Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Дәстүрлі өнер институты
«Дәстүрлі музыкалық өнер және хореография» кафедрасы
Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01407(05010600) - «Музыкалық білім» мамандығы
Қызылорда 2022 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Дәстүрлі өнер институты
«Дәстүрлі музыкалық өнер және хореография» кафедрасы
«Қорғауға жіберу»
Кафедра меңгерушісі Н. Б. Мирманов
«» 2022 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттыру»
6В01407(05010600) - «Музыкалық білім» мамандығы
Орындаған: Тұнық Сатай МО-18-1 оқу тобының студенті
Ғылыми жетекші: Сүлейменова Б. Р., п. ғ. к., аға оқытушы
Қызылорда 2022 ж.
МАЗМҰНЫКіріспе
1. Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттырудың теориялық негіздері
1. 1 Ғылыми әдебиеттердегі «таным», «музыкалық таным» мәселелері
1. 2Музыканы тыңдау оқушылар танымын арттырудың негізгі әрекеті ретінде
1. 3Ықылас шығармашылығының мазмұндық сипаттамасы мен оқушылардың музыкалық танымдық мүмкіндіктерін арттырудағы маңызы
2. Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттырудың әдістемелік мазмұны.
2. 1 Музыка сабақтарында Ықылас күйлерін қолданудың бүгінгі жағдайы
2. 2 Бесінші сынып музыка сабағында Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттыруды ұйымдастырудың тиімді жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Әлемдік білім кеңістігіне ұмтылған жаңа кезеңнің талаптары мектептегі әрбір пән алдында оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттырып, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына оң ықпал ету міндеттерін қарастырады Оған Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының білім беру саласының мемлекеттік тұжырымдамасында, жалпы білім беретін орта мектепті дамыту тұжырымдамасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда жеке тұлғаның танымдық әрекетін жоғары деңгейде жетілдіруді басты мақсат ретінде белгіленгені дәлел бола алады.
Бұл орта мектептегі музыка пәніне де қатысты. Музыкалық білім берудің танымдық бағыттылығы музыка өнерінің ең озық үлгілерін: халықтық, классикалық, заманауи музыкамен тығыз бірлікте зерделеуінен көрініс табады. Осы орайда аты әлемге танымал, ұлтымыздың рухани мәдениетінде өшпестей өзіндік орнын қалдырған Ықылас музыкалық мұраларын қастерлеу мен насихаттау бағытындағы жұмыстар әр кезеңде өз өзектілігін жоғалтпақ емес.
Ықылас шығармашылығын зерттеуде филолог, әдебиетіш өнертанушы ғалымдар А. Затаевич, А. Жұбанов, Ә. Марғұлан, А. Сейдембек, Б. Сарыбаев, С. Күзембай, Т. Джумагалиеваның, композитордың өмірі мен шығармашылығын көркем әдебиет түрінде жеткізген жазушы композитор И. Жақановтың, бүгінгі күні қобыз аспабында орындаушылық өнердің қалыптасуы мен дамуын сабақтастықта зерделеп жүрген өнертанушылардың Қ. Уразалиева, А. Ерғалиевалардың еңбектері аса маңызды.
Сонымен қатар белгілі тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа таныстырып, олардың адамгершілік, отаншылдық қасиеттері мен дүниетанымын қалыптастыру бағытындағы ғалым педагогтарымыз М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, Ш. Құлманова, Дүйсембінова, М. Оразалиева, Ж. Еңсепов А. және т. б. ) еңбектері құнды болып табылады. еңбектері аса маңызды.
Дегенменде, қазақ музыка тарихында қобыз өнерін дамытып қалыптастыруға зор үлес қосқан тұлғалардың орындаушылық және шығармашылық сипаттарын ашумен қатар, оны музыкалық білім беру жүйесінің түрлі деңгейлік жүйесінде оқу тәрбие процесінде қолдана білу мәселесі әлі де кенжелеп келеді.
