Абайдың қара сөздері мен өлеңдері


Б. Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназия
Тақырыбы : Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдеріндегі
адамгершілік мәселесі
Бағыты: Қазақ әдебиеті
Ғылыми жұмыс авторы: Үмбет Адель
9 «Б» -сынып оқушысы
Нұр-Сұлтан қаласы
Ғылыми жетекшісі: Тубекбаева Баян Мырзатаевна
Нұр - Сұлтан 2022 ж.
Пікір
Қосымша
«Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдеріндегі адамгершілік мәселесі» тақырыбы бойынша
9 - сынып оқушысы Үмбет Адельдің ғылыми жұмысына пікір.
Үмбет Адельдің тақырыпты таңдаған өзектілігінің себебі, ол көптеген әдебиеттер, шығармалар оқығанды ұнатады. Оның ішінде, әсіресе Абай Құнанбайұлының шығармаларына көп көңіл бөлген.
Адель - кішіпейіл және көп оқитын оқушы. Оқушыны адамның рухани және адамгершілікке байланысты сұрақтар қызықтырады. Қазіргі жастардың мәселесі толғандырғандықтан, ол газет статьяларына, теледидар бағдарламаларына есеп беріп жүреді. Адель осы сұрақтарға жауапты Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен табуға болады деп ойлайды. Ол осы жұмысты өзі таңдап алғандықтан өз бетінше ізденді, Абайдың шығармаларын оқып, талдап, саралады. Өткізілген әр зерттеулеріне жауаптылықпен қарады.
Жетекшісі: Б. М. Тубекбаева
1
Абстракт
Зерттеудің мақсаты: А. Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін ашу, бес асыл іс пен бес дұшпанның қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін талдай отырып, насихаттау.
Міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, талдап, саралау.
2. Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін аша отырып, туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар - ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.
Объектісі: Абайдың қара сөздері мен өлеңдері
Зертеу пәні: Қазақ әдебиеті: бес асыл іс пен бес дұшпан
Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім - тәрбие ретінде сабақ болады.
Менің ойымша, осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі - адамгершілік бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.
2
Мазмұны
Кіріспе . . . 4-5
1. Абай - дана, Абай - дара қазақта
Негізгі бөлім . . . 4
1. Абайдың қысқаша өмірбаяны . . . 6
2. Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріндегі айтылған ой - адамгершілік қасиеттердің бастауы . . . 7-12
Қорытынды . . . 14
Қолданылған әдебиеттер . . . 15
3
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Абай - дана, Абай - дара қазақта
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалыңды жырымен де бізбен бірге жасап келеді.
Абай елдің болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын нұсқап, ғылымды игеруге, оқу - білімге шақырған.
Ендеше, қазіргі кезде де елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке баулу, ғылымға, оқу-білімге шақыру .
Абай адамның бойындағы жаман қасиеттердің бәрін санап, атап көрсетіп, сол қасиеттерден арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, ғылымды игеруге, оқу - білімге меңгеруге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би - болыстарды өлеңмен сынаған.
Абай «адам» деген ұғымға қазақ даласында психология ғылымы негізінде бірінші болып анықтама берген. Абайдың айтуынша, «адам - ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы».
Зерттеу мақсатым Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастарды «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген нақыл сөздің негізінде адамгершілікке шақыру.
Оны жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, талдап, саралау.
2. Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі бес асыл іс пен бес дұшпанның ара жігін аша отырып, туралы мәселені ашып көрсету.
4
3. Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Меніңше, таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай, себебі бес жаман қасиеттен алшақ болып, бес асыл істі өн бойымызға дарытатын болсақ, нағыз толыққанды адам атына сай боламыз деп ойлаймын. Абайдың қара сөздері мен «Ғылым таппай, мақтанба!» өлеңін оқи отырып, зерттей отырып, талап, терең ой, қанағат, рақым сияқты тәрбиенің барлық жерде керек екеніне көзім жетті.
5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Абайдың қысқаша өмірбаяны
Абай Құнанбайұлы - ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, реформатор. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы Шыңғыс тауының жайлауында дүниеге келген.
Әкесі Құнанбай сөзге шешен, білімді, көреген, қатал адам болды. Құнанбай баласының болашағынан зор үміт күткен. Ол Абайды ел басқару ісіне ерте бастан араластырған. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Медреседе оқыған 3 жыл ішінде Абай араб, парсы, түрік тілдерін игеріп, шығыс классиктерінің шығармаларын оқып-үйрену дәрежесіне дейін көтеріледі. Содан кейін орысша білім алу үшін Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, мұнда 3 ай оқиды. Оқыған орысшасы кейіннен орысшаны игеріп кетуіне, ой-өрісін кеңейтуге, білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндік туғызады. Абай ел билеу ісіне ерте араласқан, халықтың мұң-мұқтажын көре білген. Ол қазақтың ақылшысы, ұстазы бола білді.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. . » деген Абайдың өлеңін түсіну үшін ақынды терең оқып білу керек. Науаи, Низами , Фирдоуси сияқты оқымыстылардың шығармаларын оқып, орысша білімін өз бетімен жетілдіре түсті. Абайдың поэзиялық шығармаларында достықты, татулықты насихаттайды. Оның 45 қарасөзі бар. Көлемі қысқа, мағынасы терең. Абайдың өлеңдері жайлы сөз етсек. Мысалы: «Әсемпаз болма, әрнеге», «Болыс болдым, мінеки», «Ғылым таппай мақтанба» т. б. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде бес асыл іс пен бес дұшпан сөздеріне талдау жасай отырып өлеңнің құдіреттілігін ұғындырады.
6
Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріндегі айтылған ой - адамгершілік қасиеттердің бастауы
Талап. Абай 44 сөзін «Адам баласының ең жаманы - талапсыз» деп бастайды. Әрі қарай талаптың да түрлері болатынын айтады. Талаптың ішіндегі ең жаманы - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығара алмау. Абайдың түсіндіруінше, талапсыздықтың түрлері - ынтасы жоқ, ықыласы жоқ, жігерсіздіктен болады. «Кітап бетінен оқып іздеген талап емес. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап екенін білерсің. Керек іс бозбалаға талаптылық, » - дейді.
Әр түрлі өнер-мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтанкөйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық . . .
Абай талап дарынды, ынтаны дамытатыны турады айтады. «Талапты ерге нұр жауар» деген халықтың сөзі бекерге айтылмағаны туралы ой толғайды.
Талаптың өз шарттары бар.
1. Ғылымды игеру үшін ең бірінші берік ынта керек, білмегенді біле берсем деген құмарлық пен махаббат қажет.
2. Ғылымда ақиқатты табуды мақсат етіп қою керек.
3. Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен аулақ бол. Білгеніңді іске асыруға тырыс .
7
Ол үшін еңбек ету керек.
4. Ғылым-білімде ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың, мінездің беріктігі керек,
ол үшін қайрат керек. Абайша пікірінше, «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», «Ғылым сол-үшеуінің жолын білмек.
Еңбек. Абайдың айтуынша, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
Түбінде баянды еңбек-егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған . . . -деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады. Еңбегіңді сат, арыңды сатпа, сонда ғана сен адамсың.
Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар . . .
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық деп адамның адамгершілігі тек адал еңбегімен бағаланатындығы туралы ой қозғайды.
Абай 42 қарасөзінде «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?» - дейді.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
8
Аздырар адам баласын, - деген жолдар арқылы еңбек етпейтін жастардың күйін көресің.
Терең ой. Абай ақыл-ой мен ойлау адамды жануардан ерекше айырып тұратын қасиет деп айтады. Адам үздіксіз ойлауы керек.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ, - деп ой-пікірі жоқ, сылдыр сөзді адамдарды қатты сынға алады.
«Көп айтты деп көне салатын,
Жұрт айтты деп сене салатын» адамдарды Абай толық адамдардың қатарына қоспайды. Ондайлардың терең ой мен ғылым іздемей, өтірік пен өсекке үйір болып, өмірін босқа өткізетініне қатты қынжылады.
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым, - дейді. Нағыз адам үнемі өткен-кеткеніне қорытынды жасайтын, өмірге сын көзімен ой жүгірте алатын, келешекке үлкен сеніммен қарайтын болу керек деген тұжырым жасайды. Абай: «Тәрбие арқылы адамды тура жолға қоюға бола ма? - дейді де, - «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім, » - дейді.
Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы сөз қозғағанда «қанағат» ұғымына ерекше мән береді.
Қанағат - барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
9
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Ал қанағатсыздық - өзі тойса да, көзі тоймайтын, тойымсыздық, нысапсыздық.
Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты
ақын «Адам баласы қанағатсыздықпен . . . хайуандардың тұқымын құртты» деп мінейді. Өз өміріне, өз ісіне риза болмайтын, арамдық жолға түскен жандарды Абай жиіркене сынайды. Өз заманындағы адамдардың тойымсыздығына, қанағатсыздығына ақын қатты қынжылады.
Рахым. Адамның мейірім, шапағаты, адамға істеген қамқорлық, жақсылығы үшін ғана болса, адамшылықтың орны болмайды екен. Абай 37 қарасөзінде : «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызына еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың, » - дейді. Абай адамның адам болуын адамға істеген жақсылығымен, мейір-шапағатымен бағалайды.
Бес дұшпан. Абай адам бойындағы өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ тәрізді адамды аздыратын мінез-құлықтан сақтандырып, осы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.
Өсек. Өсек-біреуді сыртынан жамандау, әңгімелеу кінәлау, жала жабу, өтірік сөз айту. Абай өз заманындағы би, болыс, атмінерлер арасындағы осындай қасиеттерді сынға алады. Өсектің қазақ ортасында көп тараған түрі- арызқойлық, жалақорлық.
Қазақтың қайсысының бар санасы,
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
10
Пысықтықтың белгісі-арыз жазу
Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы . . . - деп өз заманындағы өмір шындығының сынайды.
Өтірік. Өтірік - жалған, шындыққа ешбір жанаспайтын қасиет.
Ақты қара деп, қараны ақ деп ант ететұғын кісілерді Абай имансыз, азған адамдардың қатарына жатқызады.
Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің.
Өңкей жалған мақтанмен
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz