Мерзімді салымдар банкі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК - ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Серікқалиев Еламан Серікқалиұлы

Қаржылық операцияларды басқарудағы екінші деңгейдегі банктің несие жүйесін талдауды сипаттау ерекшеліктері

(«Альфа Банк» АҚ мысалында)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Қаржы»

Атырау, 2022

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК - ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Қорғауға жіберілді»

«Бизнес, басқару және құқық»

кафедрасының меңгерушісі

э. ғ. к. Б. Кужиев

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қаржылық операцияларды басқарудағы екінші деңгейдегі банктің несие жүйесін талдауды сипаттау ерекшеліктері

(«Альфа Банк» АҚ мысалында)

мамандығы «Қаржы»

Орындаған:

студент

Серікқалиев Е. С.
Ғылыми жетекші:
Кусебалин М. Т.

Атырау, 2022

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК- ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Бекітемін »

«Бизнес, басқару және құқық»

кафедрасының меңгерушісі

э. ғ. к. Б. Кужиев

Дипломдық жұмысты орындауға арналған

ТАПСЫРМА

Студент Серікқалиев Е. С. Мамандық: «Қаржы»

Топ ФИН- 20/171 қ/т

1. Диплом жұмысының тақырыбы: Қаржылық операцияларды басқарудағы екінші деңгейдегі банктің несие жүйесін талдауды сипаттау ерекшеліктері («Альфа Банк» АҚ мысалында)

2. Аяқталған дипломдық жұмысты тапсыру мерзімі «» 2022 ж

3. Жұмысты орындауға бастапқы мәліметтер (заңдар, әдебиет көздері, өндірістік мәліметтер) :

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, қаржы, басқару теориялары алынды. Дипломдық жұмыста экономикалық және статистикалық әдебиеттер материалдары, экономикалық мерзімдік басылымдар материалдары, сонымен қатар автордың практикалық жұмыс процесінде жинақтаған материалдары қолданылды. Зерттеліген жұмыс барысында нақты банктің қаржылық, әртүрлі аналитикалық есептерінің көрсеткіштері қолданылды.

4. Диплом жұмысының қысқаша мазмұны:

1. Қазақстан Республикасындағы қаржылық операцияларды басқаруды ұйымдастырудың теориялық аспектілері

2. «Альфа Банк» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері мен несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету механизмі

3. Банк өтімділігін басқаруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері және оны жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

5. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2020 жылғы 1 қыркүйек.

2. «Коммерциялық банк» Оразғали А. Т. Алматы баспасы, 2009 ж. Алматы қаласы.

3. https://alfabank. kz/

6. Жобаға (жұмысқа) қатысты жобаның (жұмыстың) бөлімдерін көрсететін консультанттар

Бөлім
Консультант
Уақыт
Қолы
Бөлім: 1. Қазақстан Республикасындағы қаржылық операцияларды басқаруды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Консультант: Кусебалин М. Т.
Уақыт:
Қолы:
Бөлім: 2. «Альфа Банк» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері мен несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету механизмі
Консультант: Кусебалин М. Т.
Уақыт:
Қолы:
Бөлім: 3. Банк өтімділігін басқаруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері және оны жетілдіру жолдары
Консультант: Кусебалин М. Т.
Уақыт:
Қолы:

ДИПЛОМ ЖҰМЫСТЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕСТЕСІ

Кезең
Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны
Мерзімі
Ескертулер
Кезең: І кезең
Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны: 1. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау
Мерзімі: Қыркүйек
Ескертулер:
Кезең: 2. Әдебиетпенн танысу және жоспар құру
Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны: Қыркүйек- қараша
Мерзімі:
Кезең: ІІ кезең
Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны: 3. Әдебиеттерді және деректерді іріктеп алу
Мерзімі: Қараша- қазан
Ескертулер:
Кезең: ІІІ кезең
Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны: 4. Жұмысты жазу
Мерзімі: Қазан- сәуір
Ескертулер:
Кезең:
Кезең тапсырмалары мен жұмыстың мазмұны: 5. Диплом жұмысын алдын ала және мезгілінде қорғау
Мерзімі: Мамыр, маусым
Ескертулер:

Тапсырма берілген күні «» 20___ ж.

Ғылыми жетекші : Кусебалин М. Т.

қолы А. Т. Ж

Студент: Серікқалиев Е. С.

қолы А. Т. Ж

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК - ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Диломдық жұмысқа

ПІКІР

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және каржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа акша-несие катынастары, несие-каржы институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарык экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы, жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерцияльқ жетістікгерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. осыған байланысты екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың несие өтеу қабілеттілігін және оларды бағалау тәсілдерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

Серікқалиев Еламан Серікқалиұлының дипломдық жұмысының тәжірибелік маңыздылығында коммерциялық банктердің өтімділігін басқару қызметін жетілдіруде, банк өтiмдiлiгiн басқарудың және тиімділігін басқарудың, тиімділігін бағалау құралдары және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық жақтары қарастырылып отыр.

Е. Серікқалиевтың «Қаржылық операцияларды басқарудағы екінші деңгейдегі банктің несие жүйесін талдауды сипаттау ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмысында коммерциялық банктердің қаржылық көрсеткіштері, капиталы, активті және пассивті басқару, банктің өтімділігі мен төлем қабілеті толығымен зерттеледі, алға қарай даму жағдайлары қарастырылады. Студент диплом жұмысын жазу барысында институт бекіткен ережені басшылыққа алған.

Бітіруші Е. Серікқалиев «Қаржылық операцияларды басқарудағы екінші деңгейдегі банктің несие жүйесін талдауды сипаттау ерекшеліктері» тақырыбында орындаған бакалаврлық ғылыми-зерттеу жұмысы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Академиялық саясат талаптарына (Ғылыми Кеңес отырысының 26 тамыз 2019 ж №1 хаттамасымен) бекітілген «АИГИ-ның білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың жүргізілуі туралы ережесінің» талаптарына сәйкес деп, «қорғауға жіберуге» ұсынылады.

Ғылыми жетекшісі Кусебалин М. Т.

(ғылыми атағы А. Т. Ж. )

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК - ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Диломдық жұмысқа

СЫН ПІКІР

Бітіруші студенттің зерттеген дипломдық жұмысымның мақсаты - қолжетімді ақпараттарға сүйене отырып «Альфа Банк» АҚ-ның өтімділігін басқару, қорлануын, яғни қаражатының құрылуын және құрылған қаражатты пайдалану барысын талдау.

Студент жұмыстың зерттеу объектісі ретінде нақты Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызметтері және «Альфа Банк» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметі жөніндегі мәліметтерін пайдаланған.

Е. Серікқалиев дипломдық жұмыстың теориялық негізіне - зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.

Бітіруші жұмысның теориялық және әдістемелік негізі болып экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, банк ісі, қаржы, банктегі бухгалтерлік есеп теориялары алынды. Дипломдық жұмыста экономикалық және статистикалық әдебиеттер материалдары, экономикалық мерзімдік басылымдар материалдары, сонымен қатар автордың практикалық жұмыс процесінде жинақтаған материалдары қолданылды. Зерттеліген жұмыс барысында нақты кәсіпорынның қаржылық, әртүрлі аналитикалық есептерінің көрсеткіштері қолданылған.

Жұмыс процесінде әртүрлі гипотездерді бақылау теориялық әдістерді практикалық жағдайда қолдану, нақты әдістерді қолдану барысында мысалдар келтіру көмегі арқылы жүргізілген.

Серікқалиев Еламан «Қаржылық операцияларды басқарудағы екінші деңгейдегі банктің несие жүйесін талдауды сипаттау ерекшеліктері» тақырыбында орындаған бакалаврлық ғылыми-зерттеу жұмысы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Академиялық саясат талаптарына (Ғылыми Кеңес отырысының 26 тамыз 2019 ж №1 хаттамасымен) бекітілген «АИГИ-ның білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың жүргізілуі туралы ережесінің» талаптарына сәйкес орындалған ғылыми жұмыс екенін атап көрсете келе, «өте жақсы» деп бағалап, «Экономика және бизнес бакалавры»деген академиялық дәреже беруге болады деп санаймын.

Сын пікір беруші

«Альфа Банк» АҚ директоры Есмағамбетов Д. Д.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық операцияларды басқаруды ұйымдастырудың теориялық аспектілері . . . 6

1. 1 Коммерциялық банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің

экономикалық мазмұны . . . 6

1. 2 Коммерциялық банк өтімділігін басқару және оған ықпал

етуші факторлар . . . 12

1. 3 Банк өтімділігін басқарудың халықаралық тәжірибесі . . . 21

2 «Альфа Банк» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері мен несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету механизмі . . . 29 2. 1 «Альфа Банк» АҚ-ның даму жолдары . . . 29

2. 2 «Альфа Банк» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштерін талдау және

өтімділігін бағалаудағы рөлі . . . 36

2. 3 «Альфа Банк» АҚ-ның өтімділігін басқару қызметін ғылыми

ұйымдастыру . . . 41

2. 4 «Альфа Банк» АҚ-ның өтімділігін басқаруды жоғарлатудың болашаққа бағыттары . . . 44

3 Банк өтімділігін басқаруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері және оны жетілдіру жолдары . . . 49

  1. Банктердің өтімділігін басқаруды қамтамасыз етуде капиталының жеткілікті болуын одан әрі жетілдіру . . . 55
  2. Коммерциялық банктердің өтімділігін және төлем қабілеттілігін оңтайлы ету жолдары . . . 57

Қорытынды . . . 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Қосымшалар . . . 69

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Елдің қаржы секторын дамыту қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін ескере отырып, ел экономикасындағы оның орны мен рөлін айқындауға байланысты. Бұл ретте түрлі пікірлердің болуына орай әрбір жеке экономикалық агенттің қаржы секторы алдындағы мақсатты бағыттары басқалардан үстем болмауы тиіс. Әйтпесе, жүйе тиімсіздігінің өсуі мен жүйелік тәуекелдердің ұлғаюы үшін жағдайлар туындайды.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. Қандай банк болмасын оның өтімділік деңгейін сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Сол уақытқа қажетті тиімді бағаға қажетті құралдарды сатып алауға мүмкіндігі бар банк өтімді деп саналады. Бұл банктің өтімділік құралдардың қажетті сомасының бар екенін немесе оларды қарыздар мен активтерді сату арқылы ала алатынын білдіреді. Банктің өтімділігін реттеудегі соңғы жылдары маңызды сұрақтары қаржылық жүйедегі дағдарыстан пайда болды.

Қазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы туралы тоқталып өтетін болсам, несие жүйесі - жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы болып табылады. Несие жүйесі ұғымы жалпы, банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік мекемелер қамтылады.

Әр елдің өзіндік ерекшеліктерінее қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

Қазақстан Республикасынғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе, яғни банктік емес мекемелер. Банктік салымдарға көптеген экономикалық факторлар әсер етеді. Олар өтімділікті болжауды қажетті қылады. Өтімділікті жоспарлауды өте қажетті қылатынбанктік салымдар деңгейінде көптеген экономикалық факторлар әсер етеді. Олардың кейбіреулерінің әсері сөзсіз, басқалары банктің өтімділігіне жанама түрде сер етеді, сондықтан оларды тиісті талдаудан кейін ғана анықтауға болады. Банк ірі немесе кішігірім болмасын, оның өтімділік ресурстарындағы қажеттілігін болжау барысында жергілікті, сонымен қатар жалпы ұлттық аспектілерді ескеру қажет. Бұл әдеттегідей, банктердің жинақталған салымдары жайлы айтылған кезде емес, жеке шоттар жайлы болғанда әділетті. Көптеген кішігірім орташа шоттардан тұратын қажеттілікке дейінгі салымдар жалпы алғанда тұрақты.

Ғылыми жаңалығы. Төлем қабілеттiлiк және өтiмдiлiк тұрғысынан, банктiк операциялар үшiн несиелiк тәуекел және активтердi жайғастыру мәселелерi өте үлкен маңызға ие. Өтімділікті анықтаудағыактивтік және пассивтік операцияларымен байланысты теориялық, тәжірибелік сұрақтарды жинақтау және талдау, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің операцияларын жетілдіру, «Альфа Банк» Акционерлік Қоғамының капиталы, қаржы көрсеткіштері, төлем қабілеті қызметін ғылыми ұйымдастыру ұсынысынан тұрады.

Практикалық маңыздылығы. Коммерциялық банктердің банктердің өтімділігін басқару қызметін жетілдіруде. Банк өтiмдiлiгiн басқарудың тиімділігін басқарудың тиімділігін бағалау құралдары және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады.

Ғылыми мәселенің ахуалды жағдайын бағалау. 2020 жылы қыркүйектегі Жолдауында ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылар ішінде сенімділерінің аз екенін сылтауратып, кредит қаражатының құнын шамадан тыс арттырып жібереді деді. Ақша-кредит саясаты тиімділігінің жеткіліксіздігі еліміздің экономикалық дамуын тежейтін себептің бірі болып отыр.

Екінші деңгейдегі банктердің бизнеске кредит беру ісінің қолайлы әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз ету керек.

Жыл соңына дейін Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу жұмысын аяқтауы қажет деді Президент өз сөзінде [1] .

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қолжетімді ақпараттарға сүйене отырып «Альфа Банк» АҚ-ның өтімділігін басқару, қорлануын, яғни қаражатының құрылуын және құрылған қаражатты пайдалану барысын талдау. Банк өтiмдiлiгiн басқару мәселелерiне қатысты әлемдiк банк тәжiрибесiн зерттеу және оның жергiлiктi жағдайға бейiмделуi болып табылады. Банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн бағалау әдiстерi, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банк жүйесiн құрау үшiн қазiргi жағдайларда оларды тиiмдi басқару әдiстерi өңделiп және жетiлдiрiлiп жатыр.

Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:

  1. Банк өтiмдiлiгiн басқару мәселесiмен байланысты теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрылымын анықтау, банк өтiмдiлiгi түсiнiгiнiң мазмұнын нақтылау;
  2. Коммерциялық банктердiң тұрақты дамуына әсер ететiн факторлар жүйесiн талдау немесе банк өтiмдiлiгi моделi мен принциптерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
  3. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар қалыптастыру және отандық банк мекемелерi үшiн банк өтiмдiлiгiн басқару мәселелерi бойынша нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.

Дипломдық зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызметтері және «Альфа Банк» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметі.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері. Отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар және жұмыстың ішінде талдау жасалынатын банктің қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік базасы. «Альфа Банк» АҚ-ның 2018 - 2021 жылдар аралығының шоғырландырылған есебі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде банктердің құрылуы, коммерциялық банктердің пайда болуы және өтімділікті басқаруды жан жақты қарастырып негізі ашылады.

Екінші бөлім коммерциялық банктердің қаржылық көрсеткіштері, капиталы, активті және пассивті басқару, банктің өтімділігі мен төлем қабілеті толығымен зерттеледі.

Ал үшінші бөлімде банктердің мәселелері шешіп оларды алдын алу және жақсартып жетілдіруін, алға қарай даму жағдайларын қарастырады.

1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық операцияларды басқаруды ұйымдастырудың теориялық аспектілері

1. 1 Коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілетілігінің

экономикалық мазмұны

Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикасында банк жүйесi болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк - несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО - ның банк жүйесiмен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым - қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор [2] .

Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселерiне банктердiң «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi. Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған «Банктер және банк қызметi туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi[3] .

«Коммерциялық банк» - банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықта да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуолардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.

Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады. Екiншi деңгейдегi банктердiң басқа да құрылымдардан ерекшелiгi, олардың мiндеттемелерiнiң басты мақсаты - пайда табу болып табылады (нарықтық қатынастар жүйесiндегi олардың «коммерциялық мүдделерi» де осында) . Сондықтан, «коммерциялық» деген термин екiншi деңгейдегi банктердiң қандай да болмасын меншiктiң формасына жататындығымен емес, олардың ақылы негiзде, клиенттерiне көрсететiн қызметтерiнiң сан алуандығымен байланысты[4, 17б] .

Банктің өтімділік жағдайын талдауға қажетті ақпараттары ішкі және сыртқы көздер жүйесінен тұрады. Сыртқы көздерден ақпарат алу, негізінен банктің бәсекелестері мен клиенттер нарығындағы және т. б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі мәліметтерді жинақтауды білдіреді. Ішкі көздер жүйесі банктің қызметін байланысты жағдайлар туралы мәліметтерді қамтиды және ол кез келген уақытта банктің ағымдағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Банктің ағымдағы өтімділігін талдауға қажетті ішкі ақпараттарды анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қолжетімді жекелеген лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады.

Өтiмдiлiк және төлем қабілеттілік - банктiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн, оның қызметiнiң жалпы сипаттамаларының бiрi.

Банк өтiмдiлiгi және төлем қабілеттiлiгi салымшылар мен қарыз берушiлер алдында банктiң өз мiндеттемелерiн уақытында және шығынсыз орындау қабілетi. Банктiң мiндеттемелерi нақты және потенциалды деп бөлiнедi. Банктiң нақты мiндеттемелерi: талап ету депозиттерi. Мерзiмдi депозиттер, тартылған банк аралық ресурстар, несие берушiлердiң қаражаттары түрiнде банктiң балансында көрсетiледi. Ал потенциалды немесе баланстан тыс мiндеттемелерге: банктен берген кепiлхаттар, клиенттерге несие желілерiн ашу арқылы көрiнедi (сурет 1) .

Сурет1. Банк сенімділігін сақтау шарттары

Коммерциялық банктер мемлекеттiң несие жүйесiнде үлкен роль атқарады. Олар несие капиталы рыногындағы әртүрлi секторларда қызмет ететiн ерекше кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының басым бөлiгiн шоғырландырып, өз (несие беру, салымдарды қабылдау, есептiк қызметтер көрсету, бағалы қағаздар мен валютаны сату және сатып алу және т. б. ) қызметтердiң бiрнеше түрлерiн көрсетедi. Егер коммерциялық банктердiң борыштық және қаржылық мiндеттелердi уақытында орындау үшiн қолма - қол ақшалай қаражаттар басқада өтiмдi активтерi болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкiндiгi жеткiлiктi болса, онда бұл өтiмдi банк болып табылады. Банктің өтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау агенттігінің өтімділікке және резвертерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Банк өтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің пайдалылығын арттыру үшін қайтару мерзімдеріне байланысты тартылған қаражаттар мен активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Банктердің депозиттік емес тартылған қаражаттары
Банктің депозиттік портфелінің құрылымы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы
Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz