Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері


Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
ӘӨЖ 787. 8 Қолжазба ретінде
Тойшыбай Мағжан
«Жиделі-Байсын күйшілік мектебі, Құтбай Дүрбаевтың шығармашылығы аясында»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 5В040400 - "Дәстүрлі музыка өнері" (домбыра)
Алматы 2021 ж.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Домбыра кафедрасы
ӘӨЖ 787. 8 Қолжазба ретінде
«Қорғауға рұқсат»
Жәменкеев Е. Е:
«___»2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жиделі-Байсын күйшілік мектебі, Құтбай Дүрбаевтың шығармашылығы аясында»
Мaмaндық: 5В040400 - «Дәстүрлi музыкa өнeрi» (домбыра)
Орындаған: Тойшыбай Мағжан
Ғылыми жeтeкшiсi: ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Е. Үсенов
Бақылау сарапшысы: Аға оқытушы, өнертану ғылымының магистрі
Нұрбаева Д. А.
Алматы 2021
Дипломдық жұмыстың орындалу ГРАФИГІ
Тақырыбы: «Жиделі-Байсын күйшілік мектебі, Құтбай Дүрбаевтың шығармашылығы аясында»
Тойшыбай Мағжан 4 курс,
Мамандық 5В040400 - «Дәстүрлі музыка өнері» (домбыра )
Жетіген репертуарына музыкалық талдау жасау. Қорытынды жазу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімін жасау
Ғылыми жетекші ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Е. Үсенов
Студент Тойшыбай Мағжан
Күні _ «___»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І. ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
1. 1. Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
1. 3. Жиделі-Байсын күйшілік мектебі және оның көркенті өкілдері . . .
ІІ. ЖИДЕЛІ-БАЙСЫН КҮЙШІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰТБАЙ ДҮРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2. 1. Қ. Дүрбаевтың музыкалық мұрасы нұсқаларын талдау . . .
2. 2. Қ. Дүрбаевтың орындауындағы күйлерге талдау . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Рухани тыныстың кеңеюі мен эстетикалық сана-түсініктің қалыпасуына күйдің әсер ықпалы орасан зор болды. Халықтың бойындағы табиғаттың тылысым сырларымен жұптасқан етенелік қасиеті оның тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрыпқа деген талғамын ғана өсіріп қойған жоқ, сондай-ақ рухани жан дүниесінің сұлулық пен мейірімге інкәр қайнар көзің ашты.
Өнер туралы таным-түсінік оның өміршендігіне мойын сұсыну, көкірегіне жаратылыс сыйлаған дарын қабілетін жетілдіріп сан салалы, мол арналы синкретті өнер туғызуына мүмкіндік берді. Соның ішінде шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі күй болды.
Күйдің қоғамдық әлеуметтік сипаты, тәрбиелік мәні елдің санасынан бір сәт тысқары қалмағаны аян. Кең далада желдей есіп, ауыздан ауызға тарап, толасыз кезіп жүретін ән мен күй халық жан дүниесінің ең асыл мұраттарын дәріптеп, таратып отырады.
Қазақтың күй өнері орындаушылық ерекшеліктері жағынан шертпе және төкпе болып үлкен екі арнаға бөлінеді. Күй өнерін зерттеген ғалымдар мен қаламгерлер «қоңыр күй», «тік күй», «бояулық күйлер» т. б. атаулармен атау қажет деп дәлелдеп айтып кеткен. Өкінішке орай қазіргі қоғамымызда «төкпе», «шертпе» болып, өзгеріссіз қалды.
Қазақ күйлерінің туындауы - әр өңірдің табиғатына, тіршілік тұрмыс салтына күйшінің орындаушылығына тән болып, осыған байланысты өңірлік ерекшелігіде байқалады. Қазақ даласының күй өнерін егжей-тегжейлі зерттеген А. Қ. Жұбанов жеті мектепке жіктеп қарастырды. Осы орайда осы дипломдық жұмысымыздың өкілі Құтбай Дұрбаев Жиделі-Байсын күйшілік мектебінің өкілі.
Оңтүстік Қазақстан өңірі эпикалық дәстүрмен қатар, ән мен жырдың кең тараған мекендерінің бірі. Бұған бір дәлеліміз көне эпостарда ұшырасатын «Жиделі байсын жерінде, Қоңырат деген елінде . . . » деп келетін жыр жолдары еске салады. Ғалымдар өздерінің еңбектерінде: «Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) Қаратау бөктері, Қазығұрт, Түркістан, Сарысу жағалауы эпикалық жанрдың өсіп-өркендеген аймағы», - деген пікірді жиі айтады. Мұның бастамасы сонау Ұлы Жібек жолы арқылы әртүрлі елдердің мәдениеттерімен алмасып жатқан уақытқа барып тіреледі. Сол кезеңдегі сауда керуендері арқылы неше түрлі дін мен ілімнің алуан түрі таралып жатқан уақытта, оңтүстік өңірі ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің, өнердің ошағы болып қалыптасты.
Оңтүстік аймақтың ән, жыр, күй өнерін зерттеу бүгінгі күні енді қолға алына бастады. Оңтүстік Қазақстан өңірінің музыкалық фольклоры, жыр-термелері мен әндері, әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшеліктері мүлдем зерттелмеген, жиналмаған деп айта алмаймыз. Оның бір дәлелі 1991 жылы жарық көрген Р. Темірбаевтың «Қазығұрт әуендері» [1] атты еңбегі. Бұл жинақта алғаш рет Қазығұрт аймағының, яғни Түркістан облысының қара өлеңдері біршама жинақталып, нотаға түсірілген. Аспаптық музыкаға байланысты зерттеуші, профессор Г. Н. Омарованың «Оңтүстік Қазақстанның күйшілік өнері» (Қаратау және Сыр өңірлерінің аймақтық байланыстары) [2] атты мақаласы музыкадағы аймақтық дәстүрлерді зерттеу мәселесіне арналған. Автордың пікірінше, Оңтүстік Қазақстандағы тарихи өлкелер (Қаратау, Сыр өңірі) ғасырлар бойы түрлі аймақтар, ру, тайпа мен этностардың тоғысу жері болған. Демек, бұл өңірлер мәдениеттер мен музыкадағы стильдердің де тоғысу жері. Сонымен қатар аспаптық музыкаға байланысты: Ж. Иманалиев пен М. Айтқалиевтің [3], А. Тоқтаған [4], Г. Ұлтарахова мен М. Әбуғазы күйлер жинағы [5], Ж. Спатаевтың терме жинағы[6], Р. Алсаитованың диссертациясы [7] . Сонымен қатар Ұ. Байбосынованың мақаласын да тілге тиек еткенді жөн санадық. «Мұсылмандық Шығыс әдебиеті үлгісіндегі жанрлар және олардың әуездік-эстетикалық ерекшеліктері» атты мақаласында: «Ислам дінінің тарауымен бірге Шығыс әдебиетінің де ежелден қалыптысқан тақырыптық, жанрлық, көркемдік жүйесінде жаңару, жаңғыру, құбылыстары байқалды [9] .
Салыстырмалы түрде басқа аймақтармен қарастырғанда Оңтүстік аймақтың күй өнері әліде зерттеуді қажет етеді. Атап айтқан мәселелердің ішінде осы өңірдің күйшісі Құтбай Дүрбаевтың күйшілік өнерін зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл күнде күйшінің күйлері орын алатын әуендік ерекшеліктер өзге халық композиторларының күйлерінде кездеспейді. Мұндай ерекшелікті біз орындаушылық тұрғысынан байқадық. Құтбай Дүрбаевтың күйлерінің саздарының стильдік - орындаушылық ерекшеліктерін айқындау бүгінгі күні өзекті мәселе. Сондықтан аталған мәселені анықтау музыкалық зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Құтбай Дүрбаевтың күйшілік мұрасы
Зерттеу жұмысының пәні. Қ. Дүрбаевтың күйлерінің музыкалық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты. Оңтүстік өңірінің дәстүріндегі Құтбай Дүрбаевтың күйшілік орнын анықтау
Зерттеудің міндеттері. Жоғары да аталған мақсатты жүзеге асыру, келесі міндеттерді шешуге әкеледі:
1. Тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиетпен танысып, оны жүйелеу;
2. Қ. Дүрбаевтың өз орындауындағы халық күйлерін ноталық графикаға түсіру;
3. Қ. Дүрбаевтың өз орындауындағы халық күйлерін күйлерінің ноталық үлгілерін талдау;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы.
Бұл зерттеу жұмысының нәтижесін этномузыкатанушылар мен күйші-орындаушылар, қазақ музыкасының тарихы, музыкалық фольклор шығармаларын талдау, этносольфеджио, орындаушылық өнер, т. б. пәндер сабақтарында толық пайдалана алады.
Зерттеудің жаңалығы.
- Құтбай Дүрбаевтың күйлері Жиделі-Байсын өңірінің музыка-речитациялық дәстүрі аясында алғаш рет зерттеуге алынады;
- Құтбай Дүрбаевтың орындауындағы музыкалық үлгілер алғаш рет компьютерлік нотографияға түсіріледі;
- Қ. Дүрбаевтың музыкалық мұрасының құндылығы ғылыми тұрғыдан дәлелденеді.
Зерттеудің құрылымы. Зерттеу жұмысы Кіріспеден және екі тарауды қамтылған Негізгі бөлімнен, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, және Қосымшадан құралған.
І. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КҮЙ ӨНЕРІ
1. 1 Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Қазақ халқының күй өнері ықылым заманнан келе жатқан тарихы мен тіршілігі, тағдыры мен шежіресін айқындап тұратын ұлттың рухани төл мұрасы. Орта Азия халықтары мен қазақ жерін мекен еткен ұлттардың мәдениеті, музыка өнері ежелден өз ара бір-бірімен тығыз байланысты құрылып дамып келеді. Өзіндік халық дәстүрін сақтай отырып шекаралас туыс елдердің музыкалық мәдениеті ықпал етіп, әсерін алып отырады. Халқымыздың басынан өткен тарихи кезеңдерге қарамастан, Орта Азия халықтарының мәдениеті, өнері ортақ тарихи негізімен байланысып бірігеді. Бұл сөздеріміздің дәйегі ретінде дүниежүзіне танымал ғалымдар, ойшылдар мен орындаушылардың жазып қалдырған еңбектері дәлел. Орта ғасырларда Орта Азия халықтарының кәсіби музыканың жаңа құндылықтары көрініп, өзіңдік арнамен дами бастады. Ән, күй, жыр, мұқам деген сияқты өзіңдік жаңа жанрлар пайда бола бастады. Осы орайда аспапта жеке орындаушылар пайда болып, орындаушылық өнер қалыптаса бастады. Үлкен ғылыми өрісте музыкалық білім және теория жеке дара көрінді. Бұған дәлел ретінде, Әл-Фарабидің музыка туралы жазған ұлы еңбектері “Риторика”, “Трактат об искусстве поэзий” “Бақытқа жету жолдары” “Музыка туралы үлкен кітабы” т. б. Бұл еңбектерде алғаш рет адамзаттың этикалық, эстетикалық, жалпы теориялық қалыптары музыканың мәні, лад, ырғақ, әуендік даму, түрлі музыкалық аспаптар туралы жазылған. Осы еңбекте алғаш ысқышты аспатар жайында, ноталық жазу және оның жүйелік жолдары туралы кең мағлұмат берілген. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару, дыбыс алу тәртібіне байланысты классификацияға бөлінеді. Жалпы бұл еңбекте Шығыстық көркем ой жүйесі осы еңбекте анық талданып және де көркемөнердің ішкі логикалық жүйесін реттеген де осы еңбек. Орта Азия халықтарының аспапты музыкадағы шығу, даму тарихы және қолдану әдістері жайында алғаш рет жүйеленіп айтылған. Әр халықтың аспаптық музыкасында өзіндік ерекше аспаптарында орындалса да олардың айтылу, орындалу, халыққа жеткізе білу дәстүрлері барлығына ортақ. Мысалға алатын болсақ, алыс емес Қырғыздың комузында орындалатын күйлердің оң қол, сол қолдағы шеберлік әдістері, өзбек халқының дутарындағы орындаушылық әдістері домбырадағы шеберліктері ұқсас болып келеді. Түрікменнің бахшыларымен қазақтың күйшілерінің күй тартыстары жиі болып тұрған, ұйғырдың да дутарлары дәл жоғарыдағыдай ұқсас болып келеді.
. Тымат Мерғалиевтың "Қазақ күйлерінің тарихы" атты еңбегінде; "Біздің жыл санауымызға дейінгі VII-IV ғасырларда Орта Азияны Сақ тайпалары мекендеген. Сақ дәуірінде дүниеге келген сарын-саздардың мол бұлағы біздің заманға жетіп отыр. Халық күйшілері сүйіп тартатын көне күйлердің ішінде "Шыңырау", "Аққу" т. б. күйлердің әуен-ырғағы, аңызы Сақ дәуіріне жатады. Біздің жыл санауымызға дейінгі III-II ғасырларда Ғұндар әлемдегі ең күшті мемлекет болып дәуірлеп тұрған. Ғұн дәуірінен біздің заманаға жеткен байырғы саз-сарындар "Кеңес", "Сары өзен", "Шұбар ат" сияқты ескі күйлердің әуен-ырғағы ғұн дәуірінен бастау алатыны байқалады [1:79] ". Егер де осы деректерге сүйенетін болсақ, байқап отырғанымыздай, біздің заманымызға дейінгі VII-IV, III-II ғасырлардан, сақ, ғұндардан жеткен күйлеріміз бар екен, демек күй өнері ертеде-ақ қалыптасқан деуге толық негіз бар.
Қазақ күйшілері о дүние мен тірілер әлемі, аспан мен жер арасы, оң сегіз мың ғаламдағы ұшқан құстар, жыбырлаған жәндіктер мен аңдарға дейін төкпе күй мен шертпе күйдің мазмұндылығын жыр күйлер мен циклды күйлерді назардан тыс қалдырмаған. Аңыз күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер және тартыс күйлері болып сараланатын аспапты музыкамыздағы тартыс күйлерінің өзі де өз ішінде бірнешеге бөлінеді. А. Сейдімбек; 1) күйшілердің алдын ала құлақтасып, хабарласып, сайланып келетін айтысы; 2) күйшілердің тосын кездесу сәтінде, ерегіс үстінде немесе даулы жағдайға тап болғанда, дүниеге келген күйлер; 3) күйші куә болған оқиғаға арнап немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арналған күйлер; 4) күймен жауаптасу, күймен сәлем айту, күйшілердің бір-біріне күй арнауы [2:94] -деп саралап бөліп қараған.
Кең жазиралы қазақ жеріндегі күй өнері екі үлкен дәстүрге бөлінеді. Халық осы екі үлкен дәстүрдің бірін төкпе күйлер, екіншісін шертпе күйлер деп атаған. Төкпе күйлер Батыс қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Сыр бойы, Ақтөбе аймақтарында кең етек алып дамыса, шертпе күй дәстүрі Арқа, Шығыс, Орталық, Оңтүстік қазақстан, Қаратау, Жетісу өңірлерінде кең қолданылып дамыған. Уақыт өте келе қазақтың домбыра күйлері осындай екі үлкен күй ошақтарына бөлініп өте келе дамып, аймақтық өзіңдік ерекшеліктерге айқындалып, өз ара бірнеше мектептерге бөлінеді. Осындай өзара ерекшеліктеріне, орындалуына және көркемдік тұрғыдағы тәсілдеріне ең алғаш баса назар аударып, осындай мектептерін алғаш рет атап көрсеткен ол академик А. Қ. Жұбанов. Ахмет Қуанұлы Жұбанов қазақтың домбыра күйлерін негізгі жеті мектептке бөліп қарастырып көрсеткен. Қазіргі таңдағы орындаушылрамыз бен ғалымдарымыздың пайымдауынша қордаланып қалған күй қорының көптігі, әрмен қарай қарыштап көбейуіне байланысты оннан астам күй мектептеріне бөлініп отыр. Осы заманымызға қазақ күйлерінің жетуі домбыра күйлеріне ыстық ықыласы мен орындаушыларымыздың арқасында, қазақтың домбыра күйлерінің басқа аспаппен салыстырмалы түрде қарағанда анағұрлым анық және жақсы сақталып отыр. Атап айту керек домбыра күйлерінің құлақтан құлаққа, қолдан қолға нақты жетуі "Күй қонған" дауылпаз күйшілеріміздің шеберліктерінің арқасында зерттеліп жүйленді. Осы орайда домбыра күйлерінің ноталық жүйенің де барынша кең қолданылып, қағаз бетіне түсірілуі күй қорының өсіріп келуі анық. Ғалымдарымыздың деректеріне сүйенсек домбыра күйлерінің қазіргі уақыттағы нақты саны бес мыңға жуық, ал кейбір фольклор танушы ағаларымыз күй саны қазіргі уақытта сегіз мың деп те айтады. Ұлттық мол мұрамыздың осыншама жиналып, зерттелуі халықтың игілігіне жарап жатыр деп айтуымыз және сенуіміз өзі қиынырақ. Десекте, еліміздің кәсіби музыка мамандарымыздың тарапынан күйлеріміз нақты жүйеленіп, зерттелуі халық кәдесіне жарап, біршама күйлеріміздің бағы ашылады деген сеніміміз мол.
Домбырадағы күйшілік өнеріміздің түрлі аймақтық, орындаушылық шеберлігі аса жоғары деңгейдегі кәсіби денгейге шыңдалған жанр екенін айғақтайды. Кәсіби шыңдалғанымызды дәлелі ретінде, күйшілік өнердің өзі бірнеше мектептерге жіктеліп үлкен байлығымыздың жүйелі түрде дамуын айта аламыз. Қазіргі таңда күйшілік өнеріміздің арнайы музыкалық оқу орындарында жеке мамандық ретінде оқытылып, ғылыми айналымда жүйеленіп келе жатқаны өнеріміздің қыр-сырына қанығып түсіп, күйшілік мектептің аймақтық ерекшелігін ажыратуымызға негіз болуда. Бүгінгі күні әр күй мектептерінің өзіндік ерекшеліктері, көрнекті өкілдері, даму жолы сондай-ақ қазіргі таңда олардың оқытылуы кәсіби білім ошақтарындағы ұстаздарымыздың күн тәртібінен түспейтіні сөзсіз.
Қазақтың аспаптық музыкасындағы, жалпы өнер атаулысындағы "Алтын ғасыр" атанған 19 ғасыр, шыныңда да тарихымызда өшпес із қалдырып, дүниеге талай дарын иелерін әкелген ғасыр. Қазақтың күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина т. б. осы сынды көптеген күйшілеріміз күй қорын еселеген ірі ұлы тұлғалар. Дәл осы ғасырда домбырада күй тартуда, орындаушылық шеберлікте артып, қарыштап алға дамыды. Күй орындауда техникалық мүмкіндіктер артып, дыбыс палитрасы кеңейіп, жалпы күйлердің өзіңдік формалары қалыптаса бастады. Күй атасы Құрманғазыға дейін күйлерде үлкен саға (3-ші октаваның ре- нотасы) көп кездесе бермейтін. Осы орайда Құрманғазы бабамыз қазақ күй өнерінде "реформатор" болып келіп күй деген жанрдың қалыбын қалыптастырады, яғни, жанрын. Күй тілінде кульминация деп аталатын үлкен сағаны қосып, жасап қалыптастырған Құрманғазы Сағырбайұлы. Қазақ күй өнеріндегі Құрманғазының ең үлкен жаңалығы бірі деп осы күйдің формасын қалыптастыруын айта аламыз.
Құрманғазы жайлы ең алғаш деректерді А. Жұбанов, өзінің монографиясында өмірі мен күйлерінің ноталарын берген облатын[3] .
Адай, Серпер, Терісқақпай, Сарыарқа секілді күйлері кез келген күй орындаушылары мен домбырашылардың ырқына оңай беріле салатын күйлер емес. Осы орайда Құрманғазы, күй орындаудың техникалық мүмкіндігінің дамуына да үлкен үлес қосқан күйші деп айта аламыз. Демек, техникалық мүмкіндігі және де шебер домбырашылардың ғана еркіне көніп, орындауына болатын күйлер қатарына жатқызамыз. Осы күйлерді орындауға ұмтылып, талпыну талай қазақ балдарын алға жетелеп, күй шығарып осы күйлерге еліктеу арқылы, жалпы күйші-домбырашы болып қалыптасуына орасан зор ықпал етті. Күйші бабамыз Құрманғазы Сағырбаев қазақ күй әлеміне жаңа жаңалығымен енсе, әлемдік музыкасын жылдам, дауылды күйлерімен толықтырды.
Құрманғазының тағы бір ерекшелігін айтатын болсақ, ол домбыра дыбысын, үнін барынша адам дауысына ұқсатып, сөз интонациясын дәлме-дәл тауып, домбыраны "адамша" сөйлеткен шебер композитор. Орта ғасыр күйшісі Кетбұға жырауда "Ақсақ құлан" күйін "адамша" сөйлегенін естіртіп, талай рет тамсандырып қазіргі біздің уақытқа жетіп отыр. Күй ортасында "Балаң өлді Жошы хан, түсінбеймісің осыған" деген сөз жолдары анық естіліп, талайын таңдай қақтырып таңырқатты. Араға біршама ғасырлар салып, домбыраға тіл бітірген Құрманғазы атамыз болатын. Адам үніне дәлме-дәл дыбысталуы мен ырғағын таба білген Құрманғазы нақпа-нақ домбыраға "тіл" бітірген. Күй тілін жақсы білген қалың қазақ "Аман бол шешем, аман бол", "Бұқтым-бұқтым" күйлері бәріне түсінікті емес пе? Ал, қазақ түгілі орыстар түсінген "Ертең кетем", Не кричи, не шуми" күйлерінде айта аламыз.
Қаратау тауының бөктерінде дүниеге келіп, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында өмірден өткен, шертпе күйдің шыңына жеткен шебер күйші ол Сүгір. "Майда қоңыр", "Наз қоңыр", "Қосбасар", "Бес жорға", . "Шалқыма", "Жолаушының жолды қоңыры" т. б. көптеген артынан өшпес мұра қалдырған керемет шығармалар. Домбыраның әдіс-тәсілдері мен қыры-сырын жетік меңгерген күйші Сүгір, өзінің шығарған күйлерімен жан-жануарларға да әсер ете алатын болған. Мысал ретінде алатын болсақ, Сүгірдің "Тел қоңыр" күйінің шығу тарихы сөзімізге дәлел бола алады. Бір биенің жаңа туған құлыны өледі. Құлынын жоқтаған бие бірнеше күн жем-су ішпей, кісінеп жүреді. Неше түрлі айла-амал жасаған мал иесінің мазасы кетіп не істерін білмей қиналады. Күйші Сүгірді іздеп тауып, "Сүке, бұрынғының күйшілері нарды да күйлерімен иіркен екен, Сіздің де қасиет-киеңіз ешқандай күйшіден кем емес қой" деп қолқа салған екен. Содан Сүгір, мен ишара еткенде биеге құлын теліңіздер депті. Бие тұрған жерге жақын отырып күй тартқан Сүгір, біршама уақыттан соң биенің жуасығанын байқап жаңадан, тың күйлер тарта бастайды. Тағы да аз уақыттан соң желінінен сүт тамшылаған биеге құлын телуге ишара етеді. Өзге құлынды бауырына басқан биенің екі көзінен парлаған жасты көрген халықта еріксіз көздеріне жас алған екен. Сүгір күйшінің кереметіне сүйсінген халықта ризашылықтарын білдіріп, ел ішінде қадірі артып, аты аңызға айналып кетіпті[4, 117] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz