Мемлкееттік бюджет



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ
ЖӘНЕМАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және оның құрылымы
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылу принциптері
1.3Шетелдердегі бюджет жүйесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2008.2012 ЖЫЛДАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі
2.2 2008.2012 жыдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау
2.3 Қазақтандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі.

3ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер
3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ
ЖӘНЕМАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және оның құрылымы

1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылу
принциптері
1.3Шетелдердегі бюджет жүйесінің ұйымдастырылу
ерекшеліктері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2008-2012 ЖЫЛДАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ
ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын
қаржыландырудағы рөлі
2.2 2008-2012 жыдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау
2.3 Қазақтандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі.

3ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер
3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік-
экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық
міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне
байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады.
Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қло жеткізуге көбіне- көп бюджеттік
реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде
экономикалық өсуді ынталандырады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4- бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры .Бюджеттің формасы-қаржылық жоспар,
материалдық негізі- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы
экономикалық қарым- қатынас, заңнамалық белсендіруі- заң.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм арқылы );
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлық бюджеттік қарым- қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым- қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде
сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың суюъективтік пікіріне
байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттіліктерге байланысты.

1991 жылы қабылданған Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының
заңы республикамыздың бюджет жүйесін қайта ұйымдастырудағы аса маңызды
құжат болды деп білеміз. 1991 жылы 17 желтоқсанда қабылданған жаңа заң
Қазақстан Республикасының бюджеті қалыптастыруының негізгі қағидаларын,
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық төлеу, басқа да төлемдер мен
бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі бюджет қарым- қатынасын айқындады. Бұл
заңның негізгі ұстыны мемлекеттің бюджет жүйесі бөліктерінің- республикалық
және жергілікті бюджеттердің дербестігі болып табылады.
Облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандардың, поселкелік, селолық
және ауылдық бюджеттер жергілікті бюджетке жатқызылды.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының екінші Конституциясын
қабылдау, экономикалық және саяси жағдайлардағы өзгерістер, нарықтық
экономикаға көшу, 1995 жылы Салық кодексінің қабылдануы, Қазынашылық
органдардың құрылуы 1996 жылғы 24 желтоқсанда Бюджеттік жүйе туралы
Қазақстан Республикасының екінші заңын әзірлеу және қабылдауға себепші
болды. Бюджет жүйесінің негізгі реформалары осы Заңмен енгізілді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті
сипатта болады. Мемлекет шарушылықтың басым слаларын қаржыландыруға, бүкіл
қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге, қорғаныс
міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті
орталықтанған ресурстарды қажет етеді. Сондықтан, құнды үлестірудің ерекше
бөлігі рнтінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді
орындайды, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің де қаржы
тәрізді ерекшеліктері бар: бюджеттік қатынастар үлестірушілік сипатта
болады, ақшалай нысанда жүргізіледі.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және мемлекеттің экономикасында
алатын орны

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті
сипатта болады. Ол жеке үлестіруші сфера ретінде объективті түрде қоғамдық
өндіріспен белгіленеді. Мемлекет шаруашылықтың басым салаларын
қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды
өткізуге қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы
шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді.Сонымен
құнды үлестірудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық
міндеттемелерді орындайды; жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандырады.
Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің де қаржы
тәрізді ерекшеліктері бар: бюджеттік қатынастар үлестірушілік сипатта
болады, ақшалай нысанда жүргізіледі, мақсатта ақшалай қаражат қорлардың
құрылуы мен пайдалануымен қатар жүреді. Сонымен қатар бюджеттік
қатынастардың қаржы ұғымынан ерекшк арнайы спецификасы бар.
Мемлекеттік бюджет құндық үлестірудің спецификалық сферасы ретінде мынадай
ерекеліктерге ие:
1. жалпы қоғамдық өнім құнының бөлігі мемлекетке жинақталуы мен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланудың ерекше үлестірушілік
қатынастардың экономикалық нысанын білдіреді.
1. ұлттық шаруашылық салалары, территориялары экономика секторлары,
қоғамдық қызмет сфералары арасында құнды қайта бөлуге бағытталған.
1. тауарлы нысандағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен байланысты емес жүзеге
асырылатын құндық үлестіру стадиясан білдіреді
Мемлекеттік бюджет кез- келген экономикалық категория ретінде өндірістік
қатынастарды белгілейді және соған сәйкес мтериалы- заттық сипаттқа ие:
бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталық ақшалай қаражат қорларына яғни
бюджеттік қорға материаландырылады.Бюджеттік қор- құндық үлестірудің
белгілі сатыларынан өтіп және кеңейтілген дайы өнірістің қажеттілігін
қанағаттандыруға, тұрғындардың әлеуметтік- мәдени қызмет көрсетулерін,
қорғаныс және басқаруды жүзеге асыру үшін мемлекетке түсетін қоғамдық өнім
мен ұлттық табыстың объективті экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың
құрылуы мен қолданылуы құнның үлестірушілік және қайта үлестірушілік
қозғалысының процесін сипаттайды.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық
өндіріске қатысушылар арасында қоғамдық өнім құнының үлестірілуі мен қайта
үлестірілуі процесінде орталықтанған ақшалай қаражат қорлардық құрылуы
және оны кеңейтілген ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында пайдаланудың ақшалай қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет қаржы тәрізді үлестірушілік және бақылаушылық функция
атқарады. Аталған функция іс- әрекеті бюджеттік қатынастардың ерекшелігі
арқылы анықталады.
Бюджет ұдайы өндірістік процесте маңызды экономикалық, әлеуметтік және
саяси рөл атқарады. Халық шаруашылығының неғұрлым прогрессивті, басым
салаларын бюджеттік қордан қаржыландыра отырып бюджет ұлттық табыстың
салалар арасында қайта үлестірілуін де басты басты рөл алады. Бюджет
арқылы рентабельділігі жоғары салалардың табыстары рентабельдігі салаларға
қайта бөлінеді. Бюджеттік қор есебінен өндірістік емес сфера ұйымдары мен
мекемелерін ұстау жұмысшы күшінің ұдайы өндірісінде маңызды, үлкен рөл
атқарады. Сонымен қатар, бюджет арқылы әкімшілік территориялар арасында,
табыс қайта бөлінеді, жеке шаруашылық субъектілері бюджетті қаржыландыра
алады. Сөйтіп, бюджет арқылы Ұлттық табыстың 30-40 проценті қайта
үлестіріледі.
Бюджеттік қорлар шаруашылық субъектілірі иелігіндегі ақшалай қорлар
үлесін қысқарта отырып, жекелеген салалардың экономикалық белсенділігін
сақтап қалады және керісінше, бюджеттік қаржыланбдыру, субсидиялар қоғам
қажеттілігіне сай келетін басым, маңызды салалардың дамуына қосымша
мүмкіндік береді. Субвенциялар мен трансферттер территориялар арасында
Жалпы Ұлттық Өнімнің қайта үлестірілуінде басты рөл атқарады.

1.2 Қазақстан Республикасының бюжет жүйесі және оның құрылу

Бюджеттік жүйе- мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Бюджеттік жүйе дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға
бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-
мемлекеттік құрылымымен анықталады. Унитарлық құрылымда нкі буынды
бюджеттік жүйе қолданылады: орталық бюджет және жеогілікті бюджет. Ал
федеративтік жүйеде орталық бюджет ( одақтық, федералдық, республикалық )
федерация мүшелерінің бюджеттері және жергілікті бюджеттен тұратын үш
буынды жүйе қолданылады. Екі жағдайда дп бюджеттің әртүрлі деңгейдегі
ерекшеліктері және дербестіктері бар, бірақ әлеуметтік- экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне сәйкес орталық бюджеттің
төменгі бюджетке қатысты реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан республикасының
бюджеттік жүйесінің құрамын келесі суреттен көруге болады ( Қосымша Г).
Бюджет жүйесі біртұтастық, толықтылық, нақтылық, жариялық принциптеріне
негізделеді.
1. Біртұтастық приципі бюжет жүйесінің орталықтандырылуының
ұйымдастырушылық- экономикалық деңгейін білдіреді. Біртұтастық принципі,
әсіресе, КСРО-ның бюджеттік жүйесінде нақты көрінген. Біртұтастық мемлекет
аумағындағы мемлекеттік табыстардың ортақ жүйесі болуымен және мемлекеттік
шығыстардағы бір түрлілігінен көрінеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлаудың
ұйымдастырыдлу мен әдістемесінің біртұтастығына және әлеуметтік-
экономикалық болжамдармен өзара байланысына кепіл болады. Бұл принциптің
міндеті бюджеттік қаражаттардың қозғалысына Парламент тарапынан бақылауды
бекіту болып табылады. Біртұтастық принципі бірыңғай құқықтық базамен, бір
ақша жүйесінің болуымен, бірыңғай бюджеттік сыныптау мен құжаттаманы
қолданумен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік жүйенің біртұтастығы бюджеттің
барлық деңгейлерінің өзара қатынасына негізделеді және бірыңғай әлеуметтік-
экономикалық, сонымен қатар салық саясатымен жүзеге асырылады.
1. Толықтылық принципі үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте
шоғырлануын, барлық жиналатын түсімдер мен жасалатын шығыстар, әрбір
бабында барлық түсімдер мен мемлекеттің шығындары көрсетілген бюджеттің
құрылуын білдіреді. Әлемдік тәжірибеде бұл принцип қазіргі кезде онша
маңызды болып табылмайды. Ал Қазақстанда мемлекеттік қаржылық қорларды
құрудың орталықтанған тәсілдері қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс зейнетақы қорлары, әлеуметтік
сақтандыру қорларының қаражаттары қосылған.
1. Нарықтылық принципі бюджеттік тізімдеменің жалғандығының алдын алу мен
шектеуге қажет. Ол мемлекеттің қаржылық операцияларын бюджеттен нақты
көрсетілуін, бекітілген суммаларын бюджеттік бағыттардың атқарылуы мен
сәйкестігін қарастырады. Нақтылық даму бағдарламалары мен болжамды
көрсеткішіне негізделген барлық табыс көздері мен шығыстарын бағыттарының
есептеулерінінің негізділігімен анықталады.
1. Жариялық принципі бюджеттің құрамы мен құрлымымен, дефицит және оны жабу
жолдары мен қоғамды таныстыру үшін бюджеттің кірістері ме шығыстарының
мәліметтерін баспаға шығаруды білдіреді.
Жергілікті бюджеттің қалыпты және тиімді қызмет еуінің басты шарты
блып дербестік және баланстылық табылады.
Бюджеттік дербестік бюджет жүйесінің барлық буындарының өзіндік және
заңмен бекітілген кіріс көздері мен заңдермен белгіленген билік
органдарының өкілеттілігінде бюджеттік қаражаттарды пайдалану құнын
қамтамасыз етеді.
Бюджеттік баланстылық бюджеттік-қаржылық саясаттың басты талабы болып
табылады. Белгілі бір органдар мен бюджетті әзірлеу мен бекітуде бюджет
тапшылығының шекті мөлшері тағайындалады. Бюджеттік дефиитті ақшалай
қаражаттардың ремиссиясы арқылы жабу заң бойынша рұқсат етілмейді.
Бюджеттік тапшылықты табудың негізгі нысандарына: мемлекеттік зайымдар
шығару жіне несиелік ресурсстарды пайдалану жатады. Дефицитті азайту
немесе жою мақсатында секвестр қолданылады. Секвестр – мемлекеттік
шығыстарды барлық баптары бойынша ( тек баптардан басқа
белгілі бір процентке пропорционал азайту. Қорғалған баптардың құрамы
республика Парламентімен және жергілікті билік органдарымен анықталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Рсепубликасының бюджет жүйесі 3 мыңға жуық
жергілікті бюджет, оның ішінде 21 облыстық, облыс қарамағындағы 50
қалалық, аудандар қарамағындағы 38 қалалық, қалалар қарамағындағылар 42
аудандық, 2396 ауылдық бюджеттерден тұрады [6-121 б.].

1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы

Әр елдің бюджет жүйесінің құрамы мемлекеттің ұлттық-мемлекеттік
құрылымымен анықталады. Ресей Федерациясының Конституциясына (71 және 31
баптар) және Бюджеттік кодексіне (10-бап) сәйкес бюджет жүйесі 3 деңгейден
тұрады:
1. федералдық бюджет мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
1. Ресей Федерациясы субъектілердің бюджеті мен аймақтық мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
1. жергілікті бюджет.
Ресейдің бюджеттік жүйесі федералдық бюджет, 21 республикалық бюджет, 55
аймақтық және облыстық бюджет, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының
бюджеті, автономды облыстардың 1облыстық бюджеті, 10 округтік және бюджет
және 29 мыңға жуық жергілікті бюджеттен тұрады (Қосымша Д ).
Ресей Федерациясының бюджеттік кодексіне сәйкес (48 бап) салықтық
түсімдерді бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бөлгенде Ресей Федерациясы
субъектілерінің бюджетінің түсімдері жалпы бюджеттің 50 процентінен кем
болмауы керек. Бюджет жүйесінің буындарының арасында негізгі бюджеттік
салықтардың бөлінуін келесі кестеден көруге болады (Қосымша А) [1-
35б.].
Шығыстарды қамтамасыз ету үшін сәйкесінше табыстар болу керек. Ресейдің
бюджеттік табыстары, негізінен салықтық, салықтық емес және қайтарымсыз
аударымдардан тұрады (Қосымша Б ).
Кесте 2 көріп отырғандай, бюджеттік түсімдердің басым бөлігін салықтық
түсімдер алады (80 проценттен жоғары). Оның ішінде:
- пайдаға салық 104 870 14,7 %
- жеке табыс салығы 75 235 10,6 %
- қосымша құн салығы 182 812 25,7 %
- Акциздер 64 407 9,0 %
- мүлік салығы 47 773 6,7 %
Қосымша құн салығы және акциздер 35%-ке жуық. Егер оларға импорттық және
экспорттық баждарды қоса, олардың үлксі 40 процентке дейін өседі.
Өндіріспен байланысты салықтар мөлшері онша жоғары емес және бүкіл
түсімдердің 15 процентке жуығын алады. Оларға кәсіпорынның мүлік салығын
қосқанның өзінде жиынтық түсім 22 процентті құрайды.
Салықтық емес түсімдер бюджеттік түсімдердің 10 процентінен аспайды.
Олардың ішінде неғұрлым маңызды арнайы бюджеттік қорлардан түсім (6%) және
мемлекеттік мүлікті сатудан түскен табыс (3%) болып табылады. Ал ішкі
экономикалық қызметтен түскен табыс небәрі 1,5 процентті құрайды [4-141
б.].

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ
БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын
Қаржыландырудағы рөлі

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорларының құрылуы мен
қолданылуы – бюджеттің табысы мен шығысының пайда болуымен сипатталады.
Бюджеттің бұл екі категориясы да объективті болып табылады және қоғамдық
сипатқа ие: табыстар мемлекетті қажетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді,
ал шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттілікке сай орталықтанған ресурстарды
үестіреді.
Табыстар мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің бюджеттік және
салық саясатының жүзеге асырылу бағыттарына байланысты. Бұл жағдайда
мемлекет табыстарды құру мен шығыстарды жүзеге асырудың арнайы мысалдары
мен әдістерін қолданады.
Табыстардың негізі көзі болып салықтар немес соларға балама төлемдер
саналады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің құрамы мен
құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдермен анықталады.
Мемлекеттік бюджеттің құрылымы бюджеттік жіктелу негізінде құрылады және 7
бөлімнен тұрады:
І. Түсімдер
ІІ. Алынған ресми трансферттер (гранттар)
ІІІ. Бюджеттен берілген несиелердің қайтарылуы
IV. Шығыстар
V. Несиелендіру
VI. Бюджеттік дефицит (профицит)
VІI. Дефицитті қаржыландыру (профитті пайдалану).
Өз кезегінде түсімдер мынадай топтарға бөлінеді:
6. салықтық түсімдер
6. салықтық емес түсімдер
6. капитал мен операциядан түскен түсімдер.
Бюджеттік түсімдердің бұл негізгі үш категориясы тағы да алынған ресми
трансферттермен толықтырылады.
Салықтық түсімдер бюджетке түсетін барлық тсімдердің 90%-ке жуығын
құрайды. Жаңа Салық кодексіне сәйкес 2002-жылдан бстап қазақстанда
төмендегідей салықтар іс-әрекет етуде:
1. корпоративтік табыс салығы
1. жеке табыс салығы
1. қосымша құн салығы
1. акциздер
1. жер қойнауын пайдалану салығы мен арнаулы төлемдері
1. әлеуметтік салық
1. жер салығы
1. көлік құралдарына салықъ
1. мүлік салығы
Корпаративтік табыс салығы Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің салықтық
түсімдерінің 28 %-ін құрайды. Салықты табыс табатын рециденттер және
резидент емес заңды тұлғалар, сонымне қатар коммерциалық емес және
бюджеттік ұйымдар төлейді. Салық салу объектісі – жылдық жиынтық табыс.
Салықтың ставкасы - 30%.
Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджет түсімдерінің 11%-ін құрайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ
Қазақстан Республикасы территориясында қызмет істейтін адамдар табыс
салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады. Салық ставкасы табыс көлемімен
байланысты 5-30% аралығында болады.
Қосымша құн салығы – жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы болып
саналады. Бұл салық Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап
енгізілген. Салықтық түсімдердің 20%-ін алады. Қосымша құн салығы тауарды
(жұмыс, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде
қосылған. Оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін
бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында
тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Қосымша құн салығы бойынша
есепте тұрған немес тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды
және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Акциздер - өнімнен алынатын жанама салық болып табылады, әрі тауардың
бағасына қосылды. Қазақстан Республткасының аумағында өндірілген және
Қазақстан территориясында импортталатын, тізбесін Қазақстан Үкіметі
бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне салынады.
Әлеуметтік салық Қазақстанда 1999 жылдан бастап енгізілді. Мемлекеттік
бюджетке салықтық түсімдердің 19 %-ін құрайды. Салық төлекушілер заңды
тұлғалар болып табылады, салық ставкасы - 21%.
Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Салық салу объектілері – салық
төлеушінің меншігіне немес тұрақыты пайдалануына берілген жер учаскелері.
Салық ставкасы жердің сапасына, орналасуына қарай, жер учаскесінің алаңының
бірлігіне тағайындалады.
Мүлік салығын төлеушілер жеке жіне заңды тұлғалар. Объектісі заңды және
жеке тұлғалардың меншігіндегі негізгі өндірістік және өндірістік емес
қорлар.Бұл салықтардың құрылымын келесі кестеден көруге болады
( Қосымша В).
Бұл кестеден бюджеттік түсімдердің жыл сайынғы өзгерісін байқауға болады,
сондай-ақ салықытқ түсімдердің құрамдарын.
Бюджеттен берілген несиелердің қайтарылу категориясы бюджеттік несиелер
бойынша мемлекеттік шаруашылық субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың
түсімін білдіреді.
Шығыстар негізгі функционалды топ бойынша көрсетіледі: жалпы сипаттағы
мемлекеттік қызмет көрсетулер, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім
беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек;
тұрғын үй коммуналды шаруышылық; мәдениет; спорт және ақпараттық кеңістік
пен туризм; отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану; өнеркәсіп
және құрылыс; ресми трансферттер және тағы басқа.
Несиелендіру бөліміне басқа экономикалық бірліктерге қайтарымдық негіздер
несие беру кіреді.
Алтыншы бөлім – бюджеттік дефицит – түсімдер мен шығындар арасындағы кері
айырмашылықты білдіреді. Яғни, шығыстардың бюджеттік түсімдерден асып
кетуі. Ал бұл көрсеткіштердің арасындағы жағымды айырмашылық бюджеттік
профицитті сипаттайды.
Жетінші бөлім – бюджет тапшлығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын жабу шығындарын білдіреді. Ол екі
жақты сипатта болады:
1. дефицит жағдайында – сыртқы заемдар мен ішкі көздерден (Ұлттық Банк,
коммерциялық банктер, бағалы қағаздарды өткізу) ресурсстар тарту;
1. профицит жағдайында – жоспардан тыс түсімдерді, ең алдымен,
мемлекеттік міндеттермелерді жабуға пайдалану немес маңызды
мемлекеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыру.
Кірістер мен шығыстардың толық тізбесі мен топталуы бюджеттік сыныптамада
анықталады. Бюджеттік сыныптама – бұл бюджеттің түсімдері мен шығыстарының
бірыңғай белгілері бойынша жүйеленген топтамасы. Бюджетке түсетін түсімдер
4 бөлім бойынша жіктеледі: санат, сынып, сыныпша, ерекшелік. Санатқа
салықтық түсімдер; капиталмен жасалған операциядан түсетін табыс; алынған
ресми трансферттер, қатарылған несие; жалпы қаржыландыру; бюджеттік
қаражаттардың қалдықтарының қозғалысы кіреді [6-102 б.].

1.2 2004-2006 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау

Экономикалық, әлеуметтік және де басқа мәселелерді шешу үшін қажетті
қаржы көлемі мен мемлекетті толық қамтамысыз ету барлық кезеңнің, бар
халықтың басты мәселесі болып табылады. Барлық мәселенің түйіні бюджеттің
атқарылуына келіп тіреледі.
Бюджеттің атқарылуы – бюджеттік қорлардың құрылуы мен пайдалануы бойынша
бюджеттік процесстің маңызыд сатысы болып табылады. Бюджеттік атқарылу
процесіне атқаруыша билік органдары, қаржылық және салық органдары,
несиелік мекемелер салық төлеуші заңды және жеке тұлғалар қатысады.
Бюджеттің атқарылуы түсімдер бойынша және шығыстар бойынша қарастыруға
болады. Түсімдер бойынша қарастырылатын болса, Қазақстан Республикасының
бюджеттік түсімдері 3 бөлімнен тұратындығын жоғарыда айтып өттік, яғни
олар:
9. салықтық түсімдер
9. салықтық емес түсімдер
9. капиталмен жасалған поерациялардан алынатын кірістер.
Салықтық түсімдердің ішінде маңызыды, бірінші орында корпоративтік табыс
салығы тұр. 2003 жылы бұл салық түрімен бюджетке 169 048 млн.тнг. , яғни
салықтық түсімдердің 16,6%, 2004 жылы 209054 млн.тнг., 2005 жылы бюджетке
159 288 млн.тнг. (26,6%) түсім түскен.
Корпоративті табыс салығынан кейінгі екінші орында қосымша құн салығы.
Әлеуметтік салық , қосымша құн салығы, акциздер құрамындағы өзгерісті
келесі диаграммадан көруге болады (диаграмма 1).
Диаграммадан 2004-2006 жылдарда қосымша құн салығының түсімдері
көбейгенмен олардың үлес салмағының төмендегенін байқауға болады. Қосымша
құн салығы 8903 млн.тнг., 2005 жылы 105 159 млн.теңгені құрап, ал 20006
жылы 159 913 млн. теңгеге дейін жоғарылаған.
Әлеуметтік салықтар 2004 жылғак қарағанда, 2005 жылы 28 639 млн.теңгеге
артқан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие мәні
Әлеуметтік тепе -теңдік және еңбек нарығының құқықтық реттелуі
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
Бюджет тапшылығын басқару
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жақсарту үшін бюджет процесін жетілдіру
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі туралы
Бюджет жүйесі туралы
Пәндер