Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Стресстің психодиагностикасы-реферат және әдістер топтамасын құрастыру

Факультеті: Екі шет тілі, 101-топ

Орындаған: Нұраханқызы Анеля

Қабылдаған: Тленчиева Нуржамал Сайдалиевна

Алматы, 2021ж.

Жоспар

Кіріспе . ……. 3

I Стресске анықтама . 4

II Психодиагностика дегеніміз не? . . 5

III Психологиялық диагностқа қойылатын талаптар 6

IV Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі. . 6

V Стресс белгілері мен жағдайларының психодиагностикасы7

Пайдаланылған әдебиеттер9

Кіріспе

Стресс-ағзаның тітіргендіргішке қайтаратын жауабы. Адамдар көбінесе стрессті ашуланғанда, аштықта, суықта, ыстықта, ауырғанда және жабайы жануарлармен күрескенде, олардан қашқанда алады. Бірақ жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына мыңдаған, миллиондаған жылдар болса да адам ағзасының қиын және экстремальді жағдайларға жауап қайтаруы өзгермеген. Стресс биологиялық қабылдау және жауап қайтаруға бейімделген.

Жұмыстағы ұрыс-керісті, емтихан алдындағы үрейді, жолдағы жүргізушінің қажуын, әртістің сахнаға шығардағы қобалжуын еске түсірсек жеткілікті. Қажу мен демалудың арасындағы ритмнің бұзылуы әдетте көпке, 1жылға созылатын жанұядағы ұрыс керіс және басқа да жағымсыз тітіргендіргішке әсерінен адам ауруға шалдығады және биологиялық бейімделе алмайды. Тек қана бұл жағдайларда ғана емес басқа жағдайларда да стресс алуы мүмкін. Мысалы жалғыздық, іш пысу, изоляция кезінде болады. Дамыған индустриальді елдерде көбінесе негативті стресс кездеседі. Мысалы алсақ конвейерде жұмыс жасау, автоматтардың автоматизациялануын мұқият бақылауда сондай ақ, майда жұмыстарда яғни жүйке жүйесіне тиетін жұмыстарда стресс алады. Адам көп уақыт стрестік жағдайда жүрсе қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін. Стресс бұл- тек ауру мен зақымдалу ғана емес ол жаттығу мен шынығу құралы болып табылады. Стресс адамның психикалық, физикалық тұрғыда денсаулығына зиян келтіреді. Стресс адамда ишемиялық аурулардың тууына әкеледі, мәселен жүрек ауруы, гипертониялық ауруы, диабет, асқазан жарасы және он елі ішек жарасы, язвалық колит, бронхиальді астма, тері аурулары, әртүрлі иммундық және аллергиялық бұзылыстар пайда болады. Адам организмінің адаптациялық мүмкіндігі шексіз емес. Стресс адамға қайғы мен ауру әкелгенімен қоса экономикалық және моральдық зиян келтіреді. Стресс және прогресс соңғы кездерде бірге айтылады. Әрбіріміздің өмірімізде өмірінің күрт өзгеріп, бірден қоршаған орта әділетсіз болған кездері болған шығар. Ондай кездерде адамдар өмірден түңіліп, әлденедей келеңсіз жағдайларға дейін баруы мүмкін. Стресс ең күшті және ең әлсіздердің жолында тұрады. Стресс кейбіреулерге қатты әсер етуі мүмкін, ал кейбіреулер онымен тіпті өмір сүреді.

Стресске анықтама

Психологтар «стресс» тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің биологиялық теориясын жасады. Оған мынадай ғылыми анықтама беріледі: Стресс - аса күшті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы.

Стресс - адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т. б кезінде туындайды. Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарлайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады.

Бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. Біз оны әруақытта сезінеміз - сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стресстің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стресстің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу - бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Психодиагностика дегеніміз не?

Психодиагностика - нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика - психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.

Психологиялық диагностқа қойылатын талаптар :

  1. Адамдарды өзіне тарта білу, оларды сендіре білу, олардың көңілінен шыға білу.
  2. Психодиагностикалық әдістерді терең білу, оларды қолдану әдістемесін игеру.

Психодиагностикалық әдістерді таңдауға қойылатын талаптар:

  1. Тандалып алынған әдіс қарапайым түрде болуы қажет.
  2. Таңдалып алынған әдіс түсінікті болуы қажет.
  3. Зерттеу одістері өтетін жерде адамға әсер ететін жағымсыз тітіркендіргіштер болмауы қажет (яғни, оның -зейінін аударатын жағдайлар) . Зерттеуші мен зерттелінушіден басқа бөтен адамдар болмауы қажет.

Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі

Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек.

Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады.

Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады:

1. Әдіс - оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;

2. Әдіс - табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды жалпы танымды зерттеу;

3. Әдіс - танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;

Стресс белгілері мен жағдайларының психодиагностикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностика туралы
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Психодиагностика әдістер сұрақтамалары
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы
Психодиагностиканың жағдайлары
Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz