Оқытудың ғылыми принциптері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқытудың әдістемесі (6-7сынып)

Мазмұны:

І. Кіріспе бөлім

1. 1 Лексиканы оқыту әдістемесі, зерттелуі . . .

1. 2 Оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқытудың педагогикалық - психологиялық негізі . . .

ІІ. Негізі бөлім

2. 1 Лексиканы оқытудың жаңартылған білім беру жүйесі бойынша ерекшелігі . . .

2. 2 Оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқыту . . .

2. 3 Лексиканы оқытудың негізінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер . . .

ІІІ. Іс- тәжірибе бөлімі . . .

ІV. Қорытынды бөлім . . .

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі, лексикалық норманың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған: „Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру. Түсіну- жауап беру, анализ- интерпретация, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру”. Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байланысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдыларды анықтайды. Мәселен, 5-10-сыныптардағы лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді. „Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету” деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді [1] . Ал Н. А. Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал-лексика деп есептейді. [2] . Белгілі бір тілді мегеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдк қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.

Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынасдың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы) ; сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. Мәселен, Н. П. Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі: пішіні (форма) ; мағынасы (значение) ; қызметі (назначение) .

Оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін, алдымен, сөз мағынасын түсінуі, білуі керек. Ал сөздің мағыналық құрамының өте күрделі екені белгілі. Тілдегі сөздердің көпшілігі көп мағыналы және ауыспалы мағынада да жиі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналық қасиеттері бар. Қарым-қатынаста сөздер мағыналық, стильдік қолдану жағынан да белсенді (актив) және сирек (пассив) қолданылатын сөздер болып ерекшеленеді. Сондықтан оқушының сөз мағынасын жақсы түсінуге қол жеткізу - өзекті мәселелердің бірі.

Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты - оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқытудың әдістемелік жүйесін жасау

Зерттеудің міндеттері:

  • лексиканы оқыту әдістемесін және оның зерттелуін қарастыру;
  • оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқытудың педагогикалық - психологиялық негізін анықтау;
  • лексиканы оқытудың жаңартылған білім беру жүйесі бойынша ерекшелігін талдау;
  • оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқытудың міндеттерін көрсету;
  • лексиканы оқытудың негізінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелеу;

Диплом жұмысында мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды :

Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы :

Оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдыларын қалыптастырудағы әдістемелік жүйесі қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді. Тыңдап түсіну мен айту әрекеті, мәтінді мәнерлеп оқу, ауызекі жүйелі сөйлеу қабілетін дамыта оқудың жаттығулар жүйесі жасалды. Зерттеу жұмысының нәтижесі бала тілін ғылыми теориялық жағынан зерттеушілерге материал болады.

Зерттеу жұмысы нәтижелері мектепте қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартуға, танымын арттыруға көмегін тигізеді. Зерттеу жұмысындағы әдістемелік ұсыныстар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді мұғалімдер өз тәжірибесінде, сабақ барысында, сабақтан тыс жұмыс пен семинарларда кеңінен қолдануына болады.

Диплом жұмысының құрылымы:

1. 1 Лексиканы оқыту әдістемесі, зерттелуі

Лексиканы оқыту методикасы -мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.

Осы саланы зерттеуде профессор Қ. Жұбановтың, академик І. Кеңесбаевтің, Ғ. Мұсабаевтың, Ә. Болғанбаевтың, Ғ. Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А. А. Текучевтің және М. Т. Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б. Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А. Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады.
1962 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы өзгешеліктер, негізінен, мынадай бағытты көздеді: біріншіден, бағдарламаға "Лексика” бөлімі енгізілді. Бұның енгізілу себебі мектепте жүйелі түрде сөздікпен жұмыс істеу болмайтын, оқушыларға негізгі лексикалық түсініктер берілмейтін. Тек мағыналық ұғымдар (сөз мағынасы, омоним, антоним, синоним) ғана өтілетін. Сондықтан бағдарламада лексикаға арнайы орын берілді. Екіншіден, сөздің жасалуы бағдарламаға да, оқулыққа да енгізілмеген еді. Бұл материал тек "Сөз құрамы” деген атпен жол-жөнекей ғана өтілетін. Демек, оқушының тілін дамытуда болсын, логикалық ой-өрісін жетілдіруде болсын сөз тудыру, оның жасалуы жөнінен мәлімет берудің қажеттілігі ескерілді. Әсіресе, сөз тудыру мәселесі лексика, грамматика, орфография тарауларын оқытуда негізгі мәселелердің бірі деп саналып, бағдарламаға "Сөздің жасалу жолы” тақырыбы қосылды.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде лексика тарауын оқытудың міндеттері мен мақсаттары анықталып, берілетін дидактикалық жаттығулардың тақырыптары мен көлемі белгіленді. Бұл лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегі - сөздің фонетикамен, мофологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни бүкіл тілдік жүйені меңгерту аса маңызды екенін көрсетеді. Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор.
Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40-жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. . [ ]

Лингвоэкология аясында нормаларды қарастырған Н. Уәли: «сөз мәдениеті» ұғымы тілдік норма, этикалық норма, коммуникативті норма деп аталатын норманың үш типін қамтиды. Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) нормалар», - деп жіктейді
Әлкебаева: «стилистикалық норма деп белгілі қолданыс аясында функциональдық стильдерде, оның барлық жанрларында стилистикалық ресурстардың мәнерлі әсем өрнегімен орынды қолдануын айтамыз», деп анықтап, оны екіге жіктейді: «экспрессивті-стилистикалық, функционалды- стилистикалық» Стилистикалық норма мен лексикалық норма тығыз байланысты болады, яғни стилистикалық норма стильдік қолданысты реттеуші өлшем болады. Лексикалық норма жеке сөздің мағынасы мен формасының өзгеруіне қатысты болады, яғни жеке сөздің өзі тұлғалық өзгеріске түсіп, соның ықпалынан басқа сөздермен лексикалық синтагматика құралғанда норма реттейді не өзі
де өзгеріп дамиды.

Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасалған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:

1 кезең: 1950 - 1970ж. ж. (Т. Жанұзақов «Лично-собственные имена в казахском языке» 1961ж; «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» 1965ж; «Қазақ есімдерінің тарихы» 1971ж. )

2 кезең: 1970 - 1990ж. ж. (Т. Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» 1982ж; Е. Керімбаев «Атаулар сыры» 1986; «Қазақ емісдері» 1988; В. Махпиров«Собственые имена в памятнике Х в. «Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского» 1980ж канд. дисс. )

3 кезең: 1990-2000ж. ж. (В. Махпиров «Имена далеких предков» 1997; М. Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық «аталымдардың»этнолингвистикалық сипаты» 1995ж канд. дисс. ;

4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б. Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001ж; Б. Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003ж; Д. Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», 2004ж; Г. Аубакирова «Идиоэтническая емантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А. Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ) .

Тілшіғалым Ә. Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т. б. Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы есімдердің көбі табуға айналған. Ш. Саадиевтің мәліметі бойынша, әзірбайжанда күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған. Түркіменстанда «әр баланың чын ады - шын аты және ямен ады - жасырын аты бар». Сібірдің солтүстігінде ер адамдарда екі ат болды, оның бірі - шын ат, ол сирек қолданылса, ал екіншісі күнделікті қолданыстағы ат болып саналған. Қазақ жалқы есімдерін- антропонимдерді зерттеуші Т. Жанұзақ былай дейді:.

Бастапқы материалдар мәселесін көтеру қазақ лексикографиясында С. Жиенбаев еңбегінен басталады. А. Ысқақов қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне қажетті дәйектеме материалдарды жинастыру ісінің 1937 жылдан бері жалғасып келе жатқандығын жазады

Қазақ лексикографиясы бойынша жаңа зерттеулердің бірі - Г. Көбденованың «Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары» атты еңбегі . Автор картотекалық қордың сипаты, маңызы мен рөлі туралы айта отырып: «Картотекалыќ ќор - кез келген лексикографиялыќ бастаманың, сөздіктер жасаудың негізгі базалыќ ќоры. Лексикография саласының ең өзекті саласы болып саналатын картотекалыќ ќорда карточканың саны, олардың тіл байлығын көрсете алуы, сөздер мен сөз тіркестерін ќаншалыќты жинай алуы, жазылған мысал-дәйексөздердің сол сөздер мен тіркестердің барлыќ мағынасын ќамти алуы, ќамтыған жағдайда сол мағыналарды саралауға, жіктеуге және дәлелдеуге олардың мүмкіншіліктерінің жетуі, мысал-дәйексөздерге алынатын авторлар мен деректемелер т. б. мәселелердің дұрыс шешілуі оның сапасын айќындай түседі» - дейді.

орыта айтсақ лексикологияның дамуына үлес қосып, зерттеуге ат салысқандар көптеп кездеседі. Соныңішінде атап өтетін болсақ Ә. Болғанбайұлының, А. Айғабыловтың еңбектері өте зор. [ ]

Әдіскер-ғалымдар М. Т. Баранов, А. Р. Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөлді. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізгі сөзбен жұмыс жасайды» дей келіп, бұл ғылымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

1. 2 Оқу мақсаттары жүйесі негізінде лексикалық норманы оқытудың педагогикалық - психологиялық негізі

Психологияның жеке пәндер методикасын нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Оқу жоспарын жасағанда да, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде де оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады. Тіл мен ойлау өз ара байланысты. Тіл білімі оқушы бойында ой, сезім, түйсік, қабылдау, есте сақтау қабілетін, икемділік, мінез -құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты.

Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту прцесінде кездесетін себептілікті, байланыстылықты, тәуелділікті және даму жолдарын нақты ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.

Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымынағ ал қазақ тілін оқыту әдістмесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын мәңгілік еш нәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды тілдің лексикалық жүйесінен көруге болады.

Оқу-тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе - мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тілі оқытуда мынадай психолгиялық ерекшеліктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқуышының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуі тиіс. Сондықтан, қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай психологиялыны жақсы білуі керек.

Лексиканы оқытуда оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өтуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын оқушылар соғұрлым терең түсінеді. Бұл - мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Қазақ тілі сабағын психологиялық жағынан өте тартымды етіп құру үшін, негізінен үш жағдайдың болуы шарт: бірінші жағдай:- сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты міселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым- қатынасы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі үлгісі, сыртқы келбеті, бет-пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға талап қоюмен бірге, оларды сылай да білуі және т. б. Мұғалімнің сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі фактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқуышларға әсерлі болады. Үшінші жағдай- сабақтың әдістмелік жағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің материалды орынды қолдануна, көрнекі құралдар мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуге байланысты.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік принциптері педагогика ғылымының білім-тәлім беру жөніндегі бар теорияларына оның дидактика бөліміне негізделеді.

Өйткені, дидактика барлық ғылымды оқыту жөніндегі тәсілдер жайындағы теорияның жиынтығы я педагогикалық ғылымның оқыту жолдары жөніндегі саласы. Сондақтан дидактикалық принциптертер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі боп есептеледі. Демек, қазақ тілін оның ішінде лексиканы оқыту әдістемесі тағы жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді. Олар мыналар:

1. Оқытудың ғылыми принциптері. Бұл принцип бойынша қазақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары бұл принципті басшылыққа алып жасалады. Оқытушы оқытудың ғылыми принциптерін түпсіз білумен біргe, оны сабақ- сабақ үстінде тура пайдалануы керек. Сонда ғана қазақтілінің заңдылығы бен лексиканың теориясын(ережесін, анықтамасын) қатесіз жеткізеді. Оны тіл білімі ғылымына байланыстыра отырып түсіндіруге, теориялық материалдарды әмсе практикалық әдеттену, мысалдар арқасында дәлелдеп отыруға болады.

2. Оқытудың жүйелілік принципі сабақ материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібін оқытудың жүйелілік принціпі дейміз. Айталық, лексиканы оқытуда сөз оның мағынасының ережелерін жете меңгермейінше, көп мағыналы, ауыспалы мәнерлі сөздерді айыру қиынға соғады. Аталмыш принцип бойынша бұрын өтілген тілдік материалды кәміл меңгергеннен кейін қана жаңа тақырып таныстырылады.

3. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі- оқу материалдарының дқрыс бір-бірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, бірізділікпен қабылдауына мүмкіндік жасайды. Мысалы, қолдану аясы тар лексиканы оқығаннан кейін термин сөз, архаизм, историзм жіне т. б туралы түсінік беріледі. Мұны оқытудың дұрыс орналастыру принципі деп атаймыз.

4. Оқытудың алдын-ала болжау принципі- үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын-ала болжау, соны ескере дамыту. Мысалы, бастауыш сыныптарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7-8 сыныптарда жүйелі қайталанады, еске түсіріледі.

5. Оқытудың саналылық принципі -үйретілген материалды оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсініп, саналы меңгеруі. Оқу материалдарын саналы түсіну үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйретіледі. Ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін, оқушылар тіл фактілерін ұрыс ажырата білуге тиісЛексиканы оқытуда синоним мен омонимді шатастыру жиі кездеседі.

Бұл оқыту принципі оқулықтағы теориялық материалдардың мазсұны мен көлеміне оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, әр оқушының жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына және білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді

6. Оқытудың тиянақты болу принципі- оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізделген дамыту үшін олардың меңерген білім дағдылары тиянақты болуы қажет. Білімнің беріктік принципін жүзеге ас ыруда жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыр у шешуші роль а тқарады. Қаза қ тілінде тақыр ыпқа са й үздіксіз бер ілген жаттығу жұмыстары оқушының іскер лігі мен дағдысын жетілдіре түседі.

7. Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру пр инципі а рқылы оқушылардың мектептегі оқу-тәрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндір істе, іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мыса ы, мұғағім түрлі тіл да мыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу а рқылы оқушыны дұрыс сөйлей білуге, қа тесіз жаза білуге үйретеді, конференцияларда сөйлеуге, баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүр гізілетін жұмыста р арқылы іске асады.

8. Оқытудың көрнекілік пр инципі де басты роль атқарады. Көрнекілік принципі жөнінде К. Д. Ушинский былай деген: «Көрнекі оқытуда ғы басты мақсат оқуышыны байқа ғыштыққа, оймен топшылауға жа ттықтыру және өзінің ба йқаға ндарын сөзбен а йтып беруге, сонда й-а қ одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып т былады».

Мұғалім белгілі бір психологиялық ұстанымдарды дұрыс ескеріп отырса ғана, оларды сауатты түрде басшылыққа алса ғана тіл үйренуде осындай сезім туып, оқудың пайдалы, тиімді, нәтижелі болуына ықпал етеді. Ол ұстанымдар:

- Оқушының бұрын меңгерген біліміне сүйеніп үйрету ұстанымы;

- Сезімталдық ұстанымы ;

- Қарым -қатынас ұстанымы;

- Жүйелілік пен жалғастық ұстанымы.

Осы ұстанымдарға тоқталайық.

Оқушының бұрын меңгерген біліміне сүйеніп үйрету ұстанымын ескеру -сабақты үш бөлімге бөлу:

1. Білемін

2. Білгім келеді

3. Білдім. Мен баймын, мен баймын

Бұл ұстаным оқушының берілген тақырып бойынша бұрынғы білімін есте сақтауын қажет етеді. Берілген тақырыптың негізін түсіну қабілеті бұрынғымен байланыстырылып отырып, түрлі әдіс -тәсілдер арқылы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудың принциптері
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Жоғары мектеп дидактикасы
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Студенттің өзіндік жұмысы
Оқытудың зандылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz