Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Мектеп оқушыларының адамгершілікке, кішіпейілділікке тəрбиелеудің теориялық мәселелері . . . 6

  1. Мектеп оқушыларын адамгершілікке тəрбиелеудің педагогикалық -психологиялық негіздері . . . 9

1. 2 Мектеп оқушыларын адамгершілікке тəрбиелеу жолдарын анықтау . . . 12

1. 3 Мектеп оқушыларының оқыту процесінде адамгершілік тəрбиесін қалыптастыру жолдары . . . 13

1. 3 Адамгершілік -рухани тəрбиенің маңыздылығы . . . 19

1. 4 Адамгершілік тəрбие құралдары мен əдістері . . . 26

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 15

2. 1 Орта сыныптарда ойын технологияларын информатика пәнінде қолдану . . . 15

2. 2 Articulate Storyline бағдарламасындағы ойын технологиясы . . . 17

2. 3 Сауалнама, зерттеу жұмысы . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кездегі қоғам талабына сай өзекті мәселелердің бірі білімді де парасатты, рухани құндылықтарды биік мақсат тұтатын азаматты тәрбиелеу болып табылады. Елбасының әр жылдардағы жарық көрген жолдауында ұлттық тәрбие басты нысанаға алынып ерекше болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік дағдыларының жоғары денгейде болып, елін-жерін сүйе білетін, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беріледі. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру тұжырымдамасында жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілік дағдыларын қалыптастыру жағдайлары біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдеп, тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.

Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғындаудың қатарласа дамуы мүмкін. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі-дүниеқұмарлық.

Жас ұрпақ-мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған мәселе.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі бағдарламасының міндеттері адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.

2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 306 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді) Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі білім берудің ізгіліктік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын белгілейді. Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік категориялар, ізгіліктік қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсінуі және бағалай білуі үшін адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру ізгіліктік тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әрекеттер және мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді.

Тәрбие -үздіксіз процесс. Мектептің алғашқы сатысынан бастап білім беру мен тәрбие процесі жас ұрпақты әлеуметтендірудің негізін қалайды. Жеке тұлғаның жалпы даму проблемалары туралы ағартушылар: Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтар өз еңбектерінде құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен. Оқу-тәрбие жүйесі арқылы оқушылардың бойына моральдық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру негізінде оларды өмірге даярлау, болашаққа бағыт-бағдар беру мәселелері А. А. Бодалев, Н. И. Болдырев, В. И. Гинецинский, И. П. Подласый, Ю. М. Резник т. б еңбектерінде талданған.
Педагогика ғылымында оқушыларды адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған. Адамгершілік педагогикалық ұғым ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Руханилық ұғымының мәні әртүрлі сапаларды қамтитыны белгілі. Қазіргі кезеңде қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бетбұрыс оқу-тәрбие жұмысының рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу қажеттіліктерін айқындап отыр. Атап айтқанда рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, маңызы туралы ұлы ойшыл ғұламалар, қоғам қайраткерлері мен ағартушы педагогтар әл Фараби, Ж. Оқушысағұн, Ө. Тілеуқабылұлы, Қожа Ахмет Яссауй, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова т. б., қарастырса, құндылықты бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелерін Г. К. Нұрғалиева, Г. Байделдинова, Б. Айтмамбетова т. б. зерттеген, -ал, адам сүйгіштік, имандылық қасиеттерге баулу А. Бейсенбаева, Ж. Р. Бәшірова. А. Н. Көшербаева, Қ. Қ. Шалғынбаева, Қ. Әтемова, Н. Әлқожаева, АЕлемесова, Б. И. Иманбекова т. б еңбектері арқау болған. Философилық тұрғыдан С. Нұрмұратова, Ж. Молдабеков, Е. Әлсатов, Б. Ерасов т. б. рухани-адамгершілік құндылықтарды халықтық педагогика арқылы қалыптастыруға Р. Төлеубекованың еңбегі арналса, Ш. Майгаранова, Б. Игенбаевалардың ғылыми зерттеу жұмыстары мектеп оқушыларын пәндерді өту барысында рухани-адмгершілік құндылықтарын дамыту көздеді, А. Қаплиева, Р. Тұрсжанова, Д. Нұрғалиевалардың еңбектері рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналды. Оқушыларды азаматтыққа тәрбиелеуді Р. Г. Лемберг, Т. С. Сабыров, К. К. Жампейісова, М. С. Молдабекова, М. А. Құдайқұлов, А. Б. Нұрлыбекова т. б., ал, адамгершілік тәрбиесін қоғамның қазіргі даму бағытына қарай С. А. Назарбаева, Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Э. А. Орынбасарова сынды ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Мектеп оқушыларында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселесі барлық уақытта да өзектілігін жоймай келеді және педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақтың тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен педагогикалық-теориялық негіздерін Аристотель, Платоннан басталып, бұны алыс және жақын шет ел педагогтары Я. А. Каменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, И. П. Подласый, М. Ф. Харламов, т. б. жалғастырып; психологтар В. Франкл, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, С. Л. Рубенштейн, Ж. Ы. Намазбаева, Қ. Б. Жарықбаев т. б. ғалымдар ғылыми-теориялық тұрғыдан тереңдетті.

Мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерінің теориялық негізінің айқындалмауы; оған қажетті әдістемелік кешендердің жеткіліксіздігі, қазіргі мектеп тәжірибесінде мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың өз дәрежесінде болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар зерттеу тақырыбымызды «Мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие үдерісі;

Зерттеу пәні: мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің болжамы: егер, мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі айқындалса және оны іске асырудың әдістемесі жасалса онда, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тиімді болады, өйткені оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі тапсырмалар оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарының нәтижелі болуына ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері:

- мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздерін айқындау;

- мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық-теориялық негізіне философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға және іс-әрекет теориялары, ізгіліктік педагогика тұжырымдамалары, құндылықтар туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы, Тәрбие жұмыстары жөніндегі тұжырымдамалар, Зерттеу проблемаларына байланысты бастауыш мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты озық тәжірибелер, кешенді бағдарламалар, психолог, педагог, әлеуметтанушы және әлеуметтік педагог ғалымдардың еңбектері.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге, зерттеудің деректі көздеріне теориялық, педагогикалық және статистикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау т. б

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жүйесінің ғылыми теориялық негізі айқындалды.

- мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды.
Зерттеудің базасы:

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс нормативті сілтемелер, анықтама, кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 Бөлім Теориялық бөлім

Мектеп оқушыларын адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеудің теориялық мәселелері

1. 1 Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері

Адамның бойындағы рухани құндылықтар оның жаратылысы мен бірге пайда болатынына көңіл аудармай, оны сырттан іздеп келеміз. Сондықтан кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу тек тәрбие сағаттарында ғана емес, ана тілі пәнінде мектепте оқытылатын барлық пәндерде, үйелменде, қоғамдық орындарда басты назарда болып келеді. Адамгершілік қасиеттер үлкен мен кішінің шынайы қарым- қатынас кезінде оқушы бойына дариды. Көзге көрінбейтін өте сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен- жүрекке үзбей жеткізу тек тәлімгер, ұстаздың қолынан келеді. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілікпен жүргізілетін міндеттер тұр.

Педагог қауымы оқушы жанының бағбаны екені рас болса, сол адамгершілік қасиеттерді қалай дамытып, одан қандай нәтиже алып келеді деген сұрақтар туындайды.

Ірі педагог Антон Семенович Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

А. С. Макаренконың «Ата-аналар үшін кітап», «Оқушыларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» т. б. кітаптарында оқушыларды тәрбиелеудің педагогикалық талаптарын зерттеп, жинақтады. Оқушы тәртібінде мінез-құлқындағы ауытқулар кездесіп отырады. Қайта тәрбиелеу арқылы оқушы санасындағы және жүріс- тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу үшін оқушы дамуындағы ауытқуларды алдын алу. Бұл қайта тәрбиелеудің А. С. Макаренко жасаған арнайы әдісі.

Жалпы педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым- педагогтардың еңбектерінде өз кезеңдеріне сай мектептегі оқу, таным, іс- әрекеттер, шығармашылық процесін жетілдіруде озық ойлы пікірлер айтқан.

Орыстың ұлы сыншысы, философ-материалист, жалынды революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай Гаврилович Чернышевский «Жас өспірімге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлікке, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік саналар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыру, кішіпейілділік, әдептілік, т. б. қасиеттер қалыптастыру қажет», - деді. . Н. Г. Чернышевскийдің көрсетуі бойынша адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Тәрбиенің әдістер ретінде сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқытудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршін, жүрегі таза, ниеті таза, пейілі кең, пәк періште күйінде азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма. Егер мұғалім өзінің адам қалыптастырудағы міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр.

Мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тіл алғыш, жүрегі таза, сенімі пәк жас бүлдіршін орта немесе буынға келгенде өзгеріп сала береді.

Сол кезе мына оқушы қандай еді, қалай өзгерді. Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп алды? Неге озбырлық жасауға бейім болып алды?- деген сұрақтар туындайды. Әрине, оның себептерін жан- жақтан іздеуге болады. Оқушының қалыптасуына ықпал етіп, адамгершілік қасиеттерінің дамуына үлес қосатын мұғалім. Мұғалім оқушыға оның өмірінің азық болар асыл қасиеттер- адамзаттың құндылықтарымен, қамтамасыз етеді.

Ал бүгінгі күнгі мұғалімнің баста мақсаты- өзіндік адамгершілік қасиеттерін оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.

Адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім ана тілі сабақтарында халық педагогикасының сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, оларды өркениетті өмірмен байланыстары отырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге борышты.

Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оның жан-жақты тануға бағыттаған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол- болашақ жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оқу- тәрбиенің процессінде мұғалім мен оқушының арасында үздіксіз, үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Оқушылар күнделікті оқу-тәрбие процессінде тікелей өмір тәжірибесінде «жақсы» мен «жаманды» байқайды. Оларды үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Бұл меңгергендері оқушылардың күнделікті еңбек процессі үстінде жаттықтырылып, бекітіледі. Еңбек процессінде оқушылардың кішіпейілділік, тәртіптілік, үлкенді сыйлау, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін өз заттарын сақтап, күтіп ұстауға, тазалық, дербестік сияқты мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу- өте күрделі нәзік те жауапты іс. Бұл жолда сынып мұғалімінің бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қалай тәрбиелеу керек, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді: Отанға деген сүйіспеншілікті, еңбек ете білуді, интернационализмді, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік, ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге деген аса қиын сұрақтарға жауап беруге тура келеді.

Әрбір оқушы өмірінде, іс әрекетінде кездесетін мораль категорияларын (жақсылық, жаманды, борыш, ұят, адалдық, әділеттік, қайырымдылық, абырой) терең ұғынуы қажет. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелер дұрыс іс әрекеттер оқушылар бойында мінез-құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты болып табылады. А. С. Макаренко эстетикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол былай деп жазғанды: «Өзімнің жұмыс тәжірибемде біздің де мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деген қорытындыға келдім. Мен іс-тәжірибемде моральдік тұрғыдағы осындай теориялық әңгімелердің конспектілерің жасап та алдым, осы бағыттағы өз жұмысымды біраз жетілдіруге уақыт та жұмсадым, мен және осындай мораль теориясының аса жақсы, үлкен нәтижелерін де көрдім».

В. А. Сухомлинский бүкіл педагогикалық қызметі кезінде сөзді аса маңызды педагогикалық құрал ретінде пайдалана білді. Ол оқушылардың рухани дамуының барлық кезеңдерінде де практикалық қызмет, саяси идеялармен және адамгершілік нормаларды түсіндіру мен ұштасып отыруға тиіс деген бүкіл сенімде болды.

Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп озушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Оларда қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып саналады. Ал оны шешу оқушының ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарын негізін ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз.

Психологтар А. А. Любинская, Л. И. Батович. В. В. Выготский және қазақстандық психологтар Ж. Аймауытов, М. Мұханов, А. Темірбеков, Ж. Оқушыубаев, Ќ. Жарыќбаев, Ж. Намазбаева, В. Шабельников- педагогтар Н. И. Болдырев, Н. С. Марьенко, В. В. Бондаревская, О. С. Бағданова, З. И. Василева, Л. Н. Рубинский адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар 4 түрлі бөліктерден тұрады.

1. Сезім 2. Сана

3. Сенім 4. Мінез-құлық

дағдылары.

Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процессінде жетекшілік рөлі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, оқушының бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.

Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік тәрбие, сезім турал ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар.

Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз- оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет шешкен К. Маркс пен Ф. Энгельс. Олардың дәлелдеуінше, адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілікте таптық сипатта болады. Сонымен қатар қоғам үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп жетілдіру қажет екендігін анықтады. Ол Маркс атап көрсеткендей. - « Біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, техникалық оқу - болып табылады. Сондай-ақ адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін де келтіре кетсек: адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Қоғамда адамның жеке басына қойылатын жалпы адамзаттық талаптарға байланысты адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері мыналар:

  • адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
  • жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген қарым-қатынасына бағытталған адамгершілік сезімді тәрбиелеу, дамыту;
  • ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті-өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында мақсат-мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.

1. 2 Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау

Адамгершілік тәрбиенің негізі отбасынан басталып, мектепте өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. «Адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас оқушылардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланылады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалы қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отансүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этикалың өңгіме, пікір-сайыс, лекция өткізу және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиетті кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер болып табылады» (Қазаң Совет энциклопедиясы. - Алматы, 1972. - 1 т. 113 б. ) .

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты - жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Әр қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, тап аралық, халықаралық қатынастарда мораль адамның сана-сезімін реттейді, қалыптастырады. Мораль принциптері барлық адамдарға тарайды, олардың өзара-қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап етеді.

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.

Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.

Моральдің негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz