Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МҚКҚ

БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Курстық жұмыс

Орындаған:0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі біліктілігі бойынша оқитын 4 курс студенті Аманжол Б Жетекшісі: Г. Балабаевна мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер оқытушысы

Нұр-Сұлтан 2022жылы
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 1.1Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 1.3 Балаларға ересектердің еңбегін таныстыру және бағалай білу дағдыларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 2 БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫН АНЫҚТАУ. 2.1 Балалады еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу тәжрибесінің бөлімі ... ... ... ... ...17 ҚОРТЫНДЫ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектеп жасына дейінгі балалардың болашақ қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің адамзат болып өсуінің, жеке адамды адамгершілік және зиялы көзі болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты. Бұл өзара байланыс әр түрлі формада көрінеді, ойын ересекердің еңбегін бейнелейді. Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру бір формада өтеді. Басында жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейін шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. Балалардың еңбегі мен ойынның арасын ажырату қиын, себебі алғашқы еңбек әрекеті ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі оларды танып біледі.

Мақсаты: Балалардың еңбекке деген талпынысын оятя отырып адамгершілікке тәрбиелеу арқылы ересектердің еңбегін бағалау.
Зерттеу міндеттері: -Балалардың еңбекке деген қызығушылығын ояту. - Ұжыммен еңбек ете білу дағдысын қалыптастыру,
-Үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпеу қарауға тәрбиелеу
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі оқу тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері көрсеткіштері мен деңгейлері.
Зерттеудің теориялық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу арқылы, ересектердің еңбегін бағалау дағдыларын қалыптастыру
Зерттеудің практикалық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектердің еңбегін бағалау дағдысын қалыптастыру бойынша
зерттеу жұмыстары жүргізіліп талданып, сарапталды
3

Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық

Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, глоссарий, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, және қосымшадан тұрады.

4
1. БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
Еңбек адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқада құндылықтар жасауға адам қызметі- деп көрсетілген Қазастан Республикасының Еңбек туралы Заңның жалпы ережелерінде. Тәрбие берудің маңызы құрамдас бөлімі - еңбек тәрбиесі.
Балалар еңбек арқылы өзін-өзі қызмет етуге , шаруашылық-тұрмыс қызметіне және т.б өзіне қажетті түрлі дағдылар мен іскерлікке үйренеді, қиыншылықтарды жеңе білу, өзбетінше әрекет жасау қабілеті дамиды, айналасындағы заттардың қасиеттерін біледі: өсімдіктерді бақылайды, жануарларды көреді. Балалар көрген нәрселерін теңестіреді, салыстырады, неге деген шексіз сұрауларға өз бетімен жауап табуға тырысады.
Балалардың тапсырылған істі ұқыпты орындауы әдемі жасауы арқылы эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Олар өсімдіктіктерге су құйып жүріп және ашылған гүлді, жиналған бөлмені қуыршықтардың таза жуылған киімдерін көргенде қуанады. Балалар еңбек ете жүріп дене құрлысы жағынан да шынығады, таза ауада еңбектенеді: жүйек қазу, су әкелу, қар күреу және т.б. Балалар күш жұмсауға , қиыншылықтарды жеңуге үйренеді.
Еңбек әрекеті балаларда адамгершілік қасиеттер қалыптастыру үшін де маңызды. Үстел жасау бойынша жеңіл тапсырмаларды орындау, сабаққа қажетті заттарды дайындауға көмектесу арқылы балалар өзі басқалар үшін де пайдалы болуға үйренеді. Бұл балалардың бойында көмекті қажет ететін адамға қол ұшын беру, өзінің шамасы келетін еңбек тапсырмаларын орындауға дайын тұру қасиетін, ұқыпты және тіл алғыш болу қабілетін қалыптастырады.
Балаларға ерте жастан еңбектің қарапайым түрлерін үйрету қажет, сол арқылы олар заттардың қасиеттерімен танысады, түрлі аспаптармен жұмыс істеуді үйренеді, еңбек әрекеті арқылы балалар белсенділікке, икемділікке, тапқырлыққа, өжеттілікке жетуге тырысады, оларды ересектерге көмектесу сезімі қалыптасады. Бірге еңбек ету арқылы балаларды тәрбиелеу маңызды. Балалардың бірге жұмыс істеуін ерекше бағалау керек, себебі, бұл ұжымдық еңбектің бастамасы. Баланың күші ұжымдық еңбек үстінде жақсы дамиды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар еңбегі ойынмен байланысты және ол әр түрлі нысанда көрінеді:
-ойын ересектердің еңбегін бейнелейді;
-ойында еңбек іс-әрекетінің элементтері көрінеді;
5
-еңбек болашық ойын үшін істеледі.
-ойын әрекеттері еңбек әрекетіне енгізіледі.
Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметке ынтасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар:
-өзіне-өзі қызмет көрсету
-шаруашылық-тұрмыстық еңбек
-табиғаттағы еңбек
-қол еңбегі
Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзін-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді, өзіне-өзі қызмет көрсету міндет терінде ұсыныла бастайды. Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты, ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекеті орындаудағы құлықсыздығын туғызады. Ал тәрбиеші осы балалардың өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әркеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалықпен мұнтаздыққа әдеттенеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып тәрбиеші әрбір баламен жеке дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімінің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік қорын кеңейтеді.
Мектепке дейінгі естияр шақта өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі, қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күтц процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді. Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне өзі қызмет көрсетудің жаңа түрі төсегін жинау, аяқ киімін жинау дағдыларын игереді. Бұларға байланысты процестер балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құбылыстарының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Еңбек тапсырмалары - ол балалардың еңбегін ұйымдастырудың ең қарапайым түрі. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде ерекше тәрбиелік маңызы бар. Олар көбінесе ойын және еңбек міндеттерін ажыратпайды, өз
6
бастамасы бойынша қалай жұмыс істеуді білмейді, ересектер оларды
тапсырмалар беру арқылы жұмысқа тартады. Еңбек тапсырмасы дегеніміз балаға бір немесе кезкелген құрдастарымен бірге орындалуы керек нақты тапсырманы беру. Тапсырма ол баланы өзіне-өзі қызмет көрсетумен де, ұжым үшін қиындықпен де байланысты жұмысты орындауға міндеттеу.
Еңбек тапсырмаларын орындау балалардың еңбекке деген қызығушылығын, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Бала назарын аударып, оны соңына дейін жеткізуге және тәрбиешіге тапсырманың
орындалуы туралы хабарлауға күш салуы керек.
Балалардың еңбек қызметін ұйымдастыру нысаны ретіндегі тапсырмалардың ерекшеліктері бар: олар әрқашан ересек адамнан келеді, нәтиже алуға нақты көңіл бөлінеді, міндет нақты анықталады. Олар балалармен жеке жұмыс жасау үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Баланың тапсырманы орындау барысында жұмыстың дұрыстығын, еңбек дағдыларының болуын, баланың тапсырмаға қатынасын, жұмысты соңына дейін жеткізе алуын бақылау ыңғайлы.
Ұйымның нысаны бойынша еңбек тапсырмалары жеке, кіші, жалпы болуы мүмкін; ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді, тұрақты немесе бір реттік. Тапсырмалар арқылы тек еңбекке тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, физикалық, ақыл-ой және эстетикалық мәселелерді шешуге болады. Балалармен тәрбие жұмысының тәжірибесінде жеке тапсырмалар жиі кездеседі.Тапсырмалардың мазмұны балабақшадағы білім беру бағдарламасы ұсынған еңбек түрлеріне сәйкес анықталады; көбінесе балалардың жасына, топтың жағдайына байланысты. Тапсырма тәрбиешіге балаларды басқару әдістерін даралауға мүмкіндік береді: біреуіне көмектесу, екіншісіне үйрету, үшіншісіне қолдау көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар тапсырмаларды орындауға қатысу тәжірибесін жинақтаған сайын мұғалім олардың мазмұнын қиындатады. Сонымен, орта топта ол балаларға қуыршақ киімдерін өз бетінше жууға, ойыншықтарды жууға, жолдарды сүртуге, құмға құм салуға нұсқау береді. Бұл тапсырмалар күрделірек, өйткені оларда бірнеше әрекеттер ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі ұйымдастыру элементтері де бар. Орта топтағы тапсырмалар саны едәуір артады, өйткені балалардың жұмысқа қатысу тәжірибесі біртіндеп байытылып, олардың дағдылары күшейе түседі. Енді тәрбиеші бірден бірнеше мектеп жасына дейінгі балаларға тапсырма бере алады. Осылайша, бірнеше бала бір уақытта жұмысқа жиі қатыса бастайды, бұл оларды пайдалы жұмысқа жиі және жүйелі түрде қосуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар балалардағы еңбек әдетін қалыптастырудың
құралы. оларды кезекшілікке дайындайды.
Үлкен топта жеке тапсырмалар балалардың дағдылары дамымаған немесе жаңа дағдыларға үйретілген еңбек түрлерінде ұйымдастырылады. Жеке тапсырмалар қосымша оқытуды немесе ерекше мұқият бақылауды қажет ететін балаларға да беріледі. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтанда ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс.
7
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады.
В. С. Мухинаның еңбегінде бала тәрбие үрдісінде әрекеттің сан алуан түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптастасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуының негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ. Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады.
Психолог Я. Л. Коломинский, Л. В. Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас аралығында бала ойын мен еңбек арасындағы айырмашылықты аңғарып, еңбек құралдарын орнымен пайдаланып, еңбек операцияларын орындап, еңбектің обьективтік мақсатын қоя біліп, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығын түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті
дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы.

8
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеу

Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүру бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене алама деген сұрақ кез-келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Бірақ аталған тенденция тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді.
Балалар еңбегін ұйымдастырудың күрделі түрі - ұжымдық жұмыс, Ұжымдық жұмыс - барлық балалардың бір уақытта тапсырмаларды орындауы.
Ұжымдық еңбек - бұл бірден бірнеше немесе барлық балаларды біріктіретін және ортақ нәтиже беретін жұмыс.
Ұжымдық еңбектің 2 түрі:
- жалпы (әркім өз міндетін басқа еңбекке қатысушылардан тәуелсіз орындаған кезде, бірақ еңбек нәтижесі ортақ болып табылады).
- бірлескен жұмыс (әр баланың жұмысы бір-бірінің жұмысына байланысты, баланы ұжым болып жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне бірлесіп жауапкершілікпен қарауға үйретеді).Ұжымдық еңбек мазмұны жағынан алуан түрлі.
Ұжымдық еңбекті басқару әдістемесі.
4 кезекті кезең бар:
1.жұмыс орнының жабдықтары
2. жұмысты қатысушылар арасында бөлу;
3. тапсырманы орындау процесі;
4.Еңбек нәтижелерін талқылау
1 Жұмыс орнындағы жабдықтар.
Бастау үшін жұмыс орнын дайындау керек. Балалардың жұмысы үшін мыналар болуы керек: алжапқыштар, қылқаламдар, қасықтар және т.б. Балалар әртүрлі құрал-жабдықтарды таңдауға белсене қатысады, жұмыс орнын өз бетінше дайындауға, жұмыстан кейін жұмыс заттарын жинауға үйренеді. Балаларға өз таңдауын жасауға көмектесетін алгоритмдерді белсенді түрде қолдану ұсынылады.
2 Қатысушылар арасында жұмысты бөлу:
- жұмысты қатысушылар арасында бөлу қажет.
-жұмыс көлемін барлық балалар бір уақытта бітіретіндей етіп бөлу;
9

-Әр бала топ орындайтын жұмыстың барлық түрлерін жаттықтыруы керек.
- балалардың орналасу тәртібін ойластыру.
- балалардың жеке ерекшеліктерін, еңбекке деген құштарлығын ескеру.
3 Тапсырманы орындау барысы:
- ұжымдық тапсырмаларды орындай отырып, балалар жұмысты бір уақытта бастап, бір уақытта аяқтауы керек.
- егер тәрбиеші қабілеті нашар балаға көмектесуді ұсынса, онда бұл көмектің қажеттілігін түсіндіреді: Сен досыңды қиындықта қалдыра алмайсың, Жолдастар әрқашан көмектесуі керек.
- біздің міндетіміз - баланың ортақ тапсырманың бөлігі ретінде орындайтын тапсырманы ұсыну.
4 Еңбек нәтижелерін талқылау
- жұмыстың соңында тәрбиеші балаларға сөйлей отырып, нәтижелерді талқылайды, сұрақтар қояды.
-жағымды мысалдарды талқылау. Досына көмектесуге ұмтылу сияқты әрекеттерді атап өтеді.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Пәндер