Ағылшын тілінің фразеологизмдері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Туран-Астана Университеті

LOGO VARIANT 10

«Қорғауға жіберілді»

«Әлеуметтік- гуманитарлық

LOGO VARIANT 10 және тілдік пәндер»

кафедрасының меңгерушісі

Г. Карипжанова

«» 2021 ж.

Хаттама №

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Фразеологизмдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері (і. Есенберлиннің «Көшпенділер» романының негізінде) »

Мамандығы : 5B020700- «Аударма ісі»

Орындаған:

«Аударма ісі» мамандығы бойынша

IV курс студенті

Балмағанбет Бейбарыс Рахметоллаұлы

Ғылыми жектекшісі:

Профессор, педагогикалық ғылымдарынын докторы

Нұр-Сұлтан, 2022 ж.

АННОТАЦИЯ

Фразеологизмдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романының негізінде

Фразеологизмдер, жалпы тілдегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблематикасы. Аударма барысында фразеологизмдерді екінші тілге жеткізудің қаншама қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді.

Бұл зерттеулік жұмыс жүйесі І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романын негізге ала отырып, осы фразеологизмдердің аудару жолдары, аудармашының қиял әлеміндегі қиын-қыстау саяхаттарын талдау және таныстыру мақсатында орындалды.

Зерттеу барысында, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» атты романынын түп нұсқасы мен аудармасы арасындағы айырмашылықтар мен аудару ұсыныстарын көре аласыздар. Аудару тәсілдернің қолданған жолдары, олардың ерекшеліктері, екі тілдің менталитеттік айырмашылықтарын және олардың әсері жайында да, саралай отыра талданады.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 4

1 ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ КЕЗІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР . . . 6

1. 1 Қазақ фразеологизмдерінің зерттеу тарихы . . . 6

1. 2 Идиома және фразеологизм . . . 8

1. 3 фразеологизмдерді аудару мен аудару барысындағы қиындықтар . . . 9

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 13

2. 1 І. Есенберлин «Көшпенділер» романымен танысу . . . 13

2. 2 Романдағы фразеолозмдерді «фразеологизмнің» түрлеріне қарай бөле отырып анықтау . . . 16

2. 3 Оларды аударғандағы ерекшеліктер мен ескеретін қағидалар . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда фразеологизм, тілдің байлығын, даму үрдісін және сол тілде сөйлейтін адамдардың менталитетін анық айқындатын тәсіл деуге болады. Фразеологизмде халықтың тарихы мен салт-дәстүрінің нышаны жатыр. Профессор А. В. Кунин ағылшын тілінің фразеологиясын былай сынайды: «фразеологизмдер негізінде халықтын айқын дүниесіне байланысты келеді, бірақ ағылшын тілінде, ағылшын халқынын ғана емес, басқада өкілдердің фразеологизмдерін жинаған. Ағылшын фразеологизмдері өзіндік және өзгелік фразеологизмдерді жинақтағанымен, өзгелік яғни, «кірме» фразеологизмдер басым. Олардын кей біреуінде архаикалық элементтерде бар».

Фразеология бір немесе бірнеше сөзден құралған тұрақты тіркестерді зерттейтін лингвистиканың бір бөлігі. Образдық, семантикалық, қысқалығы мен тереңдігіне қарай тілдегі басты рөлді атқарады. Фразеологизмдер көбіне ауызша сөйлегенде, көркем әдебиеттерде және политикалық әдибиеттерде кеңінен қолданылады. Фразеологизмдерді зерттеу бағытына Н. Н. Амосов, С. Г. Гаврин, А. В. Кунин, А. И. Смирниц, Н. М. Шанский және т. б. өмірлерін арнаған.

Бітіру жұмысының мақсаттары мен мінденттері:

  • Аударма түсінігіне анықтама беру;
  • Фразеологизмдерді аудару ерекшеліктері мен тәсілдері;
  • Фразеологизм мен жай сөздердін айырмашылықтары;
  • І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романын талқылау;
  • Романдағы фразеологизмдердің қолдану аясын анықтау;
  • Романдағы фразеологизмдерді ағылшын тіліне аударғанда қолданылған тәсілдер;
  • Аударылған нұсқа мен түп нұсқаның семантикалық ұқсастығы;
  • Фразеологизмдер арқылы екі тіл арасындағы менталитеттік айырмашылықты табу;

Бітіру жұмысының басты нысаны ; І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романының 1 бөлімі «Алмас қылышқа» сүйене отырып фразеологизмге анықтама беру.

Бітіру жұмысының теориялық және практикалық маңызы; І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романы мен оның ағылшын тіліне аударылған нұсқасы. Екі шығармашылық жұмыстардың ішіндегі фразеологизмдерді түрлері бойынша бөлу, оларды аударғандағы түп нұсқаның негізгі мақсатынын сақталуы.

Бітіру жұмысының зерттеу әдістері . Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес анықталды. Бітіру жұмысында жүйелік-хронологиялық, әдеби-ғылыми аналитикалық талдау, ғылыми тұжырымдамаларды жинақтау, және одан шыққан нәтижелерді дәлелдеп, жарияланады.

Бітіру жұмысының құрылымы . Жалпы жұмыстың құрылымы екі тараудан тұрады; Бітіру жұмысының негізгі талабы бойынша : кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, және де міндетті түрде пайдаланылған негізгі әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Фразеологизм және оларды аудару кезінде кездесетін қиындықтарҚазақ фразеологизмдерінің зерттеу тарихы

Фразеологизмдердің пайда болуы қандайда бір уақытпен анықталмаған. Олар тілмен бірге қалыптасып, тіл тарихына сіңісіп кеткен. Фразеологизм жеке лексикалық бірлік ретінде XVIII ғ. таңылды. Бұл тұрақты тіркестер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәтүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады.

Фразеология - ауызекі және жазба әдебиетте ерекше орын алатын, кез келген халықтың ойлау ерекшелігін, даналығын айғақтайтын тілдің айшықты да, мәнерлі бай саласының бірі. Халқымыздың тіл қазынасының бір бөлігі бола отырып, ұлттық тіл байлығымыздың нағыз қайнар көзі ұрпақтан ұрпаққа өте келе өз маңызын жоғалтқан емес. Фразеология - «phrasis» - орам, «logia» - ұғым, ілім деген грек сөздерінен құралған. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазігі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден - белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады.

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу нышанына айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді төрт кезеңге бөліге шартты болды: Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертациялық зерттеулер нышанына айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар түгелдей назарларын арнады. Фразеологизмдердің теориялық - практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанов секілді зерттеушілер фразеологизмдердің тақырыптық - мағыналық топтарын синтаксистік қызметін арнайы зерттеп тұжырымдар жасады. Фразеологины дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, сол жайлы еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуге мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты «үш белгіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан тірей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлкен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі - фразеологиялық түйдектер, екіншісі - фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес» деп тұжырымдады. С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт-бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады деген сұраққа көңіл бөлді.

Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60-жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады деген ойға келді. Р. Сәрсенбаевтың «қазақ мақал -мәтелдерінің лексика- стилистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында, С. Исаевтың «қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл бөліп, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың «қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері», м. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркесте» мақалалары мен осы жылдары өорғалған Х. Қожахметовтың «Ғ. Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е. Бектұрғановтың «М. Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді. Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А. Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап, Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақовқа, А. Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі тілші ғалымдар назарын аударды. Академик І. Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фразаны қатыған « қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты.

Үшінші кезең - қазақ фразеологиясын жан - жақты зерттеу кезеңі. 80-ші жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ж. Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зертесе, Д. Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы бірігу жолдарына (калькалау) көңіл бөлді. Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М. М. Копыленко мен З. Д. Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжірибелері жүзеге асты. Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 - жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан - жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени - танымдық аспектиідегі кейінгі он жылдықта академик Ә. Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады. Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле зерттеу - қазақ фразеологизмдерін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С. Сәтенованың « Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты», Г. Смағұлованың « Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық - мәдени аспектілері» докторлық диссертацияларын атауға болады. Қ. Ғабитханұлы наным - сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б. Қызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді. Фразеология жөнінде к. Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. К. Аханов өзінің кітабында фразеологияны біраз талдайды. Ол осы еңбегінде бұларды екі топқа бөліп: оның бірін - еркін тіркес, екіншісін - тұрақты фразеологиялқ тіркес деп алады. Мұның алдыңғысын синтаксистік сыбағасына беріп, кейінгісін лексиканың құрамында қарастырады. Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құлымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр.

  1. Идиома және фразеологизм

Идиома деген - фразеологизмнің бір түрі десекте болады. Бірақ, фразеологизмнен айырмашылығы идиомалар ұлтқа тән, сол ұлтқа ғана түсінікті келетін фразеологизмдер. Ал, фразеологизмдер басқа тілге аударуға келетін, басқа ұлт өкілділеріне түсінікті болатын сөздік құралым. Мысалы, қазақша «алқымынан алды» фразеологизмін, орыс тіліндегі «взять за шиворот» деген эквиваленттілігімен қиыстыруға болады. Ал, « астынан су шықты ма?», «жылан тістеп алдыма?» деген идиомаларды орыс тіліне « на месте не сидится» деп аударуға келгенімен, оларды басқа ұлт өкілдеріне түсіну қиынға соғады. Себебі, «астынан шу шықты ма?» идиомасын бір адам, не затты орынынан қозғаған кезде қолдансақ, « жылан тістеп алды ма?» идиомасын орынында отыра алмайтын, жыбырлақ адамға қолданамыз. Демек, орыстын « на месте не сидится» идиомасын «жылан тістеп алды ма?» деген идиомаға эквивалент деп айтуға болады.

Жалпы айтқанда, идиома бұл - ұлттық нышаны бар фразеологизм. Кей фразеологизмдерді аудару оңайға соқса, кей біреуін аудару қиынға соғады. Кейде тіпті аударылмайтындарыда бар. Міне осы аударуға келмейтін фразеологизм түрін - идиома дейміз. Мысалы, «иманы кірді», «атанның басы» дегенді қалай аударуға келеді? Бұны аудару мүмкін емес, себебі, бұл қазақ ұлтына сай, салт-дәстүрімізге, дінімізге сай келетін идиомалар. Бұндай идиомаларды аударуға келмеседе олардың эквиваленттерін сол тілдің өзінен іздеп табуға болады.

Тұрақты сөз тіркестер тобын фразеологизм дейміз. Фразеологизм - жай сөздерден құралып бір мағына беретін сөздік құрам. Оларды, дәлме-дәл аударуға, сөздердің мағынасына қарай жалпы ұғымын пайымдауға келмейді.

Фразеологизмдер әр тілде өз орынын тапқан. Әр тіл үйренушіге ең қиын келетіні бұл фразеологизмдерді оқи және түсіне алу болып табылады.

Фразеологизмдерді 4 негізгі топқа бөліге болады:

  • Идиомалар
  • Фразеологизмдік бірліктер
  • Фразеологизмдік құрылымдар
  • Фразеологизмдік сөйлемдер немесе тіркестер

Фразеологизмдік бірліктер - жай сөздерден құралып бір мағына беретін, жеке-жеке басқа мағына беретін фразеологизмнің бір түрі.

Мысалы, «кірерге тесік таппады» фразеологизмінде әр сөзді жеке алатын болсақ, кәдімгі, күнделікті қолданып жүрген сөздер. Ал, барлығын жинап фразеологизм шығарсақ «ұялу, ұятқа қалу» деген мағынаға ауыса кетеді.

Фразеологизмдік бірліктерді тағы да, бірнеше топқа бөлуге болады. Олар:

Салыстырмалы (айдай сұлу), метафорлық элементі бар эпитеттер «қаз дауысты», және гиперболалық (асыра сілтеу) - «түймедейді, түйедей етті», литоталық (кемсіту) - «биттің қабығындай».

Фразеологизмдік құрылымдар деген - фразеологизмді құрайтын сөздер қатарын, жай сөздерді өзгертуге, айырбастауға болатын тұрақты тіркестер. Мысалы, «жанын қоярға жер таппады» деген фразеологизмдегі сөздерді басқа сөзбен ауыстырсақ, «қолын қоярға жер таппады» десек басқа мағыналы фразеологизм шығара аламыз.

Фразеологизмдік сөйлемдер, семантикалық, өздік номинаттық мағынасы бар сөздер қатарынан құралады. Мысалы, фразеологизмдік сөйлемдерге қанатты сөздерді, мәтелдерді, афоризмдерді жатқызуға болады.

Фразеологизмдік сөйлемдердің, фразеологизмдік құрылымдардан айырмашылығы, фразеологизмдік сөйлемдерді құраған жай сөздерді ауыстыруға келмейді. Мысалы, «махаббат жасқа қарамайды» фразеологизмдік сөйлемінде еш сөзді ауыстыруға келмейтінін көріп отырмыз.

  1. Фразеологизмдерді аудару жолдары мен аудару барысындағы қиындықтар

Фразеологизмдік бірліктер, талай ғалымдар зерттеп жүрген лексиканың спецификалақ құрамы болып табылады. Фразеологиялық теория зерттеулерінің басты тақырыптарының бірі фразеологизмнің параметрлері, фразеологизмнің типологиясы, фразеологизмнің семантикалық түрлерін зерттеу, нақты фразеологизм түрлеріне анықтама беру, түрлі идиомалардың қолдану аясын зерттеу. Бұл зерттеулер әлі фразеологизмге беретін толық сипаттар бере қойған жоқ.

Фразеологизмдерді зерттеудегі ең басты мәселе ол, олардың «аудару» мәселесі қиындық туғызады. «Аударуға келмейтін» не «аударуы ең қиынға соғатындар» қатарында фразеологизм көш иесі бастап тұр десек қателеспейміз. Тіл қисынына сай болу талабы, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысы, әр халықтың өмірге деген көз-қарастарынын әрқилы болуы, тарихи дамуыларынын өзгешелігі, салт-дәстүрлері мен өмірлік түсінімдерінін ұқсамайтындығы фразеологизмдерді аударуды оданда қиынға соқтырады.

Фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару орасан-зор күшті талап етеді. Себебі, олар өз бойларында талпыныс, қысқа, образдық, көп түйінді және сындық қасиеттерін жинаған. Аудару барысында фразеологизмдердің мағынасын ғана жеткізбей, образдық, стилистикалық функциясын, контестік маңыздылығын жеткізуде қажет.

Я. И. Рецкер өзінің фразеологизмдерді зерттеу жұмысында, « аудармашы фразеологизмдердің мағынасына үңіле білуі, эмоциональды-экспрессивтік функцияларын білдіре алуы, сонымен қатар фразеологизмнің теориялық сұрақтарын пайымдай алуы тиіс» - деп ескертіп кеткен. В. Л. Архангельский фразеологизмдерді аудару барысына мыналарды жатқызады:

  • екі тіл ерекшелігі;
  • фразеологизмдердің полисемиялығы (көп мағыналығы) ;
  • екі тілдің стилистикалық, эмоциональды-экспрессивтік, грамматикалық, семантикалық әртүрлілігі;
  • идиомалық қасиеті;
  • тіл қатаңдығы;
  • фразеологизмдердің ауыспалы қолданысы;
  • фразеологизмдерге ықпал ететін нақты бір социальды-тарихи оқиғалар;

Сол себепті, фразеологизмдерді аударғанда аудармашыға тек екі тілді біліп қана қоймай, түп нұсқа мәтініне анализ жасай білуі, стилистикалық, дәстүрі мен тарихи айырмашылықтарын ескере отырып, фразеологизмнің мәнін жеткізе білуі тиіс.

Фразеологизмдерді аударудың жолдары көп. Бірақ Л. Ф. Дмитриева, фразеологизмдерді аударудың негізгі 4 түрін көрсетеді:

  • фразеологизмдік эквиваленттілік;
  • фразеологизмдік аналог;
  • калькалау тәсілі;
  • сипаттама аудару;

Фразеологизмдік эквиваленттілік бұл - басқа тілде дәлме-дәл, сол фразеологизмге мағынасы мен стилистикалық құрылымы сай келетін эквиваленттіліктің болуы. Фразеологизмдік эквиваленттілік аудармашыға фразеологизмді екінші тілге нақты жеткізуге көп көмек тигізеді.

Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Қазақша эквиваленттіліктері
Ағылшын тілінің фразеологизмдері: As cold as ice
Қазақша эквиваленттіліктері: Мұздай суық
Ағылшын тілінің фразеологизмдері: The bitter truth
Қазақша эквиваленттіліктері: Ащы шындық
Ағылшын тілінің фразеологизмдері: To play with fire
Қазақша эквиваленттіліктері: Отпен ойнау
Ағылшын тілінің фразеологизмдері: To take oneself in hand
Қазақша эквиваленттіліктері:

Өз-өзіңді қолға алу.

Сабырға кел

Ағылшын тілінің фразеологизмдері: To make oneself live by …
Қазақша эквиваленттіліктері:

Бірдемемен күнін көру.

Нәпәқатын көру

Ағылшын тілінің фразеологизмдері: Silence is acceptance
Қазақша эквиваленттіліктері: Үндемеген, дым демейді
Ағылшын тілінің фразеологизмдері: Be struck in the past
Қазақша эквиваленттіліктері: Өткенмен өмір сүру

Фразеологизмдік аналогтер деп басқа тұрғыдағы, бірақ мағыналары ұқсас фразеологизмдерді атаймыз. Бұл амалды эквивалентін таба алмаған кезде қолданамыз.

Бұл амалды қолдана отырып эквиваленттіліктің шарық шыңына жетуімізге болады. Мысалы,

To turn back the clock

Істелген іс, істелді

Болары болды, бояуы сіңді

To turn back the clock: To hit smb. where it hurts
Істелген іс, істелдіБолары болды, бояуы сіңді: Біреудің жанын ауырту
To turn back the clock: As like as two pears in the same pot
Істелген іс, істелдіБолары болды, бояуы сіңді:

Ұқсамаса тумағыр.

Екі түстес

Екі аққудың сыңарындай

To turn back the clock: To work one`s fingers to the bone
Істелген іс, істелдіБолары болды, бояуы сіңді: Сілесі қатып жұмыс істеу
To turn back the clock: To give one`s shoulder to somebody
Істелген іс, істелдіБолары болды, бояуы сіңді: Көмек қолын созу
To turn back the clock: To get to the point
Істелген іс, істелдіБолары болды, бояуы сіңді: Сөздің тоқ етері айту

Аналогтарды қолданғанда олардын мағыналарына ғана емес, қолдану аясынада мұқият болған жөн. Мысалы, «jack of the trades, master of none» мен қазақша аналогы «қолы алтын адам», «қолынан бал тамған» дегенді салыстырсақ. Ағылшыншасы негативті мағынада қолданса, қазақша аналогы позитивті мағынада қолданылады.

Калькалау тәсілі дәлме-дәл аудару болып табылады. Калькалау тәсілін эквивалент пен аналогты табу мүмкін емес кезде қолданамыз.

Калькалау тәсілін қолданғанда екі шартты сақтау керек:

  • Фразеологизм оқушыға түсінікті болуы;
  • Тілдік норманын барлық ережелеріне сай болуы;
Get into the trouble
Бәлеге қалу
Get into the trouble: Golden age
Бәлеге қалу:

Алтын уақыт.

Алтын . . . шақ

Get into the trouble: Time is money
Бәлеге қалу: Уақыт - ақша

Сипаттама аудару фразеологизмнің өзін емес, онын мағынасын сипаттай отыра аудару болып табылады. Сипаттама аудару түсіндірмелі, салыстырмалы, сипаттама, суреттеме жолдарымен жасалынады.

East or west, home is best
Өз үйім өлең төсегім
East or west, home is best: To give a wide berth
Өз үйім өлең төсегім: Тыныш болу үшін, бірдемеден алшақ болу. Қаша жөнелу
East or west, home is best: Lion`s share
Өз үйім өлең төсегім: Жомарттық
East or west, home is best: Lie like a rug
Өз үйім өлең төсегім: Беті бүлк етпей өтірік айту дегенге келеді
East or west, home is best: Cut your losses
Өз үйім өлең төсегім: Шығынға бата бергенше, бір іс қылу дегенді білдіреді

Бұл тәсілдерді анализдай отырып, фразеологизмдердің аудару түрін екіге бөлуге болады:

  • Фразеологизмдік аударма - фразеологизмдермен аудару ( аналог пен эквиваленттілік) ;
  • Фразеологизмдік емес аударма - басқа да жолдармен аудару (калькалау мен сипаттама аудару) ;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ
Фразеологиялық айналым сөздердің классификациясы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі фразеологизмдердің топтастырылуы
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Дене мүшелері мен соматикалық процестер
Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz