Ата ананың тұлғасын сипаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақcтан Pecпубликаcының білім жәнe ғылым миниcтpлігі
Абай атындағы Шығыc Қазақcтан гуманитаpлық кoллeджі

Қopғауға жібepілді
____ _____ 2022 ж.

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Тақыpыбы: Отбасы тәрбиесіндегі ата ананың үлгі өнегесі

Мамандығы: 0111000 Нeгізгі opта білім бepу
Біліктілігі: 0111073 Физика мұғалімі

Opындаған: 4 УФ-1
тoбының білім алушыcы Д.Қ. Қайратов

Ғылыми жeтeкші:
____ _____ 2022 ж. Г.М.Солтангалиева

Нopма бақылаушы: А.Е.Бекшойынова
____ _____ 2022 ж.

Өcкeмeн қалаcы, 2022 ж.
Қазақcтан Pecпубликаcының білім жәнe ғылым миниcтpлігі
Абай атындағы Шығыc Қазақcтан гуманитаpлық кoллeджі

Қайратов Ділдар Қайратұлы

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Отбасы тәрбиесіндегі ата ананың үлгі өнегесі

Мамандығы: 0111000 Нeгізгі opта білім бepу
Біліктілігі: 0111073 Физика мұғалімі

Өcкeмeн қалаcы, 2022 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың негізгі рөлі мен міндеттері ... ... ... ...
6
1.2. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
10
1.3. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
13
2. Отбасы тәрбиесіндегі ата ананың үлгі өнегесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
2.1.Балаға ата-ананың үлгі ... ... ... ... ... .
18
2.2. ... ... ... ... ... ...
22
2.3 ... ... ... ... ... ... ..
25
2.4 ... ... ... ... ... ... ..
29
2.5 ... ... ... ... ... ... ..
32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
41

КІРІСПЕ

Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі т.б. отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратыны белгілі.
Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ.
Нақтылап айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жабылуы осы жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогакалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екені айқындала түседі.
Отбасында ата-ана өзінің, баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар.
Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі -- отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі.
Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын -- ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т.б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі заманда оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру - негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың тәрбиесіне ата ананың жеке тұлғасының ықпалы зор.
Зерттеу нысаны: Ата ананың жеке тұлғасы, мектептегі сынып оқушыларының оқу, тәрбие үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Ата ананың тұлғасын сипаттау. Оқушылардың тәрбиесіне ықпалын тұжырымдау.
Зерттеу міндеттері:
Ата ананың жеке тұлғасы мәселесінің ғылыми - теориялық негіздерін айқындау;
Ата ананың жеке сапаларын анықтау.
Ата ана тұлғасын зерттеу бағыттарын анықтау.
Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал ететінін зерттеу.
Ата ана тұлғасын жан - жақты сипаттау.
Педагогикалық эксперимент қою арқылы сабақтар өткізу кезінде, тәрбиелік шара өткізу сәттерін сынақтан өткізу.
Зерттеу болжамы:
Ата ананың жеке тұлғасы анықталса;
Ата ана тұлғасын зерттеу бағыттарының моделі құрылса;
Оқушылардың тәрбиесіне ықпалы зерттелсе;
Мақсатты оқу - тәрбиені жетілдіргенде, үлгілі ата ана ғана қабілетті, білікті, жан - жақты ұрпақ тәрбиелей алады.
Зерттеу пәні: Ата ананың жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың орны
1.1. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың негізгі рөлі мен міндеттері

Бала тәрбиесіндегі ата-ана беділінің маңызын дұрыс түсінбеу және оны қолдану тәсілдерін психология-педагогикалық тұрғыда зерделей алмауы салдарынан отбасы тәрбиесінде жаңсақтықтар кетіп жатады.
Халқымыз "беделдің келуі қиьн, кетуі оңай", ал жалған бедел жақсы атақ әпермейді дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бедел - қадір, құрмет, абырой, атақ, даңқ деп, осыған орай, мұнда беделі сақталады, бедел-салды, қадірін, абыройын бетке ұстады, беделі артты, атақ, абыройы жоғарылады, беделін көтерді, абыройы артты, құрметке бөленді, даңқы шықты немесе беделін төкті, беделін түсірді, беделді, сыйлы, құрметті деп келтірілген. Қарап отырсақ, осы сөздердің барлығының педагогакалық астары бар.
А.С.Макаренко: "Ата-аналар кітабы" деген еңбегінде беделді "күмәнсіз абыройы, оның құндылығы мен қуаты балаларға көзкөрінеу, балалар оны дұрыс сезінеді" дейді.
Беделдің тағы бір психологиялық астары, сол арқылы ересектердің балаларға не басқаларға өз дегенін істету, айтқанын орындатуы. Көп жағдайда, бұның екінші біреудің жан дүниесіне, сезімі мен санасына тигізетін әсері, одан қалатын тап, із салдары ескерілмейді. Дер кезіндегі нәтиже ғана көзделеді.
Тәртіп - жалпы жеке адамның не топтың алдына қойған мақсатқа жету үшін іс-әрекетін ұйымдастыру сипаты болып, ол құлықтық мәнге ие.
Отбасы тәрбиесіндегі төртіпке қатысты ғылыми-педагогикалық және психологиялық еңбектерді зерделей келе және бақылауларымыз бен практикалық жұмыстарымыздың қорытындысына сүйене отырып, біз отбасының күн тәртібі бала тәрбиесіндегі аса қажетті компонент екеніне көз жеткіздік. Отбасы тәртібі, оның әр мүшесінің жүріс-тұрысы, мінез-құлық, іс-әрекет жөне сөйлеу мәдениетін қамтитыны белгілі. Осыған орай, Алғабас ауданындағы мектеп оқушыларының ата-аналары арасында жүргізілген сауалнама, әңгіме, сұхбат (интервью) нәтижесінде олардың барлығының, тәртіп дегенде: "ол баланың сабағына өз уақытында баруы - 79%, сабаққа дайындалуы - 82 %, әдеп сақтауы, мектепке кешікпеуі - 92%, қалғандарының барлығы әйтеуір жақсы жүрсе болды да - 8%" деп жауап берген.
Жоғарыда келтірілген мағлұматтардан ата-аналардың тәртіпті, жалпы отбасына онша қатысы жоқ, көбінесе, мектепке байланысты мәселе ретінде қарастыратынын байқадық. Олардың ішінде бір де бір ата-ана, отбасы мүшелерінің әрқайсысының өзіне ғана тиесілі күн тәртібі болуы мүмкін, өйткені ол оның негізгі іс-әрекетімен тығыз байланысты екенін ескермеген. Көшпілік ата-аналар тәртіп пен күн тәртібінің ара жігін нақты ажырата алмағаны байқалады. Олар сондай-ақ, отбасы гигиенасы мен санитариясы, өр адамның жеке гигиенасын тәртіпке жатқызбайды.
Осы және басқа да тексеру жұмыстарының нәтижесінде, отбасы тәрбиесі, әсіресе, ауылды жерде ретсіз, жүйесіз екені, көпшілік ата-аналар бала тәрбиесіне "өзінен өзі жүріп жататын" әдеттегі нәрсе ретінде қарайтыны және тәртіп, күн тәртібі туралы ұғымдарының өте таяз, сыңаржақты екенін көрсетті.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, ата-аналар арасында жүргізілген нақты практикалық материалдарды зерделей келе, педагогикалық шарт -- баланы жақсы ой, жайдары мінез, пайдалы істерге жетелеп, еліктететін жағымды педагогикалық жағдай деп ұйғардық. Демек, отбасы тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз балаға тәрбиелік ықпал ету үшін ата-ана және басқа да отбасы мүшелері тарапынан жасалған жағымды жағдайлар. Ой отбасының материалдық, рухани ахуалын қамтиды деп анықтама беріп, оларды төмендегідей сипаттамаға келтірдік:
Біріншіден, ата-ана отбасы тәрбиесіндегі алға қоятын мақсатын анықтап алғаны жөн. Бұны баланың болашақ кәсібімен ғана байланыстыру жансақ. Педагогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ол мақсат бүкіл адамзат үшін біреу ғана - баланы адамгершілікті болуға тәрбиелеу, әрине, бұл өте қиын.
Екіншіден, тәрбиенің мақсатын айқындап алған соң, енді осы жақсылықтың үлгі өнегесін көрсету ата-ананың жағымды ықпал етуінің екінші педагогикалық шарты. Бұны болашақтан үміті бар әр ата-ана өзінен бастауы керек. Айталық, отбасылық тәртіпті жүзеге асырудан бұрын, тәртіптің не екенін және тәртіпті адам қандай болатынын мың ауыз "мыжың" сөзден гөрі ұрымтал ісінен көрсету. Одан соң барып балалардан және басқалардан тәртіпті талап ету.
Үшіншіден, арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата-аналар аздап болса да, осы ілімнен хабардар болуға ұмтылғаны абзал. Бұл отбасы тәрбиесінде баланың мінез-құлық ерекшеліктері, ішкі жан-дүниесі, қалауы мен сұрау-талаптарын дұрыс пайымдап, оларды қанағаттандырудың мөлшері, жолдарын тура таңдап алуға көмектеседі. Бұл ретте, педагог ғалымдар, баланың сұрау -- талаптарын қанағаттандырудың мөлшерден аспауын талап етеді, өйтпегенде, шегінен шығьш кетсе, пайдадан зияны кеп болатыны психолого-педагогикалық әдебиеттерде айтылып келеді.
Төртіншіден, ата-ана беделін орынды пайдалану. Осыған орай, аса дарынды педагог АС.Макаренко, мынадай бедел түрлерін белгілеген:
- аулақтық бедел, өзімшіл, менмендік, өсиетшіл, қазымыр, сүйіспеншілік, қайырымды, достық, сатып алу арқылы балалар алдында өз беделін сақтауға, сол арқылы тәрбиелеуге ұмтылу.
Осылардың ішіндегі ең тиімді, ықпалы қуаттысы - сүйіспеншілік, қайырым, достық арқылы пайда болған бедел.
Бесіншіден, отбасында орнаған тәртіп пен әдептілік салт-дәстүрі. Жалпы отбасы мүшелерінің қарым-қатынас сипаты (стиль). Ол сый-құрметке, не айқай-ұйқайға, ұрыс-керіс пен балағат сөзге құрылған ба? Міне, осының өзі-ақ отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың ролін көрсетеді.
Егер, отбасының ересек мүшелері, ата-ана ұлттық салт-дәстүрге құрылған тәрбие сипатын ұстанса қалт кетпейді. Мұнда береке-бірлік, сый-құрмет әр мүшеге тиісті болып, жағымды эмоциялық тыныс орнайды. Мұндай ата-аналардың болашағы нұрлы, балалары бақытты деуге болады.
Алтыншы шарт -- отбасы мүшелерінің бақытты болуына тура жол көрсетеді. Ол - қуаныш сезімі. А.С.Макаренко "Хотите, чтобы были хорошие дети -- будьте счастливы" деген. Ал, енді онық бақытты болу дегенін, қалай ұғыну керек? Негізгі бақыт дегенді біреу -- байлық, біреу - мансап десе, көпшілік адам өзіне не тілесе соған мол қолы жетсе, бақытты болар едім дейді. Ғалым-педагог А.С.Макаренко, өмірдің өзі бақыт дейді. Ал, бақытты болудың басы қанағатшыл болу. Барына риза болып, денсаулық пен адал еңбектің өзі бақыт емес пе. Сондықтан барына қуанып, отбасына да қуаныш орнату - ата-ананың үлкен бір маңызды міндеті.
Ата-ананың міндеттері:
-балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
-бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
-баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
-баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
-баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
-ересектер балалрды күн сайын сыпайлыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыру керк.
-үйдегі жайлылықпен салауаттылықтың алғы шарттары- тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.
-үй ішіндегі татулық күйеуіне де әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты-өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
-сыпайлық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуі тиіс.
-тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі ьилей білу керек.

1.2. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі

Отбасы дәстүрлі түрде басты тәрбие мекемесі болып табылады. Бала балалық шағында отбасында не игерсе, оны кейінгі өмір бойы сақтайды.
Отбасының тәрбие институты ретіндегі маңыздылығы баланың өмірінің елеулі бөлігінде оның ішінде болуымен және оның тұлғаға әсер ету ұзақтығы бойынша тәрбие институттарының бірде-біреуін салыстыра алмайтындығымен түсіндіріледі. отбасымен. Отбасы тәрбиесі арқылы баланың жеке басының іргетасы қаланып, мектеп табалдырығын аттағанша оның жартысынан көбі тұлға ретінде қалыптасып үлгерген.
Отбасы тәрбиесінде баланың денсаулығына, оның дене шынықтыруына, шыңдалуына, күш-қуатын, ептілігін, жылдамдығын, төзімділігін арттыруға қамқорлық жасау маңызды орын алады. Дені сау, физикалық дамыған адам ақыл-ой және дене еңбегімен неғұрлым табысты айналыса алады, оның әдетте жақсы, көңілді көңіл-күйі бар және ол әдетте басқаларға мейірімді, көмектесуге дайын, сұлулықты айқынырақ қабылдайды және ол өзі бәрін әдемі жасауға ұмтылады. Ал оқу-тәрбие процесінің күрделілігі оның өте серпінді, ұтқыр және өзгермелі болуымен де байланысты. Тәрбие процесінде балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті ерекше орын алады. Бұл балалармен бірге адамгершілік үлгілерді, рухани мәдениеттің озық үлгілерін, белсенділік мәдениетін іздестіру, осы негізде өз құндылықтарын дамыту болып табылады.
Грольник Венди және оның әріптестері 1997 жылы жариялаған мақаласында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас оқушылардың оқуға және мотивациясына қалай әсер ететініне негізделген тұжырымды айқындады.
Отбасының үлгі өнегесі - ата-ана мен бала арасындағы мектепке деген оң көзқарасты және балаға білім берудің маңыздылығын білдіретін қарым-қатынасты қамтиды. Танымдық және зияткерлік қатысу кітап оқу және мұражайларға бару сияқты балалардың дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал ететін мінез-құлықты білдіреді. Бұл теорияға сәйкес ата-ананың қатысуы оқушының жетістігіне әсер етеді, өйткені бұл өзара әрекеттесулер оқушылардың мотивациясына, олардың құзыреттілік сезіміне және олардың мектептегі жетістіктерін бақылайтынына сеніміне әсер етеді.
Кэтлин В. Гувер-Демпси және Ховард М. Сэндлер 1997 жылы жарияланған мақаласында ата-ананың беретін үлгі өнегесін үйде жұмыс істеуге (мысалы, үй тапсырмасын орындауға көмектесу, мектептегі іс-шараларды немесе мектептегі іс-әрекеттерді қамтитындай етіп анықтады. Олардың рөлі мен міндеттері туралы, ата-ананың балаларының мектепте табысқа жетуіне көмектесетінін сезінуінің және мектеп немесе мұғалім ұсынатын қатысу мүмкіндіктерінің функциясы екенін дәлелдеді.
Бұл теорияда ата-аналар араласқанда, балалардың мектептегі оқуы олардың білім, дағдыларды меңгеруі және мектепте табысқа жететініне деген сенімінің артуы арқылы әсер етеді.
Отбасы тәрбиенің оң және теріс факторы ретінде әрекет ете алады.
Сонымен қатар, ешбір басқа әлеуметтік институт бала тәрбиесіне отбасы сияқты зиян келтіре алмайды. Отбасы - тәрбиеде негізгі, ұзақ мерзімді және ең маңызды рөл атқаратын ұжымның ерекше түрі. Дәл отбасында бала алғашқы өмір тәжірибесін алады, алғашқы бақылауларды жасайды және әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді.
Кішкентай адамды тәрбиелеудегі ең бастысы - рухани бірлікке жету, ата-ана мен бала арасындағы адамгершілік байланыс. Әрбір отбасында тәрбиенің белгілі бір жүйесі объективті түрде қалыптасады. Тәрбие жүйесі дегеніміз - балаға қатысты неге рұқсат етілетін және болмайтынын ескере отырып, тәрбиенің мақсаттары, оның міндеттерін тұжырымдау, тәрбие әдістері мен тәсілдерін азды-көпті мақсатты түрде қолдану.
Баланың алғашқы әлеуметтік ортасын ата-ана құрайды. Әрбір адамның өмірінде ата-ананың жеке тұлғасы маңызды рөл атқарады. Балалар мен ата-аналар арасында туындайтын сезімдердің ерекшелігі, негізінен, ата-ана қамқорлығы баланың өмірін қамтамасыз ету үшін қажет екендігімен анықталады. Әрбір баланың ата-анаға деген махаббаты шексіз, шексіз, шексіз. Оның үстіне, өмірінің алғашқы жылдарында ата-анаға деген сүйіспеншілік олардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, олар есейген сайын ата-ана махаббаты адамның ішкі, эмоционалдық және психологиялық әлемін сақтау және сақтау функциясын көбірек орындайды.
Ата-ананың жауапкершілігі:
-балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
-мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
-бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
-балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулыұты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
-мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
-кәмілеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп месі.
Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.
1.3. Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы

Қазақ - ежелден шешен халық. Халықтың өзіндік тіршілік тынысы бар. Мысалы, ел ішіндегі түрлі мәмілегерлік мәселелер, оларды шешіп, реттеп отырудың қарапайым халықтық тәсілдері айрықша. Дәстүрлі шешендік өнердің дами түсуіне әсер еткен жәйттердің бірі осы болса керек. Бұл өзге халықтардың сәлт-дәстүрлерінде кездесе қоймайтын, қазақ халқының өзіне ғана тән айрықша құбылыс деп бағалауға тиістіміз.
Халық алдында талқыланатын дау-жанжал, билік-бітім сөздері қазақ билерінен шешендікті, ойдың жүйріктігін талап еткен. Мұндай сын сәттерде ел басқарған билеріміз бен хандарымыз халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білетіндігін көрсетуі керек болған. Халық көп жиналатын астар мен тойларда, жәр-меңке-жиындарда сан алуан дауларда қаралып отырған.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, - десек артық емес.
Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани адамгершілік білім беру жүйесі
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларындағы этно психологиялық жақтары
Даланың алып қоңырауы
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары туралы
Пәндер