Тыңдау - естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыруда бейімделген аудиокітаптарды пайдалану»
6В- «» мамандығы бойынша
Дипломдық жетекшi:
Қорғауға жiберiлдi:
Хаттама №
«___ « 2021 ж.
Кафедра меңгерушісі
(қолы)
Алматы, 2022 ж.
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың көлемі - 64 бет, екі кестеден және 35 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы: Шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыруда бейімделген аудиокітаптарды пайдалану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шетел тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету маңызды. Шетелдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету, шетел тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету, сондай-ақ бейімделген аудиокітаптарды қолдануды ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты, оқушыларда шетел тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлері қарастыру негізі мақсатқа жатады.
Зерттеу нысаны. Шетел тілін оқыту үрдісі, шетел тілін оқытуда бейімделген аудиокітаптарды қолданудың рөлі және маңыздылығы.
Зерттеу пәні. Шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыруда бейімделген аудиокітаптарды пайдалану аспектілері.
Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Қазіргі таңда бейімделген аудиокітаптарды қолдануды жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Бейімделген аудиокітаптарды қолданумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелетін маңызды мәселе.
Зерттеу әдістемесі және әдістемесі . Бұл жұмысты жазуда жалпы ғылыми, тарихи, салыстырмалы, формальды-логикалық, жүйелік-құрылымдық және педагогика ғылымында дәстүрлі түрде қолданылатын басқа әдістер қолданылды. Бұл жұмыста біз зерттеу міндеттерінің сипатын ескере отырып түсіндірілетін жеке әдістердің кешенін қолдандық: бейімделген аудиокітаптарды қолдануды тиімді ұйымдастыруға керекті ұсынуда үнтаспаларды, дисктерді, әндерді, жиі пайдалану және сұрақ-жауап, диалог және монолог құру, баяндау, сұхбаттасу, интерпретациялау әдістері.
Нәтижелер:
- Оқушылардың санасында тілдік ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- Бейімделген аудиокітаптарды қолданудың тиімді әдістері анықталды;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне шолу жасалынды;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығуларды практикада (cабақта) қолдану сарапталды.
REPORT
The volume of final thesis is - 64 pages, two tables, 35 used literatures.
Topic of the thesis : the use of adapted audiobooks in the formation of foreign language skills. The purpose of this thesis is to study the criminological characteristics of juvenile delinquency and, on the basis of this, develop proposals for their prevention.
The purpose of the th esis is to improve students ' listening skills, it is important to teach them how to correctly pronounce sounds characteristic of a foreign language. The purpose of the seminar is to teach students to overcome various situations in the environment of a foreign society, to demonstrate in practice ways to solve the difficulties faced by listening in teaching a foreign language, as well as to consider new, interesting types of audiomaterials that meet the requirements of the time, along with traditional texts when organizing the use of adapted audiobooks, which form students ' motivation to learn a foreign language.
Object of research. The process of teaching a foreign language, the role and importance of using adapted audiobooks in teaching a foreign language.
Subject of research. Aspects of using adapted audiobooks in the formation of foreign language skills.
Listening is a very good tool for teaching a foreign language. It allows you to learn the pronunciation side of the studied foreign language, that is, to learn how to correctly set the melody and accent. Through listening, the lexical composition and grammatical structure of the language are studied. To date, the methodology for improving the use of adapted audiobooks has not yet been fully studied. An important problem that is being studied is the lack of scientific methods for teachers that make it easier to work with adapted audiobooks.
Methodology and method of research . In writing this work, general scientific, historical, comparative, formal-logical, system-structural, and other methods traditionally used in pedagogical science were used. In this paper, we used a set of individual methods that are explained considering the nature of the research tasks: the use of soundtracks, discs, songs, frequent use and Q & A, the creation of dialogue and monologue, storytelling, dialogue, interpretation methods in the presentation of what is necessary for the effective organization of the use of adapted audiobooks.
Results:
- The theoretical foundations of the formation of language concepts in the minds of students were determined.
- Effective methods of using adapted audiobooks have been identified.
- An overview of the types of exercises for the development of listening and understanding skills was given.
-The use of exercises in the development of listening and understanding abilities in practice (in the classroom) was analyzed.
РЕФЕРАТ
Объем дипломной работы 64 страниц, две таблицы, 35 источников.
Тема дипломной работы: Использование адаптированных аудиокниг в формировании навыков владения иностранным языком.
Цель дипломной работы - совершенствовать умение учащихся слушать, учить правильно произносить звуки, характерные для иностранного языка. Основной целью является обучение умению выходить из различных ситуаций в среде зарубежного общества, демонстрация на практике путей решения трудностей, возникающих при обучении иностранному языку, а также рассмотрение видов аудиоматериалов, наряду с традиционными текстами при организации использования адаптированных аудиокниг, новых, интересных, отвечающих современным требованиям, формирующих у учащихся мотивацию к изучению иностранного языка.
Объект исследования . Процесс обучения иностранному языку, роль и значение использования адаптированных аудиокниг в обучении иностранному языку.
Предмет исследования. Аспекты использования адаптированных аудиокниг в формировании навыков владения иностранным языком.
Аудирование является очень хорошим инструментом в обучении иностранному языку. Она позволяет выучить звучание изучаемого иностранного языка, т. е. научиться правильно ставить мелодию, ударение. Слушание также облегчает овладение чтением и письмом. В настоящее время методика улучшения использования адаптированных аудиокниг до сих пор до конца не изучена. Существенная проблема, по которой изучается малочисленность научных методик для учителей, облегчающих работу с использованием адаптированных аудиокниг.
Методология и методика исследования . При написании данной работы использовались общенаучные, исторические, сравнительные, формально-логические, системно-структурные и другие методы, традиционно используемые в педагогической науке. В данной работе мы использовали комплекс индивидуальных методов, объясняемых с учетом характера задач исследования: использование диалогов, дисков, песен, частое использование и вопрос-ответ, диалог и монолог, повествование, диалог, интерпретация в предложении, необходимых для эффективной организации использования адаптированных аудиокниг.
Результаты:
- Определены теоретические основы формирования языковых понятий в сознании учащихся;
- Определены эффективные методы использования адаптированных аудиокниг;
- Проведен обзор видов упражнений на развитие умения слушать и понимать;
-Использование упражнений на уроке в развитии умения слушать и понимать
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады. Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап-түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту; Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы - сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек.
Тыңдап-түсіну - сөйлеу әрекетінің өте күрделі түрі, өйткені шынайы қарым-қатынаста тыңдап-түсіну процесі қайтымсыз және ешқандай анализге және тиянақтауға именбейді. Өйткені айтылған нәрсе ешқайтарымсыз «ұшып кетеді», жаңа мағлұматтар ескі мағлұматтардың орнын алмастырады, келген мағлұматтарды ойлауға уақыт жетпейді, нәтижесінде ұғыну немесе түсіну көбінесе қарым-қатынас процесіне де жетпей қалады.
Шет тілін оқытуда бейімделген аудиокітаптарды қолдануға қисынды құрылған байланысының маңызы зор екендігін ескерсек, ол байланыстарға: айту, оқу және жазу іспеттес сөйлеу әрекеттері түрлерін атап өтуіміз керек.
Бейімделген аудиокітаптарды қолдану мен айту сөйлеу әрекетінің басқа-басқа түрлеріне жатқанымен, екі процесс те қарым-қатынас көмегімен тығыз байланыста.
Тыңдау - естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап - түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.
Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалым өте маңызды роль атқарады. Тыңдалым ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді.
Тыңдап-түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан-жануарлар туралы қызықты әңгімелер.
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда бейімделген аудиокітаптарды қолдануды жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Бейімделген аудиокітаптарды қолданумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелетін маңызды мәселе. Сол себепті де шетел тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге шетел тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шетел тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету маңызды. Шетелдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету, шетел тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету, сондай-ақ бейімделген аудиокітаптарды қолдануды ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты, оқушыларда шетел тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлері қарастыру негізі мақсатқа жатады.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Оқушылардың санасында тілдік ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- бейімделген аудиокітаптарды қолданудың тиімді әдістерін табу;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне тоқталу;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығуларды практикада (cабақта) қолдануды меңгеру;
Зерттеу жұмысының нысаны. Шетел тілін оқыту үрдісі, шетел тілін оқытуда бейімделген аудиокітаптарды қолданудың рөлі және маңыздылығы.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру, бейімделген аудиокітаптарды қолдануда кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын меңгеру, дұрыс тыңдай-түсіне білуге үйрету, бейімделген аудиокітаптарды қолдану барысында берілген тапсырмаларды шеберлікпен орындай білу біліктілігін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Шетел тілін оқу процесінде тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыратын жаттығуларды сабақта тиімді пайдалану әдістемелері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері. Бейімделген аудиокітаптарды қолдануды тиімді ұйымдастыруға керекті ұсынуда үнтаспаларды, дисктерді, әндерді, жиі пайдалану және сұрақ-жауап, диалог және монолог құру, баяндау, сұхбаттасу, интерпретациялау әдістерінің мүмкіндіктері артыру
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БЕЙІМДЕЛГЕН АУДИОКІТАПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шет тілі сабағында тыңдап-түсіну дағдысын қалыптастыру
Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну, екіншісі - сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір- бірімен тығыз байланысты. Ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну -- сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды - сөйлеу дағдысы. Бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады. Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.
Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әртүрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын-ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығарып, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Іс-әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай. Тыңдау процесінде іс-әрекет бағыты мүлде басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілген тілдік форма. Соны қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік формада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі фармаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессивтік формаға жатады. Бұлардың әрқайсын әр түрлі жолмен оқытып, үйрету керек.
Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселелерімен шұғылданып жүрген еліміздің психологтары екі процесін ажырату қажеттігін атап көрсетеді; а) бейнені қалыптастыру процесі, яғни объектінің маңызды даралау белгілерін және олардың өзара байланысын анықтау және сол белгіерді игеру процесі, ә) қалыптасқан бейнені эталонмен салыстыру нәтижесінде объектіні тану процесі. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде өтуі мүмкін. Ал материалмен танысқаннан кейін тану процесі өте тез, қас пен көздің арасында өтуге тиіс. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде тану бір мезгілде өтеді. Мұнда логикалық операцияның қатысу-қатыспауы түсінудің түріне байланысты: дискурсивтік жолмен түсіну және тікелей түсіну. Тікелей түсіну кезінде ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді. Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетінің екі механизмі бар екенін Е. И. Исенина атап көрсетеді: ажырату және тану механизмдері, Ажырату барысында мынадай процестер болады:
1. Есте бейнесі қалыптаспаған объектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан объектілерден өзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді естігенде, оның өзіміз білетін сөздерден өзгеше екенін аңғарамыз.
Бұл объектінін даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқа объектілермен салыстыру арқылы немесе сол белгілерді тану арқылы аңықталады. Мысалы, (d) дыбысы таныс болмаса, оны өзімізге таныс (t) дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз. Ал ағылшын тілінің фонемалары бізге таныс болып, неміс тілінің fаһrеn деген сөзі таныс болмаса, оның даралау белгілерін - фонемаларын танимыз.
2. Даралау белгілернің өзара қарым-қатынасы аныкталады. Мысалы, бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz