Өнім өндіру шығындары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .

1. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .

  1. Шығындардың экономикалық мәні және мазмұны . . .
  2. Кәсіпорын шығындарын басқару . . .
  3. Кәсіпорындағы шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі . . .
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ («Сут Мастер-М» ЖШС мысалында) . . . «Сут Мастер-М» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы . . . «Сут Мастер-М» ЖШС экономикалық талдау . . . «Сут Мастер-М» ЖШС шығындарын басқаруды талдау . . .
  2. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ҮНЕМДЕУ МҮМКІНДІКТЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОҢТАЙЛАНДЫРУ . . . Кәсіпорындағы шығындарды басқару проблемалары және шешу жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындарда шығарған өнімдерді сату және көрсетілетін қызметтердің қауіпіне байланысты шығындарды азайтуға тиесілі. Ал келесі бір кәсіпорындар шығынға ұшырап жатады. Бұл нарықтағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сол себепті шығындарды басқарудың негізі - шығындарды азайту және шығындарды бақылау. Шығындарды басқару - ең алдымен сол шығындардың құрылымын талдаудан басталады. Басқару процессі жоғары деңгейде ұйымдастырылған болса, онда кәсіпорындағы шығындардың жалпы деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, бәсекелік артықшылықтар пайда болады.

Кәсіпорындағы шығындар тиімді түрде басқарылса, үлкен бір нәтижеге қол жеткізеді. Мысалы, пайданың жоғарлауы, өндірістің тиімділігінің артуы, қаржылық процесстердің дамуы. Өнім өндіру кезінде шығындарды төмендету кәсіпорын үшін төмен және тиімді баға қоюға ықпал етеді. Сол себепті менің ойымша, кез келген кәсіпорын үлкен нарықтық және экономикалық нәтижеге жету үшін шығындарды талдау керек, тиімді түрде басқарылуын қадағалау керек және шығындарды болдырмау амалдарын ойластырып, орындалуын қамтамасыз ету өте маңызды. Дұрыс басқару үшін, ең алдымен нақты сипаттама, шығынның пайда болу себептерін анықтау, оларды зерттеу, талдау жүргізу керек.

Дипломдық жұмысытың басты мақсаты - кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мүмкіндіктерін анықтау және оңтайландыру, сонымен қатар шығындарды есептеу әдістерін жетілдіру жолдары анықтау. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылды:

  • жалпы шығындардың экономикалық мәнін ашу және басқару әдістерін анықтау;
  • «Сут Мастер - М» ЖШС - те жиналған ақпараттар негізінде шығындарды талдау;
  • Шығындарды есептеу жолдарын жетілдіру

Дипломдың жұмыстың жалпы құрылымы үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде шығындардың экономикалық мазмұны мен теориялық аспектілер, шығындардың төмендеуінің бағыттары мен түрлері және шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімде ЖШС «Сут Мастер - М» мысалында, шығындарды басқару, оларды талдау жәнеэлементтерді экономикалық талдау қамтылған.

Соңғы бөлімде шығындарды үнемдеу мен басқарудың әдістерін дамыту қарастырылған.

1. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Шығындардың экономикалық мәні және мазмұны

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін нарыққа ұсынуы, оны өндәруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болып келеді. Нақтырақ айтқанда, тауарларды өндіру және сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің негізі.

Шығындар - кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін қолданатын өндіріс факторларының ақшалай көзі болып саналады. Қысқаша, өндірістің сатып алынған факторларының төлемі ретінде қарастырылады.

Кәсіпорындағы шығындарды көптеген экономисттер зерттеген, соның ішінде К. Маркстің мақсаты ерекше болған екен. Жалдамалы еңбек эксплуатациясының аспектілерін жан - жақы зерттеуді мақсат еткен болатын. Маркс осы шығындардың мәнін зерттеудің көмегімен мына проблеманы көрсеткен - капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау қажеттілігі деген. Осылайша, басқа да экономисттер Маркстің нәтижесіне қол жеткізген, яғни пайданың орташа нормасын қалыптастырды.

К. Маркс белгілі шығындарды талдауды және шығындарда көрінетін жалдама еңбекті пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеуге ұмтылумен тікелей байланыстырған болатын. Еңбек шығындары аталған тауар немесе көрсетілетін қызметтің құнын қамтиды. Тауарды сатылымнан өткен соң, ақшалай түскен табыстың көмегімен құрал - жабдық үшін кеткен қаражаттың орнын алмастырады. Сонымен қатар, шикізатқа, энергия және басқада қажетті еңбек төлемдерін өтейді. Өндіріс процессіндегі шығындардан бөлек, тауарды өткізу процесімен байланысты шығындарды, яғни К. Маркс айналым шығындарында бөліп қарастырған.

Шығындарды бағалау әдісіне қарай: бухгалтерлік және альтернативтік шығын деп бөліп қарастырған.

Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге жұмсайтын өндіріс факторларының сатып алу құны бойынша шығындарды қарастырады. Бірдей ресурстарды түрлі альтернативті мақсатта қолдануға болады. Сол себепті, өткізі алған мүмкіндіктер шығыны немесе альтернативтік шығындар болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір кәсіпкер компьютер немесе басқа техника өндірісін ойластыра отырып, автомобиль өндіру мүмкіндігін және басқа пайданы жіберіп алуы мүмкін.

Альтернативтік шығындар - ресурстарды қолданудың мүмкіндігінің альтернативті әдістерінің ең тиімді түрін қолдану барысында алатын ақша бірлігі немесе әр түрлі көлемдегі сомма.

Құрал - жабдықтарды қолдануына байланысты шығындар: сыртқы және ішкі шығындар деп бөлінеді.

Сонымен, сыртқы шығындар немесе айқын шығындар дегеніміз - кәсіпорынның немесе фирманың шикізатты, транспортты, құралдарды және энергияны сырт жақтан, яғни кәсіпорын құрамынан тыс өзге жабдықтаушылардан сатып алуға немесе жалға алуға кеткен шығын.

Ал, ішкі шығын немесе айқын емес шығындар деген - өзі өндірген өнім өзінің қайта пайдаланатын ресурс болғандықтан, бұл ресурсқа төленбейтін шығындар. Мысалы, ауыл шаруашылығында егістіктен жиналған бидайдың бір бөлігін фирма өз мұқтаждықтары үшін қолданады, яғни егіс алқабына себеді және оның ақысы төленбейді.

Өнімнің өзіндік құны өзінің құрамы мен экономикалық міндеті, сонымен қатар өнімді өндіру мен өткізу рөлі арқылы шығындардан тұрады. Сол үшін өндірістің өзіндік құнын жоспарлау мен есептеу негізінде шығындарды нақты белгілер бойынша жіктеп, топтастыру жасау керек.

Шығындарды калькуляция баптарына қарай бөліп, топтастырған кезде тәртіп бойынша тікелей шығындар элементтер тұрғысынан есетеледі. Ал жанама шығындар кешенді, яғни қосымша баптарды қамтиды.

Кәсіпорындағы шығындар өнімді дайындау процессіне қатысу сипатына байланысты негізгі және қосымша шығындар деп бөліп қарастырған. Негізгі шығындар деп - өні дайындау кезіндегі технологиялық процеспен тікелей байланысты. Оған материал шығындары, энергия шығындары, жабдықтарды күту және пайдалану шығындары. Ал, қосымша шығындар деген - өнім өндіруге емес, өндіріс процессін басқаруға және оны ұйымдастыруға, пайдалануға байланысты болып табылады. Оларға әкімшілік - басқару персоналының жалақы шығыны, ғимараттарды жылыту және жарық беру шығындары мен амортизацияны жатқызуға болады.

Жалпы, шығындар өндіріс көлеміне қарай: өзгермелі және шартты - тұрақты де екіге бөлінеді. Өзгермелі шығындар - түрлі жағдайларға байланысты өндіріс көлемі өсіп немесе кеміп отырады. Егер себептерге байланысты өнім шығару процессі тоқтап қалатын болса, онда өзгермелі шығындар, яғни энергия құны және жалақы және тағы басқа төлемдер болмайды. Ал, шартты - тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне тәуелді емес, кәсіпорын банкроттыққа ұшырап қалған уақытқа дейін тұрақты түрде төленуі керек жылыту, жарықпен қамту және жалға беру ақысы жатады.

Жалпы шаруашылық қосымша шығындар - бұл шығындар өндірістік емес, олар кәсіпорынның немесе жалпы фирманың ішінде жүзеге асатын басқару қызметімен байланысты. Оларға мына шығындар жатады:

  • кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысы, әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар және материалдық - техникалық, көліктік қызмет пен іс - сапар шығындары;
  • техникалық құралдарды, оларды жаңартуға кететін шығындар;
  • аудиторлық және кеңес беру қызметін төлеу, банк қызметтерін төлеу шығындары;
  • кадрларды даярлау, оқыту және жұмысшы күшін жинақтау шығындары;
  • экология шығындарына байланысты шығындар;
  • амортизация, сақтандыру төдемдері, салықтар, алымдар және міндетті аударымдарға жұмсалатын шығындар.

Ал, коммерциялық шығындарға өнімді өткізуге тікелей байланысты болатын, жарнамалық және маркетнгтік шығындар жатады.

Өнімді өндіруге және өткізуге және өткізуге арналған және материалдандырылған еңбекке қолданылатын шығындар өндірістік шығындар де аталады. Отандық тәжірибеге сүйене отырып, елдегі белгілі бір кезеңдегі барлық өндірістік шығындарды сипаттауға «өндіріс шығындары» терминін міндеті түрде қолданады. Оларға айқын және есептелген шығындар кіреді. Сонымен, айқын шығындар - тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналысы мен өндірісі процессі кезінде әртүрлі экономикалық ресурстарды алу мен жұмсауға байланысты нақты көрсетілетін ақшалай шығындар. Есепке алынған немесе мүмкіндік шығындар деген - кәсіорынның жоғалған пайдасын білдіреді, мысалы, баламалы нарықта балама бағамен өндіріліп, өткізілсе.

Қайта өндірілген белгілер бойынша кәсіпорынның шығындары үшке бөлінеді:

  • өзіндік құнын құрайтын және өткізу құны бар, яғни, айналым қаражаты арқылы түскен түсім арқылы жабылатын шығындар;
  • өндірісті жаңартудың құны, бұл жаңа капитал салымдары;
  • кәсіпорынның өндірісіне тікелей қатысы жоқ шығындар, олар әлеуметтік - мәдени сияқты қажеттіліктерге жұмсалады.

Шығындарды экономикалық элементтер арқылы топтастыру шығарылған өнім түрлеріне смета құру үшін, өзіндік құнның төмендеуін жоспарлауға, шығындардың құрылымын анықтау үшін және оларды мөлшерлеу үшін қолданады. Оның бір ерекшелігі - шығындардың пайда болу орны есепке алынбайды және олар экономикалық мазмұн бойынша бөлінеді. Барлық салаларда өндіру және өткізу мынадай экономикалық элементтерге бөлінеді:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекақыға жұмсалатын шығындар;
  • сақтандыру шығындары, яғни әлеуметтік төлемдер;
  • негізгі қорлардың тозу құнын есептеу шығындары, яғни ол амортизация;

Шығындардың жалпы тиімділігі туралы толық түсінік алу үшін, бағалық және натуралдық көрсеткіштердің жалпыланған сипаттамасы болу керек. Сол мақсатта шығындардың жалпы және салыстырмалы тиімділігі қызмет етеді.

Шаруашылық немесе техникалық нұсқаларды салыстыруда, кәсіпорындар мен олардың кешендерін орналастыруда жаңа кәсіпорындарды құру мен ескі кәсіпорындарды қалпына келтіруде өзара өнімдерді ауыстыруда техниканың жаңа түрлерін енгізуде, т. с. с шығындардың салыстырмалы экономикалық тиімділігі есептеледі. Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу нәтижесінде анықталатын үйлесімд, қолайлы нұсқаның негізгі көрсеткіші - келтірілген шығындардың минимумы қолданылады.

Әр нұсқа бойынша келтірілген шығындары ағындағы шығындар мен капиталдық салымның қосындысы арқылы анықталады. Шығындардың тиімділігін анықтаудың жеке сатылары және бағыттары бойынша ерекшеліктерін атап кеткен жөн. Мысалы, материалдық өндірісті жетілдіруге бағытталған.

Әр түрлі кәсіпорында өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үрдісінде шығындар пайда болады, өнімді жасау сипатына қарай, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты экономикалық маңызы бар шығындар қалыптасады. Сол себепті, сандық және сапалық жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн бірдей бола бермейді. Осындай жағдайларға байланысты жоспарлау, есептеу, калькуляция жүргізу және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туады.

Шығындардың баптары бойынша өзіндік құнды толық дәлелдеу шығындарды әр түрлі талдамалық топтастыру арқылы жүзеге асуы керек. Калькуляциялық баптарға сәйкес барлық шығындар екіге бөлінеді.

Шығындарды талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, олардың негізгілері мыналар:

  1. Шығындардың пайда болу орныбойынша өндірістік және кезең шығындары болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығндар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық де аталады. Ол кез келген кәсіпорындарда міндетті түрде болатын айналыс шығындары.

Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар: көліктік және өткізу шығындары деп бөлінеді. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс процесінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау тарифтері жатады. Ал өткізу шығындары сыртқы көрініс, сорттау үшін, дайын өнімді сақтау үшін, қызметкерлер ақысынан тұрады.

  1. Мақсатқа сәйкестігібойынша шығындар өндірістік және өндірістік емес де бөлінеді. Өндіріс жағдайында қажеттілігі толықтай дәлелденген және қойылған мақсатқа сай келген шығындарөндірістікдеп аталады. Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ақаулы өнім шығарғаннан келген және тағы сол сияқты шығындар өндірістік емес деп аталады.
  2. Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілібойынша шығындар тікелей және жанама деп бөлінеді. Мұндай бөлу түрі тек екі немесе одан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда қолданылады, сол себепті біркелкі өнім шығаратын кәсіпорындарда шығындардың барлығы тура шығындар болады.

Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды айтамыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің құнына тікелей кіреді. Оларға мыналар жатады: шикізат мен материалдар, тасымалдау мен дайындауға, әлеуметтік салықтарға кететін шығындар.

Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдай кезіндегі шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жөндеудің бірнеше сатысынан өтеді. Оларды топтастырып, шартты негізге сүйене отырып, өзіндік құнға бөледі.

Жанама шығындарға мыналар жатады:

  • негізгі өндірістік құралдарды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұру шығындары;
  • қосалқы өндірістік ерсоналдың еңбекақысы, өндірістік нәтижелер үшін ол жұмыскерге сыйақы және ынталандыратын төлемдер;
  • бекітілген мөлшер бойынша қосалқы өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбекақы шығындарынан әлеуметтік салыққа жасалатын төлемдер;
  • санитарлық - гигиеналық мөлшерлердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, соның ішінде медициналық мекемелерге субъектінің территориясында медпункттер ұйымдастыру үшін, мекеме мен құралдарды күтіп ұстау үшін, кәсіпорында тәртіп пен тазалық ұстау үшін, бақылау ережелерінде көзделген өзге де арнайы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету шығындары;
  • өндіріс ерекшеліктеріне байланысты және тиісті заңдарда көзделген еңбек шарттарын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындары;
  • өндірістік қорларды жалға алғаны үшін берілетін төлемақы;
  • іс - сапар шығындары;
  • өндірістің тоқтап қалуынан пайда болған және қалпына келтіру мақсатында пайдаланатын шығындар.
  1. Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатыстышығындар айнымалы және шартты - тұрақты шығындар деп бөлінеді. Өндіріс көлемі өскен сайын шығынның кейбірі көбейеді де, ал басқасы өзгеріссіз қалып немесе аз мөлшерде өзгеріске ұшырайды.

Айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне белгілі бір түрде тікелей байланысты. Олар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленетін еңбекақы және одан төленетін әлеуметтік салықтарға төленетін шығындар.

Шартты - тұрақты шығындар -өндіріс көлемінен өзгермейтін немесе аз мөлшерде өзгеретін шығындар. Өндірілген өнімнің көлемі айтарлықтай көюейгенде немесе азайғанда, шығын мөлшері де өзгереді.

  1. Экономикалық мағынасына қарайшығындар негізгі жәәне үстемелі де бөлінеді.

Негізгі шығындар өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және басқарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелді емес шығындар жатады. Олар материалдарға, отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы еңбекақы шығындары.

Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы технологиялық үдеріске тікелей байланысты болмайды, олар өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. Оған: қызмет көрсету үшін керек материалдар мен қызметтер; амортизациялық аударымдар; өткізуге қажетті шығындар; қаржыландыру шығындары. Үстемелі шығындар өнімнің өзіндік құнын төмендетудің маңызды көзі болып табылады.

Шығындарды негізгі және үстемелі деп топтастыру шығындарды тікелей және жанама түрі бойынша топтастырумен бірдей де санауға болмайды және экономикалық әдебиеттерде кездесетін негізгі шығындарды тікелей шығындармен, ал үстемелі шығындарды жанама шығындармен теңескен деп санауға болмайды.

  1. Экономкалық біртектілігіне қарайқарапайым және күрделі де бөлінеді.

Қарапайым шығындар - экономикалық элементтерден тұратын шығындар.

Күрделі шығындар - бірдеу мақсатты мәні бар бірнеше әр текті экономикалық элементтерден тұратын шығындар.

Жалпы, шығындар өндірісте өнім шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі ақшалай көлем болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық категорияға сәйкес кәсіпорынның, жеке өндірушінің және басқа да шаруашылық ететін субъектілердің ақша түрінде берілген шығындар мен айналымдарды және өтімін көрсетеді. Бұл шығындар өндіріс процессінде қолданатын ресурстардын жиынтығынан тұрады. Кез келген кәсіпкердің шығындарға және пайдаға деген көзқарасы мұқият болады. Тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар түсетін пайдадан аз болуы керек.

Экономикалық ғылым және тәжірибе шығындарды зерттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде жүргізілетінін анықтаған. Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәнін қарастыратын болсақ, бұл энергия жұмсау, яғни физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсау болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның шығындары үш маңызды жағдайға негізделе отырып, мынадай түсінік берген:

  • Шығындар кезең бойынша өнімді өндіру кезінде қаншалықты және қандай қор шығындалғанын көрсете отырып, қорларды пайдалану арқылы байқалған;
  • Пайдаланылған қорлардың мөлшері ақшалай көрсетіледі;
  • Шығындарды анықтау кез келген жағдайда белгілі бір мақсаттарға сай, шартқа жүгіне отырып жасалады, кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есеп жүргізіледі.

Кәсіпорындағы шығындар жалпы өндірістік белгісіне қарай келесідей бөлінеді:

  • өзіндік құнды құрайтын өнімді өндіру, сонымен қатар, сатуға кететін шығындар. Олар капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
  • өндірісті ұлғайту мен жағартуға кететін шығындар. Яғни, бұл жаңа немесе жаңартылған өнім үшін кететін ірі қаражат шығыны;
  • өндірістің әлеуметтік - мәдени, тұрмыстық қызмет көрсету мен басқа да шығындар. Ол үшін пайда есебінен бөлінетін арнайы қорлардан қаржы бөлінетін.

Материалдық шығындар құрамына мыналар жатады:

  • өндірілетін өнімнің негізін құрайтын басқа жақтан алынған шикізат пен материалдар;
  • қалыпты технологиялық процесті қамту үшін қолданылатын және сатып алынатын материалдар;
  • басқа кәсіпорындар рындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер;
  • табиғи шикізаттарды пайдалануға байланысты шығындар;
  • басқа жақтан алынған әр түрлі отын түрлері;

Материалдық ресурстар шығындарынан қайтарылатын қалдықтар құны шегеріледі.

«Жалақы шығындары» элементінде өндірістік нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақылар, ынталандырушы төлемдер және негізгі қызметке қатысты кәспрынның штатына кірмейтән жұмысшылар жалақыларының шығындарын қосқандағы кәсіпорынның негізгі өндірістік персоналының жалақыларына кететін шығындар.

«Жалақыдан аударымдар» элементінде ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік салықты есептеу көрсетіледі.

Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып салыө салуға жатпайтын төлемдерді қоспағанда, маериалдық, әлеуметтік игілік немесе басқа да материалдық игілік түрінде жұмыс берушілер ұсынатын табыстарды қосқандағы және жұмысшыларға ақшалай, соымен қатар, затай нысанда төленетін жұмыс берушінің шығындары табылады.

«Үстеме шығындар» элементінде өндірісі басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар көрсетіледі. Олар кешенді сипатта олады, оның құрамында шығындардың барлық элементтері, сонымен қатар заңнамаға сәйкес жүргізілетін олардың активті бөлігінің амортизациясын қоса алғанда, тәртіппен бекітілетін нормалар және негізгі өндірістік қорлардың баланстық құнына сәйкес есептелетін толық қалпына келіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар сомасы болады. Онда машиналар, жабдықтар мен көлік құралдары бойынша амортизацияны есептеу, олардың барлық құнының өндіріс және айналым шығындарына толық қызмет ету мерзімі өткеннен кейін ғана амортизация есептеу тоқтатылады.

Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін және негізделген баға белгілеуді басқару үшін өнім бірлігіне жұмсалған шығындарды, яғни оның өзіндік құнын калькуляциялай білу керек. Калькуляция деген бұйымның немесе жартылай фабрикаттардың бірлігінің, өнімнің жеке бір түрінің өндірісі не өзіндік құны шығындарын есептеу объектісі бойынша барлық өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін есептеме жүргізуді айтады.

Жүргізу уақыты бойынша калькуляция алдын ала және кезекті болып бөлінеді екен.

Алдын ала калькуляция өнім өндірілгенге дейін құрылады және оны өндіруге жұмсалған ең аз қажеті шығындарды сипаттайды. Оларға жоспарлық, сметалық және нормативтік калькуляциялар жатады.

Кезекті калькуляция өнім өндірілгеннен кейін бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша құрылады. Олар нақты шығындарды көрсетеді.

Кесте 1

Өнім өндіру шығындарына сипаттама.

Материалдық шығындар - өндіріс шығындарының ірі элементі, ол шығынның жалпы сомасының 60 - 90% - ын құрауы мүмкін. Материалдық шығындар шикізат пен материалдар шығынынан тұрады. Шикізат пен материалдар құнына, комиссиялық сыйақы, делдал қызметінің төлемақысы кіреді.

Шикізат пен материалдар - шикізат пен өнімнің негізін құрайтын негізгі материалдар шығындары;

Көмекші материалдар - дұрыс технологилық процесті қамтамасыз ету үшін өнім өндіру процесінде керек;

Қайтарымды қалдықтар;

Технологиялық мақсатта қолданылатын отын және энергия шығындар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Өндіріс шығындары туралы
Кәсіпорын шығындары және өнімнің өзіндік құны
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Өндіріс шығындарын есепке
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері
Калькуляциялау нысандары бойынша шығындарды бөлу
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі
Өндірістік шығындар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz