Қазақстанның ішкі туризмі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

БАҒЫТЫ:
Қазақстанның ішкі туризмі
ТАҚЫРЫБЫ:
Туризм Қазақстан үшін негізгі табыс көздерінің біріне айнала ала ма?

ПӘНІ:
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
ОРЫНДАҒАН:
Толықпаева Еңлік Асқарқызы
СЫНЫБЫ:
12 Е
ПӘН
МҰҒАЛІМІ:
Т. С. Абилькасенов
СӨЗ КӨЛЕМІ:
2764

Өскемен, 2022

Мазмұны
КІРІСПЕ 2
Негізгі мақсаттары: 2
Зерттеу сұрақтары: 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 3
1.1 Қазіргі заманда туризмның дамуы қалай жүріп жатыр? 3
1.2 Туризмді қандай жолдармен дамытуға болады? 3
1.3 Ішкі туризмнің дамуына кедергі болып отырған қандай мәселелерді шешу керек? 4
1.4 Кімнің тәжірибесі Қазақстан үшін жетекші вектор бола алады? 5
Зерттеу әдістері 6
Зерттеу нәтижелері 6
Сұхбат 6
Сауалнама 7
Фокус-группа 8
Қазақстандағы туризмнің SWOT-талдау 9
Бағалау 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 11

КІРІСПЕ
Қазақстанның ішкі туризмі жақында дами бастады, бірақ соған қарамастан оның ел экономикасы саласында үлкен маңызы бар. Қазіргі заманда көптеген тұрғындар Қазақстанның әлемдік аренадағы әлеуетін біледі және туризмді дамыту қажеттігін түсінеді. Өкінішке орай, бұл саланың дамуына барлығы бірдей үлес қоса бермейді және туризм елдегі негізгі табыс көзіне айнала алмайды деп есептейді.
Ішкі туризмнің потенциалы зор, болашағы табысты, бірақ елімізде үкімет пен азаматтары барлық саланың мүмкіндіктерді пайдаланбайды. Нәтижесінде, экономиканың қозғаушы күші бола алатын және тұрғындарының әлеуметтік өмірін жақсартатын туризм өте баяу дамып келеді. Туристік аймақты жақсарту және бүкіл қаланың қайта құрылуы арқылы адамдардың әлеуметтік өмірін одан әрі дамыту Бильбао эффектінің арқасында айқын көрінеді.[3] Гуггенхайм мұражайы филиалының құрылған ғимараты Бильбаоның туристік ағынын айтарлықтай арттырып, қала экономикасын көтерді. Kazakh Tourism ұйымы Қазақстан туралы айтуынша, 2018 жылда Қазақстанға туристік мақсатымен келген адамдардың саны 8.79 миллион болды, 2017 жылмен салыстырғанда тек 14%-ға көп. Сондай-ақ, туризм тек экономикаға емес, бүкіл елдегі дамуына тікелей әсер етеді. Біріншіден, мемлекетті тану оны әлемдік аренада ілгерілетеді, ұлттық ерекшеліктер, құндылықтарды насихаттайды. Екіншіден, жергілікті тұрғындар да өз елін танып, ұлттық рухты нығайтып, мемлекеттінің дамуына өз үлестерін қосады. Сол себептен, ішкі туризмді дамытып, қазақстандықтарды осы саланы қолдауға және шетелдіктерді тартуға көндіру керек.
Негізгі мақсаттары: Адамдардың туризмді дамыту мәселесі туралы қаншалықты хабардар екенін және олардың осы саланы ілгерілетуге қатысуға қаншалықты дайын екенін білу. Алған мәліметтерге сүйене отырып, ішкі туризм Қазақстанның негізгі табыс көзіне айналуы мүмкін бе екенін түсіну, шешімге келу.
Зерттеу сұрақтары:
Туризмнің жылдам ілгерілеуіне не кедергі жасайды?
Қазақстандағы туристік орындардың қандай оң және теріс жақтары бар?
Туризмның дамуының негізгі қадамдар қандай?

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ішкі туризмді дамыту Қазақстан экономикасын дамытуға көмектеседі. Соның арқасында инфрақұрылым жақсарады, жаңа мектептер, ауруханалар салуға, жолдардың сапасын арттыруға болады. Сонымен қатар, еліміздің жергілікті жердегі әлеуметтік жағдайын жаңа деңгейге көтереді. Ішкі туризм халық өмірін жақсартудың, ішкі және сыртқы саясатты қолдаудың қозғаушы күшіне айналуы мүмкін.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Қазіргі заманда туризмның дамуы қалай жүріп жатыр?
Соңғы жылдары Қазақстандағы ішкі туризм әуе қатынасының кеңеюіне және шетелдіктердің келуіне байланысты дамып келеді. Бізде әдемі, бай табиғат, көптеген таулар, көлдер, батыста Каспий теңізі және басқа да көптеген назар аударатын нысандар бар. Дегенмен, мемлекеттің басты мақсаты - отандық туристер санын арттыру. Біздің елдегі азаматтардың көпшілігі әрқашан шетелде демалуды жөн көрді, бірақ пандемия адамдарды елде демалуға мәжбүр етті. Сондықтан 2019-2020 жылдардағы жаһандық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан мүмкіндігінше үлкен шығынға ұшыраған жоқ. Мұның бәрі жергілікті халықтың Қазақстанды көп аралап, саланы сақтауға үлкен үлес қосқанының арқасында. Диаграма бойынша, Қазақстанның ең танымал аймақтарға Алматы қаласы, Алакөл және Түркестан қаласы жатады.
Сүрет 1. Басым туристік аймақтар
Сондықтан бұл өңірлерді дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, жаңғыртып, келушілердің сұранысын қанағаттандыруда. Басқа туристік аймақтарға да инвестиция құйылып жатыр, бірақ, өкінішке орай, мемлекеттік қолдау мен ауқымды жоспарлар өзін ақтамай отыр және жиі орындала бермейді. Сонғы жылдарында бұл Қазақстанның кез келген саласын дамытудағы басты мәселелердің біріне айналды. Ең бастысы, тіпті ең Сурет 1 кішкентай прогресс топырақтың да, судың да әртүрлі ластануымен бірге жүреді. Ал бұл өз кезегінде елдің, туристік аймақтың рейтингін төмендетіп, экономикаға қатты әсер етеді. Туризмнің қазіргі дамуы азаматтардың және келген шетелдіктердің мәдениет деңгейін көтеруді талап етеді.
1.2 Туризмді қандай жолдармен дамытуға болады?
Бұрын айтылғандай, 2020 жылы ішкі туризм шет елдермен жабылған шекараларының арқасында үлкен шығынға ұшыраған жоқ. Адамдар Қазақстанды аралап, көбірек жерлерді көріп, әдемі және қызықты туристік орталықтар туралы ақпарат тарататты. Демалыс орындарына ең жақын көршілеріміз (Ресей, Қырғызстан және т.б.) келді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізіп, турагенттерге күш-жігері мен идеяларын дұрыс жағына бағыттауға көмектесті. Мысалы, көп адамдарды қалай тартуға болатыны, яғни осындай жағдайда ең бірінші және негізгі кілт не екені белгілі болды.
Біріншіден, адамдардың көпшілігі бастапқыда саяхаттаудың қолжетімді және оңай жолдарын іздейді. Мұндай жағдайларды жасау Қазақстан үшін өте маңызды. Сондықтан, туристердің әртүрлі топтары үшін әртүрлі қызметтер пакетін ұсынатын, елімізге шетелден келу процесін жеңілдететін жүйе құру қажет. Сонымен қатар, шетелдіктер ғана емес, жергілікті тұрғындар үшін де тасымалдау жолдарын жақсарту керек. Проблеманың шешуі бірінші кезекте жолдардың сапасын жақсарту, Қазақстан бойынша тікелей рейстер мен турлар санын арттыру дегенді білдіреді. Осындай өзгерістер туристер үшін және ең бастысы, осы аймақтарда тұратын адамдар үшін пайдалы болады. Жалпы, туризмнің дамуы халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге де үлкен үлес қосады: дамыған экономика, инфрақұрылым, көптеген қызықты мекемелер және т.б. Мұның бәрі елді әлемдік аренаға ілгерілетуге, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.
Екіншіден, жергілікті тұрғындар табиғатымыздың сұлулығын жақында ғана байқап, біле бастады. Еліміздің тануы - әр азаматтың міндеті, Қазақстан оған әлеуметтік желілер мен осындай орындардың жарнамаларының арқасында жетті . Ресейлік Орел и решка сияқты ауқымды және танымал бағдарламалар елімізде шығарылымдарын бірнеше рет түсірді. Бұл шоудың миллиондаған аудиториясы мүлдем әртүрлі басқа елдерде тұратындықтан, Қазақстанға барғысы келетін шетелдіктер көбейіп келеді. Ал ең бастысы, отандастарымыз өскен жерін мақтан ете бастады, бұл ұлттық патриоттық рухты көтеріп, қазақстандықтардың өз елін көбірек аралауына итермелейді. Ал бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытады. Сондықтан, мақсаттарға заманауи ресурстарды, танымал жастар трендтерін пайдалану және елді оның шекарасынан тыс таныту арқылы қол жеткізіледі.
1.3 Ішкі туризмнің дамуына кедергі болып отырған қандай мәселелерді шешу керек?
Ішкі туризмнің табысты дамуына бірнеше факторлар әсер етеді. Олардың негізгілері: сапалы инфрақұрылым, экономикалық жағдай, географиялық орналасуы және ел тұрғындарының туристерді қабылдауы. Жоғарыда айтылғандай, біздің ел туризмге, инфрақұрылымға қыруар қаржы құйып жатыр, бірақ бұл пайдасыз болып көрінеді.
Қазіргі кезде ең басты мәселе - Қазақстандағы жолдардың біркелкі еместігі, ел ішінде қауіпсіз, жылдам жүруге мүмкіндік бермейді. Жолдың нашарлығы туристік орындарға жетуді қиындатады, тіпті қазақтарды басқа елдерге ұшуға мәжбүр етеді. Қаражат бөлінгенімен, Алакөлге, ең атақты туристік нүктесіне апаратын жолдың салынып жатқанына 10 жылдан асты. Бұл экономикалық дағдарыстың, инфрақұрылымның баяу дамуының, елдің жаңғыруының астарында сыбайлас жемқорлық сияқты орасан зор мәселе жатқанын дәлелдейтін бір мысал. Осы мәселе тек туризмге ғана емес, басқа салаларға да зиянын тигізеді.
Сондай-ақ, Қазақстанның географиялық орыны да аса тиімді емес. Біз континенттің орталығында орналасқанымызға және әртүрлі елдерден көптеген рейстерге қарамастан, климат әрқашан көп адамдарды тарта алмайды. Қазақстанда адамдар негізінен маусымы 3 айдан аспайтын жазғы демалысты дамытуға жұмсайды. Яғни, көл немесе теңіз маңындағы туристік база үш ай бойы ақша әкеледі, ал қалған уақытта оны сақтап, жаңа өзгерістер енгізу өте елеулі, бұл өте қымбатқа түседі. Өкінішке орай, таулы аймақтарымыз және белсенді туризміміз тез дамып жатқан жоқ. Меніңше, халықты, шетел адамдарды көбірек тарту үшін мұндай орындарды арнайы туристік нысандармен жабдықтау керек. Бес ай бойы Қазақстанда басымдыққа айналуы мүмкін осы демалыс түрінен пайда табуға болады. Бар болғаны жылы үйлер, арнайы құрал-жабдықтар және сол жерге барып, демалу кезіндегі қауіпсіздік.
Соңында, туристер мен жергілікті тұрғындар арасындағы қарым-қатынас басты рөлдердің бірі болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, туристердің көптігі қоршаған ортаның ластануы және мәдениеттердің араласуы сияқты мәселелердің себебі болып табылады. Соның салдарынан көптеген азаматтар келушілер арасында және олар үшін туризмді дамытуға қарсы шығып жатыр. Осы мәселені шешу үшін тұрғындарға неліктен барлық жерде туризмді дамыту маңызды екенін түсіндіру қажет. Мысалы, бұл экономикалық жағдайдың жақсаруы, демек, азаматтардың өмір сүру деңгейі, инфрақұрылымның жақсаруы, жаңа мәдениет үшін маңызды нысандардың пайда болуы. Сонымен қатар экологиялық туризмді дамытуға, халықтың ғана емес, шетелдіктердің де мәдениетін көтеруге болады (табиғат тазалығын сақтау). Мұның бәрі күнделікті пайдалы болады және Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасын одан әрі жақсартады (көпвекторлы саясатқа үлес қосады).
Осы негізгі факторларға назар аударсақ, үлкенді-кішілі барлық мәселелерді шешетін болсақ, туризм саласы, жалпы өмір сүру деңгейі жаңа биіктерге, жетістіктеріне жетеді. Қазақстанның дамуына бірнеше кедергілер бар, бірақ одан да көп мүмкіндіктер бар. Сондықтан соларды пайдаланып, туризмнің болашағына жол ашу керек.
1.4 Кімнің тәжірибесі Қазақстан үшін жетекші вектор бола алады?
Америка Құрама Штаттары ішкі туризмнен түсетін табыс бойынша әлемде бірінші орында. 2018 жылы отандық туристер АҚШ-да 933 миллиард доллар жұмсады, дейді Sonata tour, бұл жалпы саяхат шығындарының 86 пайызын құрайды[2]. Негізгі артықшылықтардың бірі - ішкі туризм экономиканың әртүрлі салаларында АҚШ-тың шамамен 7,7 миллион жұмыс орнын тікелей қолдайды.
Сондықтан, АҚШ-тың бұл табысқа қалай қол жеткізгенін, азаматтардың осы салаға қосқан үлесін талдау, содан кейін қорытынды жасап, жұмыс істеу керек. Мысалы, адамдардың АҚШ-ты аралауының негізгі себептері (тек шетелдіктер ғана емес, сонымен қатар азаматтар да) атақты жерлер, Американың әртүрлі бөліктерінің әртүрлі ерекшеліктері, бай тарих және үлкен ойын-сауық аймағы. Табыстың едәуір бөлігі халықаралық туризмнен емес, ішкі туризмнен түсетінін ескеру қажет.
Американың тағамдары, фильмдері, әндері мен шығармашылық тұлғалары, ғалымдары әлемдік аренада өте белгілі екеніне сенімдімін. АҚШ өз мәдениеті әлем бойынша насихаттайды, жаһандану оның ерекшеліктерімен басқа елдердің көптеген азаматтарын танысады және американдық мәдениетті барлық жерде енгізуге көмектеседі. Қазақстан да шетелде жоғарылаған адамдардың арқасында осындай нәтижелерге қол жеткізе алады. Мысалы, бұл Димаш Құдайберген, Данелия Тулешова, Айсұлтан Сейітов және тағы басқалар. Ол үшін бұл тұлғалардың патриоттық рухы, ұлттық тіл мен қасиеттерді дәріптеуге ұмтылуы маңызды.
Экономикалық дамудың да маңызы зор, өйткені әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, қуатты тәуелсіз ел ғана мәдениетін өркендете алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Жастар туризмінің мәні
Қазақстандағы туризм
Жанұялық туризмді ұйымдастыру және жоспарлау
Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Рекреациялық табиғат ресурстарын пайдалану
Пәндер