Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау


КІРІСПЕ
Судьяның тәуелсідігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылғандықтан, оған ең жоғарғы заң кү-шінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір ретінде қарастырылады.
Ел басамыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы судьялары-ның VI съезінде сөйлеген сөзінде «Біз «Қазақстан - 2050» стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіру жалғас-тыра беруіміз қажет. XXI ғасырдағы ұлттың дамуының маңызды өлшемі- мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тәуелсіз және әділетті сот- құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың әл- ауқатының жоғарғы деңгейінің де, қо-ғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес»- деген болатын.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігінің іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот жүйесі сот билігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға- судьялардың бірыңғай мәртебесімен және қызметінің ерекше режимі-мен ерекшеленеді. Сот билігінің ерекше белгісі оның қызметін бақылаудың ерекше жүйесі болып табылады. Сот билігі сонымен бір-ге бекітілген іс жүргізушілік нысандарын қатаң сақтай отырып оның құзретіне кіретін іс жүргізушілікпен қатар материалдық заңдарды да қолдану жолы арқылы соттармен жүзеге асырылатын биліктік өкілет-тіліктер жиынтығын құрайды.
Сот билігінің негізгі мақсаты- қоғамның мүшелерін кез- келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.
Жұмыста судбяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсідігі деп те қарастырлатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуелсідігі деп сот құрамына кіретін барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.
Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады.
ҚР АПК-нің 12 бабына сәйкес, судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конститу-циясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судбялар есеп бермейді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық процестік кодексін, ҚР «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судбялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, ҚР Жоғарғы Сот Бюллетіне ғылыми дессертациялар және қазіргі қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан және Ресе» ғалымдарының еңбектері, Сапарғалиев Ғ. С., Қаржаубаев Е. Қ., Мами К. А., Халиков К. Х., Баймолдина З. Х., Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф., ғ Сулейменова Г. Ж., және өзге де ғалымдар мен авторлардың ерекше ерен еңбектерін және басқа да монография жариялымдар деңгеінде көңіл бөлінгенін айтуға болады.
Жұмыстың мақсаты: ҚР Азматтық процестік кодексін, ҚР «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңды, халықаралық және қазақстандақ нормативтік құқықтық актілер арқылы азаматтық сот ісін жүргізудегі судьялардың тәуелсіздік қағидаты зерттеу.
Сол мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Судьяның тәуелсіздігі қағидатының түсініг және оның маңызына
құқықтық тұрғысынан сипаттама беру;
- Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау;
- Азаматтық сот ісін жүргізудегі судьялардың тәуелсіздігі қағидатын қарастыру.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, 4 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ
- Судьяның тәуелсіздігі қағидатының түсінігі және оның маңызы
Латын сөзі принцип негіз, бастапқы негіз, бастама, ереже ұғымдарын білдіреді. Сондықтан, сот билігінің принциптерін заң әдебиеттерінде басқаша, сот әділдігінің негіздері деп те атайды.
Сот әділдігі сот билігінен туындалатын, онымен сабақтас ұғым болғандықтан принциптерді сот билігінің немесе сот әділдігінің деп атау өзгешелікті білдірмейді, керісінше, бұл екеуі бір мағыналы ұғымдар.
Әрине, бұған дейін айтылып кеткендей, сот билігінің түсінігі сот әділдігі ұғымынан әлдеқашан кең және көлемді. Бұған, тіпті, сот әділігі сот билігінің бір (басты да, әрі негізгі) нысаны деп көрсетудің өзі дәлел. Сондықтан кең мағынасында қарастыра келе, тақырыпты судьяның тәуелсіздігі - сот билігінің демократиялық принципі деп атау сот әділігі сот билігі түсінігінен туындайтындығымен, екіншіден оны жүргізуші басты тұлға судья болғандықтан, судьяның тәуелсіздігі деп қарастырумен байланыстырып, уөж етуге болады. Демек, дәстүрлі терминологиялық атаудан аса бір ауытқу болмайды деген сөз.
Осымен қатар, судьяның тәуелсіздігі принципін біз қынмыстық іс жүргізу құқығының басты әрі негізгі принциптерінің біреуі ретінде қарастырамыз. Әрине, бұл принциптің азаматтық іс жүргізу саласында да орасан зор рәлі мен орны бар екендігінде сөз жоқ. Бір сезбен айтқаңда, сотта іс жүргізу мәселелеріне байланысты судьяның тәуелсіздігінің өзектілігі мен қажеттілігің қарастыруды мақсат етеміз.
Қазақстан Республикасының Констшуциясында (оның 75, 77-баптарында) сот төрелігі деп аталады. Осыған орай, бұған дейін және жалпы осы жұмысымызда сот төрелігі, сот еділдігі, сот билігі ұғымдарын алма-кезек, немесе қабаттастырып айтуымыздың себебіне тоқталатын болсақ, өкінішке орай, әлі де заңдарымызда, пайдалануға ұсынылған құқық әдебиеттерінде кездесетін заң терминдерінің айтынуының (жазылуының да) кемшіліктері мен жетіспеушіліктеріне сілтеген болар едік. Бұл басты себеп болса, одан тыс аталмыш терминдердің біркелкілендірілмеуі, ягаи, әр түрлі (синонимдес сөздер) аударылуының да салдары бар. Еліміздің Ата Заңын, т. б. норматавтік құқықтық актілерін мемлекеттік тілде жазушы қауымның еңбегін құрметтей отырып, осы мәселеге байланысты пікірімізді келесідегідей етіл көрсеткіміз келеді. Біздіңше, сот төрелігі дегеннен гөрі сот әділдігі деп айтылғаны жөн. Тіпті көпшілік заңгер қауым (ғалымдар, тәжрибелі қызметкерлер де) "сот әділдігі" терминін пайдаланын келеді. Елбасы өзінің республика судьяларының ІІІ-съезінде айтқан алғы сөзіңде де "сот әділдігі" терминін көп қолданып сөйледі .
Бұл екі сөздің (сот төрелігі, сот әділдігі) синонимдестігінде дау жоқ. Бірақ, құқық (заң) саласына тиімділігі сот әділдігі болуы керек. Төрелік деп айтқанда, бұл сөздің үстемдік (билік) мағынасына тартатыны керініс табады. Ал сотты халық әділдік, әділеттілік түсініктерімен үғынады. Былайынша айтқан-да, оділ сот, әділ сот шешімі деп түсінумен ұштасады.
Орыс тілінен аудару жағына келсек, правосудие -правильно судить, с правом судить - деген мағыналарын білдірсе, қазақ тілінде дұрыс соттау, соттау құқығы мағыналарын берген болар еді. Сондықтанда заң терминологиясында дұрысы сот әділдігі деп қолдануды ұсынған болар едік.
Сот билігінің принциптерінің мазмұны мен мәні заңдарда көрінісін табады.
Принциптер зерттеудің бастаушы нысанасы емес, оны қорытындылайтын нәтижесі болып саналады. Бұл түсінік ғылымның барша саласында қолданылады.
Сот билігіне қатысты принциптер деп Конституция мен Конституциялық заңда және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген соттың ұйымдасуының және сот әділдігі мен басқа да өкілеттіктерін жүзеге асыратын қызметінің мәні мен маңызын белгілейтін негізгі ережелер (қағндалар) мен басқарушы идеяларды айтуға болады.
Бұл принциптер азаматтық іс жүргізу құқығына да тән және осы салада кінен қолданылады.
Сот еділдігі принциптерінің нормативтік мазмұны объективтік тұрғыдан олардың құқықтық норма екендігін бітдіреді.
Осыған байланысты, профессор К. Х. Халиқов оларды (принциптерді) соттың ұйымдастырылуы мен қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады - деп әділ есептейді.
Оған дәлел, конституциялық принциптердің ең жоғарғы заң күші болады. Осыған байланысты құқықтардың түрлі салалық принциптері конституциялық негіздерден туындалады. Сот қызметіндегі, әсіресе, сот әділдігін іске асыру барысында бұлжытпай басшылыққа алып, орындауды міндеттейтін бұл негіздердің құқықтық мақсаты бүкіл басқа заң нормаларының өздерімен сәикес болуын талап етуінде. Конституциялық нормалардың бұзылуы сот әділдігіне жатпайтын сот актілерін шығарута әкеп соғады, ал олардың күшін жоғарғы тұрған сот сөзсіз жоюға тиіс болады.
Демек, принцип - норма, құқық шығармашылық қызметте заң базасын реттеуші, оның төңірегінде құқық жүйесінің басқа да элементтері шоғырланатын конструкция (каркас) ретінде танылуға жатады.
Сот әділдігінің конституциялық принциптері соттың құрылысы мен қызметін реттейтін құқық салаларының принциптері мен бүкіл мазмұнында - сот құрылысында, азаматтық іс жүргізу құқығында өз көрінісін тауып, дамытылған. Сот құрылысы мен іс жүргізу құқығы нормаларында сот әділдігі принцилі заңдардың нақты баптарының тұжырымдары түрінде берілуі мүмкін. Алайда, бұл мұндай принциптердің бүкіл мазмұны осы тұжырымдармен шекгеледі деген сөз емес. Кез келген принциптің мәні сол құқық саласының көптеген нормалары мен институттарында көрінеді, әйтпесе принцип белгілі бір құқық саласы үшін өзінің негізгі мәнін жоғалтар еді.
Кейбір принциптер салалық заңдарда жекелеген нормалар немесе заңдардың баптары түрінде тұжырымдалған. Бұл ретте олардың мазмұны құқық саласының түрлі ережелерінде ашылады, ал мұндай принциптің ұғымы ғылыми зерттеу процесінде және тиісті саланың көптеген құқықтық нормалары мен институггарын іс жүзіне асыру барысында айқындалады. Сот билігі принциптерінің ерекшелігі мынада: олардың бәрі Конституцияда және салалық заңдарда сот құрынысы мен іс жүргізу құқығының нақты нормалары түрінде берілген.
Принциптер мынадай екі бағыт бойынша жүйеленеді: ең алдымен конституциялық, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, баяндалған принциптер және Конституцияда тікелей көрсетілмеген, алайда оның ережелерінен туындайтын принциптер.
Сонымен бірге, сот әділдігінің конституциялық принциптерін (негіздерін) бөлу қажет болатын себебі, олар салалық заңдарда баяндалған басқа да барлық принциптердің дамуы мен жетілдірілуін анықтап береді, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық құқық салаларын, оның барлық принциптерін дамытудың заң жүзіндегі негізі болып табылады.
Судьяның (соттың; істер алқалы құрамда қаралған жағдайларда) тәуелсіздігі, сот билігінің езекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір принцип ретінде қарастырылады.
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, (ҚІЖК, АІЖК) соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы әлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуедсіздігі деп сот құрамына кіретін барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.
Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Демек, ол заңнан басқасының ешқайсысына мойынсынбауға, бағынбауға тиісті.
Сондықтаң, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынща жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді деп бекітеді.
Ал, судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен заңға бағынышты болуы, басқаша айтқанда, тек заңға ғана тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды.
Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талан ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып саналуға тиісті.
Аталған конституциялық принцип - норманың мәні судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру қызметіне, әсіресе оны қорытындылап, жауапты әрі билікті шешім қабылдар кезінде ешкімнің араласпауы, қандай да болмасын ықпал етпеуі мәселелерін қамтып, оның нақты тәуелсіз болуына мүмкіндіктер туғызу мен оларды іске асыру болып табылады,
Жоғарыда айтылғандай, сот әділдігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың басты шарты болып танылады. Бұл үшін ең бастысы сот әділдігін іске асырушы - судьяны Конституция мен заңдарға ғана бағындырып, оның жеке тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Бұл принциптің маңызын түсіндіретін тағы бір мәселе, сот билігінің дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында іскс асырылуы қажет.
Судьяның тәуелсіздігі бұған дейін айтылғандай, конституциялық деңгейде баяндалган мәртебесімен салалық принциптердің алдыңғы қатарында турып, салалық ереже ретінде де қарастырылатыны сөзсіз.
Тәуелсіздік мәселесі судьяға (сотқа) байланысты айтылған соң, өз кезегінде судьяның түсінігін, яғни онын мәртебесін анықтамай мағыналы болмаса керек.
Конституциялық заңның 23-бабына сәйкес, Республика Конституциясында және Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен судьяға сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып танылады. Ал, осы Конституциялық заңның судьяның тәуелсіздігіне тікелей бағышталған 25-бабына сай, судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады.
Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке езі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып, қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.
Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық келісуге болады.
Қорыта келгенде, судьяның тәуелсіздігі принципіне мына келесідегі анықтауды беруге болады. Яғни, судьяның тәуелсіздігі деп Конституция мен заңдарда бекітілген, сот билігінің өкілі судьяның, биліктің басты нысаны - сот әділдігін іске асыруы үшін, Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуын, ешкімнен және басқа қандай да болмасын әсерлерден тәуелсіз болуын баяндайтын құқықтық нормаларды есептеген жөн.
Мұның өзі судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін білдіреді.
Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай, соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана қолдануға тиісті.
Судьяларға өте жауапты міндеттерді атқару тапсырылған, Бұлардың қатарына, азаматтар мен ұйымдардың елеулі құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты жалпыміндетті шешімдерді қабылдау кіреді. Олардың өздерінен, қабылдаған шешімдерінен адамның тағдыры, жағдайы және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпте тікелей байланысты болады.
Судьялар іске асыратын мақсаттар, олардың, яғни судьялар корпусының басқа мемлекеттік мекемелер мен олардың лауазымды тұлғаларынан ерекшеленетін жағдайыы көрсетуі керек.
Бұл процесс біркелкі және бір күнде шешілуі мүмкін емес. Судья туралы ұғым, оны бастығының еркін қарсылықсыз орындайтын жәй чиновник деп түсіну мәселесіне байланысты әлі архивке өткізілгені жоқ, дегенмен, мұндай инерцияның күші күннен күнге біртіндеп жойылуда.
Судьяға тән құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы оның мәртебесін сипаттайды.
Судьялардың мәртебесін сипаттағанда, оның жалпы барлық судьялар үшін, олардың қай сотта қызмет істейтіндігіне қарамастан бірыңғай болатынын атап кеткен жөн. Алайда, мұны судьялардың сот жүйесіндегі орындарының біркелкі болмауына байланысты оларды бір теңдіктегі деңгейге қоюға мүмкіндік бермейді. Демек, олардың ерекшеліктері бар. Әрбір судьяның сот жүйесіндегі орны мен соған лайық өкілеттіктерінің шенбері болады. Міне, осының өзі судьялардың бірыңғай мәртебесі болатыны туралы ережеден ауытқу мүмкіндігін туғызуы әбден ықтимал. Бірақ мұндай ауытқу біреудің еркіне байланысты емес, тек заңның талабының негізінде істелсе керек.
Судьялардың мәртебесін анықтайтын, оларға тән құқықтары мен міндегтерін бірнеше топқа жіктеуге болады:
- сот корпусын қалыптастырумен байланысты құқықтары мен міндеттері (кандидатқа қойылатын талаптар, оларды іріктеу принциптері мен судья өкілеттігін беру тәртіптері) ;
- судьялардың өздерін басқару мәселелеріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін құқықтары мен міндеттері;
- өздерінің өкілеттіктерін тәуелсіз іске асыру мүмкіндіктерін және судья орнынан түскен жағдайда белгілі бір жеңілдіктермен қамтамасыз етуді қарастыратын құқықтары мен міндеттері.
Судьяның тәуелсіздігі және тек қана Конституция мен заңдарга ғана бағынуы принципінің құрылысын талдайтын болсақ: біріншіден, судья тәуелсіз, бірақ оның тәуелсіздігі заңмен шектеледі, демек, тәуелсіздік женінде айта келе оны шексіз деуге болмайды деген сөз.
Екіншіден, заң судьяны езінің еркіне бағындыра отырып, қызметінің басты мақсаты сот әділдігін іске асыру арысында оған жан-жақтан әсерін тигізуі мүмкін тұлғалармен (органдарды, лауазымды тұлғаларды айтамыз) мәселелерден (мән-жайлардан) тасалауы, қорғауы керек.
Принциптік түрде қарастырғанда, судья тәуелсіздігінің Ата Заң мен заңдарда көрінісін табуы, олардың нормаларымен бекуі, оның нормативтік табиғаты төмеңдегі қағидалармен сипатталуы керек:
1) заңда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
2) судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге, оны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайтындығымен;
3) сот әділдігін іске асыру барысында судьяны тек заңға ғана бағындыра алу мүмкіндігімен;
4) ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен алқа заседателіне қандай да бір болмасын ықпал ету құқығының жоқтығымен және мұндай әрекеттердің заңмен қудаланатындығымен;
5) судьяның қаралған немесе қаралып жатқан сох істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті еместігімен, кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларды қамтамасыз етілуге тиістілігімен;
6) соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот әділдігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізілетіндігімен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz