Сыртқы агрессия және ішкі агрессия


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт
Факультеті: «Филология және әлем тілдері»
Кафедрасы: «Шетел филологиясы және аударма теориясы»
Орындаған: Нұраханқызы Анеля
Мамандық: Екі шет тілі
Топ: 101
Қабылдаған: Тленчиева Нуржамал Сайдалиевна
Пәні: Психология
Алматы, 2021ж.
Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім . . . 4
- Агрессия туралы түсінік . . . 4
- Қарым-қатынастағы агрессия . . . 5
- Конфликт және оның түрлері . . . 6
- Конфликтілерді басқару әдістері . . . 7
- Қарым-қатынастағы конфликтіні шешу жолдары . . . 8
ІІІ. Қорытынды . . . 9
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10
І. Кіріспе
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Қарым-қатынас - бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
М. В. Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: « . . . Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік . . . ». Осы пікір арқылы ол кез келген іс-əрекетте қарым-қатынас қаншалықты мəнге ие болатынын ерекшелеген.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі - адамдар арасындағы қатынас аймағы.
- Агрессия туралы түсінік
Агрессия - бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті. Агрессия - қоғамда адамдардың өмір сүру нормалары мен ережелеріне қайшы келетін, шабуыл объектілеріне зиян келтіретін, адамдарға физикалық зиян келтіретін немесе психологиялық ыңғайсыздық тудыратын дәлелді деструктивті мінез-құлық. Агрессивті мінез-құлық физикалық және психологиялық тұрғыдан әртүрлі қолайсыз өмірлік жағдайларға жауап берудің бір түрі болып табылады. Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Психолог А. А. Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда - шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) - бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат. Агрессивтілік - бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия - бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер қарастырылуда: агрессияның туындауына биологиялық жəне əлеуметтік орта əсері, оны меңгеру жəне бекіту механизмдері, агрессивті əрекеттің жекелей жəне жыныстық жас кезеңдік ерекшеліктері, агрессияның алдын алу тəсілдері. Субъектің агрессивті мінез-құлқы - жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т. б. ) маңызды рөл атқарады. . Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т. б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал. Агрессив-тіліктін, өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.
- Қарым-қатынастағы агрессия
Агрессивтілік - бұл адамның құлқысына байланысты, агрессияға дайындық кезеңі болып саналады. Агрессивтілік әр адамға тән қасиет, сондықтан белгілі күші бар. Әр адамда агрессивтілік қасиеті әр түрлі, бұл олардың алған тәрбиесіне байланысты. Егер агрессивтілік аз немесе тым болмаса, онда бұл субъектінің пассивтілігіне әкеледі. Депрессияға өте бейім болады. Агрессивті тым жоғары адамдар, конфликтерге араласып, келешегіне және авторитетіне нұқсан келтіреді. Сондықтан адамның өз агрессивтілігі мен эмоциялардың бақылаудың маңызы өте зор. Сол себептен осындай қорытындыға келеміз: агрессия іс-әрекет болса, агрессивтілік - агрессия бейімділік қасиеті.
Агрессия түрлері:
- Физикалық және вербальді болып келеді. Физикалық агрессия- белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану; Вербальді - негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.
- Тікелей және жанама. Тікелей агрессия - белгілі адамға бағытталған; Жанама агрессия - белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т. б. ) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
- Сыртқы агрессия және ішкі агрессия. Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған; Ішкі агрессия - өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;
- Дұрыс (конструктивті) және дұрыс емес (деструктивті) . Агрессия шекараларын анықтау қиын. Егер агрессия дұрыс көзінен көрініп, жақсы нәтижеге келтірсе, онда бұл дұрыс агрессия. Ал бұрыс агрессия бұған қарама-қарсы.
Агрессивті мінез-құлықтың сипаты көбінесе адамның жас ерекшеліктерімен анықталады. Әрбір жас кезеңі белгілі бір даму жағдайына ие және жеке адамға белгілі бір талаптар қояды. Жас ерекшеліктеріне бейімделу көбінесе агрессивті мінез-құлықтың әртүрлі көріністерімен бірге жүреді.
Қазіргі агрессия теориялары адамның агрессивті мінез-құлқының себептері мен механизмдерін әртүрлі жолдармен түсіндіреді. Олардың кейбіреулері агрессияны инстинктивті дискілермен байланыстырады, ал басқаларында агрессивті мінез-құлық ашулануға реакция ретінде түсіндіріледі, үшіншіден, агрессия әлеуметтік оқытудың нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл тәсілдердің көптеген түрлері бар. Агрессияның бұзылу теориясы мен әлеуметтік оқыту теориясы ең үлкен эксперименттік дәлел болды. Алайда агрессияның биологиялық жағдайы туралы даулар әлі де бар. Агрессиядан басқа, агрессия бейімделу функциясын да орындайды. Бұл өмірді сақтауға көмектеседі және өмірлік қажеттіліктерге қауіп төндіреді.
- Конфликт және оның түрлері.
“Конфликт” термині көптеген құбылыстарға, тіпті жансыз заттармен күресуге дейін таралуы мүмкін. Бірақ әлеуметтік конфликтте барлық тараптар адамдар, адамдар топтары ретінде ұсынылады. Әлеуметтік конфликт деп әдетте тараптар аумақты басып алуға ұмтылатын немесе оппозициялық жеке тұлғаларға немесе топтарға, олардың меншігіне немесе мәдениетіне қарсы күрес, шабуыл немесе қорғаныс нысанын қабылдататындай етіп қауіп төндіретін қарсы тұру түрі болып табылады.
Конфликт - бұл жеке тұлғалардың немесе қоғамдық күштердің, кем дегенде екі тараптың мүдделерінің, көзқарастарының, қарама-қарсы тұруы, қақтығысуы, қарсыласуы түрінде өтетін өзара іс- қимыл екені елеулі. Оны өрістету үдерісінде іс-әрекеттер мен қарсы әрекет орын алады, өйткені конфликтке қатысушылардың ниеттерін жүзеге асыру басқа тараптың ісіне араласумен, оған белгілі бір залал келтірумен, қарсыласуды еңсерумен, қойылған мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін тосқауылдар жасаумен сөзсіз ұштасады. Авторлар конфликтінің негізгі үш түрін анықтауды ұсынады: тұлғаішілік, әлеуметтік және зооконфликтілер. Әлеуметтік конфликтілердің негізгі түрлеріне: тұлғааралық конфликтілерді, кіші, орта және үлкен әлеуметтік топтар арасындағы конфликтілерді, мемлекет арасындағы ұлтаралық конфликтілерді жатқызады.
Тұлға ішілік конфликт - бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді. Бұл қақтығыс түрінің пайда болу себептері: өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау, социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы; психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі; басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы), өзін өзгеден жоғары деңгейде санау
Әлеуметтік конфликт дегеніміз - әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі. Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса, немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады. Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді. Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.
4. Конфликтілерді басқару әдістері.
Р. Дарендорф конфликттің туындау себептерін 4-ке бөлді:
- әрбір қоғам әрқашан өзгеріс күйінде болады;
- әрбір қоғамда әрқашан жалпы жанжалға әкелетін келіспеушілік элементтері өмір сүреді;
- қоғамның әрбір элементі оның интеграциясы мен өзгерісіне ықпал ете алады;
- кез келген қоғам, үнемі өзінің қанаушылыққа түскен жайына қарсы күресетін қоғам мүшелерінің басқа қоғам мүшелеріне деген зорлығына негізделеді.
Қарым-қатынас адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас үрдісіне және оның нәтижесіне адамның психикалық денсаулығы-оның көңіл-күйі, сезімдері мен эмоциясының жағымды не жағымсыз жағдайда болуы тікелей байланысты. Өзінің күшті не әлсіз жақтарын білмейтін немесе дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтін адамда көптеген мәселелер туындауы мүмкін. Адамдар арасындағы өзара үрдістерде әлеуметтік және жеке өмірі мәселесіндегі түрлі қарама-қайшы сұрақ туындайды - бұл конфликт болып табылады. Конфликтілерді басқару әдістерінің түрлері көп. Қоданыс аясына қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
- тұлғаішілік;
- құрылымдық;
- тұлғааралық;
- келіссөздер;
- сәйкес агрессивті әрекеттер.
Конфликтілерді басқару дегеніміз, тек қана оның ұйымдағы пайда болу кезін ғана анықтаумен шектелмей, қоғамдағы конфликтілік жағдайлардың деңгейін төмендету болып табылады, яғни, конфликтілі жағдайды болғызбау, алдын алу, объективті жағдайдағы қарама-қайшылық үлкен конфликтіге айналмауы үшін басқару құралдары арқылы әсер ету болып табылады.
5. Қарым-қатынастағы конфликтіні шешу жолдары
К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:
- Жарысу (бәсекелестік) ;
- Бейімделу;
- Компромисс (ымыраға келу) ;
- Қашу;
- Одақтасу.
Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.
Жарысу - жылдам шешім қабылдауды және өзіндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:
- конфликтіден кету өте қажет еткенде;
- өзіңіздің беделіңіз жоғары және билігіңіз болғанда
- өте қиын тұғырыққа тап болғанда;
- ешқандай амал- тәсіл болмағанда.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz