БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

"Мектеп" бөлімі

"Бекітемін"
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
__________Г.Б.Каментаева
"_____"_________2022 ж.

"Бекітемін"
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
__________Г.Б.Каментаева
"_____"_________2022 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Математикалық ұғымдар.

Мамандығы: 0105000 "Бастауыш білім беру"

Біліктілігі: 0105000 "Бастауыш білім беру мұғалімі"

Орындаған: Мұхамбет Гүлбарам
3(11) б тобының студенті

Жетекшісі: Математика пәнінің оқытушысы Абдрахманова А.М.

Атырау, 2021

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Математикалық ұғымдар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ...7
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Бастауыш сыныпта математика сабағын оқытудың мүмкіндіктері ... ... ..10
2.2. Математика сабағын оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың рөлі мен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3. Бастауыш сынып математика сабағында математикалық ұғымдарды оқыту әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДІБИЕТТЕР.
Қосымша

КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі: 2022 жылы Қарағанды қаласында Мектептегі білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар атты республикалық матиматиктер съезінде Қасақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов өз сөзінде: Президент білім мен ғылымды дамыту бойынша өте маңызды міндеттер қойды. Техникалық мамандықтарды дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ал бұл ең алдымен математика. сондықтан біз оқуға деген басқа көзқарас туралы айтуымыз керек. Шағымдар көп. Бір жағынан сарапшылар мен тәжірибелі оқытушылар арасындағы қоғамдағы ескертулер әділетті. Біздің алдымызда математика пәні бойынша мектеп бағдарламасын жаңарту міндеті тұр. бекітуге, қайталауға, сабақтастыққа уақыт болу үшін. Күрделі мәселе: бұл мектеп бағдарламасы, кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және мектеп оқулықтары-деп атап көрсетті. ҚР Білім министірінің айтуынша, математика пәнін оқыту бойынша мектеп бағдарламасын өзгерту жұмыстары басталып кетті. Жоспарда жаңартылған бағдарлама 2023 жылы пайда болады. 1
Қазіргі заман математиканың жан-жақты дамыған кезеңі. Ғылымның қай саласын қарасақта математикалық білімнің қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға болады. Мысалы, физика, биология, сурет, география тіпті космосты игеруде де математика қажетті құралдардың бірі. Сондықтан математикалық білім көзінің бастауы, бастауыш сыныптардан басталатын математикалық білім жүйесіндегі ұғымдардың алатын орны ерекше болып саналады. Алғаш математиканы бастағанда оқушылар математиканың қарапайым ұғымдарымен бастап танысады:
1) Математикалық объектілердің ұғымы (нөмірлеу, сан, разряд, класс, жиын, қарапайым геометриялық фигуралар нүкте, түзу, үшбұрыш т.б.)
2) Қатынас ұғымдары (сандардың 2-ге, 3-ке және т.б. бөлінгіштік, артық, кем немесе тең қатынастары, қанша?, неше?, нешінші?, қанша болса сонша, т.б.)
3) Амалдар ұғымы қосу, азайту, көбейту, бөлу)
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауы осы үш түрлі ұғымдар мен оладдың арасындағы байланыстар бастауыш математика курсының теориялық мазмұнын құрайды. Сондықтан оқушылардың негізгі ұғымдарды жоғарғы деңгейде меңгеруін қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Математикалық ұғымдарды оқып-үйренуде, ұғымдардың берілу және даму кезеңдерін жүйелі меңгерткенде ғана оқушылар толық білімді игерді деп айта аламыз.
Бастауыш мектеп-орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектепте матемтиака пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге үлес қосқан Қазақстанда Т.Оспанов, Ж.Қайыңбаев, Ш.Құрманалина және т.б. ғалым-әдіскерлердің үлестерін айтуға болады.
Математикалық ұғымдарды дамыту мен оларды оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету мектеп математикасын оқытудың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Ал бұл міндеп мектеп математика курсының басты ұғымдарын саналы және баянды түрде игеруіне, соның негізінде математикалық ұғымдарды меңгеруін қамтамасыз етуі, оларды оқушыларға оқып-үйретудің тиімді жолдарын анықтауды қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына математикалық ұғымдарды оқыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Математикалық ұғымдар туралы түсінік;
oo Математикалық ұғымдар туралы ғылымының даму тарихынан қысқаша сипаттау;
oo Математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздері;
oo Математика сабағын оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың рөлі мен орны;
oo Бастауыш сынып математика сабағында математикалық ұғымдарды оқыту әдістері мен тәсілдері.
Курстық жұмыстың зерттеу маңызы: математикалық ұғымдар туралы түсінік, математикалық ұғымдар туралы ғылымның даму тарихын сипаттау және математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздерін бастауыш сынып оқушыларына түсіндіру барысында нақты мысалдар арқылы жеткізе білу. Ж.И.Икрамов оқушылардың математикалық білімді игерудің сабақтаса байланысқан үш сатыдан: а) қабылдау, түсіну, ұғыну, есте сақтау; ә) жалпылау, жүйелеу; б) қолдану сатыларынан құралады деп есептейді және бұл сатылар дидактиканың дамыту қағидасымен сәйкес жүргізілуі керек деп атап көрсетті.
Ұғымдарды оқушылар саналы және терең меңгергенде ғана әр пәннің өз бағдарламасында қамтылған материалдарын толық оқып үйренеді, тек сонда ғана өз бетінше шығармашылық ой қорыта алатын болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ.
1.1. Математикалық ұғымдар туралы түсінік.
Педагогика ғылыми ұғымдарды олардың таным үрдісінде психологиялық маңызына сүйене отырып, білім мазмұнының басты құралы ретінде анықтайды. Ұғым шындық дүниесін біржақты ғана бейнелемейді, объектілердің жалпы маңызын ашып көрсетеді, заттың қасиеттерін анықтау мен қатар, нақты мен абстрактінің бірлігін, белгілі бір ғылым саласының даму нәтижесін, оның көп уақыт жинаған қорытындысынан түйін шығарады.
Ұғым қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиеттерін сипаттайды. Мысалы, үшбұрыш яғни, үш төбесі, үш қабырғасы және үш бұрышы бар геометриялық фигура.
Ұғым зерттелінетін объектінің жалпы, маңызды белгілері, негізгі ой түйіні болатын барлық айырықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдау.
Ұғым - өте күрделі логикалық категория.
Ұғым дегеніміз- нәрселер тобының бәріне ортақ жалпы мәнді белгілерін бейнелейтін ойлау формасы. Мәнді белгі дегеніміз-нәрсенің негізгі, аса маңызды қасиетін көрсететін белгі. Мысалы, берілген фигураның сыртқы формасы. Ұғымдар тек болмысты дұрыс бейнелей алса ғана ақиқат ұғым болады.
Ұғымның мазмұны дегеніміз- нәрселер тобының мәнді белгілерінің жиынтығы. Мысалы, үшбұрыш десек үш төбесі, үш бұрышы, үш қабырғасы болу шарт.
Ұғымның көлемі дегеніміз- ортақ мәнді белгілері сол ұғымда бейнеленген нәрселерлің тобы туралы білім яғни, берілген ұғымдар класына жататын барлық объектілер жиынтығы. Мысалы, үшбұрыш десек ол үшбұрыштың көп екенін қамтиды. Тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш, әр қабырғалы үшбұрыш.
Білім туралы ҚР заңында: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлкеттік білім беру ұйымдарын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады делінген, яғни оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін жаңа білімді түсіндіру кезінде есепке алып, дамыта оқыту қажет.2
Оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың пайда болуы мен құрылымы, олардың материалдық дүниенің заттарымен, құбылыстармен байланысын ашу мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім бұл күрделі мәселені шешу үшін оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастырады. Математика ақиқат дүниенің белгілі бір жағы болып табылатын мөлшерлік қатынастар және кеңістік формалар абстрактілі объектілер мен олар туралы ұғымдарды зерттейтін ғылым екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Кез келген ұғым, оның ішінде математикалық ұғым да, табиғатта бар заттардың белгілерін абстракциялау арқылы пайда болады. Академик Ә.Нысанбаевтің сөзімен айтқанда математика заттардың өзін емес, сол заттардың бейнесі болатын белгілерін және абстрактілі құрылымы мен функцияларын зерттейді. Математика абстрактілі объектімен тікелей қатынаста болады. Математикалық объекті материалдық объектінің дәл өзі емес, оның күрделі абстракция нәтижесінде пайда болатын көшірмесі, бейнесі, яғни абстрактлі объекті нүкте, түзу, сан, жиын, функция, құрылым т.б. Айтайық бөлмедегі орындықтар санын есептейтін болсақ біз оның түсіне , сапасына көңіл аудармаймыз тек санын айтамыз. Қанша адамға орындық жетпейді соны ғана айтамыз. Сондай-ақ бір ыдыстың сыйымдылығын айтатын болсақ оның қандай материалдан жасалғаны, түсі бізге қажеті жоқ, оның пішінін ғана ескереміз. Екі заттың ара қашықтығын есептегенде біз жіпті керіп соның бойын түзу сызық есебінде алып есептейміз, бізге жіптің қалың, жұқа немесе қандай материалдан жасалғаны қажет емес. Осылайша абстракциялау нәтижесінде математикалық ұғымдар пайда болды. Олардың ішіндегі ең бастысы - сан ұғымы. Мысалы, бала үш элементтен тұратын, әртүрлі заттарға бақылау жасай отырып, өзі бұрын естіп жүрген үш сөзі мен заттардың арасында байланыс бар екенін түсінеді. Сонда үш элементтен тұратын әр түрлі барлық жиындарға тән қасиет олардың мөлшерін білдіретін үш саны туралы ұғым пайда болады.
Математикалық ұғымдар осылайша пайда болғанмен, математика үшін нақтылық та болып табылады. Енді математикалық ұғымдардың олардың жалпы сипаттағы белгілері бойынша біріктіріп екінші рет абстркциялаймыз. Мысалы, барлық төртбұрышты фигураларды қарастыра отырып, олардың қандай да бір белгілері бойынша параллелограмм, тіктөртбұрыш, квадрат ұғымдарына көшеді. Бұл тағы бірдей заттарға сәйкес абстракциялау болып табылады.
Математикалық ұғымдардың басты еркешеліктері олардың шындық дүние заттарын тікелей емес, жаңа түрде бейнеленуінде.
Қазіргі математикалық маңызды ұғымдары болатын топ және өріс, векторлық кеңістік т.б. - көп сатылы абстракциялау нәтижесі. Мысалы көлем ұғымы көп сатылы абстракциялау нәтижесінен пайда болды.



1.2. Математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздері
Математикалық ұғымдарды оқытып-үйретуде, ұғымдардың берілу және даму кезеңдері жүйелі өтілгенде ғана оларды оқушылар толық меңгереді деп айтуға болады.
Математикалық ұғым - мәнді белгілері көрсетілген пән құбылыс туралы логикалық өрнектелген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Ұғымдардың анықтамасын берудің тиімді тәсілі - түрлік еркешеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде берілетін тегін көрсету.
Ұғымды сипаттаған кезде оның жоғары ұйымдасқан материяның нәтижесі екендігін және материядан тұратын әлемді бейнелейтін, сондай-ақ адамға тән арнайы іс-әрекетті білдіруі себепті ұғымның адам санасында қалыптасатынын ескерген жөн.
Математикалық ұғым дегеніміз не? Таза математиканың объектісі шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары, демек, мұның өзі- теориялық мәлімет. математикалық объектілер өзінің нақты күйінде кездеспейді. Бірақ олар адамның таза ойының жемісі емес, нақты дүниенің заңдары мен процентерінің көрінісі. Кез келген математикалық объект - ол қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстардың басқадай көптеген қасиеттерін ескерусіз қалдырып, олардың тек қана сандық және кеңістік қасиеттері мен қатынастарын ерекшелендірудің нәтижесі болып табылады. Бұл объектілер қасиеттерінің адам миына бейнелену процесі арқылы математикалық ұғым деп аталатын ойлаудың ерекше түрі туады.
Ежелгі заманнан бері математиканың алатын орны ерекше, оның ғылым мен техникаға қосар үлесі, оқушыларды тәрбиелеудегі маңыздылығы айтылған жөн. Дегенмен әрбір адамның интеллектуалдық мәдениет деңгейіне байланысты математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар аз туындайтынын айтуға болады. Олай болса, мектептегі оқытудың негізгі мақсатына тоқталайық:
1. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастыралды, дамытады және шыңдай түседі;
2. Математикалық сауаттылық (ауызша, жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының математикалық сауаттылықты меңгере білу қабілетінің болуы;
3. Математика әлемінде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
4. Математиканың болашақ тұлғаны моральдік, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруға да тәрбиелік мәні бар.
Қандай да болмасын білімге талпыну, танымдылығын кеңейту, математикалық білімді игеру, іс-әрекет дағдыны қалыптастыру маңызды және өте қиын. Жалпы алғанда математиканы оқып-үйрену ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, математикалық тұжырымдарды, теоремаларды дәлелдей білуден және оны нақтылы іс-әрекетте, есеп шығаруға қолдана білуден тұрады. Сондықтанда ең алдымен математикалық ұғымдарды нақты игертіп алуымыз қажет.
Оқушылардың жалпы пән бойынша білімдердің сапасы олардың ұғымдардың жүйесін меңгеруіне байланысты. Заттардың қасиеттері мен сипаттарын, материы қозғалысының формалары мен олардың алуан түрлі көріністерін оқып үйрену, математика мен жаратылыстану пәндері мектеп курсының мазмұны болып табылады.
Ұғымдарды өз дәрежесінде меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олар ұғымдар арасындағы байланысты білдіреді. Ал ұғымдарды меңгерту дегеніміз- болмыстың, заттар мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, олардың арасындағы мәнді байланыстарының ара қатынасын білу.
Мысалы, Шаршы ұғымы арқылы осы байланысты көрсетейік. Әр түрлі бояулармен боялған геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, әртүрлі өлшемдегі шаршы) көрсетеміз. Соның ішінен шаршыны алып мынау шаршы дейміз. Содан кейін қалған фигуралардан шаршыны тап десек, балалар пішініне, түсіне, мөлшеріне көңіл аудармайды шаршыны бірден табады. Содан кейін шаршы сыз десек, бала шаршы бролатындай фигура сызып береді. Сонда баладан шаршы туралы түсінік қалыптасады. Содан кейін балаға шаршыны басқа фигуралардан қалай ажыратуға болады деген сұраққа оның 4 қабырғасы, 4 бұрышы және 4 қабырғасы өзара тең болатынын айтып жауап береді. Яғни ойлау үрдісі нәтижесінде оның өзіне тән қасиеті ерекшеленіп, түсініп шаршы ұғымы пайда болады.
Қандай да болсын ұғымды қалыптастыру процесі біртіндеп жүзеге асырылады, мұнда сезімді қабылдау- түснік - ұғым тізбегіне сәйкес кезеңдер бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Мысалы, 3 саны ұғымын қалыптастырайық. Қабылдаумен түсініктен өзгеше ұғым біздің санамызға қарастырылып отырған нақты жағдайдағы мәнді белгілер мен қасиеттерді ғана сіңіреді және тұрақтандырады. сондықтанда ұғым - оқылатын объектілердің мәнді қасиеттері бейнеленетін ойлаудың формасы.
Математикалық ұғымдарға оқыту барысында терминдердің мағынасын және олардың ұғыммен бйланысын айқындап түсіндіріп отырудың маңызы ерекше. Оқушылар математикалық ұғымдарды саналы түрде игеру үшін бірінен соң бірі келетін үш кезеңнен тұратынын көрсетуге болады. Олар: а) қабылдау, түсіну, ұғыну, есте сақтау; ә) жалпылау, жүйелеу; б) қолдану.
Бұл үш кезеңді жүзеге асыру мынадай ретпен орындалады:
1. Жаңа енгізілген ұғымның жеткілікті мөлшерде объектілерін қарастыру және оларға бақылау жасау, оқушылардың алған білімдерін пайдалану, нәтижені қабылдау, алғашқы түсініктері пайда болады, ұғым түсіндіріледі.
2. Қарастырылған ұғымның қасиеттері бөлініп алынады. Бөлініп алынған белгілер бір-бірінен тәуелсіз бола отырып, ұғымды қалыптастыру үшін ғана емес, оның дамуына, қолдануына жеткілікті болу керек.
3. Қарастырылған ұғымның дәл анықтамасын тұжырымдау.
4. Ұғымды белгілейтін терминмен таныстыру.
5. Ұғымның символдық белгілеуі бар болса символдық белгілеуін енгізу.
6. Енгізілген ұғымды оқытылып отырған курстың ұғымдар жүйесіне қосу.
7. Енгізілген ұғымды практикада қолдану (пәнаралық байланысты жүзеге асыру)
Жаңа ұғымдарды енгізудің бұл кезеңдері бір-бірімен тығыз байланыста оқытылады. Оқушылардың бұрыннан білетін білімдеріне сүйене отырып жаңа ұғымға көшеміз.

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Бастауыш сыныпта математика сабағын оқытудың мүмкіндіктері.
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауы осы үш түрлі ұғымдар және олардың арасындағы байланыстар бастуыш математика курсының теориялық мазмұнын құрайды. Математикалық ұғымдарды оқып-үйретуде, ұғымдардың берілу және даму кезеңдері жүйелі өткізгенде ғана оны оқушылар толық меңгереді деп айтуға болады.
Бастауыш сыныпта Қарапайым математикалық ұғымдар тақырыбына 16 сағат берілген. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушы математика пәнінен осы қарапайым түсініктерге тоқталады. Ондағы негізгі мақсатымыз оқушыға күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің өзі де математикалық ұғымдарға жататынын түсіндіру. Мысалы, бала мектепке келгенге дейін ұзын-қысқа, биік-аласа, қанша?, неше?, нешінші?, алдында-артында, жоғары-төмен т.б. сөз тіркестерін үнемі қолданады. Осы сөз тіркестерінің өзі де математикалық ұғымға жататынын бала біле бермейді. Сондықтан сан ұғымана тоқтамастан бұрын біз алғашқы қарапайым ұғымдарға тоқталамыз. Бұл ұғымдарды көрнекліктер арқылы түсіндіріп оқушының бойына сіңіреміз. Осы ұғымдарды түсінгеннен кейін сан ұғымдарына тоқталамыз. Олардыда оқытудың өзіндік алгоритімдері бар.
Мысалы, көбейту алгоритмін оқытудағы жүйесін қарастырайық:
oo Сандарды ондық санау жүйесінде жазу;
oo Бір таңбалы сандарды көбейту кестесі;
oo Көбейту және қосу заңдары.
Бір таңбалы сандарды қосу кестесі сияқты көбейтуде солай қарастырылады. Сандардың разрядтық құрамын және қосындыны санға көбейту қасиетін пайдаланып, кез келген көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту. Разрядтан аттап есептеудің мән мағынасын түсіндіру үшін:
Мысалы, 326*4= (300+20+6)*4=300*4+20*4+6*4=1200+80 +24=1304
Осындай мысалдардан кейін көп таңбалы сандарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математикалық ұғымдар туралы
СЫНЫПТАРДА АЛГЕБРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың жалпы мәселелері
Қарапайым түсініктер заттарды санау
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Математиканың бастауыш курсының негіздері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Бастауыш сыныптарда геометриялық ұғымдарды оқыту
Бастауыш кластарда математикасында дайындық кезеңін оқыту әдістемесі
Пәндер