Төл сөздің тыныс белгілері
Тақырып: Төл сөз бен төлеу сөздi (бөгде сөздi) оқыту методикасы.
Жоспар:
1.1.Төл сөздің диалог түрлеріндегі көрінісі -----------------------------17-20
1.2.Төл сөздің тыныс белгілері-------------------------- -------------------21-33
ІІ - Тарау. Төл сөзбен оның тыныс белгісін оқыту------------34-38
2.1.Оқушылардың төл сөздің тыныс белгісін қоя біліп, дұрыс оқи
білуін қадағалау-------------------------- ----------------------------------- -39-40
2.2. Сабақ үлгілері--------------------------- --------------------------------41- 50
Адам сөйлегенде, я жазғанда,сол өзi баяндап отырған мәселеге байланысты немесе оған қатысы бар басқа бiреулердiң пiкiрiн келтiрiп сөйлейтін болады. Ондай сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады. Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де жатады. Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат - әр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі - сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мәселе жөніндегі өз пікірінің байымдауларының дұрыстығын дәлелдей түсу мақсаты.
Бөгде сөз -- сөйлегенде не жазғанда баяндап отырған мәселеге
байланысты келтірілген басқа біреудің сөзі, пікірі. Бөгде сөзді қолданудың
негізгі мақсаты -- баяндап отырған мәселе жөнінде автордың өз пікірі,
пайымдауларының дұрыстығын дәлелдеу, соны кеңейтіп көрсету. Бөгде сөзді қолдану тәсілі әр түрлі: көп жағдайда басқа біреудің сөзі, пікірі ешқандай өзгеріссіз, түпнұсқасы сақталып, төл сөз түрінде, кейде басқа біреудің пікірі ғана сақталып, түгелдей автордың өз сөзімен берілген төлеу сөз түрінде де қолданылады.
Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін: Бір
жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріссіз, түп нұсқасы
бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да
өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық тың формалар қосылып немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формалары түсіріліп айтылуы да болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен берілуі мүмкін.
Байымдау тәсiлiне қарай бөгде сөз екi топқа бөлiнедi.
1 Төл сөз.
2 Төлеу сөз.
Төлеу сөз- көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын
сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, "Абай жолы"
романында М.Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былай
жеткізеді:
"Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей
Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай
байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, Абай не қыларын өзі
жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен
куәлік айтқаны Абай басына лайық болар" дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді".
Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше
мазмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі
монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп, бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл "Абай жолы" романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән беретіні байқалады.
Төлеу сөз - бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі.
Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі "де" етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.
Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс
ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов).
Төл сөз -- бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып
қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.
Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем
болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы
құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған
жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады.
Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің
орын тәртібі еркін болады. Мысалы, Құнанбай тыңдап болды да:Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! - деді, (М.Әуезов).
Төл сөз деп - сөйлеушiнiң сөздiк жағынан болсын, грамматикалық
формалары жағынан болсын өзгерiссiз, бұлжытпай өз сөзi iшiнде қолданған бiреудiң пiкiрiн айтады. Біз бұл арада қалыптасқан атауды өзгеріссіз қолданып отырмыз. Шындығында, төл сөз деген грамматикалық атау бұл арада өзінің мазмұнына сай қолданылмаған. Төлдеген сөз меншікті,
Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. А., 2008.16-бет
тән деген мағынаны білдіреді және осы сөзде келтірілген басқа біреудің
сөзі оған, яғни авторға, төл сөз бола алмайды, қайта керісінше, ол бөгде сөз болады.
Қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат немесе диалог түрiнде келедi.
Цитат түрiндегi төл сөз саяси әдебиеттерде, ғылыми ж¡не публицистикалық еңбектерде қолданылады.Цитат ретiнде келтiрiлген төл сөздiң айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушiнiң өз сөздерiн қоса қолданылған түрiн автор сөзi деп атайды.
Төл сөздiң айналасында қолданылатын автор сөзiнiң мына сияқты
қызметi болады.Төл сөздiң кiмдiкi екендiгi, қайдан алынғандығы, төл сөз
иесiнiң алынып отырған үзiндiнiң алдында нелердi айтқаны, ондай үзiндiнiң қандай жағдайда iшкi сезiм дүниесiнiң құбылыстары баяндалады.
Төл сөздi автор сөзiмен байланыстыру қызметiнде де, дедi, дегендер, дейiн, дейдi, дептi, деп, десе және есiмшенiң әр алуан септiк жалғаулары
қолданылады. Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді: ол жеке бір сөз болуы да мүмкін, бір сөйлем немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін. Төл сөзді сөйлемдердің мағыналық жағынан да, құрамы мен мүшеленуі жағынан да тіліміздегі төл сөзсіз сөйлем түрлерінен ешқандай өзгешеліктері болмайды. Тілімізде қандай құрамда,қандай мағыналық сазда айтылатын сөйлемдер болса, соның барлық түрі де төл сөзді сөйлемдерде де болады.
Төл сөз қандай құрамда, қандай мағынада айтылса да, ол автор сөзімен
байланысты болады. Құрам жағынан автор сөзі де әр түрлі құрылыста
айтылады. Оның қандай құрамда айтылуы автордың төл сөзге
байланысты нелерді байқатқысы келетініне, контекске байланысты болады.
Егер автор төл сөздің кімдікі екендігін көрсетумен ғана тынатын болса,
автор сөзі бір-екі сөзден ғана құралады.
Төл сөз бен төлеу сөздiң мына сияқты негiзгi айырмашылықтары бар:
1 Төл сөзде сөйлеушi я жазушы бөгде бiреудiң сөзiн өзгерiссiз, қоспасыз,
бұлжытпай қолданылады. Төл сөде оның бiрер сөзiн өзгертедi, өз тарапынан сөздер қосады.
2 Төл сөздiң айналасында мiндеттi түрде автор сөз жүредi. Ал төлеу сөзде автор сөзiмен араласып, тұлғалық өзгерiске ұшырайды.
3 Төл сөзде сөйлемнiң әр алуан мағыналық түрлерi болады. Ал төлеу сөзде
сөйлемнiң әр алуан сағыналық түрлерi сақталмайды.
4 Төл сөде сөйлемнiң бастапқы эмоционалдық, модальдық ерекшелiктерiнiң барлығы сақталады. Ал төлеу сөзде бұлар сақталмайды.
5 Төл сөз бен төлеу сөз жақтық тұрғыдан, жiктеу есiмдiктерiн қолдану
жағынан бiркелкi болмайды.
Төл сөздерге байланысты мынадай мысалдарды алуға болады:
1 -Кел балалар, оқылық! - деген Ыбырай Алтынсарин.
2 Ыбырай Алтынсарин: Кел, балалар,оқылық! - деген.
3 Ыбырай Алтынсарин былай деген: Кел, балалар, оқылық!
Баяндаушы өзінің желісінде қолданбақ болған біреудің (не өзінің) сөзін
үнемі бұлжытпай, төл сөз ратінде, айта бермей, кейде оның ќұрамы мен
құрылысын және тұлғасын өзгертіп, өз сөзімен мазмұнын ғана жеткізеді.
Мұндай сөздер төлеу сөз деп аталады. Мысалы: "Кітап - адамның ең
жаќын досы", - деді М.Горький. (Төл сөз.) М.Горький кітапќа адамның ең
жаќын екенін айтты.(Төлеу сөз.)
Де етістігі және төл сөз ќұрамындағы кейбір сөздер (оќшау сөздердің
басым көпшілігі, сұраулыќ шылаулар т.б.) төлеу сөзде айтылмай, түсіп
қалады. Төлеу сөз тек хабарлы сөйлем түрінде беріледі. Мысалы: "Бұл жер
мал жайлауға қолайлы болар, сірә", - деді аға шопан. (Төл сөз.) Аға шолпан
бұл жерді мал жайауға қолайлы болғандығын айтты. (Төлеу сөз.)
Төл сөздің төлеу сөзге айналуына байланысты, ондағы тұрлаулы
мүшелердің синтаксистік қызметі де өзгереді:
1 Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғауы арқылы
анықтауышқа айналады. (Мысалы, жоғарыда берілген төл сөздердегі кітап,жер деген бастауыштар төлеу сөзде аныќтауыш болып жұмсалады.)
2 Төл сөздің баяндауышы төлеу сөзде сөйлемнің басқа мүшелеріне
айналып кетеді:
1) Баяндауышы айтты, хабарлады, баяндады, сұрады, өтінді,
бұйырды т.б. төл сөз иесін көрсете алатын арнайы сабақты етістіктердің бірінен жасалған төлеу сөзде төл сөздің баяндауышы (өзгерістерден кейін) табыс септігін қабылдап, тура толықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы:
"Комбайнды осылай жабдықтау керек", - деді механизатор. Механизатор
комбайнды осылай жабдықтау керек екендігін айтты.
2) Туралы, жайында, жөнінде шылаулардың қатысуымен айтылған
төлеу сөзде төл сөздің баяндауышы күрделі жанама толықтауышқа айналады.
Мысалы: Механизатор комбайнды осылай жабдыќтау туралы айтты.
3)Септелген де етістігінің (өткен шақтағы есімше түріндегі) қатысымен жасалған төл сөздің баяндауышы төлеу сөзде толықтауыш қана
емес, әп түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Мысалы: Оның: "өзім барайын!" - дегені бригадирге де ұнады. (Барайын - төл сөздегі баяндауыш.) Оның өзінің
баратындығы бригадирге де ұнады. (Баратындығы - төлеу сөздегі
бастауыш.)
Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін
өзгертпей сол күйінде өзгертсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлеп дейміз.
Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның
сөзі автор сөзі болады. Автор сөзі төл сөздің кімдікі екеніне, қандай
жағдайда, қалай айтылғанын түсіндіріп тұрады. Төл сөз бен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын де (деді, деп, дейді, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады. Төл өз бен автор сөзінің орналасу тәртібі төмендегідей болады:
1 Төл сөз автор сөзінен кейін тұрады. Мысалы: Жиренше сөз таба
алмай ұялып қысылып қалды: "Ұят болды. Өзім де өкіндім".
2 Төл сөз автор сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: "Дені сау кісіге қарап
отыру қиын ғой," - деп Жамал дауысын солғындау шығарды.
3 Төл сөз автор сөзінің ортасында тұрады. Мысалы: Келді де: "Абай,
шырағым, сені әкең шақырып жатыр," - деді.
4 Төл сөз автор сөзінің екі жағында тұрып, автор сөзі төл сөздің
ортасында орналасады: "Өз өлеңім емес," - деді мынау үлкендердің шамасын біраз қылжақ еткендей боп, - "бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі".
Кейде төл сөз бен автор сөзінің көп құрамды күрделі түрі де көп
кездеседі. Ол сабырлы, момын пішінмен: "Шүкіршілік, әке, - деп біраз
тұрады да:" - "Ат барған соң дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, ватиқасын алып қайттым," - деді. Төл сөз бен автор сөзі бір-бірінен арнаулы тыныс белгілері арқылы бөлінеді. Төл сөз әдетте тырнақшаға алынады да, төл сөз хабарлы сөйлем болса, үтір (сөйлем бітсе нүкте), лепті сөйлем болса леп белгісі, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі қойылады. Төл сөздің алдында тұрған автор сөзінен кейін қос нүктесі қойылады да, төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Оны сызбамен (схемамен) былай көрсетуге болады:
1 "Төл сөз," - автор сөзі
2 автор сөзі: "Төл сөзі".
3 автор сөзі: "Төл сөз," - автор сөзі.
4 "Төл сөз," - автор сөзі, - "Төл сөз".
Кейде тырнақшаға алынбай, төл сөз сызықшамен басталып жазылады.
Схемасы:
Автор сөзі - төл сөз, - автор сөзі.
- Төл сөз, - автор сөзі.
Төл сөз автор сөзімен байланысты болады дедік. Бірақ ол байланыс
төл сөздің бастапқы құрылысын өзгерту, оған грамматикалық жаңа
дәнекерлер қосу арқылы болмайды. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру
үшін, оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық формасын өзгертіп
айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады.2 Сондықтан төл сздің автор сөзімен байланысы оның бастапқы құрылысына ешқандай өзгеріс
енгізбей, өз дербестігін толық сақтау жағдайында жүзеге асырылады. Төл сөзбен автор сөзі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дәнекер- де көмекші етістігі.
Төл сөздің бастапқы дербестігін толық сақтай отырып, оның автор
сөзімен байланыстыру функциясын де етістігінен басқа ешбір сөз, ешбір
грамматикалық форма атқара алмайды. Де етістігінің - төл сөздің төл сөз екенін танытудағы қасиеті де осы функциясында.
Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданылғанда
де етістігі деді, дегендер, дейін, дейді, депті, деп, десе және есімшенің әр
алуан септик жалғаулы түрлерінде айтылады.
Мысалы:Тым бері бұрыла бермеңіз, күнбатысқа таман жүрейік, - деді
жолдасым.Жамандатқыр, мынау бір ит екен, тіпті жүрмейді, -деп,
қамшымен салып-салып жіберді. Әжем мені оятып:
-Жаппас келіп қонып жатыр. Базарбаймен көрісіп, қарағымды
сүйіп келдім,-дейді. Келе жатқандар:
- Анау кім? - десті. Әбдірахман:
- Шұғаны алмай тынбаймын,-деумен болды.(Б.Майлин.)
Төл сөз бен автор сөзін бір-бірімен байланыстырушы де етістігінің
жоғарыда көрсетілгендей формалық құбылыстарда келії оның өзінен кейін
тағы қандай сөздердің айтылуына және сонымен синтаксистік қатынасқа келу қажетіне байланысты болады.
Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: төл сөзден
бұрын келді де, төл сөзден кейін келії де, төл сөздің екі жағынан бірдей келдї де, төл сөздің ішінде келії де мүмкін. Соған қарай оның құрылысы да әр түрлі болады.
Автор сөзінің төл сөздің алдында ғана келії оның басқа орында
қолданылатын түрлеріне қарағанда, сирекірек қолданылады. Автор сөзінің
бұл түрі формалық жағынан тиянақты болып, төл сөзбен онша тығыз
байланыста айтылмайды. Одан кейін төл сөздің келтірілетіндігі оның тек
мағынасынан ғана байқалып тұрады. Мысалы:
Әбіш аз ойланып отырып, ендігі сөзін бастады:
-Қадірлі Мағыш, мен осы келгенде, ең алдымен, сізден кешірім өтінгелі
келдім:
Әбіш сөйлеп отыр:
-Мен сізді байлаусыз, жауапсыз ұзақ күттіргеніме кешірім
сұраймын. (М.Әуезов.)
Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі ке йде өзінен кейін төл сөздің
келетінін білдіре, соған нұсқай айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, былай, мынаны дегендер тәріздіс сілтеу мәнді сөздер де болады.
Мысалы:
Сөзінің қорытындысында ол былай деді:
- Әлде мені сабаққа жаңа түскен бала деймісің? Сендер білгенді мен
баяғыда білгенмін. Сендер көргенді баяғыда көргенмін.
Оның айтқаны мынау:
-Мен үшін қам жемеңдер. Не істеуді өзім де білемін.
Автор сөзі төл сөзден кейін келеді. Мұндай жағдайда төл сөз бен автор сөзіарасында әрдайым де етістігі ке леді және ол жоғарыда айтылғандай, әр алуан тұлғада тұрады. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана
тынатын болса, де етістігі тиянақты формада айтылады.Мысалы:
-Сабырды саботажна, насихатты бос былшылға айналдырмау
керек,-деді Аман.(Ғ.Мұстафин.)
-Осының жылқысы мыңға жетеді.Сиқын қарашы,-дейді Тоқбай,
Көпті жамандаған көмусіз қаладыдейді халық мақалы.
Автор сөзінің мұндай құрамды түрінде де етістігінің дәнекерлік қызметінен гөрі, сөйлемге тиянақтылық мән беру, аяқтап тұру қызметі басым болады. Ол төл сөзді өз жетегіне алады да, сонымен бірігіп барып, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.
Төл сөзден кейін келген автор сөзі ке йде өз алдына жеке бір немесе
бірнеше жай сөйлемдерден құралған күрделі болып та келеді. Мұндай
жағдайда де етістігі есімше, көсемше я де шылаулы формада айтылып, төл сөзді автор сөзімен байланыстыру қызметін атқарады.
Автор сөзінің төл сөзден кейін келії көркем шығармаларда болатын
диалогты сөйлемдерде өте жиі қолданылады да, цитат түрінде келетін төл сөздерде өте сирек болады. Ол - төл сөздің бұл екі түрінің өзіндік
ерекшелігіне байланысты. Автор сөзінің қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын және ертеден келе жатқан көне түрі - төл сөздің екі жағында келетін түрінің атқаратын қызметінде немесе мағынасында алдыңғы екі түрінен ерекше өзгешелігі жоқ. Бұл, негізінде, алдыңғы екі түрдің бір жерге топталуы деуге болады.Мысалы:
Аман құрама ауылдан көз алмай келе жатып:
-Жақаңның қолына болыстық тимей жүр екен ғой,-дейді.
Мақаш Аманға арап:
-Бәлем, өзіңнен зорна кездессің, жым боларсың! - деп қояды. (Ғ.Мұстафин.)
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, тұңғыш педагогы Ыбырай Алынсарин:
Қазақ халқы - азбаған халық. Оның талабы біреу салып берген тар
шеңбердің қыспағына сыя алмайды. Оның ой-пікірі ер кін. Оның келешегі
үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену
керек болып отыр,-деп жазған болатын.
1.1. Төл сөздің диалог түріндегі көрінісі
Тіліміздің қазіргі синтаксистік құрылысына автор сөзінің бұл түрінде
төл сөзден бұрын келген бөлшегі аяқталмаған, тиянақсыз түрде
айтылады да, төл сөзден кейін келген бөлшегі тиянақты түрде
айтылады. Ал ертеректегі әдебиеттерде бұлардың құрылысы бір аз
өзгешерек болып ке леді. Мысалы: Сонда Төлеген үш рет дауыстап шақырды: Бұл йде кім бар? Сен еркекпісің, ұрғашымысың? Тірі адам бармысың?-деп. (Қыз Жібек.)
Бұл келтірілген мысалдардың барлығында да ,төл сөздің алдында
келген автор сөздері етістіктің тиянақты түрлеріне аяқталған да, төл
сөзден кейін деп. етістігі келіп отырған. Автор сөзінің мұндай
құрыоыстағы түрі ауыз әдебиетіне жататын шығармаларда, сол сияқты,
Ыбырай,Абайлардың қара сөзбен жазылған еңбектерінде көп кездеседі.Ал
әдеби тілімзідің қазігі синтаксис інде де етістігінің, жоғарыдағыдай,
көсемше формалы түріне аяқталатын төл сөзді сөйлемдер болмайды. Егер төл сөзден кейін келген де етістігі көсемше формада айтылатын болса, одан кейін не басқа бір тиянақты сөз келеді немесе тұтас сөйлем айтылады. Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетіні де болады. Төл сөз бен автор сөздің мұндай қатынасы әдеби тілімізде кейінгі дәуірлерде қалыптасты. Төл сөз бен автор сөзінің бұл құрылыстағы түрі қазірдің өзінде де онша етек алып кете қоймағанмен, төл сөздің діалог түрінде болсын, цитат түрінде болсын, сирегірек болса да, кездесіп қалып отырады. Төл сөзде сөйлеуші я жазушы бөгде біреудің сөзін ешқандай
өзгеріссіз, қоспасыз, бұлжытпай келтіреді.Төл сөздің айналсында міндетті түрде автор сөзі жүреді және ол екеуінің жіг айқын бақалып, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізу қажет болмайды, тек дәнекер ретінде де етістігі қолданады.
Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді және ол
екеуінің жігі айқын байқалап, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізу қажет болмайды,тек дәнекер ретінде де етістігі қолданылады.
- Мына Малқар ақсақалды ертіп келдік,- деді Жақып.(Ғ.Мұстафин.)
Мұнда екі жай сөйлем бар: бірі - төл сөзді сөйлем де, екіншісі - автор
сөзінен құлаған сөйлем. Ал осыны төлеу сөзге айналдырып, Жақып,Жақып
Малқар ақсақалды ертіп келгендігін айтты деп құрсақ, төл сөзді автор
сөзінін бөліп тұрған деді етістігі қолданылып, төлеу сөз бен автор сөзі
қосылып,бір ғана жай сөйлем болып қалады.
Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері болады. Ол хабарлы
да, сұраулы да, лепті де болып келеді. Соған қарай оның әр сөйлемнің
өзіне лайықты сазы, интонациясы, ритмика-мелодикалық ерекшеліктері
болып отырады.
Төл сөзде сөйлемнің бастапқы эмоциялық, модалдық ерекшеліктерінің
барлығы да сақталады. Төл сөз иесі қолданған одағай,қаратпа сөз,
қыстырма сөздер бұлжытпай беріледі.Ал төлеу сөздер олай емес. Мұнда
төл сөздегі эмоцияналдық, модальдық ерекшеліктерді сақтау, одағай,
қаратпа сөз, қыстырма сөздерді өзгертпей беру тіпті мүмкін емес,
сондықтан бұлар төлеу сөзде түсіріліп қалдырылады. Мысалы:
-Жақсы келдің, шырағым,-деді Қалабай Аманға.
-Берген перде бұзбаушы ма еді, тәйірі! - деді Қалабай.
Міне, бұл келтірілген мысалдардағы төл сөздерде оқшау сөздердің
әр алуан түрлері бар. Соларға қарай сөйлемдердің интонациялық,
эмоциялық ерекшеліктері де түрлі-түрлі. Бірақ оларды төлеу сөзге
айналдырсақ, ол ерекшеліктердің бірде-бірі қалмайды.
Мүмкін жоғарыдағы төл сөздердің кейбіреулерін төлеу сөзге мұндағы
келтіргендерін өзгешерек етіп айналдыруға да болар, бірақ қалай болғанда
да, олардың құрамдарындағы оқшау сөздерді әр сөйлемнің интонациялық,
эмоциялық ерекшеліктерін сақтауға болмайды. Оны сақтауды төлеу сөздің синтаксистік құрылысы көтермейді.
Төл сөз бен төлеу сөз жақтық тұрғыдан, жіктеу есімдіктерін қолдану
жағынан да біркелкі болмайды. Төл сөзде іс-әрекетттің иесі өзі болған
жағдайда автор жіктеу есімдігінің бірінші жағын қолданып сөйлей береді.
Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды.Біз жаңа төл сөз құрамында болатын
көптеген сөздердің төлеу сөзде берілмейтіні, беру мүмкін емес екендігін
айттық. Тек жеке сөз ғана емес, сөйлеушінің ішкі сезіміне, эмоцияналдық
күйіне байланысты қолданылатын көптеген төл сөздер төлеу сөзге
айналдыруды көтермейді. Мысалы: Ойбай-ай, енді қайтейін! Қалеке-ай, мынаның қорлығын-ай! Ойпырым-ау, жаным-ау! Ассалаумәликем,Тәке! Әліксәлем! Әп, бәрекелді,келісің болайын! - дегендер тәріздес төл сөздерді төлеу сөз түрінде беру тіпті мүмкін емес.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың тілімізде қалыптасқан, ежелден
келе жатқан тұрақты тәсілдері бар. Ол тәсілдердің ең негізгісі және өте жиі қолданылатыны - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Мұндай жағдайда төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай, алдымен етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық,-дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: - Өстіп жүргенде өлшеулі өмір бітіп қалып, жаңа өмірді көре алмай кетем деп қорқамын,-деді Аман сөйлеміндегі төл сөзді төлеу сөзге: Аман өстіп жүргенде өлшеулі өмір бітіп қалып, жаңа өмірді көре алмай кетем бе деп қорқатынын айтты деп айналдыруға болады.
Мұнда төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін төл сөзді сөйлемнің
баяндауышы болып тұрған қорқамын сөзіндегі жіктік жалғау айтылмай,
қорық сөзі табыс жалғаулы есімшеге айналдырылған. Бұл сөзге есімше
жұрнағы мен жалғау арасына - дық жұрнағы келтіріліп, қорқатындығын деп те айтуға болады.
Мысалдан көрініп тұрғанындай, төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің тиянақты баяндауыштарының кейбіреуі есімшенің табыс жалғаулы түрінде айтылса, екінші біреуінің тұйық райдың табыс жалғаулы түрінде айтылатынын, ал енді біреулеріне екен, керек сөздерінің көмекші болып қосылып айтылатынын көреміз. 3 Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады. Бірақ солардың қай-қайсыларында болса да табыс жалғауының қатынасы бар. Сондықтан да табыс жалғаулы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші форма болып есептеледі.
Төл сөздің баяндауышы болып тұрған сөздің төлеу сөзге жоғарыда
айтылған сөз түрлерінің қайсысымен берілуі оның қай сөз табынан
болғанына, егер етістіктен болса, оның қай райында, қай шағында
айтылғанына байланысты болады.
Өйткені төл сөз төлеу сөзге айналғанда да ондағы әрекеттің шақтық
мағынасы белгілі дәрежеде сақталады. Осы себептен егер төл сөздің
баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік
формасына айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің - қан,-ған,-кен,-
ген жұрнақты түрі арқылы беріледі де, егер ол етістіктің келер шақ
формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -тын,-тін жұранқты есімше арқылы беріледі. Ал егер, төл сөздің баяндаушы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық рай формасына айналады. Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық райдан болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. Бұл айтылған қорытындылар жоғарыда талданған мысалдардың қай-қайсынан болса да байқалады.
1.2. Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі - төл сөзді текст ішінен
бөлмей,абзацсыз (жаңа жолсыз) қолдну; екіншісі - төл сөзді абзацпен бөліп тастау.
Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екінші жағдайда
сызықша арқылы жазылады:
1) Әкей оқта-текте иінін қозғап қалып, күбірлеп сөйлеп те қояды:
Генерал - поручик!..Ол менің ротамда сержант қана еді! Содан бері
көп-ақ өткені ме?..
2) - Асан үйінде екен,-деді біреу жүгіріп кеп.
-Қалима ше?
-О да үйінде.(С.Мұқанов.)
Төл сөзбен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері
былайша қойылады:
1.Әуелі төл, одан кейін автор сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан
тырнақшаға алынады да, автор сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем хабарлы болса, ятір мен сызықша; лепті болса, леп белгісі мен сызықша; сұраулы болса, сұрау белгісі мен сызықша да қойылады. Мұндайда үтір тырнақшаның сыртына қойылады, ал сұрау, леп белгілері және көп нүкте тырнақшаның ішіне қойылады. Мысалы:
"Мұны мен бұрын бір жерден көрдім",-деп ойлады ұста.
"Мұны мен қайдан көрдім",-деп ойлады ұста.
"Мұның кім екенін қайтсем де білуім керек!",-деп өзіне серт берді ұста.
"Бұл кім болды екен, әлде...",-деп ойлай бастады ұста.
Сызықшаға алынып жазылуға тиісті төл сөздердің тыныс белгілері де
дәл осындай. Тек олар екі жағынан тырнақшаға алынбайды.Оның орнына төл сөздің алдына сызықшаға қойылады да,жаңа жолдан басталып жазылады.
2 Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады:
1)Ұста: "Мұны қайдан көрдім?"-деп ойлады.
2)Кісілер тарап кеткеннен кейін,ол Павелге қарап:
-Павлуша,сен кімсің?-деп сұрады.
Сөйлем тырнақшаға алынған төл сөзбен аяқталып тұрса, нүкте тырнақшаның сыртынан, ал леп,сұрау белгілері мен нүкте тырнақшаның
қойылады.Мысалы:
Ұстаның ойлағаны: "Мен мұны бір жерде көрдім".
Ұстаның ойлағаны: " Мұны мен қайдан көрдім".
3.Автор сөзі төл сөздің ортасында келгенде, тыныс белгілері төрт
түрлі қойылады.
а) Автор сөзі төл сөз болып тұрған тұтас сөйлемді екіге бөліп тұрса, автор сөзінің алды-артынан үтір мен сызықша қойылады.Төл сөздің екінші жартысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:
1)-Мені,-деді Амантай далаға шыққан Асқарға,-губернатор шақырған екен.
Еріп жүрші, шырағым.(С.Мұқанов.)2. "Я,"-деп ойлады, шелегін босағаға
қойып...далаға шыққан Айбала,-қуанатын жөні бар. (С.Мұқанов.)
ә)Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы өз алдына хабарлы сөйлем
болса, автор сөзінен бұрын үтір мен сызықша, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып жазылады.
1)-Трест жанып жатыр,-деді Валя келтесінен, даусын көтере сөйлеп.
2) - Жоғары шық,-деді үйге кірген Асқарға Балтабек.
б) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы лепті, сұраулы сөйлем болса,
немесе леп белгісі қойылуға тиісті леп белгісі, не сұрау белгісі мен сызықша
қойылады да, соңынан нүкте мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші
жартысы бас әріптен басталып жазылады, ал автордың сөзі кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:
1)-Бұл не жұмбақ?-десті екеуі қосынан.-Көл ортасында бұл жалау қайдан
пайда болды?
в) Төл сөздің бірінші жартысынан кейін көп нүкте қойылуға тиісті болса,
автор сөзінің алдынан көп нүкте мен сызықша, автор сөзінен кейін алдыңғы
бөлікке қарай не үтір мен сызықша, не нүкте мен сызықша қойылады.
1) - Жаңа...-деді шал сасқалақтап,-Итбайдың Төре баласы Сарыбас...солдатпен кеп шешеңді атып өлтіріп кетті...
Саған кетті..Жасырын!
2) - Енді айналмай-ақ қоярмыз...- деп сыбырлады.-Былайырақ шығайық
та, ауладан аттан түсейік...
4 Кейде автор сөзі төл сөздің ортасында бір, соңында келеді. Ондайда автор сөзінің алдыңғысына тыныс белгілері төл сөздің екіге бөлініп
қолданылғанындай қойылады. Соңғысының алдынан әдеттегідей тыныс
белгілері қойылады: Мысалы:
1) Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семен маған:
- Санитар машинасымен бара жатқан бір қазақ қызын көрдім. Құдай біледі, сол сенің Ақботаң,-деді.-Мұндай ұқсамас, - деп бастады да, артығырақ кетіп бара жатқанын өзі де аңдап, тоқтай қалды.(Ғ.Мүсірепов.)2) - Әрине, түсінем ғой. Бізге қай жерде жасалған танкіні жіберсе де бәрібір ғой. Тек танк болсын. Бірақ әлдене үшін Сталинград танкілерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz