Мәдениетаралық қарым - қатынас және көркем аударма


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Мамандығы: «5В020700 - Аударма ісі»
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мәдени қарым-қатынас және оның аудармадағы көрінісі
Орындаушы: 4 курс студенті
Алченбаева Ақерке
Ғылыми жетекшісі: Филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Ақыш Б. Ө.
Тәжірибе базасының жетекшісі:
HR бөлімінің директоры - Малькеева Аида Нұрланқызы
“Қорғауға жіберілді”
Синхронды аударма кафедрасының меңгерушісі
Динасилова Мөлдіp Ақжановна
Алматы, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1. 1 Мәдениетаралық қарым-қатынас және оның маңызы
1. 2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлем құрылыстарының ерекшеліктері
ІІ ТАРАУ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҢ АУДАРМАДАҒЫ КӨРІНІСІ
2. 1 Мәдениетаралық қарым-қатынас және көркем аударма
2. 2 Қазақ және ағылшын ұлттарының мәдениетаралық қарым-қатынастарын білдіретін мәтіндерге аударма жасау ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША.
КІРІСПЕ
Тіл дүниеге қалай келді деген сұрақ қойылса, "Вавилондағы аңыз" бірден ойға келетіні мәлім. Аңыз бойынша Тәңір, адамзат бір-бірімен жанжалдасып, дауласып қалмасын деген мақсатпен, бәріне түрлі сойлеу тілін берген екен. Соның есебінен әлемде кейінгі статистика бойынша 7151 тіл және "аударма ісі" деген өрелі сала пайда болды. Аударма-тілдік және мәдениетаралық құрал. Бірақ аударманы осы сөйлем қалпында ғана шектеп қою қате болар еді. Адамзат аударма арқылы қалыптасады. Біз өмір сүріп жатқан дүние белгілі бір жүйеге орнатылғаны, адам өмірінің кез келген қозғалысы ішкі жүйенің бір түрі болып табылатыны, онсыз дүниенің бүкіл жүйесін құру мүмкін емес екені белгілі. Дүние жүзі халықтарының тілдері арасындағы қарым-қатынас - Өзіндік қарым-қатынас жүйесі болуы керек. Тілдер арасындағы қарым-қатынастың мұндай жүйесінің ең қарапайым шешімі - адамзатты біріктіретін факторлардың бірі болып табылатын аударма.
Ал ''мәдениет" сөзінiн аудармаға тікелей әсері бар. Біріншіден, аударма саласының өзі саясатты, әдебиетті, қоғамды, жақын мәдениетті білдіреді. Яки мәдениетке байланысты кино, театр, мұражай, кітапханалар теңдей дәрежеде аудармада қолданылады.
Екіншіден, аудармаға әрі аудармашыға адалдық-мәдениеттің белгісі. Берілген мәтіннің 1-2 сөзін тастап, енді біреуін бұрмалап, екінші тарапқа жеткізетін болсақ аударма мәдениеті бұзылады.
Үшіншіден, аударма-жеке жанр ғана емес, барлық жанрда кездесетiн, мәдениеттің бұлақ көзі, қоғамның элитасы. Ал элита-мәдениет бар жерде ғана қалыптасады. Сөйткенмен элитаны элита ететін дүние-бірнеше тіл білушілік. Бұл жайлы аударма теориясын зерттеуші В. Алимов "Мен аударманы-мәдениеттің тал бесігі деп түсінемін. Сондықтан да аударманы көркемдік, қоғамдық-саяси, салалық аударма деп ірі-ірі топтарға бөлдім. Әркім өз көңіліне жаққанын таңдасын" дейді [ ] . Осы жолды саралай отырып, аударманың халқымыздың тарихындағы орнын ғана емес, оның болашақтағы орнын да көрсете аламыз. Бүгінде аударма әлем әдебиетіндегі көркем шығармаларды қазақ тіліне аудару арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтере алады. Қазақ поэзиясының аудармасындағы осындай кемелдік кезеңіне теориялық талдау жасау оның болашақ көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Көркем аудармада, әсіресе поэтикалық аудармада аударманың жоғары көркемдік деңгейі әртүрлі факторларды есепке алуды талап етеді. Ұлттық нақышты сақтай отырып, көркем аударма қайшылықтың қатаң талабы екені белгілі. Дегенмен, мұны ескеру керек. Қайсыбір жағдайда аудармашылардың сөзбе-сөз аудармаға жасайтын кездері де болады. Бұл тәсіл толыққанды көркем аудармада ұтымды бола бермейтіні анық. Себебі, поэтикалық аударманың ең басты міндеті - кейіпкердің лирикалық көңіл-күйіне барынша жақын, түпнұсқадан ауытқымайтын бедер табу. Сондықтан диплом жұмысында талдау үшін көбіне әдебиет, соның ішінде проза жанрынан мысалдар алып талдауға тоқталдық.
Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі. Көркем аударма дегеніміз - түрлі әсем сөздермен кестеленген, көркемделген әдемі, сапалы, бейнелі аударма. Демек берілген шығарманы сөзбе-сөз аудармасанда, мағынасы сол қалпында сақталуы маңыздырақ. Бұл айтқанға оңай болғанымен, көркем шығарма аудармашыға жеңіл жұмыс емес. Шындығында, көркем шығарманы аударатын аудармашының тек қана тіл білуі жеткіліксіз. Мәселен оның бойында шығармашылық қабілеті, өнерге деген сүйіспеншілігі, әдебиетке деген махаббаты болғаны аудармаға одан сайын ықпал ететіні мәлім. Бұл жағдайда мәдениет бірте-бірте әдебиетке айналады. Өйткені әдебиет пен мәдениет егіз ұғыныс деуге болады. Бірін-бірі тудырады. Нәтижесінде көркем аударма бірнеше түрге бөлінеді. Ол поэзия, проза, сатира, пьесса сияқты жанрлардан тұрады.
Аталған жанрдағы сырт тілде берілген мәтіндерді қазақ тіліне аударудың арғы бергі өткен жолын, ізденістерін жіктеу - ұлттың көріктілік ойдың бүгінгі биігін жинақтаудың, ілгеріде алар асуларын белгілеудің бір тәсілі.
Көркем аударма-тілдік және мәдениатарлық құрал. Балама-ақпараттық, салалық аудармалар мәдениет ұғымынан алшақтайды. Көркем аударманы өзге жанрлардан бөлектеп қарастырған басты себебіміз де сол.
Ал аударманың басты бағыты - тілдер әлемі. . Тіл көп болған сайын аударма да жаңа туған айдай толысып, әрлене береді. Ал аудармашы - тек тілге ғана емес, мәтіннің астарына да қарайды, өз сөзін айтады. Бірақ идеясы өзгенікі болады.
Сіз бен біз білетін "аударма" саласының ауқымы біз ойлағаннан да кең екен.
Өйткені ешбір сала әлем халықтарының мәдени-рухани қозғаушы күші, жан-жақты даму саласы, қарым-қатынас құралы бола алмайды.
Зерттеу нысаны - Қазақ және ағылшын тілдерінің сөйлем құрылымының ерекшеліктері
Зерттеу пәні - Қазақ және ағылшын тілдерінің мәдени қарым-қатынасының маңызы
Осы зерттеудің мақсаты
Қойылған мақсат мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады :
- Мәдениетаралық қарым-қатынас және оның маңызын зерттеу
- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлем құрылыстарының ерекшеліктерін аныктау
- Мәдениетаралық қарым-қатынас және көркем аударма
- Қазақ және ағылшын ұлттарының мәдениетаралық қарым-қатынастарын білдіретін мәтіндерге аударма жасау ерекшеліктерін талдау
Зерттеудің теориялық негізі И. С. Алексеева, В. В. Виноградов, И. Р. Гальперин, Н. К. Гарбовский, В. Н. Комиссаров, Е. Е. Анисимова, Д. Э. Розенталь, И. В. Арнольд және басқалар сияқты лингвистер мен аудармашылардың жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы -
Дипломдық жобаның құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады.
1. 1
Тіл мәдениеттің элементі, ол белгілі бір мәдениет шеңберінде қызмет етеді, ал шетел тілін оқып үйренуші осы мәдениеттің ерекшеліктерімен, тілдің осы мәдениетте қолдану ерекшеліктерімен таныс болуы керек. Біз тілдің әлеуметтік қызметіне, яғни адамзат қоғамына қатынас құралы ретіндегі қызметіне тоқталамыз, өйткені тіл белгілі бір ұлттың игілігі, әрі өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін негізгі құралы. Сөйтіп, тіл - адамзат ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал. Сонымен, тілге анықтама беруде тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызмет етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады.
«Түрлі мәдениет өкілдері арасындағы тілдік коммуникация құралы санатында, шет тілін оқытудың өзекті мәселесі ретінде кез келген тіл сол тілде сөйлеуші халықтың мәдениетімен, қоғамдық өмірімен үздіксіз байланыста оқытылу қажеттігін көрсетуге болады. Адамдарды өзара тілдік қарым-қатынас жасауға, сөйлесуге үйрету керек. Шет тілінде айтылған мәтінді түсініп қана қоймай, оны қабылдау - күрделі мәселелердің бірі, оған қоса бұл мәселені сөйлеудің жай ғана вербалды процесс емес екені күрделендіре түседі. Шетелдік мәтінді түсіну процесі тілді білумен ғана шектелмейді, сондай-ақ бейвербалды амалдардың қолданысын (мимика, ым-ишарат), этикет нормаларын білуді, аялық білім жүйесінің терең болуын қажет етеді» Тер-Минасова С. Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл - 320 бет. . [35]
Әрбір елдің қуатты күші, байлығы экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен де айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген сол халықтың ақыл-ойының көрінісі- тілге тікелей тәуелді екені бізге белгілі. Тіл - елтану мағлұматтарының қайнар көзі, өйткені белгілі бір елдің табиғат жағдайы, географиялық орны, қоғамдық идеологиясы, халық шаруашылығының деңгейі мен мамандануы, тарихи даму барысы, әлеуметтік құрылыс сипаты, ғылым мен өнердің даму деңгейі, қоғамдық ой-сана бағыты - яғни елдің өміріне тән барлық ерекшеліктер сол халықтың тілінде өз көрінісін табады. Сондықтан шетел тілін меңгере отырып адам өзінің ой-өрісін кеңейтіп қоймайды, сонымен қатар дүниетанымын, қоршаған ортаға көзқарасын дамытады.
1. 2
Мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар болсақ, ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, ол әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі мәдениет иелері арасындағы қатынастар жиынтығы болып табылады. Яғни мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз ол әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Мәдениетаралық қарым-қатынастың негізгі компоненттері мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі және оның сәтті өтуі, яғни нәтижесі бірнеше факторларға байланысты екендігі бізге белгілі. Егерде біз австриялық ғалым Х. Ю. Крумның мәдениетаралық қарым-қатынас жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке бастың қарым-қатынас біліктілігі, сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, сол халықтың мәдени құндылықтары жайлы білімі.
Ақпараттық жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық қарым-қатынастарды жаңғырту, оның сапалық құзыреттілігін жаңа деңгейге көтерудің бір тәсілі - аударма. Қазіргі таңда қазақ аударматану ғылымы жедел даму үстінде. Қазақ ақын-жазушыларының туындыларының әлемдік деңгейде танымал бола бастауына соңғы жылдары ғана мүмкіндік туды. Аударматану - тілдердің өзіндік ерекшеліктерін айқындап, әлемнің тілдік бейнесін танымдық тұрғыда зерделейтін сала. Соның негізінде аударматану - ғылымдар арасындағы ынтымақтастықты орнықтыратын, тілдердің мүмкіндіктерін танытатын ілім ретінде қалыптасты. Көркем туындыларды аудару арқылы түпнұсқада қамтылған әлеуметтік мәселені, негізгі ойды басқа тіл оқырманына жақын етіп кескіндеуге тырысатын, оған қоса, өзге жұрттың наным-сенімін, дүнеитанымын беру арқылы сол ұлттың рухани әлемінен, жан дүниесінен, оқырманын хабардар етуді де мақсат тұтатын аударма дүниелер жарыққа шығып жатыр.
«Мәдениет», «қарым-қатынас» ҧғымдарына жасаған талдауымыз «мәдениетаралық қарым-қатынас» ҧғымынын зерделеуді де қажет етеді. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр тҥрлі ҧлт ӛкілдерінің тепе-тең немесе біріге отырып ӛзара әрекет жасауын талап етеді. Білім алушы мҧндай қарым-қатынас жасай алу ҥшін тек шетел тілін жақсы меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар сол тілде сӛйлеушінің тілдік емес ерекшеліктерін тҥсініп, ҧғынуы тиіс. Мәдениетаралық қарым-қатынас ҥрдісіне қатысушы кӛп тілді меңгерген сайын, сол елдің мәдениетін, салт-дәстҥрін, әдет-ғҧрпын, ҧлттық менталитетін жете тҥсінеді.
2. 1
Психолог Қ. Б. Жарықбаев қарым-қатынасты біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үдеріс деп пайымдайды. 143 Жарықбаев Қ. Б. Психология. - Алматы, 2002 Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда мәдениетаралық қарым-қатынаста адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы түсіндірмені қажет етпейтін үрдіс. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау да аса қажетті шарттардың бірі - сөйлеушілердің өз ой пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтың ой пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты [Жарықбаев Қ. Б. Психология. - Алматы, 2002] . Бұдан шығатын қорытынды қарым-қатынас жасау арқылы адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, теориялық ой пайымдары дамиды. Бұл өз кезегінде қарым-қатынастың үнемі екі жақты үдеріс екенін көрсетеді. Қарым-қатынас жасауда адамдар өзара тілдесу арқылы бір-біріне білдірмек болған ойын жеткізіп пікір алмасатынын көз жеткізуге болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сөз бастаушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. «Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік - осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек». Леонтьев А. А. Психология общения. М. : Московский психологосоциальный ин-т; Воронеж: Изд-во НПО «МОДЭК», 1997. - 416 с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz