Саяси қатынастар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
КОЛЛЕДЖ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән:Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы:Саяси жүйе мемлекет

Мамандық: Құқықтану
Шифр:0201000
Курс:2
Топ:ПК-201
Білім алушы:Аширов.Н
Жетекші:Сапирова.М.М

Алматы,2022

Жоспар

Kіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Саяси жүйе туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Саяси жүйе түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Саяси жүйе құрлымы және түрлері ... ... ... ... ... ...
2.Қоғамның Саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны...
2.1Мемлекеттің Саяси жүйедегі орны ... ... ... ... ... ...
2.2 Құқықтық мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3Азаматтық мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.
1) Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2) Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
3) Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б.
4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.
Бұл курстық жұмыстың тақрыьы Саяси жүйе және мемлекет деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі және оның мазмұны
- Саяси жүйе түрлері және даму заңдылықтары
- Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі
- Қазақстан Республикасындағы саяси күштердің кемелдену үрдісі
- Қазақстандағы саяси жүйені реформалау
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.

1-ТАРАУ. Саяси жүйе туралы жалпы түсінік
1.1Саяси жүйе түсінігі

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. Жатады.Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу.
Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды.

1.2 Саяси жүйе құрлымы және түрлері .
Саяси жүйе құрылымы:

1. Саяси институттар
2. Саяси қатынастар
3. Саяси ережелер
4. Саяси мәдениет

1.Cаяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі. Cаяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. -Саяси ережелер - адам мінез-құлқының бірыңғайлығын теориялық түрғыдан түсіндіретін саяси ғылым ұғымы. -Саяси мәдениет (ағылш. Political culture, ағылш. Cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы
2.Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды. Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.
Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді.
3. Саяси ережелер - адам мінез құлық түрғыдан түсіндіретін саяси ғылым ұғымы.. Бүл - адамдардың мінез-құлқын нақты саяси жағдайларда реттейтін және адамның нақты әлеуметтік бір топқа жататынын сипаттайтын әрекеттер қалпы (стандарт). Саяси ережелер қызмет шекарасын қалыптастырады, сонымен қатар ол адамның қандай топқа жататынын анықтаушы жағдайы болып табылады.
Сонымен, саяси ережелер дегеніміз:1) кішігірім топтан бүкіл қоғамды қамтитын ортақ мәні бар мінез-құлық ережелері;2) санкция - құрметтеу немесе жазалау, қолдау немесе мойындамау;3) қолдамау мүмкіндігі болады;4) басқа адамдардан ұқсас мінез-құлықты күту;5) саяси байланыстардың күрделі өрілімдері ережелік жүйелердің сан алуандылығынан көрініс табады.
Жылдам және мағыналы саяси өзгерістер үрдісінде саяси ережелер түрақсыз, әрі өзінің реттеушілік қызметін жоғалтады.
4.Саяси мәдениет-саяси билік мүшелері қабылдаған және өздерінің іс әрекеттері мен қатынастарында пайдаланатын саяси идеялардан, рәміздерден, нанымдардан тұратын құндылықтар жүйесі.

Саяси жүйе-2ге бөлінеді:
1.Демократия
2.Антидемркратия
1.Демократиялық режімде адамның құқықтары мен бостандықтары қорғалып, кепілдік беріледі. Билік жeкeтұлға мен қоғамның мүдде-лерін іске асырады.
2. Антидемократиялық режімде билік реакциялар қолында болады және ол диктаторлық әдістер арқылы жүзеге асырылады.Антидемократиялық режімнің тирандық,деспоттық, фашистік, тоталитарлық, авторитарлық тәрізді бірнеше түрі бар.

2-ТАРАУ Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны
2.1Мемлекет саяси жүйенің институты ретінде
Қоғамның саяси жүйесі белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар жүйесі. Мемлекет, партиялар,кәсіподақтар және қоғамдық болмыста іс түйіні билікті күшпен тартып алулармен, одан ажырап қалмау және пайдалану әрекеттерімен байланысты ұйымдар мен қозғалыстар жоғарыда аталған институттарға жатады.Саяси жүйе ішкі-сыртқы саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді,әлеуметтік топтарды қалыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды. Саяси жүйенің сипаты әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады, өйткені өзі содан туындап, соған қызмет етеді.Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері
ретінде мемлекет, партиялар және қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады.
Мемлекет -- саяси жүйеде шешуші рөл атқарады, өйткені, оның өзіне ғана тән ерекше белгілері болады: біріншіден - қоғамды интеграциялауға (біріктіруге) қабілетінің болуы, бұл қабілет қоғамда болатын әлеуметтік өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен әсер етеді; екіншіден, мемлекет билік органы. Ол белсенді түрде қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін, белгіленген нормаларды сақтағаны немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге асырады; үшіншіден - қоғамда оның құқықтық шығармашылық қызметі болады; төртіншіден - мемлекеттік биліктің көпшілікке тәндігі, жалпылық істерді басқарудың кәсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардың қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру; бесіншіден саяси кеңістік шегінің ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы.
Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы, өзінің азаматтарын мемлекет мүшелерін қамтитын заңдық ықпалы болады. Осы заңдық ықпал бойынша мемлекет алдында әлгі мүшелерінің заң бекіткен міндеттері, құқықтары болады, олар алым салықтар төлейді және тағы сондайлар. Басқаша айтқанда, мемлекеттің заңдық ықпалы бойынша оның органдарының бар болуымен әрекет етуіне материалдық мүмкіндіктер тудырылады, қамтамасыз етіледі.Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөліктерге бөлмейқоғамның, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан, тек оның өзіне ғана тән құрылымы бар.Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан тұрады: ол мемлекет органдары. Саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдары
Халықаралық қатынастар теориясы
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Халықаралық ұғым заңдылықтары. халықаралық сараптаудың теориялық негіздері. халықаралық жүйелер. халықаралық қатынастар
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері
Пәндер