Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. ҚР Прокуратурасы қызметінің жалпы ережелері
- Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
1. 2. Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері
1. 3. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және прокурорлық қадағалау
ІІ БӨЛІМ. ҚР Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары
2. 1. Прокуратура органдары ҚР заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету механизмінде
2. 2. Алдын ала анықтау, алдын ала тергеу, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен заңдардың қолданылуын қадағалау. Алдын ала тергеу, анықтау органдардың заңдылықтарын қадағалауды жүзеге асырудағы прокурордың өкілеттіктері.
2. 3. Сотта қаралатын қылмыстық және азаматтық істердегі прокурордың рөлі
2. 4. Прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы негізгі бағыттары
ІІІ БӨЛІМ. Қылмыстық процестегі прокурорлық қадағалау мен сот билігімен арақатынасындағы мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды. Заңның үстемдігінің белгілерінің бірі- мемлекеттің барлық салаларында құқықтық заңның ресми ғана емес, сонымен нақты үстемдігін орнату, оның қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығына тікелей әсер етуі. Прокуратура Конституцияда белгіленген республика аумағындағы заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жүктелгеніне байланысты құқықтың мұндай үстемдігін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Қазақстан тәуелсіздігін 1992 жылы 17 қаңтарда жариялағаннан кейін алғаш рет "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Заң қабылданды, ол ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «ҚР Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығы күшіне енгенге дейін қолданыста болды. Бұл нормативтік құқықтық актінің шығарылуы 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы прокуратура органдары қызметінің құқықтық аясын түбегейлі өзгерткендіктен туындады.
Сол уақыттан бері жиырма жеті жыл өтті. Осы кезеңде еліміздің құқықтық саласында жаңа мемлекеттік құрылым қағидаттарына және прокуратура органдарының алдына қойылған міндеттерге сәйкес елеулі өзгерістер жүргізілді. Бұл өз кезегінде "ҚР Прокуратурасы туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына тиісті түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етті.
Қазақстан Республикасының "Прокурорлық қадағалау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346 Заңымен жаңа нормалар енгізілді, ол прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жолындағы кезекті қадам болып табылды.
Қабылданған жарлықтарға сәйкес соңғы уақытқа дейін қолданылған заңға өзгертілді және қазіргі уақытта ол "ҚР Прокуратурасы туралы" Заңы деп аталды. Бұл заңда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделерінің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын тиімді қадағалауды іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатында Конституцияда көзделген прокурордың өкілеттіктерін дамытады.
3
"ҚР Прокуратурасы туралы" Заңы прокурорларға қосымша өкілеттіктер беріп қоймай, сонымен бірге өкілеттіктерін іске асыру, тиімді пайдалану және оларға жүктелген міндеттерді орындау кезінде жауапкершілікті арттыру.
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы - мемлекеттік тетіктің ажырамас бөлігі, ол төмен тұрған прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Прокуратура өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады және республика Президентіне ғана есеп береді.
Құқықтық механизмді жетілдіруді прокуратура қызметі қадағалау органына республиканың мемлекеттік органдары жүйесінде лайықты орынды айқындауға және елдегі заңдылық пен құқық тәртібі режимінің жоғары деңгейін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Конституция мен заңдардың үстемдігін, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Конституция, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан: Конституцияны, заң актілері мен республика Президенті актілерін бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады; жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің қолданылуын қадағалау; сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді; Қазақстан Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді; заңда белгіленген тәртіппен және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, обьективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, құқықтық статистика саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады.
Төменде ұсынылып отырған тақырып өте өзекті және қызықты, себебі ҚР Прокуратурасының мақсаттары, міндеттері мен функциялары ҚР егемендігін қабылдауға байланысты, шынайы демократиялық, құқықтық мемлекет құру
4
жағдайында түбегейлі өзгерді.
І БӨЛІМ. ҚР Прокуратурасы қызметінің жалпы ережелері
1. 1. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Прокуратура (лат. procurer- қамқор, қамтамасыз етемін) қылмыстық істерді қозғауда, айыптауды қолдану, мемлекеттің мүдделерін сот процесінде білдіруге жауапты арнайы мемлекеттік орган (органдар жүйесі) болып табылады.
Қазақстан Республикасында прокуратураға бір жағынан мемлекеттің бірыңғай заңнамалық кеңістігін сақтауға, екінші жағынан азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіре отырып құқық қорғау функциясын тез әрі тиімді жүзеге асыруға қабілетті жүйеге ие, мемлекет атынан берілген белгілі бір билік көлемі берілген. Сондай-ақ ҚР прокуратурасы құқықтық шығармышылқа қатысады.
Бұл органның негізгі мақсаты:
1. Заңның үстемділігін қамтамасыз ету;
2. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту;
3. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның заңды мүдделерін қорғау.
"Мемлекет органы ретінде прокуратура органы қызметінің ерекшелігі, ол өз өкілеттігін мемлекет атынан жоғарғы қадағалау нысанында жүзеге асырады" 3
"ҚР Прокуратурасы туралы" ҚР Заңына сәйкес, прокуратура өзінің жұмысын жүзеге асыру кезінде басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды.
ҚР прокуратурасы органдар мен мекемелердің бірыңғай жүйесін құрайды:
1. ортақ мақсаттар мен міндеттердің болуы;
2. прокурорларды тағайындаудың заңмен белгіленген тәртібі;
3. прокуратура органдарын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру;
5
4. төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және ҚР Бас Прокурорына бағынуы.
ҚР Прокуратурасы ұйымдастырылуы мен қызметі мемлекеттік орган ретінде заңдардың қолдануын жоғары қадағалауды жүзеге асыруы заңнама нормаларынмен дәл әрі толық реттелу тиіс.
ҚР Заңына сәйкес, прокуратура қызметінің тәртібін ұйымдастыру, прокурорлардың өкілеттіктері ҚР Конституциясымен, "ҚР Прокуратурасы туралы" ҚР Заңымен және басқа да заңнамалық актілермен, ҚР халықаралық шарттарымен бекітіледі. Сондай-ақ, өз құзыреті шегінде ҚР Бас Прокуроры бұйрықтармен және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы прокуратура органдарын ұйымдастыру мен олардыңқызметінің түрлі аспектілерін реттейді.
ҚР Конституциясына сәйкес, прокурор және прокуратура туралы заңнама мемлекеттің қатаң қарауына жатады, сондықтан ҚР Прокуратурасының қызметі мен ұйымдастырылуының қандай да бір аспектілерін нормативтік регламенттеудің барлық өзге де тәсілері заңға қайшы келген жағдайда жарамсыз деп саналады және қолдануға жатпайды, белгіленген тәртіппен тоқтыла тұрады немесе күшін жояды.
"ҚР Прокуратурасы туралы" ҚР Заңы прокуртура қызметін ұйымдастыру қағидаларын, функцияларын, өкілеттіктерін айқындайды. Осы заңда прокуратура органдары мен мекемелерінде қызмет атқаруды регламенттеуге айтарлықтай орын берілген.
"ҚР Прокуратурасы туралы" ҚР Заңының қортынды бөлімінде прокуратура органдары мен мекемелерін қаржыландыру, материалдық- техникалық қамтамасыз ету, класстық шендер, әскери атақтар және т. б. беру тәртібі мәселелері регламенттеледі.
"Прокурордың іс жүргізу ережесі, оның өкілеттіктері, қылмыстық, азаматтық істерді сотта қарау кезінде оларды әртүрлі сот сатыларында іске асырудың құқықтық құралдары тиісінше қылмыстық іс жүргізу кодексімен, азаматтық іс жүргізу кодексімен, әкімшілік құқықтық қатынастар туралы кодекспен регламенттеледі" 4
Сондай-ақ прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметінің құқыққтық негіздерінің құрамдас бөлігі халықаралық шарттар, ҚР ратификацияланған болып табылады.
6
1. 2. Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері
Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары- бұл ҚР Конституциясында және басқа да заңнамалық актілерде бекітілген прокуратураның саяси және мемлекеттік тағайындалуы білдіретін негізгі талаптар прокурорлардың міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ мемлекеттегі заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі құқықтық құралдар мен әдістердің мазмұны мен сипатын айқындайды, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, оның ішінде құқық қорғау органдарынан да айырмашылықтарын айқындайтын сапа белгілерін қамтиды.
Заң шығаруда белгіленген қағидаттарды сақтау прокуратураға мемлекеттегі заңдардың нақты және біркелкі орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін оның алдында тұрған міндеттерді сәтті орындауға мүмкіндік береді
Прокуратура қызметінің қағидаттары Конституция мен заңдарға негізделеді және прокуратураға өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктері бар тәуелсіз мемлекеттік орган мәртебесін береді.
Прокуратура органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің негізгі қағидаттарының бірі орталықтандыру, тәуелсіздік, бірлік, заңдылық және жариялық қағидаттарына сейкес жүзеге асырылады.
Бірлік принципі
Қазақстанның барлық аумақтық және мамандандырылған прокуратуралары бірыңғай жүйені құрайды. Прокурорлық қадағалаудың бірлігі барлық прокурорлық органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет принциптерінің бірлігінде, олардың мақсаттары мен міндеттерінің бірлігінде көрінеді. Әрбір прокурорға өз құзыреті шегінде оларды іске асырудың бірыңғай өкілеттіктері мен құқықтық құралдары берілген. Жоғары тұрған прокурор төмен тұрған прокурорға өз міндеттерін орындауды тапыра алады, төмен тұрған прокурордың міндеттерін өзіне қабылдай алады, оның кез келген шешімін өзгерте немесе жоя алады.
Орталықтандыру принципі
ҚР Бас Прокуратурасымен жіберілетін және үйлестірілетін прокурорлық тәжірибенің бірлігін қамтамасыз етеді. Осы қағидатты іске асыру ол бірыңғай басшылықты жергілікті прокурорлардың бастамасымен, шығармашылық
7
белсенділігімен үйлестіреді. Прокуратура жүйесін орталықтандыру мемлекеттегі прокуратурамен орындалатын негізгі міндеттерден туындайды және прокурорлық қадағалаудың біртұтастығымен тікелей байланысты, ҚР аумағының бірыңғай заңдылығын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.
Заңдылық принципі
Бұл қағида ҚР Конституциясында қоғам өмірінің, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың табысты қызметінің, азаматтардың мінез-құлқының міндетті шарты ретінде белгіленген. Әрбір прокурор өзі қабылдайтын шешімдердің заңдылығы үшін жауапты болады.
«Біздің мемлекеттегі заңдылық- бұл мемлекеттік және еңбек тәртібін қатаң сақтауды, әркімнің өз міндеттерін нақты орындауын талап ететін, азаматтардың белсенділігінің өсуіне ықпал ететін және сонымен бірге оларды заңсыздықтан сақтайтын қуатты ұйымдастырушылық тәртіпті фактор»
Прокуратура органдары елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға арналған мемлекеттік органдар жүйесінде маңызды орынға иә. Мемлекеттегі заңдылықты сақтаушы бола отырып, прокурорлар озбырлыққа, заң бұзушылықтарға немесе заңнан ауытқуларға жол бермеуі керек. Бұған, ең алдымен, заңның негізінде және оны орындау үшін басшылық сипаттағы бұйрықтар мен нұсқаулар шығаратын ҚР Бас Прокурорының қызметі бағынады. Бұл осы бұйрықтар мен нұсқауларды басшылыққа алатын бағынышты прокурорлардың қызметінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Төмен тұрған прокурорлардың қызметіндегі заңдылық қағидаты олардан шығатын әрбір құқықтық акт, әрбір процестік әрекет заңға негізделуге, оның талаптарын негізге алуға, заңда көзделген нысандарда орындалуға тиіс екенін де білдіреді.
Прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан тәуелсіздігі принципі
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде бірыңғай прокурорлық биліктің өкілі ретінде әрекет етеді және ол шешім қабылдаған кезде тек заң мен Бас Прокурордың бұйрықтарын басшылыққа алады.
Прокуратура органдарының тәуелсіздігі қағидаты өзінің барлық функционалдық шешімдері мен іс-әрекеттерін (қадағалауды, қылмыстық қудалауды және басқаларды жүзеге асыру бойынша) әрбір прокурор оларды жүргізудің толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтілігі және ішкі мекеме талаптарына сәйкес жүргізілетін заң, материалдар мен тексерулер негізінде ғана
8
жүзеге асырады.
"ҚР Прокуратурасы туралы" Заңы бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар прокуратура органдары мен мекемелерінің кез келген функционалдық қызметіне, атап айтқанда, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде, құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруге, құқық шығармашылық қызметке қатысуына араласуына жол берілмейтіндігі көрсетіледі.
Жариялылық және демократияландыру принципі
Прокуратура органдары қызметінің ашықтығын, оның азаматтар, бұқаралық ақпарат құралдары үшін қолжетімділігін білдіреді. Осы қағидатты іске асыру арқылы қоғам прокуратура органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
Жариялылық қағидаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша прокуратура қызметінің заңдылығының жай-күйі туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттырады. Кері байланыс тәртібінде жариялылық пен демократияландыру қағидаты азаматтарға прокуратура органдарына еркін түрде жүгінуге мүмкіндік береді. Демек, жариялылық қағидасы заңдылықты нығайту мақсатында белсенді жұмыс істейді.
Прокуратура органдары өз қызметін жүргізуде қоғамнан оқшау жүзеге асыра алмайды. Бұл қағидат құқық бұзушылықтар төңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектеседі, сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениетін арттырады.
1. 3. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және прокурорлық қадағалау актілері
Қазақстан прокуратурасы Конституцияның 83-бабына "ҚР Прокуратурасы туралы" Заңның 3 және 4-баптарына сәйкес төмен тұрған прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және мемлекет атынан Бас Прокурорға бағындыра отырып, органдар мен мекемелердің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды, Конституцияның, заңдардың және Республика Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік - құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру көзделген.
Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен
9
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура:
- Конституцияны, заң актілерін және республика Президенті актілерін бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қабылдайды;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
- сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
- республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдірелді;
- заңмен белгіленген тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
- статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарын ұйымдастыру жүйесі орталықтандыру, прокурорлық қадағалаудың бірлігі қағидаттарына, құрылым элементтерінің өзара байланысы мен өзара іс-қимылының жалпы қағидаттарына негізделген.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, Республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы прокуратураның барлық органдары мен мекемелерінің прокуратура функцияларын іске асыру жөніндегі жұмысын қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметкене Республика Президенті Парламент Сенатының келісімімен бес жыл мерзімге тағайындалады және Республика Президентіне есеп береді. Бас Прокурордың бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады, оларды өзінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бас прокуратурада Бас Прокурор, оның бірінші орынбасары мен орынбасарларын, сондай-ақ прокуратура органдарының басқа да басшы
10
қызметкерлері құрамдағы алқа құрылады. Бас прокуратура алқасын Бас Прокурор қалыптастырады және басқарады. Алқа кеңесетін орган болып табылады, оның шешімдерін Бас Прокурордың бұйрықтарымен іске асырылады.
ҚР Бас Прокурорының басшылық сипаттағы бұйрықтары қадағалаудың белгілі бір саласында немесе прокуратура органдары қызметінің қандай да бір бағытында заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық желіні айқындайды.
Бас прокурор басшылық сипаттағы бұйрықты дамыту үшін нұсқау береді, онда прокурор қызметінің қандай да бір мәселелері қозғалады. Бұйрық көбінесе прокурор мен тергеушінің кез-келген әрекетін орындау мақсатында шығарылады.
Бас прокурор бекітетін нұсқаулық қандай да бір процестік іс жүргізу немесе жедел іс-әрекеттер тәртібін қарастырады. Нұсқаулықта статистикалық есеп беру, жасалған қылмыстарды есепке алу және тіркеу және т. б. жүргізу тәртібі көзделуі мүмкін. Барлық төменгі прокурорлар Бас прокурорға есеп береді, тек оның оларды тағайындауға және қызметінен босатуға құқығы бар. Бас прокурорды лауазымдық өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін шығару, ол мерзім барлық прокурорлар үшін 5 жылды құрайды, тек қылмыс жасаған жағдайда ғана немесе денсаулық жағдайы бойынша, өз қалауы бойынша өз өкілеттіктерін орындай алмауына байланысты мүмкін болады
Республиканың Бас Прокуроры мен оның бірінші орынбасарының аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Бас прокуратураның құрылымын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. Бөлімдер дербес (басқарма құқығында) болуы немесе департаменттер мен басқармалардың құрамына кіруі мүмкін. Департаменттерде, басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгіленеді.
Республика прокуратурасының құрамында Бас Прокурордың орынбасары - Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура және құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті, сондай-ақ С. Есқараев атындағы прокуратура органдарының заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерделеу және кадрлар біліктілігін арттыру институты құрылды. Прокуратура органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлімшелері арқылы құқықтық статистиканы қалыптастыруды және арнайы есепке алуды жүргізуді
11
жүзеге асырады. Бас прокуратура жанындағы институт ғылыми зерттеулер және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру үшін құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Прокуратура органдарының екінші буыны облыстардың, Нұрсұлтан және Алматы қалаларының прокуратуралары, сондай-ақ облыстардың прокуратуралары құқығындағы мамандандырылған прокуратуралар болып табылады. Облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларды Республика Президентінің келісімімен Бас Прокурор тағайындайтын тиісті прокурорлар басқарады. Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Облыс прокурорларының орынбасарларын облыстық прокуратураның тиісті басқармаларының бастықтары тағайындауы мүмкін. Облыстық прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда басқармалар мен бөлімдер бар. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтары тиісінше облыс прокурорлардың аға көмекшілер мен көмекшілер болып табылады. Басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгіленеді.
Прокуратура органдарының келесі негізгі буыны қалалар мен аудандардың прокуратуралары, оларға теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратуралар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайтын прокурорлармен басқарылады. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Мамандандырылған прокуратуралар аумақтық прокуратуралар сияқты заңдарды басшылыққа алады, барлық прокуратура органдарына ортақ міндеттерді орындайды, айырмашылығы, олардың қызметі арнайы объектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жекелеген салаларымен шектеледі. Сондай-ақ мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік, табиғатты қорғау, арнайы объектілердің прокуратуралары жатады.
Мемлекеттік органдардың кез келген жүйесі сияқты прокуратура органдарының жүйесі де өзара байланысты біртұтас органдардың жиынтығын білдіреді. Прокуратура жүйесі құрылымдық элементтер арасындағы байланыстары ішкі басқару жүйесі бойынша бағыныштылық үшін, сонымен қатар, жүйе ішіндегі әртүрлі органдар мен бөлімшелердің басқа органдар мен жүйелермен өзара әрекеттесуімен сипатталады.
Көмекші жүйені мыналар құрайды: іс жүргізу, есеп, есеп беруді
12
ұйымдастыру және жүргізу, заңнаманы жүйелеу, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету.
Жұмысты дұрыс ұйымдастыру және басқару бүкіл прокурорлық жүйенің бірыңғай орган ретінде жұмыс істеуінің үйлесімділігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді, прокурорлар мен прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметін күрделі және жауапты тәжірибе міндеттерді орындауға жібереді.
Прокуратура органдарының жұмысын ұйымдастыруды жақсарту, оның стилі мен көшбасшылық әдістерін, орындалуын бақылауды жетілдіру Бас прокуратураның қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz