Мұнай бағалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Іскерлік журналситикадағы жаңа технологиялар

Мазмұны

Кіріспе

  1. БАҚ. Іскерлік журналистикадағы экономика туралы жалпылама түсінік және оның қоғамдағы орны
  • 1. 1 Іскерлік журналистикадағы экономикалық талдау
  • 1. 2 Іскерлік журналистикада интернет технологияның қызметі ретінде алатын орны
  • 2. 0 Қазақстанда қаржы мен бизнес саласындағы іскерлік журналистика жаңа технологияларының рөлі
  • 2. 1 Жаңа технологиямен қаржылай еркіндікке қадам
  • 2. 2 Бизнес БАҚ-тағы жарнама және PR
  • 3. Іскерлік журналистиканың негізі - онлайн нарық
  • 3. 1 онлайн нарықтың БАҚ-тағы басты талабы
  • 3. 2 онлайн нарықты іскерлік журналистикада қалыптастыру әдістері мен тәсілдері

Кіріспе

Дипломдық жобаның өзектілігі. Зерттеу жалпы журналистиканы жетілдіруге әрекеттесетін маңызды тақырыптардың бірі. Ақпараттық технология кезеңінде журналистикадағы ең маңызды тақырыптарда визуализациялау құралдары мен ұқсас форматпен пайдаланған дұрыс. БАҚ та іскерлік мәселелер жаңа технологияның арқасында халыққа әлдеқайда қол жетімді болып келеді. Негізі біздің елде іскерлік тақырыпта сараптама өте аз беріледі. Әсіресе қазақ тілде. Осындай мәселелерге тоқтала келе, іскерлік тақырыпты ашып, және нарыққа мысалдап анализ жасауды қарастырдық. Іскерлік тақырып теледидарда ғана көрсетіле қоймай, журналист қаламымен нарыққа шығуы керек. Ал журналист қаламы бүгінгі күні тек сөз емес, жаңа технологияның инфографикалар, фотолар, видеолар, аудиолар, анимация, моушн-дизайн екенін ескеріп қолдағы құрал жабдықты қолданған жөн. Қазір ақпарат таратудың түрлері мен жаңа стандарттары пайда болды. Ақпараттық кеңестікте іскерлік тақырып жоғалып кетпеуі керек. Ал оны назардан таса қылып алмау үшін журналист кәсіби тұрғыда дамып отыруы керек. Неліктен іскерлік мәселелер адам тағдыры үшін маңызды? Дипломдық жұмысымызда осы сауалға жауап іздеп және соған байланысты біраз дүниелерге жіті тоқталамыз. Қазіргі таңда әлем елдері нарықтық жүйе орнатқалы, адамдар өмірінде сандар маңызды рөл атқарады. Бұл процесс журналистика саласын да айналып өтпеді. Журналист материалдары сандарға негізделетін болған. Осы тұста адам тағдыры қоғамдық мәселелерге деген салғырттық пайда болды.

Диплом жұмысының мақсат міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаттары.

Іскерлік журналистиканың еліміздегі алатын орнын анықтау

Әлем іскерлік нарығымен танысу

Онлайн және офлайн нарықтың айырмашылығын анық көрсету

Жаңа технологияның іскерлік журналистикаға үлесін баяндау

Зерттеу жұмысының нысаны.

Отандық және орыс тілді түрлі басылымдары қарастырып алдық. Ондағы

1. 1 Істердегі экономикалық талдаудың түрлері

Жалпы, қазіргі таңда қандай да бір БАҚ құралдарын немесе әлеуметтік желілер (инстаграм, Facebook, т. б) тіпті жаңалық порталдары болсын ашып қарайтын болсаң, бірінші кезекте өңкей бизнестің проблемалары тұрады. Яғни іскерлік журналистиканың тақырыбы халық арасында өте актуалды. Өйткені бизнесте болған дағдарыс ол, тікелей халыққа әсер етеді. Мысалға үшін, қазір азық-түлік қымбаттап жатыр. Мүнайдың қымбаттағаны, халықтың жүріс тұрысын қиындатып кетті. Ал осындай дамыған заманда жаңалықтарды біз газеттен, не болмаса теледидардан көріп жатпайтынымыз бәрімізге белгілі. Қазір интернеттің заманы. Адамдар күнделікті ақпарат ағымына сайкес өмір сүреді. Тіпті халыққа ақпаратсыз өмірді елестету қиын. Ұйқыдан түра сала, телефонға бет бұрады. Әлеуметтік желіде не болып жатқанын біліп, анализ жасап, тіпті миға ақпарат алу нормасына жеткеннен кейін барып, түрып жұмысына кірісіп кетеді. Бұл бір миға наркотик секілді, біраз жүріп ақпаратты санаға күнделікті қондырғың келіп тұрады. Барлық дерлік жаңалық интернет желісінде бар. Және ең қызығы қазір болған оқиға, сол сәтте шығып, бірден тарап кетеді. Әсіресе бұл іскерлік журналистика арқылы елдегі іскери тақырып баланс ұстап тұруға бірден бір әсерін береді.

Іскерлік журналистика дегеніміз журналистер үкімет пен бизнес өкілдеріне өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін қаржы және бизнеске қатысты ақпаратты қадағалайтын, жинайтын, жазып алатын және талдайтын кәсіби жанр. Іскерлік баспасөз тақырыптық жағынан да, әдіс-тәсілдері жағынан да журналистиканың сары баспасөз сияқты бағытына қарсы тұра алады. Іскерлік журналистер кәсіпкерліктің ақпараттық қажеттіліктерін баспа өнімдерін шығару арқылы қанағаттандыруға шақырылады. Ақпараттық өрісті құру мақсатында, кәсіпкерлікті дамытуға бірден -бір ықпал етеді. Кемшілігі - оқырмандар мүдделері мен баспалардың мүдделері арасындағы айтарлықтай сәйкессіздік.

Істердегі экономикалық талдаудың түрлерінде журналистика жалпы экономикалық, қаржылық, бизнес деп бөледі. Қалған тақырыптар осылардың аясынан бөлініп шығады. Мәселен сол экономикадан - бюджет, өнеркәсіп, өндіріс және өңдеу, шикізат, энергетика, транспорт саласы. Қаржыдан - банктер, қор нарығы, жеке қаражат, сақтандыру. Бизнестен - кәсіпкерлік, кәсіпкерлердің өмірі, капиталы, бизнес бастау, кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар, кеңестер т. б.

БАҚ назарын аударатын қызметтің маңызды бағыттарының бірі - экономика. Баспасөзде экономикалық талдауды оның әртүрлі түрлерімен көрсетуге болады, олардың ішінде жетекші орынды жалпы экономикалық, қаржылық және өндірістік-техникалық талдау алады.

Мысалы, экономика саласынан мұнай нарығын алып қарастырайық. Қарапайым халық дайын өнім ретінде пайдаланып, қызығын көргенімен оның шығу тегін, құны бойынша қалай немесе қалай өңделіп отыруы басым көпшілігімізге бей мәлім. Немесе былай қарастырсақ, мұнайға бай мемлекеттердің бірі бола тұра бізге, өзіміздің өніміміз жайлы ақпарат көп кездесе бермейдіме? Немесе халық жаңа технологияға бейімделе алмай ақпарат ағымын алу қиынға соғып жатырма? Негізі расымен, қанша ақпарат шықса да, бәрі орыс тілінде. Іскерлік журналистиканың қазақша нұсқасы қатты дамымауының себебі де осыда. Қазақстанның баспасөз нарығында да іскерлік тақырыпта негізделген алғашқы басылымдар ең алдымен орыс тілінде жарық көрді. 90 жылдардың ортасына қарай отандық медиа нарықта пайда болған Панорама, Деловая неделя, Курсив, я покупатель и собственник сияқты газет оқырмандары үшін өзара және ресейлік басылымдармен бәсекеге түсті. 2000-2005 жылдары олардың қатарына Бизнес и власть, Капитал, Деловой Казахстан, тағы басқа газеттер келіп қосылды. Яғни айтқым келгені Қазақстанның іскерлік журналистикасы орыстілді басылымдар есебінен қалыптасты. Осы кезде анық көз жеткізгенім, қазақ оқырманы экономикалық тұрғыда көмек көрсете алатын іскерлік ақпаратқа, іскерлік тақырыптағы мақалаға, іскерлік мазмұндағы ұсынысқа сусап отыр.

Сондықтан осы тақырыптарда қарастырып көруді ұйғардым. Мұнай нарығын алып көрелік.

Біздің күнделікті қолданып жүрген жанармайдың құнының өзгеруіне Көптеген фактор әсер етеді. Оған тасымалдаудан (транспортировка) бастап әлемдік политика үлкен әсерін тигізуде. АИ 92, АИ95 бензиндерінің бағасын шикі мұнаймен салыстыруға мүлдем келмейді. Бензинге қол жеткізу үшін, оны арнайы мұнай өндіргіш заводтардан қайта өңдеп шығарады. Осы себепті шикі мұнайдың бағасы өссе, артынша бензиннің бағасы қымбаттайды. Бірақ бір қызығы шикі мұнай арзандағанда, жанармайдың бағасы өзгеріссіз қалады. Неге?

Жанармайдың бағасына көптеген факторлар әсер етеді:

Мұнай өңдеуші қуаттары

Тасымалдау (Транспортировка)

Ауа райы және климаттың өзгеруі

Айырбас бағамы немесе инфляция

Геосаяси тәуекелдер

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) политикасы

Мұнай өңдеуші қуаттарының есебінен баға өсіп немесе құлауы мүмкін. Егер қандай да бір өндіргіш қуаттары істен шығып жабылса, жанармай шығарылымы да бәсеңдейді. Артынша, сұраныс пен ұсыныс заңдарына сәйкес жанармайдың құны бұл жағдайда да өседі. Өздеріңіз түсінгендей, жанармай нарықта аз, қажет ететін халық көп, сатушы міндетті түрде бағаны көтереді. Бірақ шикі мұнай бағасы не болады? Керісінше, ол төмендейді, өйткені қалдықтар қала бастайды.

Екінші фактор мұнай мен жанармайды тасымалдау. Бұл фактор яғни мұнайдың да, жанармайдыңда бағасына тікелей әсер етеді. Себебі біріншіден, шикі мұнайды шығатын жерінен, өндірілетін зауытқа жеткізіледі, сосын зауыттан дайын өнімді бензоклонкаларға жіберіледі. Сондықтан мұнайды тасымалдау бағасы өсетін болса, бұл ең алдымен бағасына барлық шығындар кіретін соңғы өнім ретінде бензиннің өзіндік құнына әсер етеді.

Жанармайдың құнына әсер ететін келесі фактор Америка Құрама Штаттарына тән. Олар мұнайды өндіргеннен гөрі керісінше, өздері көп тұтынады. Сондықтан, егер ірі мұнай экспорттаушылар жеткізілімдерін қысқартса, АҚШ пен басқа дамыған елдердің экономикасы ауыр зардап шегуі мүмкін. Жағдайды бақылау және бензин тұтынуды азайту үшін АҚШ үкіметі жанармай құю станцияларына қосымша салық салуы мүмкін. Соның салдарынан бензиннің құны көтеріледі.

Бәрімізге шикі мұнай көзін қалай есептейтіндігі қызық. Мұнай өндіруші зауыттар баррельмен алады. Баррель дегеніміз - қапайым күндегі өмірде көзіміз көретін бөшке. Ол стандартты 159 литрлік болып жүреді. Баға күнделікті ойнап тұрады. Мысалы 02. 01. 98 шыққан уақытынан 7332тг ні құраса, 06. 04. 22 яғни бүгінгі күнге 49027 тгні құрайды. Енді зауыт 1000 баррель тапсырыс берді делік. Бірақ бұл 1000 темір бочкамен апарады деген сөз емес.

Бір мұнай баррелі 159 литрді құрайды.

Бір темір бөшке (май контейнері) - 208 литр.

Демек, зауытқа 763 контейнерде (темір бөшке) 1000 баррель мұнай жеткізіледі.

Сондықтан мұнайдың құны барреліне 60 доллар екенін естігенде, 159 литр шикі мұнайды айтасыз.

Мұнай бағалары

Мұнай бағасын қатаң реттейтін мұндай заң немесе билік жоқ. Мұнайдың құнына, жоғарыда айтқанымыздай, көптеген факторлар әсер етеді. Биржадағы кез келген ойыншы «джекпотты жеңуі» немесе жеңілуі мүмкін.

Бірақ қор биржасында қандай да бір стандарттар мен эталондар болуы керек, олардан құрастыру керек.

Ол үшін аукционда қалыптасып келе жатқан нарық конъюнктурасын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін мұнай баға белгілеулері бар.

Негізі мынайдың 3 базалық бағасы бар.

WTI West Texas Intermediate Бұл Америка құрама штатында шығатын мұнай бағасы. Нью Йорктіқ өнім биржасы бағаны орнатады.

Brent Мұнай индексі, Лондонда ice Intercontinental exchanche

ОПЕК индексі. ОПЕК елдерінің орташа бағасы болып есептелінеді. Венада ОПЕК штаб квартирасымен басқарылады.

Белгілі бір күнде қанша компания мұнай сатып алғысы келетініне байланысты баға белгіленімі көтеріледі және төмендейді.

Көптеген биржа қатысушылары, сатып алушылар, келісетіндер, продукт ретінде алуды қарастырмайды. Қатысушылар мұнайды жеткізу акциясын арзанға сатып алып, оны қымбатқа сатуды ұйғарады.

Келесіде жанармайдың баға бойынша біздің елмен басқа елдікін салыстырып қарастырдық. Picodi. com сайтының аналитикалық бөлімі әлемнің 115 елінде орташа жалақыға қанша литр бензин сатып алуға болатынын анықтады. Бұл жайлы келесі бөлімде айта кететін боламыз. Зерттеу көрсеткендей, кейбір аймақтарда мұнай өндірудің жоқтығына қарамастан, халыққа арналған бензин қолжетімді бағадан жоғары болып шықты; басқаларында жалақы мөлшері мен жанармайдың бір литрінің бағасына қарағанда, көлік көлік емес, сән-салтанат болып қала береді.

Қазақстандағы және шетелдегі бензиннің құны

Мысалы, Тәжікстанда АИ-95 бір литрінің бағасы 0, 83 доллар. Салыстырмалы түрде арзандығына қарамастан, орташа жалақының төмендігі сонша, бұл ақшаға небәрі 130 литрге жуық жанармай сатып алуға мүмкіндігі бар. Қазақстанда бензин екі есеге дерлік қымбат, орташа есеппен біздің елде жанармай 0, 47 доллар сонда ел тұрғындары 800 литрден астам бензин сатып ала алады. Орталық Азияда бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Облыс бойынша басқа деректер: Өзбекстанда - 240 литр жалақы, Қырғызстан - 306.

Оңтүстік Кавказ және Каспий аймағындағы елдерде көрсеткіштер әлдеқайда жақсы. Мысалы, Армения мен Әзірбайжанда доллармен есептегенде АИ-95 бағасы бірдей (88 цент), бұл сәйкесінше 335 және 354 литр бензин сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнда Грузия ең жақсы нәтиже көрсетуде. Мұндағы орташа айлық жалақы 434 литрге жетеді.

Бұрынғы КСРО елдерінен Эстония мен Литва көш бастап тұр. Балтық елдеріндегі бензин біздің стандарттар бойынша қымбат, бірақ еуро жалақымен 840 литрден астам жанармай сатып алуға болады.

Украина мен Молдовада литріне ұқсас бағамен ($1, 09 және $1, 03) сәйкесінше 258 және 298 литр бар.

Венесуэла бір литрдің орташа бағасы $0, 2 болатын көшбасшылар қатарында және айына $29 орташа жалақы 14 миллиард литрден астам сатып ала алады. Бірақ сіз оны позитивті тұрғыдан көшбасшылық деп атай аласыз ба? Бұл елдің экономикалық жағдайы көптен бері пікірталасқа себеп болып, әлемдік БАҚ үнемі жаңа рейтингтер мен салыстырулар жасауда. Соңғы деректер: Венесуэлада бір жұмыртқаның құны 93, 3 миллион литр бензинді құрайды.

Бұл рейтингте нағыз көшбасшылық Парсы шығанағы елдеріне тиесілі. Катар, Кувейт және БАӘ-де бензин бағасы бір центке ерекшеленеді, ал орташа жалақыға 4900-ден 6500 литрге дейін жанармай сатып алуға болады. Көрші Сауд Арабиясында бұл көрсеткіш біршама нашар - бар болғаны 3300 литр.

Мұнай сатып алу туралы келісім-шарттар

Мұнай сатып алу туралы келісім-шарттар

Бір қызығы, тек биржа қатысушыларына биржалардағы мұнай бағасы қажет. Мұнайды нақты өнім ретінде сатып алатындар оны биржадан күнделікті берілетін бағамен сатып алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР инфляцияға қарсы саясаты турасында
ҚР инфляцияға қарсы саясаты туралы ақпарат
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
ҚР инфляцияға қарсы туралы ақпарат
Әлемдік тауар нарықтарының әртүрлі түрлеріндегі баға белгілеу
Инфляция жағдайы
Кәсіпорынның тауарлы-стратегиясын құру есебі
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz