздіксіздігі мен сабақтастығын білдіретін өмір талабы, болашақ мамандарға кәсіби білім беріп, олардың мамандығын шыңдауды қамтамасыз етуде кәсіптік пәндерді оқыту мен меңгеру практикасы педагогикалық жоғары оқу орындарында психологиялық тренингтер арқылы даярлықпен қоса эксперименттік зерттеулермен жақын ұштастырыла отырып жүргізіледі.

Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда кәсіби жетілу құрлымына қажеттілік, мотив, бағдар, құндылық бағдары, қызығушылықтар, дүниетаным, идеал, сенім-нанымды жатқызуға болады.[1]
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы психологиялық кедергілер
Кедергі - адамның өмірінің көріністерін шектеу, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға кедергі болу үшін заттың қасиеттерін көрсететін психологиялық құбылыс. Мысалы: сезім, тәжірибе, бейнелер, түсініктер және т.б. түрінде болады.
Психологиялық кедергілердің функциялары: тұрақтандыру (қозғалысты тоқтату); түзетулер (кедергіге тап болған кезде қозғалыс өз жолын өзгертеді); қуаттандыру (қозғалыс энергиясы оны ұстап тұрған тосқауылдың әсерінен жинақталады); мөлшерлеу (кедергілер қозғалысты тыныштандырады, оның өлшемін анықтайды); жұмылдыру (қиындыққа тап болған тірі ағзалар кедергілерді жеңу үшін өз күштерін және басқа ресурстарын жұмылдырады); даму (бірнеше рет жұмылдыру кезінде организмдерде болатын өзгерістер жиналады, бұл тірі жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін арттырады, оған жаңа сапа береді); тежелу (кедергі қозғалысты баяулайды, белсенділікті азайтады); басу (организмнің өмірлік белсенділігін, оның сұраныстарын үнемі блоктайды, тосқауыл оның функционалдығын әлсіретеді және бұзады)
Психологиялық кедергілердің түрлері: тұлғаның кәсіби дамуының дағдарыстары; тұлғаның жеке психологиялық қасиеттері (қаттылық, төмен төзімділік, агрессивтілік, ашушаңдық және т.б.); кәсіби психологиялық денсаулықтың нашарлауы. [2]
Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізу өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы - тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық өзгешіліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.
Адамның эволюциялық даму бағытында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеттің арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін арқасында адам қарапайым еңбек әрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.
Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгертеді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөлінуі критерийлері туралы сұрақтар болады.
Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесі терең зерттеп көрген отандық психологтардың бірі В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол сол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:
1.кəсіби ниет, оның пайда болуы мен қалыптасуы;
2.кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;
3.мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;
4.кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы
Е.А. Климов кəсіби бағдарланған кезеңдерді төмендегідей ұсынды:
1.Оптация кезеңі (12-17 жас) - кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;
2.Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) - болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;
3.Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) - кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы.[3]
Кәсіптік оқыту мекемелерінде білім берудің жаңа тенологияларын қолдану
Қазіргі заман талабы - білім берудің жаңа технологияларын меңгеру. Білім берудің жаңа технологияларының бiрi - ақпараттық технология. Ақпараттандырутехнологиясыныңдамуык езеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын дайындау оқытушынын басты мiндеті болады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі күннің басты талабы еңбек бағасы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. Оның мақсаты - техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жуйесiн қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегi бiлiм беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі кезде елiмiзде білім беру жүйесінде жаңашылдық катарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде. Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мумкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), бiлiмдi қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады. Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттыҚ технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде зор. оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы Ақпараттық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.Қазіргі кезде Қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық удерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық бiлiмдердi пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты - білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалык міндеттерді шешудің стратегиясЫН жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру.[4] https:stud.kzreferatshow71770
https:stud.kzsearchfilter1Қаза қстан%20дамуының%20қазіргі%20кезеңд егі%20кәсіби%20маманның%20сенімі%20 мен%20бағдары
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс, - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, әр адам үнемі дамып, жетіліп, үйреніп отыруы керек.
Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.
Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері жайлы
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымы
Психологтың оқыту процесінде кәсіби қалыптасуының дағдарыстық кезеңдері және оларды жеңу тәсілдері
Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы
Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Пәндер