Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ... ... ...
2. БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ЖАҢҒЫРТАТЫН жиынтық БАҒАЛАУ ... ...
2.1. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЗІРЛЕНУ МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ...
2.2. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. 9- СЫНЫП БАҒДАРЛАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. 9- СЫНЫП БОЙЫНША БӨЛІМДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. БӨЛІМДЕР БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ӘЗІРЛЕМЕСІ ... ..
4. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУДАҒЫ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
ІV. ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Білім- қазіргі заманның басты құндылығы.
Білім алушылардан күтілетін оқу нәтижелерін, оқу үлгерімі жетістіктерін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы қолданылады.
Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, бұған қол жеткізуге әбден болады.
Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
- білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесін енгізу жүйелі негізде кезеңдер бойынша жүргізіледі. Бұл бағалау үдерісін қолдауды, өз кезегінде үйлестіруді қажет етеді. Аталған міндеттерді жүзеге асыру критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне жүктеледі (бұдан әрі - үйлестірушілер). Өңірлік үйлестірушілер аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері ішінен, мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектептерде директордың орынбасарлары ішінен анықталады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Келешек ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуы- қазіргі таңдағы өзекті мәселелердңің бірі. Еліміздің тұңғыш елбасымыз Н. Ә. Назарбаев "Білімді, сауатты адамдар - бұл XXI ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен алмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ - бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Зерттеу жұмысының мәселесі:

Зерттеу жұмысының қарама-қайшылығы:
Зерттеу жұмысының тақырыбы: 9 сынып бойынша жиынтық бағалау әзірлемесі және білім сапасын бақылаудағы тиімділігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Зерттеу жұмысының пәні: Химия пәні.
Зерттеу жұмысының нысаны: 9 сынып оқушыларының білім сапасын бақылаудағы жиынтық бағалаудың атқаратын орны.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Химия сабағына 9 сынып жиынтық бағалау әзірлемесі дайындалып оның білім сапасын бағалау барысындағы тиімділігін зерттеліп, педагогикалық тұрғыда басшылыққа алынған жағдайда, мұғалімдер үшін үлкен әдістемелік көмек болары сөзсіз. Зерттеу жұмысының басырыснда оқушылардың білім сапасына критериалды бағалаудың тиімді немесе тиімді емес екені анықталады.
Зерттеу жұмысының әдістері: ақпарат жинақтау, талдау, сараптау, зерделеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының базасы:

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім -қазіргі қоғамның басты құндылығы. Білім оның ішіндегі орта білімнен маңызды ештеңе жоқ. Бәрінің іргетасы- білім. Үйді алтынмен аптап, күміспен күптесен да мәрмәрдан қаласан да іргетасы шірік болған үй құлап қалады. Сондықтан да, білімді игеріп қана қоймай оны тәжірбиемен ұштастырып, игіліне жарату-бастысы осы. Ол үшін білім беру бағдарламасын жаңарту керек.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - білім берудің жаңа мазмұны. Еліміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарламалардың бірі. Тек біздің еліміз ғана емес, басқа ел болсын оның өсіп- өркендеуі, ғаламдық дүниеде өз орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне және оның даму бағытына байланысты. Келешек ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, кемел ұрпаққа сапалы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі кездегі білім алушылар тек академиялық білім ғана алып қоймай, өмір талабына бейімделіп, бәсекеге қабілетті болу үшін және қазіргі кездегі әсіресе, XXI ғасырдағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар қарқынды даму үстінде оларды уақытылы жақсы игеру мектеп қабырғасынан басталады. Шындығына келетін болсақ, ұстаздардың алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы енгізу барысында тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесіне көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін рас. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі бола алатын ерекше тұлға иесі болуы керек.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірбие жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым- қатынасқа түсу, жеке , жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасын сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді әдіс- тәсілдерді үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялдық бағалау жүйесіне өтеді.

1.1 Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары

Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қол данылып жүрген білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест - ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және тағы басқа елдерде кеңінен тарай бастады.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты - жаңа материалды игеруге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест тәжірибе, тексеру деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.

Тестік жүйенің басты мақсаттары:
- өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
- оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
- оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
- білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
- бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
- өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
- оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
- оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.

Тестік бақылаудың тиімділігі:
- Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
- Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
- Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
- Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
- Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
- Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
- Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
- Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
- Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені қолдану - ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы.
Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.

Мониторинг дегеніміз - белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның монитор деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлерді анықтауды бақылау құралы. Мониторингті техникалық құралдарың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады.
Мониторингті жүргізгенде, шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі бақылауға болады. Бұл - мониторингтің тағы бір маңызды ерекшелігі.
Мониторинг - бұл педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық, прогностикалық зерттеудің жағдайың ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау.
Мониторинг деген сөздің өзі Ресейде Чернобль апатынан кейін Чернобльдегі балалардың денсаулық жағдайын бақылау ретінде пайда болды және орыс тіліне сіңіп кетті.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік-психологиялық, медициналық мониторинг, оқушының жеке басының көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады.
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгірмеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгеін оқушы өзі бақылап отырады. Яғни оқушылар өздігімен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингтің ерекшеліктері:
- оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау ұпай алғанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз;
- шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады;
- өз зейінін тәрбиелейді;
- білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;
- ойланып оқуға дағдыланады;
- білім алуда жоспар, тезис құруға машықтанады;
- оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.
Мониторингтің көмегімен оқушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анықтайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.
Білімдік мониторинг - көп деңгейлік жүйе.
І деңгей (жеке, дара және дербес), оны мұғалім жүзеге асырады. (Сынып оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)
ІІ деңгей - мектепшілік.
Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады (сыныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.
ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі - оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалауда қазіргі уақытқа дейін қолданып жүрген бес балддық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп - мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары қазіргі қолданып жүрген бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білім деңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес.
Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізу қажеттігі - бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі.
Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.

2. БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ЖАҢҒЫРТАТЫН жиынтық БАҒАЛАУ

Мұғалімнің айналысатыны -
үнемі қозғалып,
өзгеріп, өсетін,өркендейтін
тірі адам (тұлға) болғандықтан,
біркелкі әдіске табан тіреп
шектеліп қалуға болмайды...
Ж.Аймауытов
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
Критериалды бағалау технологиясын қолдану негізіндегі білім үдерісін ұйымдастырудын ерекшелігі
Критерийлік бағалау жүйесі
Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану
Критериалды бағалау - сапалы оқу кепілі туралы
Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау
Пәндер