Тамғалы петроглиф тас кешені


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер

  1. «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы
  2. Жартастағы галерея
  1. Киелі жерлер: Таңбалы тасТамғалы петроглиф тас кешеніТамғалы петролифтерін зерттеушілер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өзіміздің төл тарихымызды жазуда жаңа теориялық тұрғыдан келу, бұрын назар аударылмаған мәселелерді қарастыру орын алып отыр. Әсіресе, өткен тарих пен бүгінгі күн арасында қандай байланыс бар, нені жоғалттық, нені сақтап қала алдық деген сұрақ та туындайды. Осы жерде тарихи зерттеуде өзіндік орны бар, бірқатар мағлұматтар беретін мәдени, тарихи ескерткіштерімізді зерттеу және олармен халықты таныстырып, насихаттау ісінің қажеттілігі туындайды. Бұл жерде тарихи ескерткіштер бұрын-соңды қалай зерттелді, олар туралы не жазылып, не айтылды деген сияқты сұрақтар да туындайды, осы сұрақтың жауабын таба білгенде ғана біз тарихи мұраларымыздың бүгінгі таңда ғылыми айналымда бар не жоқ екенін анықтай аламыз.
Тастағы таңбалар аса құнды және қызықты тарихи ескерткіштер қатарына жатады. Ол әлі жазу пайда болмаған ежелгі дәуір мен одан бертіндегі өмір сүрген адамдардың өмірі, дүниетанымы, түсінігі туралы ақпарат беретін дерек болып табылады. Сондықтан оларды тек тас бетіндегі сурет немесе өнер туындысы деп емес, бірінші кезекте тарихи дерек ретінде қарастыру қажет. Сол себепті де оларды нақты ғылыми тұрғыдан зерттеп, қорытындылар жасап отырудың өзі күрделі іс.

Қазақстан териториясында тастағы таңбалар көптеп кездеседі. Оның ішінде біз қарастырайық деп отырған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың аумағында петроглифтер көп шоғырланған. Алайда олардың бәрі түгелдей қамтылып, есепке алынып, зерттелген деп айта қою қиын. Бірақ дегенмен де бұл салада зерттеулер жүргізіліп, бірқатар теориялық мәселелер де көтерілген, атап айтсақ петроглифтерді мерзімдеу, олардың мазмұнын түсіндіру, яғни семантикасы сияқты жұмыстар жүргізуге бет бұрған. Тастағы таңбалар туралы алғашқы жазбалар ХІХ-ғ. басында пайда болғанымен, нақты ғылыми тұрғыда зерттелуі ХХ-ғ ортасында орын алады. Олардың мазмұны әр түрлі.

Осыған орай тастағы таңбалар туралы бүгінгі күнге дейін жүргізілген зерттеу жұмыстары мен олардың мазмұнын талдаудың қажеттілігі де туындайды. Себебі тастағы таңбаларды тарихи дерек көзі ретінде пайдаланбас бұрын, олардың дерек ретінде ғылыми негізделуін біліп алу және олардағы көзқарастардың дұрыстығын анықтап алу қажет. Мысалы, тастағы таңбалар басқа бір ескерткіштерді зерттеуде мүмкін немесе ежелгі адамдардың дүниетанымы, тұрмысы туралы қорытындылар жасауда пайдаланылуы мүмкін. Сол себепті де петроглифтерді тек сипаттап, санын тіркеп қана қоймай, оларға қатысты теориялық тұжырымдарды талдау да маңызды.

Біздің зерттеуіміздің негізгі пәні - жазу пайда болғанға дейін көп уақыт бұрын жасалған жартас өнері ескерткіштері.

Зерттеу мақсаты. Тамғалы петроглифтерінің тарихы мен ерекшеліктерін зерттеу.

Міндеттері:

  • Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендерін сипаттау;
  • «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайына шолу жасау;
  • Тамғалы петроглиф тас кешеніне сипаттама беру;
  • Тамғалы петролифтерін зерттеуші ғалымдарға талдау жасау.

Бұл жұмыстың библиографиялық негізін археологиялық, өнертану және этнографиялық зерттеулер бойынша шетелдік және отандық мамандардың монографиялары мен мақалалары құрайды. Қарастырылып отырған материалдарды зерделеуде ең көрнекті рөл атқарған әдеби дереккөздерге шолу жасауда біз зерттелетін мәселелердің тарихнамасына назар аударамыз. Бұл алғашқы өнер туралы ғылыми көзқарастардың эволюциясын қадағалап отыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ бейнелеу өнерінің ең көне ескерткіштері бойынша одан әрі зерттеулер жүргізу қажет бағытты дамытуға көмектеседі.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер

  1. «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы

Егеменді ел болып еңсеміз көтерілген соң тарихымыздың терең қойнауларына көз салып, ой елегінен өткізу еліміз үшін заңды құбылыс болып табылады. «Петроглифтер» деп аталатын туындылар бүгінде ғалымдар назарынан тыс қалмайтын, зерттеуді әлі де қажет ететін, құнды мағлұматтарға толы. Өткен ғасырдың 1940 жылдары Францияда оқушылардың арқасында табылған үңгірдегі суреттер ең алғашқы ғылыми түрде зерттеліп, оның ерте заман туындысы екендігі анықталған. Сол кездің өзінде петроглифтерді тарихи-мәдени кезеңдерге бөліп қарау, зерттеу дәстүрге айналады [1] .

Жеріміздің барлық түпкірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сонымен қатар оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тығыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттері осы кезге дейін ашылмады, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де баршылық. Біздің ертедегі балбаларымыздың өмірі туралы қазіргі түсініктер адам еңбегінің қалдықтары - тас құралдар, оларды дайындаған кездегі қалдықтар, тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үңгірлерді, үңгіме қуыстарды зерттеуге негізделеді. Осы заманғы «мешеу халықтар» дейтіндердің өмірінен алынатын этнографиялық деректердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырақ түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де, алғашқы қауымдық қоғамның ең көп тараған материалы тастан жасалған еңбек құралдары береді.

Кеңес өкіметі тұсында петроглифтерді зерттеуге неғұрлым ғылыми тұрғыдан келу орын ала бастайды. Бұл кезеңде зерттеуші-ғалымдар петроглифтердің семантикасы, петроглифтерді мерзімдеу мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Алайда, ХХ ғасырдың басынан ортасына дейінгі аралық бойы дерлік Оңтүстік Қазақстан және Жетісу петроглифтері туралы зерттеулер жоқтың қасы.

1957 жылы А. Г. Максимова экспедициясы Шу-Іле тауларының Оңтүстік-Батыс бөлігінде Тамағалы шатқалында петроглифтер тобын табады. Бұл тастағы суреттер мазмұны өте бай және ерекше еді. А. Г. Максимова 1000-ға жуық петроглифтерді зерттеп, оларды үш кезеңге бөледі: саққа дейінгі, сақ кезі және түркілік кезең ескерткіштері. Бұл мәліметтерді «Наскальные изображения ущелья Тамгалы» атты мақаласында келтіреді. Оған 48 фотоиллюстрациялардан тұратын қосымша беріледі. Дегенмен, Тамғалыдағы басталған жұмыс бірақ тоқтайды.

Қазақстандағы петроглифтердің орналасуы бойынша анағұрлым кең мағлұмат еңбектер қатарына Х. А. Алпысбаев пен Т. Н. Сенитованың мақалалары жатады. Х. А. Алпысбаев «Новые наскальные изображения Борстандыкского района» атты мақаласында Шымкент облысындағы Бостандық ауданының Ходжакент картасындағы бейнелер туралы жазады. Ол бейнелер негізінен ешкі және жылқы түрінде келтірілген, оларды автор сақ тобына жатқызады. Себебі, оның пікірінше бұл бейнелер стильдік жағынан араван петроглифтеріне және сақтардың қола қазандарындағы бейнелерге ұқсас.

Қаратау петроглифтерін зерттеу жұмыстарына Ж. Құрманкулов, Ч. Бакунина, Л. Дробыщева, Л. Концова, В. Зубков, М. Алибеков, Г. Пивоварова, суретшілер - А. Ахметов, С. Анарбеков, Г. Воронцова қатысқан. Отряд жұмысының арқасында Қаратау петроглифтері ғылыми айналымға енгізілді.

1985 жылы А. Г. Максимова, А. С. Ермолаева, А. Н. Марьяшев «Наскальные изображения урочища Тамгалы» атты кітап-альбомы шығады. Бұл еңбекте Жетісудағы Тамғалы шатқалындағы тастағы таңбалар кезеңдерге бөлініп көрсетіледі. Алдымен аталған ескерткіштің орналасқан орны, ол туралы кімдер қай уақытта зерттегені туралы айтылады. Жоғарыда айтып өткенбіз Тамғалы шатқалындағы тастағы таңбаларды 1957 жылы А. Г. Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР ҒА-ң экспедициясы тауып зерттеген болатын.

Осыған орай авторлар Тамғалыдағы тастағы таңбаларды қола дәуіріндегі, сақ дәуіріндегі және түркілік кезеңдегі деп бөліп қарастырады. Тастағы таңбаларды зерттеу еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары өз жалғасын тауып отырады [2] .

Археологиялық экспедициялар барысында тастағы таңбалар әлі к. нге дейін зерттеліп келеді. Әсіресе, елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануының маңызы аса зор. Еліміздің тарихи ескерткіштерін зерттеуде, есепке алынатын, оларды қорғады мақсат еткен бағдарлама аясында тастағы таңбалар туралы да зерттеу нәтижелері жарық көруде.

«Мәдени Мұра» бағдарламасының қабылдауына орай бірқатар жұмыстар атқарылуда деп айтқанбыз. Айтап айтса, бағдарлама аясында тастағы тағбаларды топтап, жүйелеу, есепке алу бойынша кітаптар сериясы шығуда. Солардың алғашқылары З. Ш. Самашевтің «Петролифы Казахстана», «Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер», «Петроглифы в горах Кулььжбасы», «Наскальные изображения Жетысу. Баянжурек» атты кітаптар. Бұл аталған еңбектерде тастағы таңбалар туралы соңғы мәліметтер жинақталып жекелеген орындар бойынша сипаттама берілген. Сонымен қатар, тастағы таңбаларды мерзімдеу мәселесі де көтерілген [3] .

Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер» кітабының авторлары тастағы таңбаларды зерттеу барысында оларды белгілі бір дәуірге жататын, қатарлас орналасқан басқа археологиялық ескерткіштер қатар қарастырып отырған. «Петроглифтердің уақытын белгілеу үшін және оларды ос маңызды елді мекендермен, молалармен үндестіру үшін Көксу өзені аңғарындағы бүкіл ескерткіштер кешенін мейлінше нақтырақ қарастыру қажет болды».

Тастағы таңбалардың мерзімін анықтап, кезеңдерге бөлудің әдістерін пайдалана отырып, петроглифтерді қола дәуіріндегі, сақ дәуіріндегі және көне түркі заманының петроглифтері деп бөліп қарастырады». Петроглифы в горах Кульжабасы» еңбегінде Құлжабасы тауындағы бірқатар петроглифтер орналасқан орындарға сипаттама беріліп, жалпы мерзімдеу мәселесі де көтерілген. «В целом надо отметить, что петроглифы Кульжабасы эпохи бронзы имеют много общего и с изображениями этой эпохи из других регионов как в сюжетах, как и в технике нанесения петроглифов и в стиле изображении. Однако имеется ряд признаков, указывающих на их большую органичность», - дей келе авторлар Құлжабасы тауындағы петроглифтерді анағұрлым ертерек салынған петроглифтер қатарына жатқызады.

Тастағы таңбалар жай бір салына салған сурет емес екені белгілі. Олар өзіне алғашқы адамның өмірі, дүниетанымы, т. б. туралы ақпарат жинақтаған құнды дерек көзі болып табылады. Себебі, алғашқы қауымдық дәуірдің жазуды ңболмауы, осы тастағы таңбалар бізге алғашқы адамдар туралы мәлімет алуға септігін тигізітен бірден-бір дерек көзі екендігі айқын.

Тастағы таңбаларды жалпы ерекшеліктеріне, орналасуына байланысты оларды зерттеу әдістер де күрделене түседі. «Полный цикл изучения наскальных изображений в качестве источника по истории культуры, как известно, состоит из трех последовательных этапов: сплошного исследованияи описания комплекса, классификации и датировки, этнокультурной и смысловой интерпретаии» шетелдік ғалым Р. Сало тастағы таңбаларды зерттеп, тлдауда оларды қандай да бір хабарлама, жолдау деп қарау керек деп санайды. «Понять их глубину очень сложная работы: мы должны реконстрктировать их экологический и сильный контекст, расшифровать в изуальной язык, который был использован авторами».

Ертеден «Жер жанаты Жетісу» деп айтып келген қоныс Жетісу адамдарының өсіп-өнуіне қолайлы аймақтардың бірі болғаны белгілі. Бұл аймақта өмір сүрген адамдар артына мол тарихи-мәдени мұраларды қалдырып кетті. Олардың көбі бүгінгі таңда ұлтымыздың мақтанышы. Жетісу жеріне тарихи-археологмялыұ ескерткіштер кешеніне кіретін мұралардың бірі тастағы таңбалар болып отыр. Сондықтан да, оларды зерттеу ісіне бүгінгі таңда бірқатар ғалымдар көп мән беруде.

Жетісудағы тастағы таңбалар ХІХ ғасырдың басында көзге түскен. Оларды алғашқылардың бірі болып, суретін салған қазақ ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болатын. Ол арнайы түсіндірулер келтірмесе, Іле өзені бойындағы таудағы буддалардың бейнесін суретке салып кеткен.

Жетісуда петроглифтер анағұрлым көп шоғырланған ірі орындар олар, оларға. Тамғалы тас, Ешкіөлмес, тауы және Құлжабасы тау жотасы. Сондықтан да, біз осы үш орынның зерттелуіне жекелей тоқталып кетуді жөн көріп отырмыз. Оның үстіне, осы аталған орын бойынша бүгінгі таңда зерттеулер де жарық көрген. Әсіресе, бүгінгі таңда анағұрлым құндысы және қызығушылық тудыратыны Тамғалы тас [5] .

Тамғалы тас ашылуы мен зерттелуі ғалым А. Г. Максимованың есімімен байланысты. Ол жетекшілік еткен экспедицияның Жетісу отряды 1957 жылы Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысында ескерткіштерді зерттеумен айналысуы барысында фотограф А. А. Попов кездейсоқ тастағы таңбаларды тауып алады. Осы зерттеулер барысында алынған мәліметтерді А. Г. Максимова 1958 жылы жариялады және петроглифтерді мерзімдеуді ұсынады. Алайда, бұдан кейін көп уақыт бойы Тамғалы тастағы зерттеулер тоқтап қалады. Бұл мәселеге ғалымдар тек 70-жылдары ораладыү бұл кезде аймақтағы ескерткіштерді зерттеуге археологтармен бірге геологтар да зор мән береді. 1975 жылы А. Г. Медоев пен Б. Ж. Аубакеров шатқалдық геологиялық-геоморфологиялық жағыннан зерттейді. Ал, Медрев тастағы өнердегі композиция принципіне байланысты өз пікірін білдіреді.

Тамғалыдағы зерттеулердің негізгі мақсаты петроглифтер орналасқан жаңа аймақтарды тауып тіркеумен шектеліп отырды. 1977-1978 жылдары А. Н. Марьяшев, А. С. Ермолаева және Ю. А. Мотов А. Г. Максимованың қатысуымен шатқалдың территориясын түгелдей зерттеп, негізгі петроглифтер шоғырланған орындардың схемасын жасап, 2000-нан астам петроглифтерді зерттеу жұмыстары А. Н. Марьяшев және А. Е. Рогожинский жетекшілігімен жалғаса береді. Осылайша, зерттеулер барысында петроглифтер үлкен қызығушылық тудырып, өзіне көптеген мамандар назарын аудартады. Қазіргі күні, Тамғалы тарихи ескертіштер ішінде ерекше орынға ие, аса құнды археологиялық кешен болып саналады. Сол себепті, ол біздің ұлттық мұрамыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қайта жаңғыртуға деген қажеттілік өсіп отыр.

«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы - Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызыңда Мемлекеттік мекеме Алматы облысында «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырылды.

Таңбалы қорық-мұражайы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.

Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Визит-орталығы үшін 24 га жер берілген.

Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер - қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14-13 ғасырдың ортасынан 19-20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Кешеннің барлық кезеңдердегі негізі жартастарында 3000 жуық петроглифтер (1-5 топ) сақталған каньон болып табылады. Ертедегі петроглифтер белгілі бір бағытқа ғана бағдарланған жазықтықтарға ойып жасалған. Аңғарда каньоннның әрбір жартасының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі композицияларға дәйектілікпен біріге отырып, бір мезілде көрінетін жер бар. Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді. Қола дәуіріндегі Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі.

Физикалық-географиялық жағдайы:

Таңбалы шатқалы Балхаш көлі және Шу өзенінің су сағасы бассейінін бөлетін, Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань провинциясының жазықтық-тау бөктері, шөлді-далалы аймағының құрамына кіреді.

Таңбалы қорық - мұражайының ең көрікті жері шатқалдың сағасында түзілген шағын каньон болып табылады. Мұнда аңғардың таң қаларлық иілімінде жартас беткейлері жабық кеңістіктің елесін жасай отырып, көрерменді тығыз қоршап алады.

Таңбалы қорық - мұражайының аумағында өзінің алғашқы қалпын сақтаған жабайы жануарлар - қасқырлар, түлкілер, қояндар, тасбақалар, жыландар, сондай-ақ көптеген құстар, соның ішінде жыртқыш- дала қыраны, бөктергі, сұңқар-ителгі мекендейді.

Таңбалы археологиялық кешенінің аумағында Шу-Іле тауларында ғана кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген - Регель қызғалдағы, Кушакевич юнонасы және арнайы қорғауға мұқтаж басқа сирек кездесетін және реликті эндемикалық өсімдіктері бар ботаникалық бірлестіктер сақталған аймақтар бар. Одан басқа, жерді жырту және мал бағу нәтижесінде аймақтағы осындай ландшафтың көптеген басқа телімдері бүлінсе де, ескерткіш аумағында өзіне тән өсімдігімен бірге Тянь-Шаньның тау бөктеріндегі шөлге тән ландшафтының бүлінбеген телімдері сақталған [7] .

Таңбалы Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілген бірінші ескерткіш.

Қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы Таңбалының мәнділігі, мұнда қола дәуірінің суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оның көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні сондай, мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген.

Петроглифтердің орналасқан жері Таңбалы шатқалы тек Орта Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл зерттеліп жатқан және қорғалатын адамзаттың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын осы кешенге аялы қатынасқа себепші болады. Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу петроглифтердің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру үшін негізгі базаны қамтамасыз етеді. Таңбалының ертедегі петроглифтері ертедегі адамның қоршаған әлемді кеңістіктік көру және қабылдауын көрсете отырып, ап-анық сұлулыққа ие. Осы жартастағы суреттер біздің санамызға әсер ете отырып, ғасырлар арқылы сәлемдеме түрінде бізге жеткендей. Таңбалы ордасының феномені петроглифтердің бейнелеу қатарларының белгілі құрылымдарының болуында, мұнда қола дәуіріндегі петроглифтердің жүйесіз емес, белгілі дәйектілікпен орналасатындығын және белгілі экспозициядағы ғана жазықтықты алып жатқандығын бақылаймыз.

2003 ж. 19 желтоқсанда ЮНЕСКО-Норвегия-Қазақстанның «Менеджмент, консервация және Таңбалының жартастағы өнер ескерткіштерін таныстыру» жобасын іске асыру туралы Қазақстан Үкіметі және ЮНЕСКО арасында Келісімге қол қойды.

2004 жылдың басында Таңбалыны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындау үдерісі аяқталу кезеңіне кірді.

2004 ж. 30 маусымда Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді.

2005 ж. 19 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін» Қазақстандық номинациясын енгізу туралы СЕРТИФИКАТТЫ ЮНЕСКО-ның Бас директоры Койчиро МАЦУУРАның қазақстандық делегацияға тапсыруының салтанатты рәсімі өтті.

  1. Жартастағы галерея

Жартастың теп-тегіс жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бір сюжеттік желіге құрылған тұтастай композициялар шекімелеп түсірілген. Сол кезеңдері адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарастары күрделеніп, репертуарлары түрленіп, шаруашылық-мәдени қызметтеріндегі технологиялық дамуы нәтижесінде ой-танымындағы өзгерістер жартастарға суреттермен салынған. Олар ашық аспан астында су көздерінде орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну ғұрыптарын жасап, діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсірген. Жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, білімі мен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдар арқылы кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақстандағы жартас суреттерінің көп бөлігін зооморфтық бейнелер кұрайды. Жартастардағы ешкі, арқар, өгіз, жылқы, кұлан, түйе, таутеке, қабан және т. б. аңдардың бейнелері егіншілік шаруашылықпен қатар, діни-наным сенімнің дамуымен байланыстырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңбалы тас суреттері
Қазақстандағы петроглифтерді зерттеу
Ғажап елімнің теңдесіз тарихы мен табиғаты
Үлкен Алматы шатқалы
Таңбалар
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Ерте тас ғасыры
Петроглифтерді негізге ала отырып киім жобалау
Қарахан кесенесі
Туристік бизнес жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz