Теледәрігер бағдарламасында
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әбиева.М.
Телевизия-дербестілік идеологиясы және әлеуметтік ақпараттық тенденция
Диплом жұмысы
Мамандығы 5B050400 - Журналистика
Алматы, 2022

Қорғауға жіберілді
_____ ___________
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор_____________

Жалпы журналистика кафедрасы
Мамандығы 5B050400 - Журналистика
Орындаған: ______________
Ғылыми жетекші: _______________
Норма бақылаушы: ________________
Алматы, 2022
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Зерттеу жұмысының бет саны:
Зерттеу жұмысында қолданылған суреттер саны:
Зерттеу жұмысында қолданылған кестелер саны:
Зерттеу жұмысында қолданылған диаграммалар саны:
Зерттеу жұмысының мақсаты
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Зерттеу жұмысының нысаны
Зерттеу жұмысының міндеттері
Зерттеу жұмысының әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Телевизия-көгілдір экрандағы бейнені ғана емес, тіршілік атаулысындағы қимыл-қозғалысты, жәй-күйді, бет-бейнені анық көрсететін тылсым күш десем артық емес. Телеарна арқылы күніне қаншама жаңалық көрерменнің көз алдында жарияланып жатыр. Сағат санап, уақыт зырғып, сәт санап жаңалықты таратудың небір көздері пайда болып жатыр. Журналистің ақпарат кеңістігінде алар орны ерекше.
Ақпарат ғасырының адамзатқа берген ең үлкен сыйы да осы телевизия. Тіршілік аясындағы орын алған оқиғаларды қалың бұқараға сәт сайын жеткізу де үлкен төзімділікті талап етеді. Дегенмен, бұл маман иелерінің қадір-қасиетін, жүгі ауыр сала екенін көпшілік түсіне бермейді. Бұл саланың ауқымы артып, қарқыны үдеген сайын БАҚ-қа айтылар сын мен талап та күшейе түсті. Бұл көрерменнің талғампаздығын, ақпаратты сараптай алатынын білдіреді деп ойлаймын.
Тележаңалықтың қоғамға берер пайдасы зор болды. Мәселен, 2 жылдан астам уақыт сананы торлап, көпшіліктің өмірін жалмаған Covid-19 індетінен қанша науқастың көз жұмғанын, елдің сол кездегі ахуалын, вирустың қаншалықты жоғары екенін ақпарат саласының мамандары дайындаған тележаңалығынан біле алдық. Стационар орталықтарға кіріп, халыққа дереу ақпар таратқан журналистердің еңбегі ел есінде қалды. Бірі елдің оңтүстігіндегі ахуалды онлайн түрде хабарласа, енді бірі елдің солтүстік, батыс, шығысындағы тіршілікті халыққа жария етіп отырды. Арандатушылар да болды. Сол мезетте халық кімге сенерін білмей, дал болды.
Тележурналист таратқан әр ақпаратқа халық сусындап отыруы тиіс секілді көрінеді. Дүйім жұртты дүрліктірмей, керісінше халыққа да, билікке де қажет ақпарат таратып отырса, расында сол кезде журналист, билік пен халықтың алтын көпірі болар еді. Аудиторияның асыға күтетін маманы болу, халықтың көзайымына айналу оңай жұмыс емес.
Жаңалықты тарату менің жұмысым екен деп, іле-шала Анау былай, мынау былай деді, деп ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруге болмайды. Ол тележурналистикаға деген сатқындық болып саналады. Бәрі бір сарында таралатын әдіс-тәсілден аулақ болу керек. Өйткені, көзі ашық, көкірегі ояу халықтың бірнеше рет бір сарындағы жаңалықты қарағысы келмейді. Ал, басқадан ерек болып, басқаша әдіспен жаңалық таратар болсаң, оны кез келген көрермен тапжылмай отырып қарауға дайын болады.
Жаңалықта интершум мен инфографикалық кестені қолдану, анонс пен стендаптың басқа әдіспен жүргізілуі көрерменді қызықты етеді. Өмірдің жағымды құбылыстарымен қатар, жағымсыз тұстарын көрсету де журналист үшін өзекті нәрсе болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын журналиске қойылар талаптың, негізгі критериийдің бірі-оперативтік екенін аңғардық. Қай телеарна сол мезетте бірінші болып ақпарат таратса, соның жаңалығы ғана өтімді болады. Сол телеарнаның ғана рейтингі жоғарылайды. Ал, бұл журналистикаға керек құбылыс. Техникалық сапаның жоғары болуы да назардан тыс қалмауы керек.
Телевизия-мемлекеттің идеологиясын халық арасында жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Телевизия өткен жылдары танымдық, тәрбиелік хабар беріп, халықтың құлақ құрышын қандыратын ақпарат арнасы болатын болса, қазіргі таңда танымалдылыққа көп мән беретін болды. Соның нәтижесінде қара халық рас, ресми ақпараттарға сенбейтіндей күй кешті. Экранды ашсаң болды, тек өнер жұлдыздары ғана әр бағдарламаның жүргізушісі атана келді. Тауық сойса да, қасапшы сойсын деген қанатты сөз, бекерге айналды. Өйткені, журналистиканың жолымен жүріп, балын жемегендер танымдық бағдарламада отырмауы тиіс еді. Арна өкілдері, төрағалары да, жұлдыздардың бағдарлама жүргізуіне қарсылық танытпады. Әншілер де сахнада тұрғандай, өз орындарын керемет сезінді. Тұрғындар телеарнадан оларды емес, кәсіби мамандарды көргісі келеді. Әншілерді телеарна қызметінен алыстату қажет. Рейтинг үшін жұмыс істеп, қазаққа тән емес хабарларды көгілдір экраннан 4 сағаттап көрсетті. Теледидар-халықтың тәрбиешісіне айналуы тиіс. Өйткені, БАҚ қандай болса, ұлт та сондай болмақ. Пікір мен идеяны насихаттаудың құралына айналған телевизия саласының орны ерекше.
Халық, тәрбиелік бағдарламаны емес, бір-бірінің шаштарын жұлған қыздар мен еріккен ерлерді көрді. Рейтингтің соңынан қуалаған редакторлар да, бағдарламаға одан сайын отқа май құйып, бір-бірін төбелестіріп қана қарап отырған жүргізушілер де ол бағдарламаның экраннан көрсетілуіне қарсылық танытпады. Өзге елге, өзге ұлтқа тән бағдарламаларды Қазақстанға да көшіріп әкелді. Қазір соның бұғауынан шыға алмай жүр. Бұған тек әттеген-ай дерсің. Қанша қазақ қарсы болып, ел жанашырлары бағдарламаның жабылуына қарсылық танытса да, көгілдір экранда олардың бейнесі әлі де самсап тұр.
Журналистика-ең көп сыналатындардың қатарында.
XXI ғасырдағы көрерменнің алғырлығы бір қуантты. Кей журналистерге тікелей эфир барысында сұрақтар қойып, оларды бір сілкіндіріп алды. Кейде тіпті, экрандағы орфографиялық қателіктерді редакцияға жолдап, байланыс орнатты. Әр бағдарламаның санына өз пікірін жасқанбай, ашық айта алды. Барлық арнадан бірдей көрсетілетін жаңалықтарға көңілі толмайтынын, өзгертетін тұстары жетерлік екенін баса айтты. Әрине, күнделікті қайталанып, 100 көрсетілетін, нәтиже жоқ мәселені айтудан, оны көруден тұрғындардың да жалықпасқа шарасы жоқ. Бағдарламаға сай келетіндер жаңалық та, жаңалыққа сай келетін тілшілер бағдарламалар да жүргенін де байқаймыз. Неге арналсаң, соны істе, деп Ж.Аймауытов айтпақшы, блогерлер де журналистиканың қызметін асыра сілтеп пайдаланды. Оқиға орнында тұрып, ақпаратты қалай болса солай, еш ресми ақпаратсыз халыққа сол секундта таратты. Оны көрген халық жаңалықты көргісі келмейді. Содан, телевизияға деген сұраныс төмендейді.
Технология дамыған заманда әр арнаның ұялы телефонда да бағдарламасы бар екені көңіл қуантады. Әйтпесе, жоғарыда айтқан блогерсымақтар өз оқырман санын асыра пайданалып, ақпаратты іле-шала таратып жүр. Ал, теледидардан жаңалықты дер кезінде қарай алмайтын тұрғындар үшін телефондағы жүйе жақсы болды.
Журналистика-жасандылық пен жалғандықты ұнатпайды. Оған тек әділдік, көрермендерге шынайылық қажет. Жасанды дауыс пен жалған сөзді, жасанды бейнені халық бірден таниды.
Түсірілімге барып келген журналист пен бармай дайын бейнематериалды алып, мәтін жазған журналистің айырмашылығы бірден байқалады. Өйткені, барып, көзбен көріп, қолымен ұстаған тілші ғана, оқиғаны жақсы жеткізеді. Себебі ол сол жердегі оқиғаны өз көзімен көрді. Жаңалықты билікке ұнасын деп, халықтың мұң-зарын өзгертіп, сөздерін қиып, монтаждауға болмайды. Одан сәтті материал дүниеге келмейді. Журналистикада-халықтың жақсысын асырып, жаманын жасырып қалған ең ауыр қылмыс тәрізді. Ол театрда дайындалып, халық алдында көрсете салған қойылым тәрізді. Өмірдің шынайылығын бүркемелеу мамандыққа жасалған қастандық. Қос тарапты тең ұстау журналистің міндеті. Ол өз ойын, өз пікірін, эмоциясын білдіруіне болмайды. Дегенмен, жоқ нәрсені бар деу дұрыс әрекетке жатпайды. Осылардан-ақ журналистиканың қоғамдағы рөлі қаншалықты ауыр әрі жауапкершілікті, салмағы басым, әрі рөлі зор екенін ұғуға болады. Адамға ауа мен су қаншалықты маңызды болса, адам өмірінің жарқын болуына ақпараттың да маңызы өте зор.
Тың ақпарат алып, тосынға толы жаңалық көргісі келетін көрермен де жоқ емес. Сыни пікір де, артынан еретін сөз де журналистерге өте көп айтылады. Жаңалыққа ұсынған туындыңа сынап-мінейтіндер де өте көп болады. Қоғамда орын алған қарама-қайшы мәселені сөз етіп, түйінін тарқатса да оларға берер баға да журналистің абыройы да көтерілер емес.
Барлық саланы бірдей білу тек журналиске тән. Өйткені, дәрігермен сұқбаттасар болса, оның саласын білу міндетті. Спикері мәдениет саласының маманы болса, мәдени ортадан хабары болуы тілшіге қойылар маңызды критерий десем де болады.
Журналистің еңбегі жұмыстың 8 сағатымен шектеліп қана қоймайды, үйіне кетсе де проблеманы өзімен бірге арқалап кетеді. Түнгі ұйқыдан айрылып, мәтін құрастырып, қайтсем, жаңалығым сәтті шығады?, деп ойланумен уақыт өтеді.
Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын демекші, жантақ сөзінің мағынасын терең үңілейікші, жантақ сөзі шөп атауы болғанмен, малдың азығы екені белгілі. Ал енді осы мал азығын, не себепті журналистің ішкен-жегеніне қосты деп ойлайсыз?
Қазақ телевизиясын құруда, публицистер мен журналистер аз еңбек сіңірген жоқ.
Журналистің өткір сұрақтардан қашуы, адаммен тіл табыса алмауы, шешімі жоқ нәрсені бұрмалауы, мамандыққа жасалған қастандық деп білемін. Журналист әрқашан өзінің сұрақтары, стилі, сондай-ақ, даусымен ерекшеленеді. Олар күнделікті болған оқиғаны сараптай алатын, жаза алатын адамдар. Журналистің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz