Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы
Күшман Айдана Есенханқызы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»
Мамандығы 5В050300 - «Психология»
Алматы 2022
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы
«Қорғауға жіберілді»
ӘГП кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., доцент Көшербаев Ж. Д.
«___»20__ ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»
5В050300 - «Психология» мамандығы бойынша
Орындаған: Күшман А. Е.
(қолы)
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. м, Темірханқызы Л.
аға оқытушы (қолы)
Алматы 2022
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
Бекітемін
ӘГП кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., доцент Көшербаев Ж. Д.
«___»20__ ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Күшман Айдана Есенханқызы
5B050300 - "Психология" мамандығы бойынша білім алушы
Жобаның тақырыбы: «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»
Академия бойынша «» 20 ___ж. № бұйрығымен бекітілді.
Ғылыми жетекшісі: п. ғ. м, аға оқытушы Темірханқызы Л.
Аяқталған жұмысты кафедраға тапсыру мерзімі «___»2022 ж.
Жұмыстың мазмұны мен көлемі:
- Балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . .
- БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заң. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 09. 04. 2016 № 501-V
- Бала құқықтары туралы конвенция. ҚР. Астана, 2016 ж.
- Назарбаева С. А. Этика жизни . - Алматы. - 2000. -84 с.
- Напорт П. Социальная педагогика. - М. : Владос, 2002. - 272 б.
- Лодкина Т. В. Социальная педагогика. Защита семьи и детства: Учебное пособие для вузов. - М. : Академия, 2003 (2009) .
- Тихомирова Е. И. Социальная педагогика. Самореализация школьников в коллективе: учеб. пособие для вузов / Е. И. Тихомирова. 2-е изд., стер. - М. : Академия, 2007.
- Штинова Г. Н. Социальная педагогика: Учеб. для вузов / Под общ. ред. М. А. Галагузовой. - М. : Владос, 2008.
- Мудрик А. В. Введение в социальную педагогику. - М. : ИПП, 1997. -368 б.
- Никитин В. А. Начала социальной педагогики - М: Флинта, 1998. - 72 б.
- Парсонс Т., Чеснокова Ф. О социальных системах. - М . : Акдемический проект, 2002 . - 832 б.
Тапсырма беру мерзімі
Ғылыми жетекшісі
(қолы)
Тапсырманы білім алушы орындауға қабылдады
(қолы)
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
Күнтізбелік кесте
4 курс студенті Күшман Айдана Есенханқызы «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбына дипломдық жұмысты (жобаны) жазу мен рәсімдеуі.
Қараша
2021
Қараша
2021
Желтоқсан
2021
Қаңтар
2022
Қаңтар
2022
Ақпан
2022
Наурыз
2022
Сәуір
2022
Сәуір
2022
Тапсырма беру мерзімі
Ғылыми жетекшісі Темірханқызы Л.
(қолы)
Тапсырманы білім алушы орындауға қабылдады Күшман А. Е.
(қолы)
НОРМАБАҚЫЛАУ
"5B050300-Психология" мамандығының ПСо/к - 18 тобының білім алушының дипломдық жұмысы»
Күшман Айдана Есенханқызы
Дипломдық жұмыстық тақырыбы: «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»
Әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес дипломдық жұмысты талдау
Сәйкес келеді «+»
Сәйкес келмейді «-»
Нормабақылаушы: /
(қолы) (Т. А. Ж. )
Норма бақылаудың нәтижесімен таныстым:
Білім алушы: /
(қолы) (Т. А. Ж. )
Ескертпелер жойылды: /
(қолы) (Т. А. Ж. )
МАЗМҰНЫ
- Балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жетімдік - біздің қоғамның алдында тұрған өте өткір мәселелердің бірі. Жетімдіктің етек алуы бүгінгі таңда көп елдерге тән күрделі мәселе болып отыр. Мұндай балаларды әр елде әрқалай атайды - «қабылданбаған балалар», «тастанды болу үшін туылғандар», «өмірлік нәрестелер».
Жетімдіктің бар себебін атап шығу айтарлықтай қиын, сондай көп қырлы мәселе болғандықтан да, ғылымның әртүрлі саласындағы ғалымдар қарастырғанмен де, әлі күнге түбегейлі зерттелген жоқ.
Жетімдік баланың қоршаған орта, ересектер мен өз құрбы-құрбыластарымен сезімдік байланыстарын бұзатын фактор әрі оған қосымша денелік, психологиялық және әлеуметтік дамуында да терең тежеу тудырады.
Мұндай бағдарламаның қажеттілігін ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, тұратын баспана мен тұрғылықты жері жоқ балалар, босқын балалар, әртүрлі зорлық-зомбылықты бастан өткерген, нашар отбасынан шыққан балалар, отбасы мен қоғамда қиындықтарға тап болған балалар және тағы басқа үлгідегі типтік білім беру мекемелері мәселелерін шеше алмайтын «тәуекел тобындағы» балалар категориясының санының арта түсуі себептері туындатып отыр. Олардың астарында сөзсіз ата-ана мен бала арасындағы байланысты үзетін қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және психологиялық жағдайларға қатысты қазіргі отбасылардың күрделі мәселелері жатыр. Оған қоса балалық шақ әлеуметтік институтының тұрақсыздығы, оның нормалары мен құндылық негіздерінің жойылуы, әлеуметтік жетімдік құбылысының етек алуына әкеп соғады. Бұл мәселе жылдан-жылға шиеленісіп барады. 1991 жылы бар-жоғы 42 балалар үйі болса, қазір олардың саны - 70-ке жетіп отыр.
Жетімдіктің тікелей себебіне айналатын ата-ана депривациясы жетімнің тұлғалық қалыптасуына өте жағымсыз әсерін тигізеді (Бережнова Л. Н., Дубровина И. В., Прихожан А. М., Толстых Н. Н., Щипицына Л. М. және тағы басқалары), әлеуметтендіру барысының оңтайлы өтуіне кедергі келтіреді.
Көптеген мәліметтер бойынша, орта есеппен 30%-ға жуық балалар үйінің түлектері дербес өмірдің алғашқы жылында сотты болады, 20%-ы баспанасынан айрылады және 10%-ы өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл мәліметтер балалар үйі түлектерінің кері бейімделгендігін, әлеуметтік дағдылардың бұрмаланғандығын, девианттық және делинквенттік мінез-құлықтың бұрмалануы, коммуникативтік өрістегі өрескелдіктерді, әлеуметтенудің төменгі деңгейін көрсетеді.
Мұндағы жетім балалар мәселесіне арналған теориялық және қолданбалы зерттеудің басты міндеттерінің бірі - жетім балаларды дербес өмір сүруге дайындау үдерісінде көмек беру жолдарын іздеу болып табылады. Бұл жұмыс жетімге әлеуметтік пана болудың тиімдірек түрін таңдауды (дәстүрлі балалар үйі, отбасылық балалар үйі, отбасы орнын басатын отбасы және тағы басқалары), сондай-ақ олардың ұйымдастырылған өмір салтына байланысты балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін құруды қарастырады.
Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәби өзінің барлық уақытын әртүрлі маман иелерімен тікелей байланыста өткізеді (ұстаздармен, психологтармен, дәрігерлермен, заңгерлермен) . Осылайша үнемі көмек беретін ересектер мен тәрбиеленушілердің арасында өзара әрекет жағдайы қалыптасады. Бірақ, балалар үйіндегі жұмыс тәжірибесінде мынадай жағдайлар аз кездеспейді: жетім балалармен жұмыс істейтін мамандар өз жұмыстарын орындағанда, олар оның мақсаты мен бағытын өз әріптестерімен бірге үйлестірмейді, олардың әрекеті мен жеткен жетістіктеріне қызықпайды, осының салдарынан елеулі нәтижеге жете алмайды. Бұл құбылысты жою үшін біртұтас стратегиялық мақсатқа бағындырылған, жетім балаларды қолдауда теңестірілген психологиялық жағдайлар тудыру аса қажет.
Сонымен, балалар үйі жағдайында ата-ана қамқорлығынан айырылған (жетім бала) балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау тәжірибесінде, әлеуметтік психология теориясына кереғар, қайшылықтарды атап көрсетуге болады. Олар:
- қазіргі заманғы Қазақстанда жетім балалардың көбеюі мен мұндай балаларды әлеуметтендірудің (өмірге бейімдеудің) нәтижелілігін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар мен амалдардың жеткіліксіздігі арасында қайшылықтар;
- балалар үйі жағдайында жетім балаларды қолдау мен оларға жәрдемдесудің кешенді тәсілдерінің қажеттілігі және мұндай әдістемелік технологияның жеткіліксіздігінің арасындағы қайшылық.
Зерттеу мәселесі : балалар үйі жағдайында әлеуметтендіру, өмірге бейімдеу үдерісінде жетім балаларға қолдау көрсетудің психологиялық жағдайларды жетілдірудің өзектілігін арттырады.
Зерттеудің нысаны - балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру үдерісі.
Зерттеу пәні - балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты - б алалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу және оны түзету бағдарламасын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері :
- балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу және олардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін айқындау; балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыда зерттеу; балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің психологиялық түзету бағдарламасы және қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері.
Зерттеу әдістері:
1. А. А. Бодалев, В. В. Столиннің «Мен кіммін?» әдістемесі.
2. Н. Юринованың әдістемелік графигіндегі «Жаңбырдағы адам» әдістемесі.
3. Л. В. Байбородовтың әлеуметтену пікіртерімі.
4. Б. Басстың «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» анкетасы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, психологиялық ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданса, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйінде әлеуметтендірудің деңгейін көтеруге болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін - тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О. С. Гребенюк, А. В. Мудрик, М. И. Рожков) ; әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н. М. Таланчук, В. П. Созонов) ; жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы (Л. И. Аксенова, А. В. Мудрик, Х. Т. Шерьязданова, Ю. Н. Галагузова, Б. А. Расчетина, А. А. Тынышбаева), интегративті тұлғалық құрылым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұжырымдамасы (Г. Ж. Меңлібекова) мазмұндап отыр.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жетім балалардың барынша нәтижелі тұлғалық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасауға болатын тәсілдер және олармен жұмыс жасаудың ерекше түрін табу аса қажет.
Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы № 1 балалар үйі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. кіріспеден, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz