Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері

1.1.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық - психологиялық маңызы, мәні ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда
қолданылатын дидактикалық ойынның рөлі, олардың түрлері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15

ІІ Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы
танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік
жұмыстар

2.1 Анықтаушы эксперимент жұмыстарын жүргізу, талдау ... ... ... ... ... ... .45

2.2 Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..61

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы еліміздегі жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие беруде жетілдірудегі толғауы терең қайталанбас дүние. Елбасы Жолдауы өмірдің баға жетпес құндылығы балаға, бала тәрбиесіне, ел болашағына айрықша көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне қатысты Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция деуінде үлкен мән жатыр. Мұның барлығы - ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған жоғары мемлекеттік деңгейдегі әрекет [1].
Әрине, бізге Елбасының ғылым-білімге қатысты айтқан сөздері жақын. Балабақшадан бастап, мектептер, жоғары оқу орындарының болашағы, студенттер стипендиясы, ғылымның дамуы, кәсіптік білімді қалай беру керектігі айтылды. Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарланып, оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығын айтты. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігіне тоқталып, жалпы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс екендігін ескертті.
Осы орайда мектепке дейінгі мекемелерде күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде кез келген басқа оқу пәні сияқты жеке тұлғаның қалыптасуы, сапалы білім мазмұнын меңгеріп көзделген мақсатқа жетудің тиімді құралы - біздің пайымдауымызша, ойын арқылы оқыту болып табылады.
Бүгінде адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылды. Бүгінде мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып, оларды жеке тұлға ретінде дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен түрлі жолдары анықталуда. Сондай формалардың бірі - ойын технологиясы, яғни оның мазмұндағы дидактикалық ойындарды пайдалану деп білеміз.
Бұл орайда М.Монтессори, А.А.Столяр, Е.И.Тихеева, Ф.Фребель, Е.И.Щербакова сияқты педагог ғалымдардың еңбегі зор [2;3;4]. Балалардың бойында алғашқы математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру барысында оның тікелей тәжірибелік нәтижесі ғана көрінбей кең көлемді дамытушылық нәтижесі де айқындалуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескеретін болсақ, оларға берілетін білімнің күрделілігіне, оның мазмұндық ерекшелігіне, балалардың даму ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне, білімді саналы меңгеруге көмектесетін оқыту әдістері мен құралдарының орынды қолданылуына байланысты.
Бұл орайда балаларға оқу процесін түсінікті, әрі қызықты етіп өткізудің бірден-бір жолы - дидактикалық танымдық мақсаттағы ойындарды тиімді пайдалану.
Себебі ойын - мектеп жасына дейінгі баланың даму құралы, таным көзі. Ата-бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған. Ойынның балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде, психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі. Балалар ойын элементтерін оқуда да, еңбекте де қолданады.
Енді осы ойын туралы теориялар тарихына көз жүгіртсек. Ойындар теориясының бірін алғаш рет жасаған - Ф.Врубель болды. Ол ойын арқылы бала өз-өзін көрсеткісі келеді деді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсор ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару.
К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ал Д.Б.Эльконин болса, баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді, болмысты тануға көмектеседі деген болатын [5].
Ал, грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіруге талпынды[6]. Ол өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйреттіп, баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Жалпы түрлі танымдық мақсатта ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әрі дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Сол себепті дидактикалық ойындарды білім берудегі тиімді амал - жолы екенін растай отырып, өзекті тақырып ретінде алып отырмыз.
Бүгінгі балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың ойын негізінде қызығушылығы мен белсенділігін арттыру арқылы біз сапалы білім нәтижесіне қол жеткізе аламыз.
Сонымен, ғалымдардың, тәжірибелі ұстаздардың еңбектері мен әдістемелеріне, оқу-тәрбие бағдарламаларына жан-жақты талдаулар жүргізе отырып, мектепке дейінгі мекемеде дидактикалық ойындарды жүйелі түрде қолданудың арнайы әдістемесі жеткілікті деңгейде, арнайы зерттеу пәні ретінде толық зерттеліп, қарастырылмағандығын байқадық. Осыдан келіп бүгінгі балабақшалардың тәрбиешілері өз тәжірибелерінде дидактикалық ойындарды мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолдану қажеттілігін, олардың тиімді нақты әдістеменің жоқтығынан көптеген кедергілер мен қиындықтар көретіндігін сөз етеді. Осындай қарама-қайшылықтардан келіп біздің зерттеу проблемамыз дидактикалық ойындарды қолданудың ғылыми педагогикалық-психологиялық негізін қарастыра отырып, тәжірибеде қолданудың амал-жолдарын айқындау болып анықталды.
Осы проблеманы шешу бізге өзіміздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Дидактикалық ойындар - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту құралы деп таңдап алуымызға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытудың маңызын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздей отырып, тәжірибеде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
ғылыми талдаулар негізінде дидактикалық ойындардың педагогикалық маңызын, мәнін айқындау;
ойын түрлерін және оларды сабақта қолданудың тәрбиелік маңызын талдап, білім берудегі дидактикалық ойындарды жүйелеу;
дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдарын анықтап, педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
тәжірибе барысында орындалған эксперимент жұмыстары бойынша тұжырымдар алып, әдістемелік ұсынымдар жасау.
Зерттеу обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс-әрекеті.
Зерттеу көздері: Философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми және әдістемелік әдебиеттер. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми құжаттары, мектепке дейінгі математика пәні бойынша оқу бағдарламасы, балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық іс-тәжірибелері.
Зерттеу болжамы: Егер тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, балалардың жас ерекшелігіне сай дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, онда оқу процесінің нәтижесі жоғары деңгейде болар еді.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу әдістері: Тақырып төңірегінде философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау мен жинақтау, модельдеу; бақылау, сауалнама, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, зерттеушінің өзіндік тәжірибе жұмысы; математикалық және статистикалық тіркеу, тізбектеу әдістері.
Зерттеу базасы: Алматы каласы 26 Мемлекеттік Балабақша
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері баяндалады.
Зерттеу жұмысының теориялық алғашқы тарауында зерттеу тақырыбына сай ғылыми зерттеу еңбектеріне жан-жақты талдау жасалып, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде ойындарды қолданудың педагогикалық маңызы және мектеп алды даярлық тобында математикалық білімдерді жетілдіруде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және психологиялық мәні, ерекшелігі баяндалады.
Екінші тарауда дидактикалық ойындарды математика сабақтары негізінде мектеп алды даярлық тобы тәжірибесіне енгізудің алғы шарттары мазмұндалып, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану жөніндегі арнайы жүргізілген эксперимент жұмысының мазмұны, нәтижесі сөз етіледі.
Қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелеріне негізделген, тұжырымдар жасалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі.

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері

1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық-психологиялық маңызы, мәні

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосу.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы болып табылады.
Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1.Зердесін дамыту
2.Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3.Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4.Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5.Танымдық үрдісін дамыту
6.Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7.Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Ғалым А.Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрлысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.
Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарымен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады [7].
Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтардың жауабын ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Сонымен қатар сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін, және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойын ойнаған болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады. Сол себепті де ойын - бала өмірінде маңызды рөл алады.
Балалардың психикасының дамуына ойын әрекетінің әсері туралы отандық педагогика тарихында белгілі ғалымдар: Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты сөз етіп айтып кеткен болатын [8;9]. Ал, ертедегі ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Пестолоций ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [10;11].
Ойынның маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лестгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген [12;13;14;15].
Ал мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық Н.Құлжанова алғашқы зерттеушілердің бірі болып теориялық ғылыми пайымдаулар айтқан болатын. Н.Құлжанованың пайымдауынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және баланың өмір сүру талаптарына сай деп түсіндірген [16].

Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н.П.Аникеева, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин және т.б.) [17;18].
Ойын дегеніміз не? Ойын, ойын әрекеті ұғымына анықтама өте көп.Орыс тілі сөздігінде ойын сөзі белгілі бір ережелер, тәсілдер жиынымен және бос уақытты өткізу, көңіл сергіту үшін жүргізілетін іс-әрекет деп анықталған.
Бұл сауалға педагогикалық энциклопедияда: Ойын - үлкендердің істерін, олардың арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балалардың іс-әрекетінің бір түрі, дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі,- деп анықтама берілген [19].
Ойын өзін-өзі басқаруда қоғамдық тәжірибені меңгеру ситуациялары жағдайындағы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады.
Ерте уақыттан бері ойын адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналады. Ойынның шығу тарихы осы бағыттағы басты мәселелердің бірі. Сондықтан біз ең алдымен осы ойынның пайда болуының қалыптасып, дамуы туралы тұжырымдарға қысқаша талдау жүргізіп кеткенді жөн көрдік.
Зигмунд Фрейд өзінің психоаналитикалық теориясында ойынға көзқарасты биологиялық себептерге (инстинг, қызығу) байланысты, яғни тұрақты, тарихтан тыс сипаттағы іс-әрекетке көзқарас ретінде көрсетеді. Оның теориясының қандайда бір дәрежеде көптеген психологтарға (Коффка К., Левин К., Пиаже Ж. және т.б.) ықпалы болды. Ол қазірде жеткілікті түрде кеңінен тараған. Т.А.Куликованың пікірінше, мұндай көзқарастардың жарамсыздығын бала ойындары дәлейдейді, олар өздерінің мазмұндары бойынша тарихи дәуірге ғана тәуелді емес, бір дәуірде өмір сүретін, бірақ әртүрлі мәдени, экономикалық, географиялық жағдайларда тұратын адамдарға да байланысты[20].
ХХ ғасырдың басында зерттеушілерде адамзат тарихында алғашқы болатын еңбек пе ойын ба?-деген сұрақты шешуде ортақ пікір болған жоқ. Ойын еңбектен бұрын пайда болған деген болжамдар айтылады. Ең алғаш бұған қарама-қарсы пікірмен, яғни ойын - бұл бала еңбегі деген пікірді неміс психологы және философы В.Вундт, ал кейіннен бұл көзқарасты орыс философы Г.В.Плеханов Мекенжайсыз хат деген жұмысында әрі қарай дамытты. Ол балалар ойынын өнердің пайда болуын қарастыра отырып зерттеді. Әр халықтың ойындарының мазмұнын талдау оған ойын адамзат тарихында өнер сияқты еңбектен кейін және соның негізінде пайда болғандығы туралы тоқтамға келуіне мүмкіндік берді. Ойында адамдардың еңбек іс-әрекеті көрініс табады. Еңбек ету процесінде кездескен іс-әрекеттерден алған сезімдерін қайталауға деген ынта ерте дүние адамдарын салт-дәстүр ойындарына, биге, әнге алып келді. Сонымен, Г.В.Плеханов ойынның көпғасырлық тарихы бар және еңбектің негізінде алғашқы қоғамда пайда болған деген қорытындыға келеді.
Жеке адам өмірінде ойын, Г.В.Плехановтың пікірінше, еңбектен бұрын болды. Мұнда ойынның әлеуметтік орны бар: ол мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал болып саналады, балаларды еңбекке дайындайды.
Г.В.Плехановтың ойлары жаңа буын ғалымдардың еңбектерінде дамытылды, оларды толғандырған мәселе: бала өмірінде оның келешектегі еңбек іс-әрекетке дайындайтындай ойын іс-әрекеті әрқашан да болды ма?
Д.Б.Эльконин рөлдік ойындардың пайда болутарихы мен оның дамуы туралы болжам жасады. Ол адамзат өмір сүре бастағанда балалар ойыны болған жоқ. Еңбектің және оған қажетті құралдардың қарапайымдылығынан балалар үлкендердің жұмысына өте ерте араласа бастады (жеміс, шөптің тамырларын жинау, балық аулау және т.б.).
Еңбек құралдарының күрделенуі, аң аулауға, малшылыққа, жер өңдеуге көшу баланың қоғамдағы жағдайының өзгеруіне алып келді: ол енді үлкендердің жұмысына тікелей араласа алмады, өйткені оған білім, білік және т.с.с. қажет болды. Үлкендер балаларды еңбек әрекетінде жаттықтыру үшін ойыншықтар дайындай бастады (садақ, найза, арқан т.б.). Ойын - жаттығулар пайда болды, олармен ойнау барысында бала қажетті еңбек құралдарын пайдалануға дағдыланды, өйткені ойыншық солардың моделі болды.
Д.Б.Эльконин әртүрлі кәсіпорындардың пайда болуымен, техника мен күрделі еңбек құралдарының дамуына байланысты ойыншықтар олардың моделі болудан қала бастады деп көрсетеді [18]. Олар функцияларымен емес, сыртынан ғана еңбек құралы сияқты болды. Мұндай ойыншықтармен еңбек ісінде жаттығуға болмайтын болды, бірақ оларды бейнелеуге болады. Рөлдік ойындар пайда болды, одан кішкене балаға тән қанағаттанғандық алады, үлкендердің өміріне белсене қатысуға ұмтылады. Шынайы өмірде мұндай араласу мүмкін болмағандықтан, бала қиялындағы ситуацияда үлкендердің амалдарын, жүріс-тұрысын, өзара қарым-қатынасын қайталайды. Яғни, рөлдік ойын ішкі, туа біткен инстинктің әсерінен емес, қоғамдағы бала өмірінің толығымен анықталған әлеуметтік жағдайларының нәтижесінде пайда болады. Үлкендер өз кезегінде арнайы жасалған ойыншықтардың, ойын техникаларының көмегімен балалар ойынының таралуына ықпал етеді, олар ойынды қоғам мәдениетінің бір бөлігіне айналдыра отырып ұрпақтан- ұрпаққа жеткізеді.
Сонымен, ойын туралы заманауи психологиялық-педагогикалық ғылыми көзқарастар тарихи шығу тегіне, әлеуметтік табиғатына, адамзат қоғамындағы мазмұны мен атқаратын міндетіне негізделеді.
Психологтардың (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин және т.б.) [21;22]; педагогтардың (М.Я.Басов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский және т.б.) зерттеулері ойын өзінің мотивтеріне, шығу тегіне, мазмұнына, құрылымына, функцияларына қарай әлеуметтік екенін көрсетті [23].
К.Д.Ушинский өзінің Адам тәрбие пәні ретінде деген еңбегінде ойынды өзінің қоршаған айналасындағы дүниенің барлық күрделілігіне кірудің бала үшін шамасы келетіндей тәсіл деп анықтама берген. Оның пікірінше, балалар ойындары қоршаған әлеуметтік ортаны бейнелейді [11].
А.Н.Леонтьевтің, Д.Б.Элькониннің зерттеулері көрсеткендей, мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық уақытында ойынды дамыту ойыннан шынайылық, үлкендердің ісін қайталау, рөлдік ойнау, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көрінісі бағытында жүреді. Сонымен ойын арнайы жасалған жағдайда адамдардың өзара қарым-қатынасын анықтау және модельдеу құралы болады, яғни әлеуметтік тәжірибені меңгеруге қызмет ете бастайды.
Авторлардың пікірінше, балалар ойынының мазмұны оны қоршаған шынайы ортаның бейнесі-үлкендердің кәсіби іс-әрекеті, олардың өзара қарым-қатынасы, балаларға көзқарасы және т.с.с. болып табылады. Д.Б.Эльконин ойында тікелей утилитарлы іс-әрекет жағдайынан тыс адамдар арасында әлеуметтік қатынастар жасалады деп жазды [24].
Ойын, зерттеушілер атап көрсеткендей, шынайы өмірді бейнелеу жағынан да және оны жүзеге асыру тәсілі жағынан да әлеуметті. Ойын әрекетін В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.А.Короткова, Н.Я.Михайленко, Д.В.Менджерицкая тұжырымдарына сәйкес, бала жасамайды, үлкендердің көрсетуімен болады, олар баланы ойнауға үйретеді, ойын амалдарының қоғамда қалыптасқан тәсідерімен таныстырады [25;26;27]. Үлкендермен қарым-қатынаста әртүрлі ойындардың техникасын меңгеру арқылы, бала ойын тәсілдерін түсініп басқа жағдаяттарды қолданады. Ойын қозғалыс әрекеті, ол баланың өзіндік шығармашылық түріне айналады, ал бұл оның дамуы үшін тиімді себеп болады.
Сонымен ойынның мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде баланың психикалық дамуында өте үлкен маңызы бар. Ойын әрқашан педагогтар мен психологтардың назарынан тыс қалған емес.
Балалар ойынын зеттеуде көрнекі психологтар, теоретиктер Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Элькони және т.б. өз үлестерін қосты [28]. Педагогикада ойын теориясын белсенді түрде қарастырған К.Д.Ушинский, Р.И.Жуковская, Н.Я.Михайленко, Е.Н.Радина, И.Сорокина және т.б. болды[29;30]. Көркем өнерге тәрбиелеудегі ойынның маңызын Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина және т.б. зерттеген.
Шетелдік психология мен педагогикада ойынның ерекшеліктерін Э.Берн, Д.Дьюи, Ж.Пиаже, З.Фрейд, Э.Фромм, И.Хейнзорге өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың еңбектерінде әрекет түрі ретінде ойынның мәнін, тұлға онтогенезіндегі оның рөлін, әлеуметтендіру процесінде - адамның қоғамдық тәжірибені меңгеру және пайдалану орнын түсінудің түрлі тұжырымдамалары баяндалған.
Ойын - баланың өз ынтасынан туған белсенді шығармашылық сипаттағы және жоғары эмоционалдық толыққандылығымен ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.
Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің ерекшеліктері болады. Балалардың ойынында еркіндігі мен өзіндік жұмыс істей алуы баланың қалауымен болады. Бала ойынды тікелей ынталылықтан, сұраныстан бастайды. Ойын қанағаттанғандық сезімін алу үшін ойналады, ойынның мотиві - өзі үшін шындықтың маңызды жақтарын бастан өткізу (С.Л. Рубинштейн). Еркіндік және өз беттілік ойынды, оның мазмұнын, басқа балалармен бірлесуге еріктілікті, ойынға кіру және шығу еркіндігін таңдағанда көрінеді.
Ойын үшін іс-қимылын, әрекетін, ойынға қатысушылардың тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ережелермен реттеледі. Әр ойында ереже әртүрлі ( ойын амалының реті, тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты - ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтары, қосымша-заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты. Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді.
Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы - бала ойында шынайы күйзеледі, ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді. Бала ойыннан ләззат алады, өз сезімін басқаларға береді, оларды әртүрлі рөлдерде көрді. Ойында теріс көңіл-күй де бастан өтеді - өкпе, қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек. Барібір ойыннан жалпы әсер - оң болады.
Ойынның іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей (сурет салу, еңбек, музыкалық) айқын материалдық нәтижесі болмайды. Ойынның құндылығы - жастарына қарай жан-жақты дамыту мүмкіншілігінде, диагностикалық, психотерапевтік, көңіл сергіту құралдары болуында.
Ойында балалардың арасындағы екі түрлі қарым-қатынас байқалады.
-ойын мазмұнымен, ережесімен анықталатын ойын қарым-қатынасы;
-ойын үстінде көрінетін нақты қарым-қатынас (ойынға келісім жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені қою).
Олар балалар қоғамын ұйымдастырудың негізі болады. Ол өз кезегінде ойынды олардың өмірін ұйымдастыру түрі етеді. Ойынның мазмұнын көрсететін тура немесе қосымша ережелердің болуы оны дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді. Ойында өзінің ішкі мазмұнына қарай жеке адам үшін маңызды мақсаты бар амалдар жасалады.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі бала ойынының жекеәрекет түрі ретіндегі жалпы ерекшеліктерін бөліп көрсеттік. Ойынның әрбір түрінде өзінің әлеуеті мен ерекше белгілері бар, олар оларды бірінен бірін айырып тұрды. Сонымен бірге жалпы белгілер педагогтар мен ата-аналарға балалармен ойын әрекетін ұйымдастыру және дамыту тәсілдерінде бағдар береді.
Педагогика ғылымында ойын мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекет ретінде қарастырлады (Н.П.Аникеева, В.С.Выготский, Я.Л.Коломинский, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин). Жетекші іс-әрекет бала психикасындағы басты өзгерістерді анықтайды және дамытудың жаңа сатысына көшуге дайындайды.
Іс-әректтің жетекші түрі туралы айтып келіп, А.Н. Леонтьев: Жетекші іс-әрекет - дамуы дамудың осы кезеңінде тұлғаның психикалық процестерде және психологиялық ерекшеліктерінде дамудың басты өзгерістеріне себепші болатын іс-әрекет, - деп көрсетеді [21].
Жетекші іс-әрекет бірден дамыған түрде болмайды, өзінің қалыптасуында белгілі бір жолдан өтеді, оның қалыптасуы оқыту және тәрбиелеу процесінде үлкендердің жетекшілігімен жүреді.
Мектепке дейінгі жаста ойының жетекші рөлі баланың оған жіберген уақытымен емес, негізгі сұраныстарын қанағаттандырғандығымен анықталады, ойынның негізінде іс-әрекеттің басқа түрлері туындайды және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. ғалымдар ойында балалардың негізгі сұраныстары көрініс табады: өзіндік әрекетке ұмтылу, үлкендердің өміріне белсенді араласу, қоршаған дүниені тану ниеті, белсенді қозғалыста, қарым-қатынас жасауда деп көрсетіледі.
Ойынның негізінде еңбек, үйрену сияқты іс-әрекеттің басқа түрлері туындап дамиды. А.С.Макаренко ойында тұлғаның сапасы мен еңбек әрекетіне қажетті дағдылар қалыптасады деген [23].
Л.С.Выготский В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин және т.б. ойын көбінесе бала психикасында, оның процестерінде (ойлау, елестету, зейін және т.с.с.) жаңа өзгерістер қалыптасуына ықпал етеді деп атап көрсетілген.
Жалпы теориялық талдаулар барысы байқатқандай педагогика ғылымында ойынды үйретуге мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ерекше назар аударылады. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі бола тұрып, ойын тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы болып табылады. Бірақ бұл ойынды ұйымдастыруға және басқаруға болатын педагогикалық процеске енгізген жағдайда ғана болады.
Білім беру бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, педагог бағдарламалық мазмұнды жоспарлайды, міндеттерін, амалдарын анықтайды, яғни ойынның өзіндік ерекшелігін және өзіндік сипатын бұзбай, оның барысын жобалайды.
С.А.Козлова мен Г.А.Кулинованың пікірінше ойынға мынадай сипаттар тән болуы тиіс:
Мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін көрсетілімдердің толыққандылығы мен дұрыстығы;
Қажеттілігі, белсенділігі, ұйымдастырылғандығы, ойын амалдарының шығармашылық сипаты;
Жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін ескере отырып ережелерге бағыну және ойында оларды басшылыққа алу қабілеті;
Ойыншықтарды, ойын амалдарын және материялдарды мақсатты пайдалану;
Жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі [20].
Ойында педагог бала тұлғасына барлық жағынан әсер етеді: оның сапасына, сезіміне, еркіне, тәртібіне, ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі мақсатында пайдаланылады.
Ойын барысында баланың өзін қоршаған айналасы жөніндегі білімі, түсінігі нақтыланады және тереңдейді. Ойында қандай да бір рөлді орындау үшін бала өз түсінігін бала ойын амалына көшіруі керек. Бірақ ойын балалардың бар білімі мен түсінігін бекітіп қана қоймайды, үлкендердің жетекшілігімен жаңа білім алу процесіндегі белсенді таным іс-әрекетінің өзіндік бір түрі болып табылыды.
Ойында баланың айналасындағы шындықты өзгерту талабы, жаңаны жасау қабілеті дамиды. Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және ойдан құралған құбылыстарды, таныс заттарды жаңа қасиеттермен және функционалды байланыстарды ( мысалы, кресло - космостық ракета). Бұл процестердің нәтижесі баланың елестетуі мен шығармашылығының дамуы болады.
Өзіне қандайда бір рөлді алып (дәрігердің, шофердің) бала өзіне мамандықты және басқа тұлғаның ерекшеліктерін жәй ғана қолданып қоймайды, ол сол рөлге кіреді, кірігеді, оның сезімі мен көңіл-күйіне енеді, сөйтіп өз тұлғасын байытады және тереңдетеді.
Дегенмен, кез келген ойынның жағымды маңызы бола бермейтіндігін кейбір педагогтар көрсетуге талпынған. Мәселен, Н.К.Крупская іс-әрекет мазмұнына қарай ойынның баланың дамуына кері әсер болуы да мүмкін екендігін атап көрсетті: ойынмен аңды да тәрбиелеуге болады, қоғамға тамаша пайдалы адамды да тәрбиелеуге болады.
Балалармен дұрыс, әдепті өзара әрекеттестік орнаса, ойын баланың ақыл-ойын кеңейтуге, танымның бейнелік түрлерін дамытуға (бейнелеп ойлау, елестету), мүддесін реттеуге, тілін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның өзара қарым-қатынас ережелерін, социумда тәртіп нормаларын меңгеруде маңызы зор. Ол балалардың қоғамдық тәртібі, өмірге және бір-біріне қарым-қатынасы неғұрлым жақсы қалыптасатын іс-әрекет түрі. Бірге ойынды ұйымдастыру арқылы балаларды ұжымына, ал ұжым арқылы - әрбір балаға әсер етеді. Ойында бала белгіленген тәртіпке бағына отырып, өз ойын, істерін басқалармен келісу қажеттілігіне тап болады. Бала тек қана ойын тәжірибесін алып қоймайды, өзін-өзі көрсету, өз аяғына тұру және коммуникативтік тәжірибесін алады.
Сонымен қатар, ойындарда балаларды шығармашылық қабілеттері дамиды. Ол ой құрауда, рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін жасағанда көрініс табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.
Атақты педагог А.П.Усова: Ойын - бала үшін еңбек, ойын бала үшін сабақ, ойын бала үшін нағыз өмір деген. Ойын арқылы бала жан-жағындағы өмір құылыстарын бейнелейді [31].
Балабақшада ойындардың түрлерінің барлығы ойыншықтар арқылы жүзеге асады. Ойын мен ойыншық бір-бірімен тығыз байланысты.
Ойыншық - бала үшін жасалған зат. Ойыншық - бала қуанышының баспалдағы.
А.С.Макаренко Ойыншық арқылы бала өз ойын, сезімін, отбасындағы әңгімені, қоршаған ортадағы құбылыстарды жеткізеді деді [23].
Ойыншықтың түрлері көп. Мысалы: моторлы сюжетті, техникалық құрылыс, дидактикалық, әуендік, театрландырылған ойыншықтар болып бөлінеді. Бұл ойыншықтардың әр түрінің мазмұны әр басқа.
Дидактикалық ойындарда қолданылатын дидактикалық ойыншықтар түстерді ажырата білуге, заттардың қасиеттерін айыра білуге үйретеді. Театрлық ойыншықтар - балалардың сөздік қорын байытуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Балабақшада әр топтың балаларына әртүрлі ойыншықтар арналған. Қуыршақ пен автокөлік ойыншықтары барлық топта қолданылады. Мысалы: 1-2 жастағы қыз бала алғашқыда қуыршақпен ойнауды бастайды. Жасының өсуіне байланысты ойын мазмұнымен қатар, ойыншықтар да түрлене түседі.
Даярлық топқа барғанда да өз ынтасын жоғалтпайды. Тәрбиеші бұл ойындарды сәбилер тобындағылардан гөрі күрделендіре түсуге көмектеседі, ол ойындар балаларды адамдарға қамқорлықпен қарауға бағыттайды.
5-6 жастағы баланың қуыршақты таңдауына ерекше зейін қойып қарағаны жөн, баланың ынтасын оның талабы мен тәжірибесін есепке ала отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал ету. Ал біздің зерттеу тақырыбында арқау болып отырған мектеп алды даярлық топта қуыршақ - олар балаларды мектеп болып ойнау ойынына итермелейді, өздері білетіндерді қуыршақтарға үйретуге тырысады. Балдырған қуыршақпен ойнау балаларға қызықты. Онымен ойнау балдырғандарға қамқорлықпен қарауды дамытуға мүмкіндік береді. Қуыршақпен ойнау ойындары балалардың сөйлегіш, кешірімді болуға, жылы сөздер айтып дауыс ырғағын түзеуге, қарым-қатынаста мейірімді болуға көмектеседі [32].
Сонымен ойындарды балаларға білім беруде қолданудың педагогикалық - психологиялық маңызы мен мәнін жан-жақты талдап, теориялық талдаулар жүргізу бізге оларды танымдық - тәрбиелік мүмкіндіктерін тануға және мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық білімін жетілдірудегі рөлін айқындауға ықпал етті.

1.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы дидактикалық ойынның рөлі, олардың түрлері мен ерекшеліктері

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл өз бетінше әрекет ететін бастамашыл өз мүмкіндігін біліп, өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі мекемедегі Таным білім беру саласы бойынша оқу іс-әрекетінің маңызы зор. Бұл саланың мақсаты: жас ерекшеліктеріне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, меңгерген білім дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, қоршаған әлемді қабылдай білетін тұлғаны қалыптастыру.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мақсаты жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі. Екінші сәбилер тобында балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарын құру ептіліктерін, естиярлар тобында: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін, ал, ересектер тобында балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру. Бұл бағытта арнайы жұмыстар жүргізіледі [33].
Бұл орайда балабақшаларда балалардың математикалық бағытта тиісті нәтижелерге жету үшін өткізілетін сабақ мектепке дейінгі педагогиканың талаптарына сай дұрыс ұйымдастырылуы керек. Балалар осыған дейін меңгерген және қолдана алатын білімдеріне сүйеніп, біртіндеп жаңа білім қорына ие болады. Жұмыс көлемін анықтауда балғындардың жеке мүмкіндіктерін жете бағаламауға немесе асыра бағалауға жол беруге болмайды, өйткені бұлардың екеуі де балалардың сабақ үстінде ешқандай ынта білдірмеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Біркелкі жаттығуларды әлденеше рет қайталау арқылы білімді тиянақты меңгеруге мүмкіндік туады, мұнда көрнекі құрал жаңартылып, жұмыс тәсілдері түрлендіреді, өйткені бірсарынды әрекетпен айналысу балаларды тез жалықтырып жібереді. Яғни, сабақта қойған мақсатымыз бір болғанмен, тапсырмалар әр түрлі болып, көрнекіліктердің түрлері ауыстырылуы керек.
Балалар әрекетінің сипатын ауыстырып отыру, яғни педагогтың іс-әрекетіне еліктеп, оның айтқандарын тыңдау, белгілі бір қимылдар жасау, жалпы ойынға қатысуы - олардың белсенділігін арттырады, шаршап, қажуына жол бермейді. Оларға берілетін бір сарынды тапсырмалардың саны 2,3-тен, қайталануы 2-3 реттен аспауы керек. Педагог сабақ үстінде балалардың мінез-құлқын бақылап отырады және олардың шаршап қажуы, жиі алаңдауы, сұрақтарға жауап беруде жиі қателесуі, қатты сабырсыздануы байқалса сабақты тоқтатуға болады. Сабақ үстінде балалардың жағдайын қадағалап отыру міндетті шарт болып табылады.
Енді біз осы математикалық білім берудегі мектепке дейінгі балабақшадағы оқыту әдістері мен тәсілдерінің мазмұнына қысқаша сипаттама бере кетейік.
Ең алдымен балаларды оқытудың пәрменді көрнекілік сипаты бар. Олар педагогтың іс-қимылын қадағалап, оның түсіндіруі мен нұсқаларын тыңдап және дидактикалық материалмен жұмыс істеу арқылы тікелей өздерінің қабылдауы негізінде жаңа білімді меңгереді. Тәрбиеші сабақты көп ретте ойын элементтерінен, күтпеген сәттерден - ойыншықтардың, заттардың кенет пайда болуынан, меймандардың келуінен және тағы с.с. сәттерден басталады. Бұл балалардың белсенділігін арттырып, ынталандырады. Алайда мұндай элементтердің әлде бір қасиетін тұңғыш рет көрсетіп, оған балалардың назарын аударғанда сабақтың негізгі мақсатынан ауытқымауымыз керек. Балалар көлем туралы түсінік туғанда, заттардың қарама-қарсы немесе ұқсас қасиеттерін (ұзын-қысқа, жіңішке-жалпақ,) бар заттарды салыстыру негізінде олардың математикалық қасиеттерін көрсетеді. Сабақ үстінде балалардың өздеріне жақсы таныс, артық бөліктері жоқ, айырмашылықтары 1-2 белгіден аспайды және танылатын қасиеттері айқын көрінетін заттар пайдалану керек. Педагог балаларға заттардың ұқсайтын қасиеттерін бөліп көрсетіп, одан кейін салыстыра білуге (Түсі қандай? Шамасы қандай?) сұрақтар қою арқылы біртіндеп үйретеді. Бұл әрекет заттарды беттестіру және жүзінде салыстыру әдісімен жүргізіледі.
Балалардың дидактикалық материалмен жұмыс істеуі зор көңіл бөлінуі керек. Олар сәби кезінен-ақ белгілі бір кеңістіктегі заттарды суреттен таба білуі сияқты күрделі әрекеттерді орындай алады. Алайда бала тапсырманы орындай алмаса, өнімді жұмыс істей білмесе, оның бұл іске ынтасы болмай шаршайды да, жұмыстан алаңдай бастайды. Осындай жағдайды ескерген тәрбиеші оларға іс-әрекет етудің үлгісін ұсынады. Жіберетін қателіктеріне жол бермеу ол барлық жұмыс тәсілдерін көрсетіп, жасау реттілігін егжей-тегжей түсіндіреді. Мұнда түсіндіру жұмысы барысында айқын, нақты, кішкентай баланың түсінуіне жеңіл болатындай болу керек. Егер педагог асығып сөйлейтін болса, балалар оны түсіне алмай, алаңдай бастайды. Тәрбиеші балалардың назарын жаңа материалға аудартып, ең күрделі әрекет әдістерін 2-3 рет қайталап көрсетеді. Жұмыс үстінде балалардың жіберген қателіктерін көрсетіп қана қоймай, олардың орын алу себептерін анықтайды. Олардың қателіктерін түзету жалықтыратындай көп сөзді болмауы тиіс. Кейбір жағдайларда балалардың жіберген қателіктері мүлде түсіндірілусіз-ақ жүргізіледі. (Мына қолыңа ал, оң қолыңа ал, мына тілімді үстіне қой, астыңғысы ұзынырақ екенін байқайсың ба?) деген сияқты. Бір ескертетін жайт, қатесін көрсету жазалау түрінде болмауы шарт. Балалар әрекет ету ісін меңгеретін кезде оны көрсетудің маңызы болмай қалады. Енді оларға тапсырманы ауызша түсіндіруге болады. Қай шыршаның аласа екенін тауып алып, соның түбіне көп саңырауқұлақ қойыңдар деген сияқты. Кішкентай балалар сезіммен қабылдаған нәрселерді әлдеқайда жақсы меңгереді, олардың бар ынтасымен еске сақтайды. Сондықтан сабақ үстінде ойын тәсілдері мен дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады. Алайда ойын пайдалануда математикалық мақсаттан ауытқуға жол бермеу керек. Балалар игеретін әрбір жаңа әрекет ету әдісі сөзбен орнықтырылады. Педагог жаңа сөзді асықпай, жақсы дауыс ырғағымен түсіндіреді, ал балалар барлығы бірдей дауыстап қайталайды.
Балалар үлестірме материалмен жұмыс істей бастағанда, әрбір балаға жеке қорапшаға салынған, жеке жиынтықтағы дидактикалық материал беріледі. Балалардың пайдалануына ыңғайлы болу үшін таратпа материалдар аса ұсақ, ауыр болмағаны жөн. Ал балалар оларды мұқият ұстауды, сабақ соңында қорапшаларға жинап, көрсетілген орынға апарып қоюды үйренуі тиіс.
Сан және санау бағытында оқу жылының басында балалардың, ең алдымен балабақшаға алғаш келген балалардың заттарды санай білетінін, олардың мөлшерін салыстыра алатынын, заттардың қайсысы көп немесе аз екенін анықтай білетінін көрсетіп, мұнда қандай әдістерді қолданғанын, заттардың өлшемдері мен көлемдеріне қарамастан, жиынтықтар санын салыстыра білетінін тексеріп көрген жөн. Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар: Мұнда қанша қуыршақтар бар? Кішкене қуыршақтарды сана? Қандай шаршылар көп? Көк түстілер ме, әлде қызыл түстілер ме? (Үстел үстінде 5 үлкен көк шаршы, 6 кіші қызыл шаршы шашылып жатыр). Қандай текшеледің көп екенін анықта: Сары түсті ме, әлде жасыл түсті ме? (Үстел үстінде 2 қатар текшелер тұр, 6 сары текше бір-бірінен алшақ тұр, ал 7 көк текше - бір-біріне жанаса орналасқан).
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру. 4 - 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады. Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор. Баламен оқу іс-әрекетін өткізу алдында алдын - ала дидактикалық (көрнекілік) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады. Сонымен қатар суреттерді, жануарлар, құстар, жемістер, көкөністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРЕСЕК ТОПТАРҒА АРНАЛҒАН ДАМЫТУ ОЙЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Ойында баланың рухани даму теориясы
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Ата - аналардың педагогикалық қатынастарымен талаптарды үйлестіру
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Пәндер