Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
Әбен Жансая Қабдоллақызы
Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020600-«Дінтану» мамандығы
Қарағанды 2021
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Философия және мәдениет
теориясы кафедрасы меңгерушісі:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы»
5В020600-«Дінтану» мамандығы
Орындады: Ж. Қ. Әбен
Ғылыми жетекшісі
ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор Д. Б. Байбосунов
Қарағанды 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1 Дәстүрлі бала тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының тарихи әлеуметтiк негiздерi . . .
1. 1 Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар . . .
1. 2 Бала тәрбиесіндегі діннің рөлі . . .
2 Жаңа Қазақстан үшін тәрбиедегі ұлттық салт-дәстүр, рухани адамгершілік ұстанымдар сабақтастығы . . .
2. 1 Ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру . . .
2. 2 Ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мәселесі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады. Қазақ халқының тәрбиелік және тәлімдік ой-пікірлері мен жол -жораларының маңызы мынадай жайттарда айшықтала түседі:қазақ халқының өміріндегі үлкенді сыйлау мен қонақ күтудің елеулі маңызы; терме, айтыс, шешендік сөздер; қонақжайлылық, тектілік, т. б. Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамда басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Салт-дәстүрсіз халық болмайды. Салт-дәстүр халықтың сапалық қасиетінің, моральдық өмір сүру нормасының басты өлшеуіші. Ата салты мен халықтың қасиетті ардақ тұтқан ұтады. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты . В. И. Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: "Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді . . . " - дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Осы таңдағы қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында жүрген белсенді жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының еңбектері бір төбе. Ел есінен шығып бара жатқан " бел көтерер", "немеурін", "құттық", "биеқыстырмақ" тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" деген анықтамалы жинақ бастырды. Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлеріне өзара топтастыра білді. (1)
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақ халқы бала тәрбиесін тереңінен зерделеген. Олар салт-дәстүр мен дінді ұштастыра отырып баланы тәрбиелей білген. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты -балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегенсөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыретіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, кыр- сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Балатәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артықтәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі
мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың колынан келген ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.
Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте -бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да
тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде
олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой
бөлісуге неге болмасқа.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Осы тақырыпты зерттеу барысында, біз қазақ халқының бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлгенін аңғарамыз. Тақырыпты зерттей отырып ұлы ойшыл, философ қазақ ақын-жазушылардың еңбектерін пайдаландым. Соның ішінде Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды дана адамдардың еңбектерінен үзінділер алдым. Сонымен қатар оқулықтармен жұмыс жасадық. Соның ішінде М. Жұмабаевтың «Педагогика», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбектері. Бұл зерттеуде тек қазақ қайраткерлерінің ғана еңбектерін пайдаланбадым, сонымен қатар шығыс жазушыларының оқулықтарын қолдандым. Ибн Сина бала тәрбиесі мен ата-ана тәрбиесінің әдістері туралы құнды пікірлер айтты. Ибн Сина баланың адамгершілік тәрбиесіне деген көзқарастарында үй шаруашылығына қатысты мәселелерді де айтады. Бала тәрбиесі - ата-ананың басты мақсаты мен міндеті. Өз кемшіліктерін түзете алатын ата-ана тәрбиеші бола алады. Адамгершілік тәрбиесінің маңызды құралы - баланы сезім мен мақтаныш сезімдерін қозғамай, бір-бірімен әңгімелесуге шақыру. Ибн Сина Балада адамгершілік қасиеттерді еңбек, дене және ақыл-ой тәрбиесімен жеке бірлікте қалыптастыруды оның адам ретіндегі дамуының негізгі факторы ретінде қарастырады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақ қоғамындағы бала тәрбиесінің сонау сан ғасырдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мәселесін тадай отырып, айырмашылығын бақылау көзделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz