Авар қағанатының тарихы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Авар қағанатының тарихы
2. ҮІ ғ. Византия имеприясы мен Түрік қағандығы арасындағы қатынастың барысы
3. Аварлардың шаруашылығы
4. Аварлардың әскери өнері мен мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империялар қатарына ғұн (хунну) тайпалық бірлестіктерін атап өтуге болады. Еуразиядағы, Еуропадағы халықтардың Ұлы қоныс аударуына қуатты серпін берген түркі тайпа ұйымдары - ғұндар, Шығыс пен Батыс тарихында өте маңызды орын алады. Барлық Еуропа, Еуразия континентін іс жүзінде қамтыған және оның саяси, этникалық мәдени өмірін түбегейлі өзгерткен қоныс аудару процесстерінің шыңы дәл ІV - VІІ ғасырларға келеді. Азия мен Еуропаны қамтыған ғұн тарихынан бастап, шын мәнісінде Евразия, евразияшылдық тарих басталып, аварлардың үстемдігі тұсында өз жалғасын тапты. Авар қағанаты, тікелей Батыс Еуропаны дүр сілкіндірген ғұн империясының ізімен, түркілік дәстүрді дәріптеушілер болып табылады. Аварлар түркі тілдес тайпалардың бір тармағы. ІV-VІІІ ғасырлардағы жылнамалар Еуропада түркілердің алғашқы легі аварлардың, бұлғарлардың, суарлардың, хазарлардың пайда бола бастағанын жазады. Шығыстан Батысқа қарай оғыз-печенегтер, түркілер, салжұқтар, сондай-ақ қарлұқтар, қыпшақтар (половецтер, құмандар), қырғыздар ағылды. Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. VІ-VІІІ ғғ. Шығыс Европа даласына қоныс аударып барған аварлар жергілікті халықтың тек қана этникалық құрамын өзгертіп қана қоймай, олардың қоғамдық өміріне, тұрмыссалттарына, әскери тактикаларына (әсіресе атты әскерде) бірқатар өзгерістер енгізді. Жоғарыда айтып кеткендей аварлар, ғұн дәстүрін жалғастырушылар болғанымен, Авар қағанаты ғұндар сияқты ірі держава дәрежесіне жете алмады. Әйтсе де, Авар қағанаты өз заманында ірі тайпалық одақ құрып, Шығыс Европаның бірнеше тайпаларын өзіне бағындырып, Византия империясынның ішкі және сыртқы саяси жағдайларына өз әсерлерін тигізді. Аварлар славян тайпаларын өзіне тәуелді етіп, тіпті олардың бір тармағы шығыс славян - анттарды тарих сахнасынан жоғалтып жіберген деген мәліметтер Византия жылнамаларының еңбектерінде айтылады. Аварлар түрлі тайпалардан құралған одақ болды. Деректер мен археологиялық мәліметтер бойынша аварлар Шығыстан яғни Орта Азиядан шыққан тайпалар. Яғни Шығыс пен Батыстың арасындағы байланыстарды жандандырушы, материалдық және рухани құндылықтарды синтездеуге әкеп соқтырушылар болды.
ҮІ-ҮІІІ ғғ. Авар қағанатының тарихы орта ғасырлық Европа тарихымен, дәлірек айтқанда Византия империясы, франк корольдігі мен славян және тағыда басқа тайпалық бірлестіктердің саяси тарихымен байланысты болғандықтан, жазба деректер қатары да осы мемлекеттрдің тарихи шығармаларында көп кездеседі. Сондықтан авар тарихына қатысты негізгі дерек көздері жазба деректер болып есептелінеді. Авар мәселесіне қатысты жазба деректер мен жылнама жинақтарын әр елдің тарихынан жинастыратын болғандықтан, деректану пәнінің классификациясына сәйкес, оны ішінара бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
Жазба деректердің бірінші тобын антика авторлары шығармаларынан бастағанымыз жөн. Бұл жерде Гай Плиний Старшийдің, Публий Корнелий Тациттің, Дион Кассидің, Птоломейдің, А.Э. Авиттің тағы басқаларының деректерін атауға болады.
Б.з. І ғасырдың авторы Плиний Старший антикалық жазушылардың бірі болды. Ол өзінің "Естественная история" (Historia Naturalis)атты еңбегінде алғаш славяндарды венедтер деп атайды. Айталық Плиний Старшийдің еңбегінің бірінші үзіндісінде славяндардың қоныстануы жайында: "Вистула (Висла) өзеніне дейінгі аймақта сарматтар, венедтер, скифтер, гиррлер қоныстанған" дейді.
Антикалық авторлардың ішінде славяндарды алғаш өз атымен атаған Альцих Экдиций Авит болды. Экдиций Авит шығу тегі жағынан сенатрлық. Ол б.з. 460 жылы туған, 525 жылы қайтыс болған. 499 жылы епископтық кафедраны ашып, әдебиетпен, ағартушылықпен айналысқан. Біздің заманымызға Авиттың хаттары мен өлең жолдары жеткен. Авиттың өлеңдерін орыс тіліне А.И. Маляйнаның аудармасынан, атақты В.В.Латышеваның "Известия древних писателей о Скифий и Кавказе" шығармасынан алуға болады
Деректердің екінші тобын ерте орта ғасырлар авторлары ішінде авар тарихына қатысты төмендегі хронистердің еңбектері баты назарға алынды. Приск Панийский, А. Марциллин, Григорий Турский, Аврелий Кассиодор, Иордан, Павел Диякон, Исидор Севильский, Прокопий Кесарийский, Иоан Эфесский және тағы басқалар. Атап айтқанда А. Марцеллин 31 кітаптан тұратын "Тарих" атты еңбегін жазған. Бұл шығарманың 18 кітабында 353-378 жж. дейін оқиғалар мәлімденіп, біздің уақытымыздың күні бүгініне дейін жетті. А. Марцеллин 330-400 жылдары ӛмір сүрген танымал Рим тарихшысы, шыққан тегі грек.
Халықтардың Ұлы қоныс аударуының әсерінен, шамамен екі жүз елужылдай уақыт бойы аварлар Карпат өңірінде (қазіргі Орталық Венгрия, Трансильвания) территориясында қоныстанып, мықты саяси билікті иемденген. Бірақ сонда да алып территорияны жаулап алған және Византия империясын біраз әбіржіткен аварларды, қазіргі таңда жоғалып кеткен халықтардың қатарына жатқызуға болады. Сондықтан оларға байланысты көптеген мәселелер құпия болып келді. варлар Шығыс Европа даласында, біздің жыл санауымыздың VІ ғасырларда қалыптасып, авар атты қағандық құрып, үлкен саяси одаққа айналды. Авар қағанатын құрушылар Европа мемлекеттерінің тарихына өзінше ықпал етіп, әсер қалдырушылар болды. Ақырында қағандық ыдырап жергілікті халықтармен ассемиляцияға ұшыраудың нәтижесінде ІХ ғасырда тарих сахнасынан кетеді. Авар тайпаларының ежелгі қоныстанған территориясын және оның күнделікті ӛмірі жайындағы мәліметті, Византия, латын жазба деректерімен археологиялық ескерткіштер береді.
Авар атауының шығуы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде тарихта үш түрлі гипотезалар бар. Соның біріншісі бойынша, аварлар көшпелі жуан-жуан империясының ұрпақтары дейді, екіншісі бойынша олар, Орта Азиядан шыққандар және вархониттер олардың ата-бабалары, үшінші гипотеза бойынша аварлар Венгрия территориясының кейбір қоныстардың атауларының түбірі варконь деген сөз тіркесімен аяқталғандықтан жергілікті халық болуы мүмкін дегенде болжамдар бар. Жазба деректерге сүйенетін болсақ мысалы: Менандр Протектордың хабарлауынша, 568 ж император Юстиннің билігіне төрт жыл болғанда, Византияға ертеде сақтар деп аталған түркі қағандығынан елшілік келген, елшілікті Маниах бастап келген дейді. Ол өз елінен императорға хат әкелген, оны император аудармашы арқылы оқығаннан кейін, елшіге сұрақ қойған дейді. Сол сұрақтардың бірінде император аварлар жайында сұрайды, мәселен сөзбе сөз келтіретін болсақ; бізге айтыңызшы, қанша аварлар түрік билігін бұзды және де сіздерде аварлар қалды ма? деді император.
Аңыз бойынша түркілердің шығуын Шығыс Тянь-Шанмен байланыстырады. Осы мәселені Қытай деректанушыларының мәліметтерінде орын алған, айталық VI ғасырдың Тянь-Шаннан солтүстікке қоныстанушыларды Турфан маңына ығыстырады. 460 жылы бұл өңірді мекендеуші түркі тайпаларына монғол тілдес жуан-жуандар (аварлар) басқыншылық жасап, бағынышты ғұн тайпаларын Алтайға қоныстандырған. Осы қоныстандырушылар қатарында Ашинаның ұрпақтарыда болды. Тарихта түрік аңызы (екі үлгісімен танымал) Қытай мәліметі бойынша Ашиналықтар Шығыс Түркістанда ӛмір сүру барысында, құрамына жаңа этникалық топтарды қабылдаған-жергілікті тұрғындармен араласқа түседі. III ғасырдан бастап 460 ж. дейін, ирандық (соғдылық) және тохарлық (үнді
европалық) тұрғындар мен араласты да, Ашина дәстүрінде, тілінде көріністер тапты. Дәл осы кезден бастап, түрік-соғды байланыстары басталып, бүкіл түркі мәдениетіне және ежелгі мемлекетіне зор ықпал етті. Алтайдағы Ашиналық-түріктер, аварларға (жужандарға) салық ретінде темірді төлеп, 545 жылы ірі тайпалық бірлестік құрып, солтүстік Қытай мемлекеттерінің біреуімен, дипломатиялық қатынас орнатқан. Ашинатүріктері бірнеше огуз тайпаларын бағындырып, олардың арқасында күшейіп жуан-жуандарға қарсы шығады. Ғұндар Рим империясымен жаугершілік соғыстар, жүргізіп жатқанда, жень-женьдер қытайлықтармен соғысты. Женьженьдар Маньчжурия шөлінен Түркістан даласына дейінгі жерді жаулап алып, ауқымды мемлекетті құрып үлгерген. Тіпті Қытайдың шекара аймақтарын да жаулап алған. Жоғарыда айтқандай жень-жень жаулап алған тайпалар ішінде түріктер де болған, түркі тайпалары Алтай таулы аймағын мекендеген. 522 ж. Жеңілген жужан ордасының бір бөлігі түркілерге бағынады, бір бөлігі Қытай жеріне қоныстеуіп, онда қытай шекарасын күзетші қызметін атқарған. Ал енді қалған бөлігі түркі, монғол, тіпті манчжурлар мен араласып, батысқа бет алады. Жужан тайпасының дәл осы тармағы, батыста авар атымен белгілі болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz