Диалектика категорияларының мәні


Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасы
Семестрлік жұмыс №1
Пәні: Философия
Тақырыбы: Диалектиканың негізгі тарихи формалары.
Мамандығы: 6B06306 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
Орындады: Барлықов Әсет Тобы: СИБк-20-6
Қабылдаған: Мухамеджан Қуанышқазы
«___» 2022 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2022
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Диалектиканың тарихи түрлері. Объективті диалектика және субъективті диалектика. . 3
Диалектика категорияларының мәні . . . 4
Диалектиканың заңдары мен категориялары . . . 5
Қорытынды . . . 8
Диалектиканың тарихи түрлері. Объективті диалектика және субъективті диалектика
Диалектика -қазіргі философияда танылған барлық дамудың теориясы және оған негізделген философиялық әдіс.
Диалектика (гр. διαλεκτική - пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.
Диалектиканың тарихи түрлері. Объективті диалектика және субъективті диалектика. Диалектика (грек сөзінен аударғанда тікелей мағынасы пікірталас, талқылау ) философия тарихында әр түрлі мағынада пайдаланылады. Ол ежелгі грек мәдениетіңде дүниеге келді. Диалектиканы пікірталас, ой талқылау өнері деп түсіну Сократтан басталды. Сократ шәкірті Платон диалектика ұғымын анализдеу және синтездеу әдісі деп қарастырды.
Дүниедегі табиғат болсын, заттар, рухани дүние болсын үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Мұны ежелгі грек философтары ерте заманнан-ақ байқаған. Олар дүниенің түпнегізі ретінде табиғаттың ең жылжымалы, өзгермелі заттарын алған. Анаксимен -ауаны, Анаксимандр - апейрон, Фалес - суды субстанция ретінде қарастырады. Осылайша, олар дүниенің үнемі өзгерісте, қозғалыста, бір күйден екінші күйге ауысып отыратынын байқаған. Сөйтіп, олар тұрпайы, стихиялы диалектиканың негізін қалады. Бұл - диалектиканың бірінші тарихи формасы.
Гегель бүкіл табиғи, әлеуметтік дүниені үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болатынын айтты. Гегель диалектиканың негізгі заңдарын тұжырымдап, оның категорияларының негізгі жүйесін жасады. Категориялардың өзара байланысы арқылы Гегель дүние мен танымның әмбебап байланысын бейнелейтін заңдылықтарды ашты. Бірақ мұның бәрі идеалистік жүйеде жасалынды. Гегель бұл заңдар мен категорияларды объективті дүниенің емес, Абсолютті идеяның өзіндік дамуының заңдары мен категориялары ретінде қарастырды.
Диалектиканың үшінші тарихи формасы ХІХ ғасырдағы орыс революцияшыл демократтары А. Герцен, В. Белинский, Н. Чернышевский философиясымен байланысты болды. Олар диалектиканы танымның және дүниені қайта өзгертудің құралы ретінде пайдаланды. Сондай-ақ, қазақ халқының озық ойшылдары Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары орыс демократтар философиясымен жалғасып, оларды одан ары дамыта түскенін айта кеткен жөн.
Материалистік диалектика - философиялық дүниетанымның ядросы болып табылады. Сондай-ақ түрлі құбылыстарды оқып, үйренудің, дамудың бағытын, заңдылықтарын түсіндіретін әдіс деуге болады. Маркстік диалектика адамзаттың рухани дамуының шығармашылық шыңы болып саналады. Ол өзіне дейінгі нақты ғылымдардың және философияның жетістіктеріне сын көзбен саралап, күн тәртібіне ғылым мен өмірдің өзі қойған мәселелерді шешуді қойды. Материалистік диалектика логикалық мазмұнының терең байлығымен ерекшеленді. Диалектиканың элементтері тек табиғат пен қоғамның ғана даму заңдардары емес, сонымен қатар, танымның да даму заңдары ретінде көрінеді. Диалектика өз мазмұнының байлығы сан алуан болуы арқасында, бірдей уақытта, тек методология ғана емес, сонымен қатар логика, таным теориясы ретінде де көрінеді.
Диалектика - дүниедегі түрлі құбылыстарды жан-жақты байланыстармен қарама-қарсы күштердің өзара байланысымен алып көрсетіп ойлаудың, дүниені түсінудің тәсілі. Болмыстың жалпыға ортақ байланысы, өзгерісі, дамуы өздігінен шешіледі, Оларды түсіну үшін ерекше ойлау «құралы» - диалектика қажет. Диалектика субъективті диалектика және объективті диалектика болып екіге бөлінеді. Ойлауда субъективті диалектика - объективті диалектиканың бейнесі, оны танып, білудің тәсілі болып табылады.
Диалектика категорияларының мәні
Диалектика теориясының мәселелері. Диалектика жүйе хақында. Диалектиканың негізгі принциптері. Обьективтік және субъективтік диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың категориялық аппараты. Диалектика адмның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.
Диалектикалық терістеу құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтарын тудырады, ол өзін - өзі терістеу ретінде көрінеді. Терістеу жалпы сипатта, оның көмегінсіз ешқандай даму да, өзгеріс те болмайды. Бірақ терістеу өткенді жалаң жоққа шығару емес, оған жан - жақты баға беру, сондай аналитикалық бағалаудың нәтижесінде оның өміршең, бағалы жақтарын анықтап, оны ұстап қалуға әрекет жасау болып табылады.
Терістеуді - терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты - сабақтастықты түсіндіруге болады. терістеу, сабақтастық - жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми көркемдік дамудың да объективтік заңдылығы. Сабақтастық жоқ жерде ілгері өрлеу, даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды. өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды бастан кешірмейміз.
Кейінгі ұрпақ өзіне дейін істелген істі, қалыптасқан эстетикалық талғам мен ой - пікірді өзінің тың көзқарасымен, жаңа мүмкіндігімен ілгері дамытып жетілдіреді, оны неғұрлым жоғары сатыға көтереді, байытады.
Тарихи сабақтастықтың екі түрі болады. оларды шартты түрде «уақыт пен кеңістік» деп атаймыз. «Уақыт» және «кеңістік» сабақтастығы - бір дәуірден екінші дәуірге өту арқылы болатын өрлемелі дамуды сипаттайды. Мысалы, біздің эрамыздан әлде қайда бұрын өмір сүрген Сократ, Конфуций, Гаутама өздерінің болашаққа қол созған өміршең ойларымен бізді рухани байытуда.
Көркемөнердің, әдебиеттің алғашқы қарапайым нұсқалары бүгінгі әдебиеттің қалыптасуына негіз болды. «Кеңістік» сабақтастығы халықаралық, не әртүрлі ұлт әдебиеттерінің өзара әсер - ықпалымен байланысты. Әрине, сабақтастықтың бұл түрі де уақыт, тарихи кезеңді аттап өте алмайды. Ұлтаралық мәдени әсер - ықпал қоғамдық дамудың жоғарғы сатыларында жан -жақты дамиды.
Диалектиканың заңдары мен категориялары
Диалектиканың негізгі принциптері:
- Жалпы байланыс принципі
- Жүйелік принципі
- Себеп - салдарлық байланыс принципі
- Тарихилық принципі
Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір - бірімен тығыз байланыстығын білдіреді.
Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін.
Ең көп тараған байланыс - сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы байланыстар адамның әлеуметтік жүйенің мүшесі ретіндегі байланыстары.
Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір - біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді.
Себеп - салдарлық байланыс біреуі екіншісін тудыратынына меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен - өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының не ішкі не сыртқы себептері бар.
Себеп салдар туғызады, ал салдардың өзі басқа бір жағдайда себепке айналады. Себеп - салдар байланысы осындай жағдайдың жалпылық сипатын дәлелдейді.
Тарихилық қоршаған ортаның мәңгілігін, тарихтың, әлемнің жойылмайтындығын және уақыттың шексіздігін көрсетеді. Диалектиканың категориялары заттар мен құбылыстардың арасындағы жалпы байланыстарды қарастырады.
Диалектиканың негізгі категориялары:
- Мән мен құбылыс
- Түр мен мағына
- Себеп пен салдар
- Мүмкіндік пен шындық
- Қажеттілік пен кездейсоқтық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz