Отбасылардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ESIL UNIVERSITY
«Әлеуметтік жұмыс және Туризм кафедрасы»
« Қорғауға жіберілді »
Кафедра меңгерушісі
Абдугалина С. Е.
« » 2022 ж
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы
« Қазақстан Республикасындағы аз қамтылған отбасыларға
әлеуметтік көмек»
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша
Орындаған Жақсылық Ә . Ж . Ғылыми жетекшісі Ныгыманова Н . Т .
п. ғ. д., доцент
Норма бақылаушы Мусабаев Ю . К .
Нұр-сұлтан 2022ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ESIL UNIVERSITY
«Әлеуметтік жұмыс және Туризм кафедрасы»
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Абдугалина С. Е.
« » 2022 ж
Дипломдық жұмыстың түсіндірме жазбасы
Тақырыбы « Қазақстан Республикасындағы аз қамтылған отбасыларға
әлеуметтік көмек»
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс және Туризм»
факультеті мамандығы бойынша
Ғылыми жетекші
педогогика ғылымының доцент
Ныгыманова Н . Т .
« » 2022 ж
Орындаған Пікір беруші
ESIL UNIVERSITY атындағы Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенті
Жақсылық Ә . Ж .
« » 2022 ж
Нұр-сұлтан 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ESIL UNIVERSITY
«Әлеуметтік жұмыс және Туризм кафедрасы»
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Абдугалина С. Е.
« » 2022 ж
Дипломдық жобаны (жұмысты) даярлауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы: Жақсылық Әселге
Жобаның тақырыбы: Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек
Университеттің № «_ » 2021 ж . бұйрығымен бекітілген
Орындалған жұмысытың өткізу мерзімі « » 2022 ж .
МАЗМҰНЫ
2. 1 Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен осы саладағы өзгерістердің мәні . . .
2. 2. Көп балалы отбасылардың тұрғын-үй материалдық жағдайы
2. 3. Көп балалы отбасылардың материалдық әл-ауқатын субъективті бағалау . . .
АҢДАТПА
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс бүгінде көкейтесті мәселеге айналған: «Қазақстан Республикасындағы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек» тақырыбы төңірегінде қарастырылған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Кіріспеде мәселенің өзектілігі мен жалпы сипаттамасы қамтылған.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы аз қамсыздандырылған
отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері жан-жақты талқыланған.
Екінші бөлімде аз қамсыздандырылған топтарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету және оларды жетілдіру жолдары мен тәжірибелік -эксперименттік жұмыстардың нәтижесі берілген.
Кілт сөздер: Аз қамтылған отбасы, Атаулы Әлеуметтік Көмек (АӘК), әлеуметтік-саяси концепциялар, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
АННОТАЦИЯ
Предлагаемая дипломная работа посвящена актуальной проблеме: "Социальная помощь малообеспеченным семьям в Республике Казахстан". Дипломная работа состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы, приложений. Во введении содержится общая характеристика и актуальность проблемы.
В первом разделе представлены малообеспеченные подробно рассмотрены теоретические и методологические основы социальной работы с семьями.
Во втором разделе представлены результаты опытно -экспериментальной работы и пути их совершенствования и оказания социальной помощи и поддержки малообеспеченным группам.
Ключевые слова
: малообеспеченная семья, адресная социальная помощь (АСП), социально-политические концепции, государственные социальные пособия.
ANNOTATION
The proposed thesis is devoted to an urgent problem: "social assistance to low-income families in the Republic of Kazakhstan". The thesis consists of an introduction, two chapters, a conclusion, a list of references, appendices. The introduction contains a general description and relevance of the problem.
The first section presents the low-income and discusses in detail the theoretical and methodological foundations of social work with families.
The second section presents the results of experimental work and ways to improve them and provide social assistance and support to low-income groups.
Keywords:
low-income family, targeted social assistance (TSA), socio-political concepts, state social benefits
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайымен осы саладағы атқарылған және алдағы уақытта болжанып отырған мәселелерді, жаңа бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық жолдауын пайдалана отырып кең ауқымда мағынасы ашылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикамыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында Президентіміз Қ. Тоқаев атап өткендей, еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы - еліміздің азаматтарының әлеуметтік және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлігі. ЖЗЖ тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етеді.
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалып отырады.
Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Президенті, Қ. Ж. Тоқаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.
Тәуелсіздік алған 20 жыл - бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі .
Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтандырулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, экономикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.
Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің - қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.
Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың теориялық негізін ашып, негізгі элементтеріне әлеуметтанулық талдау жасау.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеу жүмысының міндеттері алға қойылды:
- Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықтау;
- Халықтың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруде мәнін ашу;
- Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік маңыздылығын қарастыру;
- Қазақстандағы халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың арнайы әлеуметтік қызметтерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасы мен шетелдің әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне салыстырмалы талдау жасау.
Зерттеу пәні. Халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдіснамалық мәселелері.
Зерттеудің объектісі -Халықтың аз қамсыздандырылған топтары.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде шет ел ғалымдарының еңбектері мен отандық ғалымдардың еңбектері қаралып зерттелді, соның ішінде: А. Бабич, Л. Дробозина, Е. Егоров, В. Жеребин, Е. Жильцов, С. Кадомцева, Г. Поляк, В. Роик, М. Седова, Е. Шутяк, И. Шейман, С. Шишкин, С. Янова, Ю. Якушев және Абдирайымова Г. С., Абсаттаров Р. Б., Абишев М. А., Аженов М. С., Биекенов К. Ү., Жаназарова З. Ж., Пузиков М. Ф., Утешов С. Қ. және т. б. ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты. Бұл ғалымдардың еңбектері мен материалдары осы зерттеу жұмысының мәлімет көздері ретінде теориялық негіз болып табылды.
Құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау төрт бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланған әдебиттермен қосымшадан тұрады.
І-БӨЛІМ. АЗ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ТОПТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халықтың аз қамсыздандырылған тобының мәні мен құрылымы
Халықтың аз қамсыздандырылған тобы - ерекше материалды жеткіліксіз қамтылған адам немесе табысы төмен және минималды халықтық тұтыну стандарттарына сай келмейтін отбасы - Қазақстан Республикасында ең төменгі күнкөріс деңгейі деген атауға ие болды; отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар тобы.
Қазақстан қоғамына әртүрлі әлеуметік жағдайына байланысыты саралау тән. Халық поляризациясы жоғары. Табыс айырмашылығы 10% көбірек және соңғы 5 жылда 15 % халық қамтылған саны 4-тен 15 есеге көбейген.
Қазіргі заман жағдайлырында әлеуметтік нашар отбасылар ғана емес ауқатты деп есептелетін отбасылар да мұқтаж болып қалды.
Материалды жеткіліксіз қамтылған, яғни I, II топ мүгедектері, қарт адамадар(80жастан үлкен), зейнеткерлер, көпбалалы аналар, толық емес отбасы, мүгедектер бар отбасылар, студентті отбасылар, жұмыссыз отбасылар, балалы жұмыссыз отбасылар, төтенше жағдайға тап болған тұлғалар(көшуге мәжбүр болғандар, зілзала нәубетке тап болғандар, босқындар, бомждар т. б. ) және девиантты отбасылар(алкоголиктер, нашақорлар, бұзақылар) .
Материалды жеткіліксіз қамтылған халық тобына көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының бағыты. Егер бұрындары халық өмірінің сапасын реттеу орталықтан болса, қазір бұл проблеманы жаңа әдістермен шешеді. Ең бастысы индексация мен өтемақы болып табылады.
Индексация - табысты автоматты турде түзету. Негізі индексация екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: белгілі бір уақытқа белгілі бір пайызда көтеру немесе алдын ала келіскен пайызға баға өсу деңгейіне қарай табысты индексациялау; Индексацияға төлем мемлекеттік немесе жергілікті бюджет есебінен төленеді. Азаматтардың табыс түрлері, яғни жалақысы, зейнетақысы, шәкіртақысы және жәрдемақылар, біржолғылардан басқа есепке алынады.
Индексациядан басқа «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» заң бар, ол жалғызбасты және мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету құқықтарын тағайындайды.
Мемлекеттік әлеуметтік көмек - шынымен көмекке мұқтаж азаматтарға (жалғызбасты және мұқтаж адамдарға) ақшалай көмек, табиғи, гуманитарлық көмек ретінде, сонымен қоса жеңілдіктер мен қызметтер, өмірлік ауыртпалықтарды, әлеуметтік мәртебе мен тіршілік әрекетін жеңілдету, сонымен қатар қаражатты ұтымды пайдалану жүйесі.
Әлеуметтік мемлекетті құруды көздеп отырған Қазақстан өзінің әлеуметтік сферасын реформалауда: бұрынғы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі әлеуметтік қорғау жүйесімен алмастырылды. Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізін құрайтын әлеуметтік қорғау жүйесі халықты негізгі қауіп-қатерлерден қорғауға кепілдік береді: кәрілік, мүгедектілік, асыраушысынан айырылған жағдайда. Осындай негізгі қауіп-қатерлерден мемлекет қорғауға кепілдік бере тұрып, әрбір азаматтың өзінің мүмкіншіліктерін іске асыруына, өзінің иннициатива танытуына, өзінің жеке басының қабілеттерін пайдалана отырып, жетістіктерге жетуіне ықпал жасайды. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері келесідей:
- табиғи және техногенді апаттар, ауру, ашаршылық, түрлі қауіп-қатерлерді зардаптарына мемлекеттік кепілдік беру;
- әлеуметтік ауыртпалықты азайтатын, белгілі бір өмір сүру деңгейіне және оның сапасын өзгертуге жұмсалынатын материалды қаражаттарды қайта бөлу және оларды ұйымдастыру;
- өмір сүру деңгейін реттеу (салықтық құралдар, қайырымдылық шараларын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау) .
Еліміз қазіргі таңда әлеуметтік мемлекет құру жолында. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз - бұл нарықтық қатынастарға негізделген қоғам, бірақ халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін күш жұмылдыратын мемлекет. Осы бағытта бірнеше стратегиялық бағдарламалар қабылдануда, солардың ішіндегі ең бастысы «Қазақстан-2030 даму бағдарламасы» болып табылады, сондай-ақ «Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін аумақтық даму стратегиясы», «2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту концепциясы», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» және т. б. Бұл стратегиялардың іске асуы Елбасының жыл сайынғы халқына жолдауында үндестік табуда.
Жоғарыда келтірілген фактілердің Қазақстанның дамуындағы маңызды аспектілер болғандықтан, еліміз реформалар барысынан қалай өтті, халықтың аз қамсыздандырылған топтарымен күресте қандай шаралар жүргізіліп жатыр, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалай құрылған және қалай қызмет атқарып жатыр деген мәселелрдің өзектілігі бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.
1. 2 ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Халықтың кедей топтарының болуы және материалдық әл-ауқат деңгейі бойынша теңсіздік қандай да бір дәрежеде оның даму деңгейіне қарамастан кез келген қоғамға тән . Жаңа коронавирус пандемиясымен және оның жаһандық ауқымдағы теріс экономикалық салдарымен негізделген ағымдағы дағдарыстың нәтижесінде қазақстандық отбасылардың өзекті әлеуметтік-экономикалық жағдайы ақшалай кірістердің төмендеуімен, қоныстану түрі (қала/ауыл), отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылу салалары бойынша кірістердің елеулі саралануының сақталуымен сипатталады.
Дүниежүзілік банктің соңғы бағалауы бойынша 2020 жылы COVID-19 эпидемиологиялық ахуалы дамуының салыстырмалы түрде оң сценарийі кезінде әлемдегі шамамен 71 миллион адамды кедейлікке итермелеуі мүмкін. Ең болмағанда 100 миллион адам өте кедейлік жағдайында болуы мүмкін. Дүниежүзілік банк пандемияның адамдарға теріс әсеріне: жұмыспен қамтудағы үзілістерге, емделуге жұмсалатын шығыстардың өсуіне, азық-түлік өнімдеріне, азық-түлік тауарларына және т. б. шығындардың ұлғаюына байланысты Орталық Азия өңірінде кедейліктің елеулі өсуіне болжамдар жасады. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша табыс деңгейі орташадан төмен елдерде кедейлік шегін анықтауды негізге ала отырып, 2020 жылы өңірдегі кедейлер саны шамамен 1, 4 миллион адамға (күніне 3, 2 АҚШ доллары) және орташадан жоғары табыс деңгейі бар елдерде кедейлік шегін айқындауды негізге ала отырып, шамамен 2, 6 миллион адамға артуы мүмкін . Егер ұлттық санақтың деректері бойынша елдің үй шаруашылығында орта есеппен 3, 6 адам өмір сүргенін ескеретін болсақ, онда 380 мың және одан да көп отбасы үшін «жаңа кедейлік» қаупі туралы айтуға болады.
Ресми статистика деректері бойынша пандемия кезінде Қазақстан халқының көп бөлігінің жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айтарлықтай азайды. Мәселен, егер 2019 жылы кірістердің өсу қарқыны 12%-ды құраса (өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда), 2020 жылғы сәуірде тек 7, 4%-ды құрады. 2020 жылғы қаңтар-мамырда атаулы ақшалай табыстардың өсуі тұтыну бағаларының 6, 3%-ға өсуін ескере отырып 11%-ды құрады, бұл қазақстандықтардың нақты табысын төмендетті . Қалыптасқан инфляция деңгейін ескепке ала отырып көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 104, 4%-ды құрады. Отбасының бір мүшесіне орташа тамақтану шығындарының абсолютті мөлшерін және олардың тұтынушылық шығындар құрамындағы үлесін сарапшылар халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштері ретінде қарастырады. Өмір сүру деңгейі жоғарылаған сайын ол төмендейді, бұл денсаулық сақтауға, бос уақытқа және т. б. көп қаражат жұмсауға мүмкіндік береді. Халықаралық статистикаға сәйкес егер отбасы табысының 50%-дан астамын тамақтануға жұмсаса, онда мұндай отбасының өмір сүру деңгейі орташа деңгейден төмен деп бағаланады. ҚР СЖРА ҰСБ деректерін негізге ала отырып 2020 жылдың 1 тоқсанында халықтың (отбасының) кірістері мен шығыстарының құрылымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда іс жүзінде өзгермегені туралы қорытынды жасауға болады. Халық шығыстарының құрылымында тамақ өнімдеріне арналған шығындар басым болып отыр (48, 5%) . Қазақстандық отбасының әрбір мүшесіне қажетті киімге, аяқ киімге, маталарға, жиһазға, үйде қолданылатын заттарға, тұрмыстық техникаға, ұзақ пайдаланылатын тауарларға, жеке гигиена заттарына, автокөлік құралдарына және оларға арналған жанар-жағармай материалдарына және басқа да азық-түлік емес тауарларға табыстың 22, 6%-ы жұмсалады. Ақылы қызметтерге - тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, көлік және байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, жабдықтар және басқа да қызмет түрлерін жөндеу бойынша қызметтер ақысын төлеуге отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ақшалай табыстың 17, 3%-ы жұмсалады. Отбасылардың материалдық әл-ауқатын сипаттайтын негізгі категориялардың бірі кедейлік болып табылады. Әлемдік практикада кедейлікті өлшеудің үш негізгі тәсілі бар - абсолютті (сарапшылардың ұсынымдарына және ресурстық мүмкіндіктерге сәйкес мемлекеттің тұтыну нормаларын белгілеуі), салыстырмалы (халықтың әртүрлі топтары бойынша табыстарды бөлудегі арақатынастарды белгілеу) және субъективті (халықтың өз материалдық жағдайын және әлеуметтанулық зерттеу негізінде анықталған кедейліктің сипаттамаларын субъективті бағалауы) . Қазақстанда кедейлікті анықтау табыстар мен ең төменгі күнкөріс деңгейін салыстыруды көздейтін абсолюттік кедейлік тұжырымдамасына («табыстар бойынша кедейлік») негізделеді. Қазіргі уақытта кедейліктің ұлттық деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі ретінде анықталады. Ресми деректер бойынша 2019 жылы елдегі мұндай адамдардың үлесі 4, 3%-ды, 2020 жылдың 1 тоқсанында 4, 0%-ды құрады . Өңірлер бөлінісінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі Түркістан (10, 8%), Шығыс Қазақстан (6, 2%), Солтүстік Қазақстан (5, 6%) және Қызылорда (4, 9%) облыстарында басым . 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың 1 тоқсанында Маңғыстау облысында теріс динамика байқалады. Елдің барлық өңірлерінде кедейліктің негізгі корреляциясы елді мекеннің ауылдық түрі болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz