Қарағанды университеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті

Тәжиева Халима Мақсатілләқызы

Өңірлік телеарналар: шығармашылық ізденіс, формалық өзгерістер
( Saryarqa, Бірінші Қарағанды, Сарыағаш аудандық Сәт телеарналары мысалында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В0050400 - журналистика мамандығы үшін


Қарағанды 2022
Мазмұны

Кіріспе
І Заманауи өңірлік теледидар жұмысын ұйымдастыру
1.1. 1990-шы жылдар мен XXI ғасырдың басында өңірлік телехабар тарату саласындағы мемлекеттік саясат
1.2. Қазіргі өңірлік теледидардың ерекшеліктері және оның функциялары
ІІ Өңірлік телеарналардағы шығармашылық ізденіс, формалық өзгерістер
2.1. "Бірінші Қарағанды", "Saryarqa", Сәт телеарналарының қалыптасу және даму тарихы.
2.2 Қазіргі кезеңдегі "Бірінші Қарағанды", "Saryarqa", Сәт телеарналары
2.3. Облыстық және аудандық телеарналардың жұмысындағы айырмашылықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ұлан байтақ қазақ даласында көгілдір экран сәуле шашқанына жарты ғасырға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында тәй-тәй басқан қазақ телевизиясы техника жағынан талай рет толықтырылып, көз ілеспес жылдамдықта қарқынды дамып, шығармашылық топтары да жетілді. Жарты ғасыр дегеніміз аз-кем уақыт емес. Кеңес дәуірінің өзінде-ақ негізін қалаған қазақ телевизиясы бүгінде 19 миллион халыққа ақпарат таратып келеді. Бертін келе өңірлік телеарналарда құрылып ондағы төртінші билік өкілдері халық пен билік арасында алтын көпір болып жергілікті тұрғындарға қалтқысыз қызмет етіп келеді. Телеарналарды соңғы 10 жылдықпен салыстырғанда оның құрылымында, хабар таратуында, техникалық жағынанда алып қарасақ айтарлықтай өзгерістер баршылық. Уақыт өте келе телеарналар арасында да қандай да бір өзара бәсекелестік пайда болды. Бұл бәсекелестік жаңа, заманауи жағдайда хабар тарататын өңірлік телеарналар арасында болатын... Шынайтуына келгенде бәсекелестік болған жерде тындырымды, қызу жұмыстар көптеп атқарылады.
Тақырыптың өзектілігі
Өңірлік телеарналар жергілікті тұрғындардың өмірінде үлкен рөлге ие. Телеарнадан шыққан әрбір сюжеттер мен бағдарламалардың тиімділігі, оның көптің арасында сұранысқа ие болуы тек қана журналистің кәсіби шеберлігіне, тақырыпты аша алуына, көгілдір экраннның арғы жағындағы көңілі патша көрерменді өзіне тарта алуына тікелей байланысты. Айтып өткеніміздей соңғы 10-15 жылдықта өңірлік телераналар дамып, көптеген облыстық, қалалық, аудандық медиа-холдингтер жергілікті тұрғындарға туған жерінде және елде, шетелде болып жатқан ақпараттармен қамтамасыз етіп отырды. Халыққа тұрғылықты жерінде қандай елеулі оқиғалар немесе қандай да бір проблемалар болып жатқаны қызық. Міне, осының арқасында адамдардың жергілікті телеарналарға деген қызығушылығы арта түсуде. Мен таңдаған тақырыптың өзектілігі мынада: қазіргі өңірлік телеарналар қандай деңгейде жұмыс істеп жатыр, аудандық телеарналардың ахуалы қалай? Техника мен қоса көші ілгерілеп жатыр ма? Мінекей осыларды анықтау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Жұмысымның мақсаты - еліміздегі өңірлік телеарналардың бір-бірімен байланысын анықтау. Сондай-ақ өңірлік телеарналарадың жанрлық және тақырыптық ерекшеліктерін анықтау.
Міндеттері
1. Өңірлік телеарналардың дамуы мен қалыптасуына талдау жасау.
2. Өңірлік телеарналарда хабар тарату әдіс-тәсілдерін анықтау.
3. Өңірлік телеарналарда жұмыс істейтін тілшіге қандай кәсіби дағдылар қажет екендігін анықтау.
4. Сондай-ақ басқа телеарналармен бәсекеге қабілетті болуы үшін қандай жұмыстар жасау керектігін зерттеу.
Мұнан бөлек, өңірлік телеарналардың имиджін қалай көтеруге болатынан жан-жақты саралап, талқылап, оң шешімді табу. Сарыарқа, Бірінші Қарағанды, Сарыағаш аудандық Сәт телеарналарының жұмысына жіті тоқталу.

1.2 Қазіргі өңірлік теледидардың ерекшеліктері және оның функциялары
Газет, телевидение, радио - бүгінде әрбір үйдің күнделікті құтты қонағына айналып үлгерген. Шынайтуына келгенде, қазіргі өмірімізді теледидарсыз елестету мүмкін емес. Әр қаймана қазақтың төрінде теледидары таңнан кешке дейін сайрап тұрады. 1958 жылдың 8 наурызында Алматы қаласындағы 4000 ға жуық және облыстағы 100-ге тарта теледидар алдында жайғасқан халық қазақ телевизиясының дикторларымен келбеті келіскен көгілдір экран арқылы тұңғыш рет дидарласты. Бұл Қазақстан үшін тарихи сәт. Арна дикторлары көгілдір экран алдына жайғасқан көпшілікті телевизия хабарларының басталуымен, сонымен қатар шұғылалы көктемнің шуақыт күндерімен бірге келетін 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Ағымдағы жылды 15 сәуірінен бастап, Алматы телевизиясы жұмасына тұрақты түрде 5 рет хабарлар бере бастады. Ал жаңа студия ұжымында Мәскеу, Лениниград телестудияларының шығармашылық қызметкерлері көп көмек көрсеткен болатын. Она бөлек, 1958 жылы 16 наурызда Өскемен тұрғындары да тұңғыш телевизиялық хабарларды көру кереметіне ие болды. Расын айтқанда, олара көпке дейін тек кинофильмдер көруге тура келді. Кеншілер шаһары атанған Қарағандыда тұғңыш телевизия орталығының ашылуы кеншілер мейрамымен тұспа-тұс келді. Сол жылдың 31 тамызында студия ресми түрде эфирге шығып, кеншілердің ерен еңбегі мен адал қызметін суреттеді. Осыған орай, "Жарқыра, жана бер, жұлдызым!" атты фильм көрсетілді.
Белгілі анықтаушы-зерттеушілер ауыспалы заманда отандық телевизиялық жүйенің реформалануының екі кезеңін атап көрсетті. Олар: 1985-1991 жылдар аралығындағы және 1991 жылдан дәл қазіргі күнге дейін. Кей зерттеушілер кеңестік кезеңдегі теледидар жұмысынң жалпы тенденцияларын мынадай белгілер бойынша классификациялайды:
1. Хабар тарату бойынша:
- телефизиялық хабар таратуды жалпы мемлекеттік орталықтандыру;
- теледидардың көпұлттылығы;
2. Басқару ісі бойынша:
-теледидар қызметінің кақытын қатаң шектеу, жергілікті партиялық жетекшліктің диктатурасы;
3. Техникалық қамтамасыз етілуі брйынша:
- елдің барлық аймақтарына телевизиялық хабарларды арнайы техникалық жүйе арқылы тарату;
4. Қаржыландыру бойынша:
- республикалық бюджеттен қаржыландыру;
- жарнаманың болмауы;
1958 жылы қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, өмірінде күрделі өзгешеліктер орын алды. Ал бұл жағдай отандық телевизияға әсер етпей қоймады. Ал мұның барлығы билік басына М.С. Гарбочевтің келуіне байланысты еді. Сол уақытта "Қайта құру" идеясы қолға алынып, ақыр соңында КСРО сынды ұлы державаның құлдырауына әкеліп тынды. Міне осының арқасында жетпіс жылдық тоталитралық жүйеден кейін бұқаралық ақппрат құралдарына жеті сандық астында жатқан ақпараттар жайында хбар беруге мүмкіндік жаратылды. 1985 және 1991 жылдар аралығындағы әлемдік өзгерістер ТМД елдерімен қатар, Қазақ еліндегі телевизияны да жаңа қырынан, жаңа стильде дамытты.
Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа елеулі өзгерістер болды. Мінекей соның нәтижесінде, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде телеарналарға көп өзгерісті керек қылды. Осы тұста өңірлік телеаарналардың хабар таратуында жаңа мақсат-міндеттер тұрды: ақпарат нарығында өз тәуелсіздігін нығайту, жаңа қолжетімжді үлгіні жасау.
\
Қазақстандағы жаңа кезеңдегі телеарналардың дамуы үш сатыдан тұрды.
Бірінші кезең: 1985-1986 жылдар;
- өткен жылдарға жаңа көзқарас;
- жаңа экономикалық, шаруашылық басқаруға көзқарас;
- қазіргі мен бүгінгіні талқылау;
- батыс экономика үрдістерін қолдану;
- Әлем бойынша ақпараттық нүктелердің көбеюі;
- жарнама ағымы, жат хабарлар, батысмтық бейнетаспа өнімдері
- публицистика жанрларының, түрлерінің сондай-ақ негізгі қажеттіліктердің кеңеюі.
Екінші кезең: 1989-1991 жылдар аралығы
- сувернизация кезеңдері, автономизация, бір мемлекет ретінде, телеарналарда солай ортақ хабар тарату үрдісі;
- жекеменшік телеарналармен қатар жерсеріктік, кабельді телеарналардың пайда болуы;
- телеарна мен баспасөздегі жаңадан бекітілген жанрлар мен пішіндер;
- Бірыңғай телекеңістіктің пайда болуы мен дамуы;
- дүниежүзілік ақпараттар легіне қосылу;
Үшінші кезең: 1991- 1995 жылдар аралығында
- Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылай құлдырауға ұшырауы;
- қаламы қарымды журналистер дайндау үшін жасалған алғашқы қадамдар;
- телекеңістікте өзара бәсеклестіктің пайда болуы;
- даму және мәдени басқарманың бекітуі;
- электронды бұқаралық ақпарат құралдарына тендерлер жариялау;
- медиа - холдингетрдің даму жоспарлары;
- жерсеріктік, кабельдік телеарналардың республика көлемінде хабар таратуы;
Жалпы қазақ даласында телевидениенің дамуы жолындағы кезеңдер экономикалық, саяси және мәдени кезеңдерге тікелей байланысты болды. Алғашқы кезеңде КСРО-ның телеарна үлгісі сақталды. Аталмыш кезеңнің құлдырауына себеп болған ол, батыстық талаптарға сай мемлекеттік телеарналарда ақпараттық-танымдық бағдарламалардың көптеп ашылуы. КСРО дан алған тәжірибе мен батыстық үлгіні жаңадан бой түзеп келе жатқан қазақ телевизиясын ерекше көркемдеп тұрды.
Ішкі саясат негіздері Қазақстан Республикасындағы жалпы телеарналардың құрылымына тікелей жанама әсер етпей қоймады.
Ол:
- Елдегі аумалы төкпелі кезең;
- Қазақстанмен шекралас жатқан елдердің тұрақсыз жағдайда болуы;
- Елдегі ұлыс құрамының өте күрделі болуы;
Осы тұста әр аймақ өз күшімен жеке ақпарат орталықтарын құру жолында аянбай еңбек етті. Бұл қатарда жекеменшік БІрінші Қарағанды және Сарыағаш аудандық Сәт телеарналары да бар болатын. Дәл осы аумалы төкпелі заманда жекеменшік телеарналар өз шығындарын жарнама арқылы табамыз деген сенім және үмітпен жүрді. Ал онан бөлек басты және қосалқы қаржылай көмекті мемлекет беріп отырды. лімізде сол кездің өзінде тәуелсіз жекеменшік телевидениелер саны екі жүзге тарта еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Әскери оқу орындары
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру
Нұрсұлтан Назарбаев Отбасы және балалық шағы
Жезқазған қаласы
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі
Хайуанаттарды азықтандыру нормативтері
Пәндер