Қойылған мәселенің шешімін іздестіру зертту жұмысымыздың тақырыбын « Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттырудың теориялық негіздері»- деп алуға мүмкіндік берді
Жұмысымыздың басты мақсаты жалпы білім беретін орта мектепте ұлы күйші композитор Ы. Дүкенұлының шығармашылығын оқушыларға игертіп қана қоймай оның танымдық тәрбиелік мүмкіндіктерін дәлелдей білу
Зерттеудің нысаны - жалпы білім беретін орта мектептегі музыкалық білім мен тәрбие беру процесі
Зерттеу пәні - Ықылас шығармашылығын музыка сабағында қолдану
Зерттеу болжамы: егер, жалпы білім беретін мектепте атақты күйші Ықылас Дүкенұлының шығармашылығы мен аспаптық шығармалары кешенді ьалдалып, яғни оның танымдық, музыкалық танымдық мүмкіндіктері тыңдау барысында қарастырылса онда, ұлы композитордың музыкалық туындылары оқушылардың сезімталдығын оятып киелі ұлттық аспабымызға деген қызығушылық, құрмет пен мақтаныш сезімі арта түседі.
Зерттеу міндеттері:
1 Ғылыми әдебиеттердегі «таным», «музыкалық таным» мәселелерін айқындау.
2. Ықылас Дүкенұлының музыкалық шығармашылығының туындауына ықпалын тигізген тарихи, әлеуметтік жағдайларға сипаттама беру;
3. Қобыз аспаптық музыкасының дамуындағы Ықылас күйлерінің алатын орны мен жанрлық ерекшеліктерін қарастыру.
4. Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттыруды ұйымдастырудың тиімді жолдарын тәжірибеде көрсету
Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған философ, тарихшылардың, филологтардың, әдебиетшілердің, өнертанушылардың, психологтардың, педагог, музыкант педагог ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектері, ҚР білім беру туралы Заңы, ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР білім беру стандарттары мен музыка бағдарламалары
Зерттеу кезеңдері:
бірінші кезеңде зерттеуге алынған мәселе бойынша музыкалық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып, жинақталған материалдарға талдама жасалалынды, ғылыми-ұғымдық аппараты анықталады.
Ықылас Дүкенұлының композиторлық шығармашылық мұрасына талдама жаслынды, жүйеге келтірілді, оқу процесінде қолдану мүмкіндіктері айқындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы:
- Ықылас Дүкенұлының шығармашылығының музыка тыңдау барысындағы танымдық мүмкіндіктері айшықталды
- Ықылас Дүкенұлының музыкалық шығармашылық мұрасының туындауына ықпалын тигізген тарихи, әлеуметтік жағдайларға талдау жасалды;
Ықылас күйлерін музыка сабағында тыңдату мен қолданудың тиімді жолдары негізделді.
1. Ықылас күйлерін тыңдау негізінде оқушылардың музыкалық танымдылық мүмкіндіктерін арттырудың теориялық негіздері.
1. 1 Музыкалық білім беру педагогикасындағы музыкалық таным мәселелері.
Музыка сабағының пән және өнер ретіндегі ерекшелігі яғни, түрлі өмір құбылыстарын дыбыстық бейне арқылы шындықты игерудің көркемдік құралы болуы, оқушыларға дүниені көркемдік тұрғыдан тануында жетекші міндет атқарады. Ал, бұл міндетті жүзеге асыру үшін мектеп кезінен бастап музыкалық өнерге деген қарым-қатынас қажеттілігі туындау керек. Ол, әрине ең алдымен баланың танымдылық мүмкіндіктерін дамытумен байланысты.
Басқа өнер түрлеріне қарағанда музыка адамның адамгершілік жағына, санасына ең қуатты ықпал ететін өнер түрлерінің бірі. Сондықтан музыканың танымдылық мүмкіндіктері бүгінгі күні музыкалық бағыттағы ғылымдармен қатар психологиялық, философиялық тарихи және әлеуметтік және басқа ғалымдар тұрғысынан зерттелуде. Сондықтан біз музыкалық таным мәселесін анықтауда оны философиялық, психологиялық және өзіміздің зерттеу жұмысымызға қатысты музыкатанушылық тұрғыдан қарастыруға тырыстық.
Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын меңгеру-адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігіне жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылып тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп, дүниетану теориясы немесе гносеология ғылымы туындады.
Таным теориясы немесе гносеология (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм) философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр. Гносеология-адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғатын, бiлiмнiн шындыққа қатынасын, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орынын, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. [23, 409-410бб. ]
Гносеологиядағы орталық ұғымдарға «таным субъектісі» мен «таным объектісі», «білім», «таным» жатады. Білім-адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын бейнелейтін объективті шындық Таным-адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі.
Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Демек, таным-адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі.
Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады) ; - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады) .
«Білім» терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; кез келген танымдық мәні бар ақпарат; практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән - таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды.
Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады және басқа ғылым салалары үшін де, айталық музыкалық білім беру педагогкасы үшін әдіснамалық негіз болып табылады. Дүниетаным проблемалары музыкалық білім беру теориясы мен практикасының барлық аспектілерінің, деңгейлерінің өн бойына сіңісіп жарып өтеді. .
Музыкалық білім беру педагогикасының ең маңызды әдіснамалық бағыт- бағдарының қатарына философиялық тұрғыдан пайымдалған «диалог» категориясын жатқызамыз.
Музыкалық білім беру педагогикасындағы диалог - қарапайым құрал, әдіс қана емес. Бұл музыкалық білім беру процесінің мәндік негізі, оның әдіснамалық принципі, өйткені музыка тұлғалық және тұлғааралық қарым-қатынастың бір сәттегі актісі. Диалог қайсы бір эгоистік тұйықтықтың, алдын алып, болдырмауға қызмет етеді. Шынайы рухани диалог жағдайында педагог «оқыту» емес, әрдайым оқушыға өздігімен білім алуды үйретуге талпынады.
Сонымен қатар философия бүгінгі музыкалық білім беру педагогикасының мазмұндық өзегін құрайтын мәселелерді, категорияларды және құбылыстарды ғылыми тұрғыдан қарастырады. Тіпті ерте кездің өзінде-ақ Аристотель музыкалық білім беру педагогикасында өнер дегенді қалай түсінеміз, музыканың мәні неде және музыканың адамға қалай әсер ететіндігі жөніндегі бүгінде көкейтестілігін жоймаған мәселелерді қоя білген.
Аристотель алғашқылардың бірі болып көркемдік танымның ролі мен ерекшелігін аңғаруға, музыканың катарсистік (тазару, арылу) мүмкіндігін ашуға, өнер туындыларының эстетикалық құндылығының табиғатына негіздеме беруге, музыканың адамға және оның психикасына ықпал ету ерекшеліктері мен әлеуметтік мінез-құлқын анықтауға талпынды. Музыкалық білім беру педагогикасының шиеленіскен түрде пайымдауды қажетсініп келген (және әрдайым қажетсінеді де) сан түрлі проблемалары мен ұғым-түсініктері үнемі философиялық ой-пікір назарында болып келеді. Оған өнердің мән-мағынасы туралы, ондағы адам мен әлемнің сұлулығының бірлігі, олардың өзара қарым-қатынасы туралы идеяларды жүзеге асыру мәселелері мысал бола алады.
Атап айтқанда, дәл осы «Адамдағы адамилықты» дамытудың қажеттігін дәріптеуші гуманиттік бағыттылықты бүгінгі күні философия да, педагогиканың барлық саласы да, соның ішінде музыкалық білім беру педагогикасы да түйісу үстінде.
Соңғы кездерде музыкалық білім беру педагогикасы мен философияның өзара әрекеттестігі жеке тұлға (оқушының) танымын қалыптасуы проблемасы ерекше ден қойылатын жаңа мазмұнмен толығуда.
Музыка тануға деген қажеттік музыкалық іс-әрекет практикасында қалыптасқан музыканың құрылымының ішкі заңдылықтарын анықтайтын және жүйелейтін дәстүрлерді және музыкалық мәдениеттің интонациялық тәжірибесін жинақтаушы көптеген трактаттарды, ілімдерді, теориялық тұжырымдарды өмірге әкелді. Бұндай трактаттардың туындауы өз кезегінде соларға сәйкес музыкалық-педагогикалық пікір, көзқарастарда көрініс тапқан музыканың табиғаты және оның функциялары жөніндегі музыкатану білімдерді байытты. Сөйтіп музыкатаным музыкалық білім беру педагогикасы тарихи даму процесінде үнемі бірін-бірі өзара байытып отырды. Өйткені белгілі бір музыкалық мәдениеттің аясында тәжірибені жеткізу, меңгерілетін музыкалық материалға сәйкес музыкалық-педагогикалық технологияны өңдемелеуді талап етеді. Осылайша әрбір жаңа музыкалық- педагогикалық технология тұтас алғанда музыкалық мәдениеттің әрмен қарай дамуына өз ықпалын тигізіп отырды.
Музыкатанымдық зерттеулер айталық, музыкалық шығармалар, музыкалық жанр, сазгерлердің шығармашылық өмірбаяны сияқты нақты құбылыстарды және стильдердің ауысымының тарихи процесі, музыкалық жанрлардың даму эволюциясы, музыкалық шығармашылықтың әлеуметтік-мәдени, ұлттық контекстісі ретіндегі жалпы құбылыстарды қарастыратын, күрделі иерархиялық және көпфукционалдық жүйе болып табылатын музыка өнерін және музыка мәдениетін зерттеуге бағытталады.
Бүгінгі таңдағы философияның, психологияның, антрополгияның, құрылымдық лингвистиканың, семиотиканың, математиканың, кибернетиканың және т. б. ғылымдардың жетістіктері мен тәжірибесін сіңірген позиция музыкатану саласындағы зерттеулердің әдіснамалық негізі болып танылады.
Музыкатанымдық зерттеулерде қолданылатын құралдардың сан түрлілігіне қармастан олар қай дәрежеде болсын музыканың интонациялық табиғатын санамен пайымдауға бағытталған. Музыканың музыканы басқа өнер түрлерінен ерекшелеп көрсететін арнайы қасиеті - дәл сол интонациялық табиғаты.
Б. В. Яворский мен Б. В. Асафьевтің музыканың интонациялық табиғаты жөніндегі зерттеулері отандық музыкатануда интонация теориясының өңдемеленуінің ізашары болды. «Музыкалық интонация» ұғымының шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде сан түрлі мағынада және сан қилы түсіндірілуі осы музыкатану терминін жүйелеу және оның мән - мағынасын нақтылау қажеттігін тудырады.
Осы заманғы музыкатанушылар музыканың интонация ұғымының түрлі деңгейдегі пайымдауларын ұсынады. Мәселен, интонация көркемдік контекстегі «Е. А. Ручьевская) міндетті түрде белгілі бір көркемдік мән-мағынаны иеленген музыкалық-мәнерлеу құралдар жүйесінің қайсы бір элементі болуы мүмкін. Бұндай интонация автордың жеткізейін деген ойын білдіріді және тек қана санамен орындауында және тыңдаушының санамен қабылдауында өмір сүреді. [24, 4б. ]
Сонымен бірге интонация сазгердің ойын білдіре отырып тек бір ғана нақты адамның ғана емес, бүткіл бір дәуірдің дүниеге көзқарасын, дүниеге қарым-қатынасын, дүниені түйсінуін, дүниеге зер салуын пайымдауға қабілетті. В. В. Медушевский айтқандай интонация музыка өнерінің әлеуметтік және эстетикалық функцияларын иемдене отырып, бүткіл мәдениеттің тәжірибесін өз бойында «ұйытуға» мүмкіндігі бар. Сондықтан музыкалық интонация үшін мәдениеттің түрлі қабаттарында (халықтық, рухани-діни, зиялы) жинақталған дүниетанымдық ұстанымдарды, музыканың күш-қуатын, музыкалық шығармашылықтың типтерін айыра білу оны анықтаушы фактор болып саналады. Бұндай музыкалық интонация мәдениеттің «шоғыры» ретінде музыкалық шығармашылықтың тарихи, ұлттық, жеке деңгейлерінде түрліше өрістейді және стильдік, жанрлық дәстүрлерде өзінің айшықтылығымен сипатталады. [25, 23б. ]
Міне, сондықтан да интонация да, жанр да, стиль, образ және т. б. музыкатанымның өзге ғылымдармен. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасымен тоғысудың негізінде жататын дәл сол музыкатанымдық тірек категориялары болып саналады.
Музыкатанымда «интонация» категориясы музыкалық тондарды биіктігіне қарай ұйымдастыру ретінде, музыкалық пікір айтудың үлгісі (манера), «дыбыстап айтылғанда» санамен пайымдау ретінде, музыканың семантикалық бірлігі және т. б. ретіндегі түрлі деңгейлерде қарастырылады. Осыған байланысты интонация теориясының интонациялық ортақтастығы мен айырмашылығын анықтау негізінде музыка мен сөйлеудің өзара байланысы; арнайы ерекшелігі ретіндегі музыканың процессуалдығы; өзінің тарихи эволюциясы барысындағы музыкалық интонацияның семантикасы сияқты аспектілері мейлінше белсенділікпен зерделенуде.
Музыкатанымдағы осы проблемалардың зерттелуі педагог- музыканттарды музыкалық білім берудің мазмұны мен әдістерін интонациялық тұрғыдан қарастыруға түрткі болды.
Педагогикалық процесс жағдайында музыканың интонациялық табиғатын ашып көрсету деген нені білдіреді?
Музыкалық білім беру педагогикаксында интонациялық тұрғы музыкаға «бойлап ену»және музыканы «жанды өнер ретінде» қабылдау проблемаларын пайымдауға байланысты қолданылады. Және осы бағытта жасалатын алғашқы қадам музыклық және сөйлеу интонацияларының ортақтастығын және өзгешелігін анықтау сияқты интонация теориясының аспектілеріне бет бұру болып саналады.
Бағдарламалардың қай-қайсысында да интонациялардың типтерін олардың семантикалық (бейнелеу, мәнерлеу) функциялары және эмоционалды-бейнелілік, жанрлық тұрғы (лирикалық, қаһармандық, драмалық және т. б. ) негізінде анықтау байқалады.
Педагог-музыкант үшін интонацияны барлық музыкалық мәнерлеу құралдарының біріктірілуі ретінде қарастыру мәнді болып саналады. Бұндай тұрғы интонацияны мазмұн мен форманың бірлігін танытатын «дыбыс кешенділігі» ретінде түсіндіру болашақта әрі қарай дамытылады.
Музыкалық білім беру педпгогикасында музыканы интонацмялық процесс ретінде аңғарту үлкен маңызға ие. Бұл ретте интонация музыкалық форманың даму «өзегі» ретінде түсіндіріледі.
Интонациялық теория «туындағанды туындату әдісі» материалмен ойша эксперимент жүргізу әдісі, қайта интонацмялау әдісі және т. б. сияқты оқушылардың музыканы бағамдау әдістерінің жасалуына негіз жасады.
«Интонация» ұғымы педагогикалық талдау беруде түрліше мағыналық ракуста қарастырылады. Оларды таңдау интонациялық тұрғының қандай іс-әрекеттің түрінде, музыканың қандай музыкалық материалдың үлгісінде зерделенетініне, педагог- музыканттың алдында қандый нақты педагогикалық міндеттер тұратындығына байланысты болды.
Дей тұрғанмен, интонацияның табиғатын пайымдауға байланысты бірқатар проблемалар әлі де болса музыкалық- педагогика ғылымы мен практикасы аясынан сырт қалуда. Мәселен, музыкалық білім беру педагогикасы үшін музыкалық интонацияның семантикасын оның тарихи эволюциясы барысында зерттеу, сонымен бірге оның көркемдік мазмұнын меңгерудің бір кезеңі ретіндегі музыкалық шығарманың интонациялық дамуын және интонация драматургиясын ой таразылаудың болашағы зор болғанымен оған қажетті деңгейде назар аударылмай келеді.
Практика жүзінде шешімін таппай келе жатқан авторлық және орындаушылық интонацияның жекелігін, ерекше екендігін анықтауға, ХХ ғасыр музыкасының интонациялық өзгешелігін оған ізашар болған музыкалық дәстүрлермен өзара байланыста анықтауға байланысты музыкатанымдық проблемалар зерттеуді талап етеді.
Музыкалық білім беру педагогикасы үшін музыканың интонациялық табиғатын жанрлық тұрғы деңгейінде меңгеру проблемасы аса маңызды болып саналады. Бүгінгі күні отандық музыкатануда музыкада орындаушылықты орныққан мазмұны және құралдары типтерімен белгілі бір әлеуметтік міндеті мен өмір сүру формасының аясында қалыптасқан музыкалық шығармалардың типі ретіндегі жанр туралы пайымдау берік орын алған.
Дәл осылайша музыка өнерін типологиялау проблемасы отандық музыкатанудағы музыкалық жанрлар теориясы саласында маңызды ие болып отыр. Бұл теория кәсібіи академиялық және халық музыкасын зерделеу негізінде жасалған. Осыған байланысты міндеті мен өмір сүру жағдайының орындаушылық құралдары, музыканың өзге түрлерімен байланысы, мазмұнның типі және т. б. сияқтыларды негізге алатын музыкалық жанрлардың типологиясының түрлі тұжырымдамалары пайда болды . Е. В. Назайкинский отандық музыкатанымда музыка өнерін жанрлық жіктемелеу тұжырымдамаларын жинақтау және жүйелеу барысында және жанрлық жіктемелеуде негізге алынатын әлеуметтік факторға сүйене отырып музыканың өмір сүруінің үш:синкреттік және бұқаралық-коммуникациялық жанрлық формасын ажыратып берді: [26, 41б. ]
Жанрлық жіктемелердің музыкалық білім беру педагогикасы үшін маңыздылығының бағасы өлшеусіз. Музыкалық жанр өзінің коммуникациялық, семантикалық және жинақтаушылық функциялары арқасында мәдениеттің «зердесін» сақтаушы генетикалық код-кесте (Е. В. Назайкинский) күш-қуатына ие. Басқаша айтқанда, жанр бәлкім тыңдаушы мен сазгердің, болмыс пен оның көркем шығармаларда бейнеленуі арасындағы тікелей келістіруші бола алады. Мәселен, жанрлық типологиялау арқылы музыка тілінің ұғымдық, мән - мағыналық «ұяшықтары» бекиді, сөйтіп тыңдаушыда олардың семантикалық маңызын, мағынасын «оқып алу» мүмкіндігі пайда болады. Сонымен бірге әлеуметтік фактор музыка өнерінің адамның өмір тәжірибесін және оның іс-әрекетінің байланыстары жөніндегі есіндегіні бекітеді және жандандырады.
Жанр осылайша тыңдаушы мен сазгердің арасында, болмыс пен оның көркем шығармаларда бейнеленуі арсындағы келістіруші бола отырып, кез-келген музыкалық-коммуникативтік процеске негіз болады. Сондықтан музыкалық-педагогикалық зерттеулердегі «жанр» категориясы музыка өнерін меңгеру проблемаларының шешімін іздестіруде бірден-бір тірек екендігін мойындауға тиіспіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz