Алдыңғы бұлшық еттер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

Анатомия пәніне кіріспе, мақсаты және міндеті

Адам анатомиясы мен физиологиясы - медицина ілімінің негізі. Анатомия гректің аnatemno - кесу, бөлшектеу деген сөзінен шыққан.

Анатомия адам денесінің құрылысы мен пішінін, атқаратын қызметін және оның қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылым.

Анатомияның түрлері:

1. Жүйелі анатомия, адам денесін жүйелерге бөлу арқылы зерттейді. Мысалы: ас қорыту, тыныс алу, т. б. жүйелер.

2. Топографиялық анатомия ағзалардың орналасқан жерін және олардың өлшемдерін зерттейді, . 3. Функционалдық (қызметтік) анатомия дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейді.

4. Пластикалық анатомия адамның сыртқы түрін, пропорциясын зерттейді.

5. Динамикалық анатомия адам туғаннан өлгенге дейінгі денесінің өзгерістерін зерттейді. 6. Салыстырмалы анатомия адам мен жануарлардың денесінің құрылыстарын салыстыра зерттейді.

Анатомия мен физиология ғылымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Физиология мүшелердің, жүйелердің жалпы тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Бұл екі пән гистологиямен (hystos - тін, ұлпа) тығыз байланысты. Гистология тіндердің құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Анатомияның бір саласы - цитология, ол жасуша құрылысын зерттейтін ілім. Организмдегі ұсақ құрылымдарды препараттар арқылы тексеретін саланы микроскопиялық анатомия деп атайды.

Анатомия мен физиология медицина және биология ілімінің негізі (био - тіршілік, логос - ілім) . Ол екі үлкен салаға бөлінеді: морфология және физиология.

Морфология - организмнің құрылысы мен пішінін тексеретін сала. Анатомия морфологияның құрамына кіреді. Ол адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттеумен бірге, олардың сыртқы ортамен қатынасын және біртұтастығын дәлелдейді.

Анатомияның зерттеу әдістері 2 топқа бөлінеді:

I. Адам денесінің құрылысын мәйітте зерттеу әдістері.

II. Адам денесінің құрылысын тірі адамда зерттеу әдістері.

І. Адам денесінің құрылысын мәйітте зерттеу әдістері:

1. Препараттау (кескілеу) әдісі - жәй инструменттер (скальпель, пинцет, т. б. ) арқылы адам құрылысы мен ағзаларының орналасуын зерттейді. Ең ескі, бірақ ең маңызды, ғылымға ат бергенәдіс.
2. Мәйітті суға немесе әдейі дайындалған ылғалдарға ұзақ салып, суландыру әдісі, бұл әдіс қаңқаны бөліп зерттеуге қажет.

3. Мұздатылған мәйіттерді шабу (жүйелеп кесу) әдісі. Белгілі хирург Н. И. Пирогов ашқан. Ол ағзалардың орналасуын әр аймақта зерттейді.

4. Құю әдісі немесе инъекция (толтыру), қуыс ағзаларды түрлі - түсті сұйықтықпен толтырып, кейін паренхимасын глицерин, т . б майлармен ағартып, сосын кескілеп, қан және лимфа тамырларын, бронхтарды, өкпені зерттейді.

5. Коррозия әдісі ағзалардың қан тамырлар жүйесін зерттегенде қолданылады. Инъекция әдісіне ұқсас, бірақ ағзаларды қататын заттармен толтырады (пласт -масса, сұйық металл), содан соң ағзаны қышқыл ерітіндіге салып ерітеді, сонда қатқан заттар зерттейтін объектінің құрылысын қайталайды. .

II. Тірі адамда зерттеу әдістері:

1. Рентгенологиялық әдіс (рентгеноскопия, рентгенография, рентгенокимография) . 2. Соматоскопиялық әдіс адам денесін көзбен қарау арқылы қарай зерттеу. Мысалы: кеуде торының пішіні, омыртқа жотасының қисаюы, бұлшықеттер топтарының дамуы, т. б. 3. Соматометриялық немесе антропометриялық әдіс өлшеу арқылы дене құрылы- сын, пропорциясын зерттеу.

Ішкі органдар эндоскопиясы 70 - 80 - ші жылдары енген әдіс. Светотехника арқылы тірі адамның ішкі ағзаларын (ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, жүрек, қан тамырлары ішіндегі өзгерістерді) зерттеу.

Қазіргі анатомия жаңа әдістермен толықтырылды: радиоизотоптық әдіс, электрондық микроскопия, ультрадыбыс, эхолокация, т. б.

Организм - бұл тарихи қалыптасқан, тұтас, үнемі өзгеріп отыратын, өзінің ерек ше құрылысы мен дамуы бар, қоршаған ортамен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті жүйе. Организм ағзалар, тіндер және тіндік элементтерден тұрады, олар біртұтас болып біріккен.

Тіндер - организмнің тарихи қалыптасқан жасушалар мен олардың туындыларынан тұратын, өзіне тән морфофизиологиялық, биохимиялық қасиеттері бар жүйе. Тіндер морфологиялық жағынан жасушалар мен жасушааралық заттан тұрады.

Тіндер 4 топқа бөлінеді:

  1. Шектес тіндер (эпителий) .
  2. Дәнекер тіндер
  3. Бұлшық ет тіні
  4. Нерв тіні.

Эпителий сыртқы ортамен шектесетін беттерде орналасады. Мысалы: тері және қуыс ағзалардың қабырғаларын (ішек) және дененің тұйық қуыстарын жауып тұрады. Тамырды ішкі жағынан астарлайтын эпителий эндотелий деп аталады. Эпителийдің негізгі қызметі - жабын болу және секрет шығару.

Дәнекер тіндер сыртқы ортамен байланыспайды. Қызметі -организмнің ішкіортасының тұрақтылығын сақтау, олар 2 топқа бөлінеді:

1) Сұйық тіндер - қан, лимфа және қан түзуші тіндер. Олар трофикалық және қорға -ныш қызметін атқарады.

2) Тірек қызметін атқаратын тіндер - сүйек, шеміршек, талшықты дәнекер тіндер.

Бұлшық ет тіндері қызметтік белгісі - жиырылу қабілеті бойынша біріктіріледі, олар 2 топқа бөлінеді:

1 ) Көлденең - жолақты бұлшықеттер қаңқада орналасады, адам еркіне бағынады.

2) Бірыңғай салалы бұлшықеттер еріксіз, ішек, несеп жолдарында орналасады.

Нерв тіні нерв жасушалары мен қосалқы элементтер - нейроглиядан тұрады. Нейронның денесі және екі түрлі өсіндісі бар: 1. Ұзын өсіндісі аксон, біреу. 2. Қысқа өсіндісі - дендриттер, бірнешеу. Нерв тінінің негізгі қасиеті- тітіркенгіштік және өткізгіштік.

Тіндер қосылып ағзаларды құрайды.

Ағзалар, organon - өзіне тән құрылысы, пішіні, атқаратын қызметі бар әртүрлі тіндер жүйесі. Ағза функциясын қамтамасыз ететін негізгі тінді паренхима деп, ал оны сыртынан және ішінен түрлі бағытта шырмап, ұстап тұратын дәнекер тінді строма деп атайды. Строма арқылы ағзаны қамтамасыз ететін қан тамырлар мен нервтер өтеді. Паренхиматоздық ағзаларға өкпе, бауыр, бүйрек, көк бауыр т. б. жата-ды. Бұдан басқа қуыс ағзалар бар. Оларға асқазан, ішек, несеп қуығы т. б. жатады. Ағзалар бір - бірінен пішіні, көлемі және тұратын орны жағынан ерекшеленеді.

Атқаратын қызметі мен дамуы ұқсас ағзалар ағзалар жүйесін құрайды (ас қорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі, несеп - жыныс жүйесі, т. б. )

Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар ағзалар аппараты деп аталады, мысалы, тірек - қимыл аппаратында сүйектер, олардың қосылыстары мен бұлшықеттер бар.

Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды.

Анатомияның даму тарихы

Адам организмінің құрылысы мен дамуына көзқарас материализм мен идеализмнің күрес тарихы болып табылады, ол құл иеленушілік дәуірінде таптардың пайда болуынан басталады.

Гиппократ организм құрылысының негізін 4 түрлі сұйықтық құрайды деді: қан, сілекей, өт, қара өт. Ол ауруларға осы сұйықтардың дұрыс араласпау нәтижесі деп қарады.

Ертедегі Рим дәрігері Клавдий Гален адам денесі тығыз және сұйық бөліктерден тұрады деп есептеді. Ол бірінші болып тірі организмді кесіп, ағзалардың жұмысын бақылау ( вивисекция ) әдісін қолданды, эксперименттік медицинаның негізін салды

Медицина ғылымының дамуына Шығыс мұсылмандары өздерінің көрнекті үлестерін қосты. Ислам мәдениеті 8 ғасыр бойы ( VІІ - ХІІ ғ. ) дүниежүзілік ғылымдардың алдыңғы шамшырағы болды.

Әбу Насыр әл - Фараби ( 870 - 950ж. ) - ғылым тарихында «Екінші мұғалім», «Шығыстың Аристотелі» деп аталады. Ол «басты ағзаның бірі - ми жүрек жұмысын, сезімталдықты, адам темпераментін басқарады» деп жазды. Адамның іш құрылысында бауыр және көкбауыр денеде айналып жүретін сұйықтық шығарады деген ой айтқан.

Әбу - али ибн Сина (Авиценна) (980 - 1037 ж. ) «Медицина қағидалары » еңбегін жазды, онда Гиппократ, Аристотель, Галеннен алынған көптеген деректер бар. XVII ғасырға дейін Шығыс және Батыс дәрігерлері сол еңбектен оқып, тәлім алды. Әл Фарабидің оқушысы.

Дамаскілік Ибн - ан - Нафис ( ХІІІ ғ. ) алғаш рет өкпелік қан айналымын ашты.

Анатомия «Қайта өрлеу» дәуірінде жоғары қарқында дамыды.

Леонардо до Винчи ( 1452 - 1519 ж. ) суретші ретінде анатомияға қызықты, алғашқылардың бірі болып мәйітті сойып көріп, организм құрылысын дұрыс бейнеледі. Пластикалық анатомияның негізін қалады.

1422 жылы Венеция университетінде тұңғыш медицина мектебі құрылды. Осы жерде Андрей Везалий туып өсті. Ол организмді зерттеуге материалистік тұрғыдан қарап, объективті бақылау әдісін қолданды, тұңғыш рет адам денесінің құрылысын жүйелі зерттеді. Жаңа анатомиялық фактілерді ашып, сипаттады, олар «Адам денесінің құрылысы туралы 7 кітап» атты еңбегінде баяндалды.

Габриель Фаллопий (1523 - 1562 ж. ) алғаш рет біраз ағзалардың құрылысын және дамуын «Анатомиялық бақылаулар» атты еңбегінде толық сипаттады.

Бартоломео Евстахий (1510 - 1574 ж. ) Везалий айналыспаған организмдердің даму тарихын да зерттеді. «Анатомия бойынша басшылық» атты еңбегі бар. Везалий, Фаллопий, Евстахий ХVI ғасырда сипаттамалық анатомияның негізін қала- ды.

ХVIІ ғасыр бетбұрыс кезеңі болды, бұл кезде нағыз ғылыми түсініктердің негізі қаланды. Вильям Гарвей (1578 - 1657ж. ) анатомияны зерттеуге тарихи және функ- ционалдық тұрғыдан қарады. Жануар өзінің онтогенезінде филогенезді қайталайды деді, сөйтіп биогенетикалық заңды болжады. Ол «кез - келген жануар жұмыртқадан пайда болады» деген материалистік қағиданы дінге қарсы қойды.

Терминдер

Адам денесін бөлетін жазықтықтар:

Сагиталды жазықтық: дененің дәл ортасынан өтеді. Денені оң және сол екі жаққа бөледі.

Вертикалды, фронталды жазықтық: сагиталды жаз. тікбұрыш жасай өтеді. Фронталды маңдайға паралель. Ол денені алдыңғы және артқы деп бөледі.

Горизонтады жазықтық: Сагиталды ға да фронталды ға да тікбұрыш асай жүргізіледі. Дененіж жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі.

Жекеленген нүктелер мен сызықтар орны:

Медиалды( medialis ) - ортасы, латериалды( laterialis ) - бүйір беті

Алдыңғы беті - anterior немесе вентралды (venteralis)

Артқы беті - posterior немесе дорсалды бөлік (dorsalis)

Жоғарғы бөлік - suprerior

Төменгі бөлік - inferior

Сыртқы - externus

Ішкі - internus

Беткі - superficialis

Терең - profundus

Үлкен - magnus

Кіші - parvus

Үкендеу - major

Кішілеу - minor

Дисталды - төменгі бөлігі

Проксималды - жоғары бөлігі

Эпифиз - ұшы

Апофиз - ортасы

ТАҚЫРЫБЫ: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы анатомиясы. Сүйектердің жіктелуі. Сүйектердің құрылысы. Сүйектердің түрлері. Сүйектердің химиялық құрылысы және қасиеттері

Жануарлардың өсімдіктен негізгі айырмашылығы - олардың қоршаған ортада орын ауыстыра қозғала алуы. Бұл әрекетті олар тірек - қимыл аппараты арқылы іске асырады. Қозғалыс қызметінен басқа тірек - қимыл аппараты дененің жерге тірегі қызметін де атқарады, сондықтан оны тірек - қимыл аппараты деп атайды. Сонымен қатар оны антигравитациялық аппарат деп атайды, өйткені біз әрбір адымдаған сайын жердің тартылыс күшін жеңіп отырамыз.

Адамның тірек - қимыл аппараты сүйектерден, олардың қосылыстары мен бұлшықеттерден тұрады. Қимыл сүйектердің қосылған жерлерінде пайда болады, ал бұлшықеттің негізгі қасиеті жиырылу болғандықтан, сүйек рычагтарын қимылдатады.

Қозғалыс аппараты 2 - ге бөлінеді:

1) пассивті - сүйек және оның қосылыстары

2) активті -бұлшықеттер жатады

Сүйек ағза ретінде

Сүйек, оs, ossis - тірі адамның әрбір сүйегі күрделі орган. Олар денеде дәл орналасқан, түрі мен құрылысы ерекше және өзіне тән қызмет атқарады.

Сүйек бірнеше тіннен тұрады. Оның ішінде сүйек тіні басты роль атқарады. Шеміршек тек буын беттерін жауып тұрады. Сүйектің сырт жағы сүйек қабымен қапталған. Ішінде жілік майы орналасқан. Сүйекте қан, май тіні, лимфа тамырлары, нервтер бар. Сүйек тінінің үлкен механикалық қасиеті бар. Оның төзімділігін металлмен салыстыруға болады. Сүйектің салыстырмалы салмағы 2, 0. Жанды сүйекте су 50%, органикалық белоктық заттар 12, 5% (оссеин, оссеомукоид), бейорганикалық заттар 21, 8%, майлар 15, 7 %. Яғни сүйектің 3/2 бөлігі бейорганикалық заттар сүйекке қаттылық қасиет береді. Ал 3/1 бөлігі органикалық заттар шымырлығын қамтамасыз етеді.

Сүйекте минералды заттар жас ұлғайған сайын көбейеді, сондықтан кәрі адам сүйегі сынғыш келеді.

Құрылысы: микроскоппен қарағанда сүйектің құрылымдық бірлігі остеон деп аталады. Ол тамырлар мен нервтер өтетін орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшаларынан тұрады. Табақшалар арасында сүйек аралық зат орналасады. Остеондардан трабекулалар құралады. Олар екі түрлі сүйек затын құрайды. Егер трабекулалар тығыз жатса, онда тығыз тұтас зат, ал бостау жатса кеуекті зат алынады.

Жілік майы - сүйек ұяшықтарында орналасады. ол қан жасау және организмді биологиялық қорғау қызметін атқарады. Ол сүйектің қоректенуі мен өсуіне, дамуына қатысады. Жілік сүйектерінде ол оның қуысында болады.

Жілік майы екі түрлі болады:

Қызыл жілік майы- қан тудыратын орган. Ол дәнекер тінді, жіңішке торлардан құрылған. Онда көп мөлшерде қызыл және ақ жасушалары дамиды. Ол қан ағысымен бүкіл ағзаға тарайды.

Сары жілік майы - май жасушаларынан тұрады.

Сүйек қабығы, рeriosteum - қызғылт түсті дәнекер тінді жұқа қабыршақ, жалпы екі қабаттан тұрады: 1) сыртқы қабаты - талшықты, 2) ішкі беті сүйек түзетін камбиалды қабаттан тұрады. Онда қан тамырлар мен нервтер көп, сол себепті қызыл түсті болады. Сүйек қабығы арқылы сүйек жуандығы өседі.

Атқаратын қызметі мен дамуына қарай әр жілік сүйек мына бөліктерден тұрады:

Диафиз - сүйектің денесі немесе ортаңғы бөлігі. Ол сары жілік майы бар сүйек түтігінен тұрады. Түтік қабырғасы тығыз заттан тұрады. Қызметі: тірек және қорғаныс.

Эпифиз- сүйектің жуан жағы - жоғарғы және төменгі ұштары. Ол қызыл жілік майы бар кемік заттан тұрады.

Метафиз- эпифизге жанасып жатқан диафиздің ұштары. Балалық шақта диафиз бен эпифиздің аралығы шеміршекті болады. Ал есейгенде ол сүйекке айналып, диафиз бен эпифиздің арасында метафиз пайда болады. Бұл сүйектің өсу нүктесі, ол арқылы сүйек ұзындығы өседі.

Апофиз - эпифиздің қасындағы сүйек бұдырлары. Оларға бұлшық еттер мен байламдар бекиді.

Сүйектердің жіктелуі

Сыртқы пішіні жағынан сүйектер : ұзын, қысқа, жалпақ, аралас болады . Сүйектер құрылысы, дамуы, қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді;

1) Жілік сүйектер - жілік майлы қуысыбар түтік түзетін кеуекті және тығыз заттан тұрады. Қызметі: үш функция.

2) Кемік сүйектер - тығыз заттың жұқа қабатымен жабылған кемік заттан тұрады, олар ұзын (қабырға, төс), қысқа кемік сүйектерге (омыртқа, білезік, тілерсек) бөлінеді, сонымен қатар оларға тобық сүйектер де жатады. Қызметі: бұлшықеттердің жұмысы үшін тетік болу.

3) Жалпақ сүйектер : а) бас сүйектің жалпақ сүйектері (маңдай, шеке) ;

б) иық, жамбас белдеуінің жалпақ сүйектері (жауырын, жамбас) .

4) Аралас сүйектер - бірнеше бөліктен тұрады, қызметі, құрылысы, дамуы әр түрлі. Мысалы: бұғана.

Қаңқа ( грекше skeleton - қаңқа, кептірілген скелет ) сүйектер жиынтығынан тұрады. Олар өзара дәнекер, шеміршек және сүйек тіндерінің көмегімен байланысқан. Қаңқа қимыл апаратының пассивті бөлігін құрайды. Қызметі үшеу: 1) тірек; 2) қозғалыс; 3) қорғаныш. Қорғаныш қызметі - ішкі ағзаларды жеке сүйектерден сүйек қуысын жасау арқылы қорғап тұрады (бас сүйек қуысы, кеуде қуысы, жамбас қуысы) .

Сүйек жүйесінің биологиялық маңызы - ол минерал алмасуына қатысады (қаңқа - P, Ca, Fe, т. б. минералды тұздар қойнауы) . Адам қаңқасы 200 - ден астам сүйектерден құралған, олардың 95 -і жұп сүйек. Қаңқаның салмағы 5 - 6 кг, дененің жалпы салмағының ерлерде 10% - ын, ал әйелдерде 8, 5% -ын құрайды.

Қаңқаның бөліктері:

Тұлға қаңқасы ( омыртқалар, қабырғалар, төс) ;

Бас қаңқасы (бас сүйек пен бет сүйек ) ;

Қол - аяқ сүйектері - иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) . Қол сүйектері (тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол ұшы) .

Аяқ сүйектері ( ортан жілік, асықты жілік және оның шыбығы, аяқ ұшы) .

ТҰЛҒА ҚАҢҚАСЫ - OSSA TRUNCI (омыртқалар, қабырғалар, төс)

Омыртқа жотасы, columna vertebralis 33-34 омыртқадан құралған. Иіндер бойынша мойын, бел иіндері (лордоз) алға қарай бағытталса, кеуде және сегізкөз иіні (кифоз) артқа бағытталған. Омыртқа түр өзгешілігіне қарай негізгі (мойын, кеуде, бел) және жалған (1, 2 мойын, сегізкөз, құйымшақ) болып бөлінеді. Омыртқа - денесінен, доғасынан, және 7 өсіндіден тұрады. Алдыңғы қалың бөлігі денесі ( corpus), артқы бөлігінде қантамырлар мен нервтар өтетін тесікшелер(foramina nutricia) орналасқан. Омыртқалар бір бірімен дискілер(duscus) арқ. байланысып омыртқа бағанасын түзеді. Артқы бөлігі Омыртқа доғасы өзінің жіңішкелеу келген аяқшасы(arcus vert. ) арқылы омыртқа денесімен бітісе жалғасқан. Омыртқа доғасының жоғарғы және төменгі бөлігінде омыртқалық тіліктер(incisura vert. Sup-inf) орналасқан. Бұл тіліктер көршілес аттас тіліктермен беттесіп қантамырлармен нервтер өтетін омыртқа аралық тесік(foramen intervertebralis) түзеді. Денесі мен доғасы қосылып, омыртқа тесігін түзеді, барлық омыртқа тесіктерінің жиынтығынан омыртқа өзегі(canalis vertebralis) түзіледі.

Омыртқа өсінділері (саны 7) омыртқа доғасының бойында орналасқан.

Доғадан омыртқалардың қозғалысы үшін өсінділер тарайды. Әр омыртқада 7 өсінді бар: ортаңғы сызық бойымен - тақ қылқанды өсінді немесе сүйір өсінді(processus spinosus), екі бүйірінде жұп көлденең өсінді(processus transversi), екі жоғарғы буындық және екі төменгі буындық өсінділер(processus articularis superior, inferior)

Буын өсіндісінің негізгі қызметі: іргелес өзі аттас омыртқаның буын өсіндісімен өзара беттесіп, буын құрау. Омыртқа жотасының Қызметі 3 - еу:

  1. Дененің тірегі қызметі, алдығы жағынан орналасқан және қысқа бағанша арқ. corpus денесі арқ.
  2. Өз өзегіндегі жұлынды қорғайды, омыртқа өзегі арқылы(canalis vertebralis)
  3. Дене мен бас сүйектің қимыл - қозғалысына қатысады.

Омыртқаның, лат. vertebra Омыртқа жотасы 5 бөлімге бөлінеді:

  1. Мойын омыртқалар -7, vertebra cervicales
  2. Кеуде омыртқалар -12, vertebra thoracicae
  3. Бел омыртқалар - 5, vertebra lumbales
  4. Сегізкөз омыртқалар - 5, vertebra sacrales
  5. Құйымшақ омыртқалар - 1 - 5. vertebra coccygea

Жұлын 2- ші бел омыртқа деңгейінде аяқталады.

Мойын омыртқалары, лат. vertebrae cervicalis с алмақ аз түсетіндіктен денелері кіші, көлденең өсіндісінде (formina processus transversalia) тесік болады. Мойын омыртқалары сыртқы пішіні мен түр өзгешеліктеріне және атқаратын қызметіне қарай: негізгі (типтік) омыртқаларға (С3-С7) және жалған (атипатикалық) омыртқаларға (С 1 С2) бөлінеді. Тесіктер жиынтығынан өзек пайда болады. Ол арқылы мойын артериясы мен венасы өтеді. 2-5- ші омыртқаның қылқанды өсіндісінің ұштары екіге бөлінген. 7- ші омыртқада(vertebra promines) қылқанды өсінді үлкен шығыңқы болады. Бұл омыртқаны сипап сезуге болғандықтан диагноз мақсатында омыртқаларды санау үшін. 6-шы омыртқаның алдығы төмпешігі жақсы дамыған ол ұйқы төмпешігі(tuberculum caroticum) болып табылады. 1-2 - ші мойын омыртқа бассүйекпен буындасуға байланысты ерекше.

І - ші ауыз омыртқаның, atlas, денесі жоқ, Бұл омыртқа: алдыңғы, артқы доғасынан және жұп бүйір бөліктерінен тұрады. Алдыңғы доғасы (arcus anterior) доғаның алдыңғы беті дөңестеу болып келумен қатар, мұнда алдыңғы доғаның төмпешігі, (tuberculum anterior), орналасқан. Омыртқа тесігі кең, алдыңғы және артқы доға(arsus) өзара бүйір массамен(massae lateralis) қосылған. Оның жоғарғы буын ойығы шүйде сүйегімен, ал төменгі ойығы - екінші мойын омыртқамен буындасады. Қылқанды өсіндісі жоқ, орнында төмпешік.

ІІ - ші мойын омыртқа, біліктік, лат. axis, epistrofeus деп аталады . ол І -ші омыртқаның тесігіне кіріп тұрады. Негізгі ерекшеліктері:

- денесінің жоғарғы бетінде тіс тәрізді немесе тісі(dens) орналасқан. Тістің алдыңғы бетінде ауыз омыртқаның тістік шұқыршасы мен беттесіп, буын құрайтын буын беті(lasies articularis anterior), артқы бетінде ауыз омыртқаның көлденең байламымен беттесіп, буын құрайтын артқы буын беті, (fasies articularis posterior), орналасқан. Tic тәрізді өсіндінің қызметі: 1 мойын омыртқа мен және бассүйекпен буындасып, вертикальді біліктің бойында бастын, оң немесе солға қарай бүрылып қозғалуын қамтамасыз ету.

1. Жоғарғы буын өсіндісі, (processus articularis superior) нашар дамыған, оған түсетін салмақтын әсерінен жалпақтау болып келген.

2. Төменгі буын өсіндісі, (processus articularis inferior), жоғарғы буын өсіндісіне қарағанда жақсы дамып, фронтальді жазықтықтың бойында орналасқан. Буын беті төмен және алға қарайбағытталған.

3. Арқа есіндісі ұзындау келіп, ұшы айырылган.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас бұлшық еттері. Аяқ және қол бұлшық еттері
Көкірек клеткасының бұлшық еттері
Аяқтың бұлшық еттері
Бұлшық еттер туралы ілім.Тұлға,құрсақ және арқа бұлшық еттері
Іштің бұлшық еттері
Жамбас және аяқтың бұлшық еттері
Тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары
Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz