МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

D:\компьютер 2\2020-2021ж\40\0df8ce45-bf48-4c3b-b45f-2db193f96124.jpg

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША

ТЕХНОЛОГИЯ

МЕҢДІҒАРИНА АЙГҮЛ ТАҢІРБАЙҚЫЗЫ

Ақтөбе қаласы, МКҚҰ №37 " Балапан" МДҰ тәрбиеші


Балабақша барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала-болашағымыз, бала-қуанышымыз.

Оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Шындығындапедагогтың алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір баланы оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер педагогтарды қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Тәрбиеші тәрбиеленуші үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман педагогтарынан күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның педагогі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Бүлдіршіндерді заманауи әдіс -тәсілдермен оқытып, ой -өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Білімнің бастауы-балабақша. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы - балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Тәрбие мен білім - егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды қолданып, үнемі ізденісте болу керек. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Жаңа технологиялар бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды. Кезкелген педагогикалық ұжым, кезкелген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.

Қорыта келгенде жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт және Бағдарламадағы мектепжасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талаптарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу және іс-әрекет барысында қолдану қажет. Мұның ішінде М. Монтессори, Воскобович, Зайцевтің технологияларын пайдалануға болады. Жаңартылған технологиялардың тағы бір технологиясы ол әрине жобамен жұмыс жасау. Жалпы барлық технологияларды ойын әрекетінде пайдалану керек. Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі келесі талаптарға жауап беруі қажет: рухани, кәсіби, жалпы мәдени және денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай, үйлесімді дамыған, тұлға.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Бастауыш мектеп» журналы №7, 2015 жыл
  2. «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 ж, 2017 ж
  3. Республикалық педагогикалық «Бала мен балабақша» журнал №12, 2013ж
  4. Білім беру ұйымының әдіскері журнал №12 2018ж, №8 2019 ж

Дана Абай, Хакім Абай

МЕҢДІҒАРИНА АЙГҮЛ ТАҢІРБАЙҚЫЗЫ

Ақтөбе қаласы, МКҚҰ №37 " Балапан" МДҰ тәрбиеші

Көркем сөздің, өлеңнің арыстаны,

Білім менен ілім ғой танысқаны.

Қазақтың бас ақыны саналатын

Хакім Абай - халықтың данышпаны.

Абайды оқып, тамсанып, таңғаламыз,

Өркениентті өлеңнен аңғарамыз.

Әр өлеңін жүректе сақтау қажет,

Абайдай болсын десек әр баламыз.

Иә,

Абайдай болсын елдің әр баласы,

Сол үшін әр адамның бар таласы.

Ұлы ақынның қырық бес қара сөзі -

Адамзаттың ең басты заңнамасы.

Өлеңі - бақ, әр сөзі жеміске тең,

Жеңілісі қатар жүрген жеңіспенен.

Таяқ та жеген еді өз халқынан,

Өзі айтқандай "у бар ма мен ішпеген".

Ұлы ақын, атына заты да сай,

Бізге өсиет болады хаты талай.

Атасының ұлы емес, адамзаттың

Ұлы болған

Дана Абай, Хакім Абай.

D:\компьютер 2\2020-2021ж\40\73ef6a26-53d4-484e-9a02-06ca1aec8296.jpg ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ - БАЛАБАҚШАДА

БЕКЕТАЕВА СЫРЫМГУЛЬ АЛДОНГАРОВНА

Ақтөбе қаласы, МКҚҰ №37 " Балапан" МДҰ тәрбиеші


Халықаралық білім беру кеңістігінде болып жатқан үдерістер педагогикалық процестің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Бұл өзгерістер білім беру мазмұнын, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың жаңа жүйесін құрды. Қазақстан Республикасында қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа тәсілдерді және оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тиімді нысандарын іздестіруді талап ететін терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда.

Осы орайда, Н. Ә. Назарбаев: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» - деп атап өткен болатын.

Білім мазмұнының жаңаруы, жаңа инновациялық технологиялардың дамуы, ғылым мен білімнің интеграциялық сабақтасуы, педагогикалық теорияның қарқынды дамуы, білім үрдісінің әлем кеңістігіне бағытталуы жоғарыда айтылған өзгерістердің негізі болмақ.

Еліміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыртын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Білім беру парадигмасының ауысуы, оның тұжырымдамалық негіздерін қайта бағалау, білім беру мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын қайта пайымдау жалпы білім беру жүйесінде және оның мектепке дейінгі буынында көптеген өзгерістер болуда.

Мектепке дейінгі білім беру - бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.

Балабақша - балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер саласында, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі ұйымдардың алдында бала тұлғасын жан-жақты дамыту, баланы жоғары сапалы деңгейде тәрбиелеу міндеттерін қояды. Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ.

Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру үрдісінің мазмұны жаңа әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданумен ерекшеленеді.

Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар және баланың тұлғалық құзыреттілігін дамыту мәселесі негізге алынады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Заманауи тенологиялар мен әдістерді пайдалану балалардың қызығушылығын оятады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында белсенді әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, миға шaбуыл, диaлoг, тoптық шығармашылық жұмыс, пaзл, cинквeйн т. б.

Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық үрдісінде жиі қолданылатын әдістердің бірі -ойын. Ойын - мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі. Тілді дамыту отбасында, балабақшада және мектепте әртүрлі пәндердің интерграциялық байланысы негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен белсенді түрде сөздік қатынас жасайды. Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойын - мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі болып табылады. Ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша, «Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы».

Балабақшада лего-конструктор мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады. Бұл тек қана құрастыру ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық дағдыларын, ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамыту құралы.

Құрастыру кезінде ұсақ моторикасымен бірге, баланың ойлау қабілеті дамыйды. Лего арқылы оқыту ойын түрінде жүзеге асады. Құрастырмалар жеңіл болғандықтан оларды кез келген кеңістікте пайдалануға болады. Мәселен, үстел үстінде, кілемшенің үстінде т. б. Бала еркін сезіне отырып, құрастырмаларын жалғыз немесе топпен де, жұппен де ойнай алады. Конструкторлар баланың үйлесімді және жан-жақты дамуына көмектеседі. Конструктілеу мен робототехника жаңа заманауи бағыт. Бұл әрекеттің түрі баланың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Конструктордың көмегі мен балалар кез келген қиялдарды іске асыра алады, өзінің қайталанба сәлемін құрады, күрделі физикалық және геометриялық заңдарды меңгереді, моториканы, қимылдарды үйлестіруді, көз өлшегіштерді дамыта алады.

Заманауи әдістердің бірі - aрт-терапия әдісі болып табылады. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Арт - терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады. Р. В. Паранюшкиннің айтуы бойынша, құм адам бойындағы жағымсыз энергияны тазартады, адамға позитивті психологиялық ахуал сыйлайды.

Арт - терапия баланың бойында төмендегі құзыреттіліктерді қалыптастырады: шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық, коммуникативтілік. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерiнен түзiледi. Осы технологияны тәрбиешілер әр сабақтың ерекшелiгiне қарай қолдануына болады. Бес жолды өлең, Венн диаграммасы, Еркiн жазу, Миға шабуыл т. б. Монтессори әдістемесі бала-бақшаның педагогикалық процесінің маңызды бөлігіне айналды.

Қорыта айтқанда мектепке дейінгі кезеңде білім берудің мазмұнын жаңарту - бұл ең алдымен «құзыретті тұлға» ұғымының басты мағынасын ашу, білім беру үдерістерін дұрыс талдау, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды қолдана білу.

D:\компьютер 2\2020-2021ж\40\6bf2765d-f73a-4f12-bed9-f836424a27e2.jpg

БАЛАБАҚШАДА БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

КАРАТАЕВА НУРСУЛУ МУРАТБЕКОВНА

Ақтөбе қаласы, МКҚҰ №37 " Балапан" МДҰ тәрбиеші


Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.

Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру) . Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді. Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең - тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту - тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.

Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай - ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.

Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.

Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда ұсақ моториканың тиімділігі
Сөйлеу дағдысын дамыту
Ағылшын тілі әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалар
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
4-5 жастағы балалардың Н.А.Зайцев технологиясы арқылы тілін жетілдіру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz