Бабаларымыздың арманы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ө. А. БАЙҚОҢЫРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕЗҚАЗҒАН УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Пәні: Қазіргі Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақ қоғамының ортақ идеясы - Мәңгілік ел

Орындаған: Календарова Фариза

Тобы: ЭЭ-21-1

Тексерген: Т. К. Алланиязов

Жезқазған 2021

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы - заманауи қазақстандық қоғамның басты бағытыҚазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ хандығына елеулі үлес қосқан тұлғалардың халық игілігі үшін жасаған істері. Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясының маңызы
  1. Қорытынды
  1. Кіріспе

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық - тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл - Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік Ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Ұлт тарихы мен ұлттық идеяның өрістеуін ұлы тұлғаларсыз, кемел ой иелерінсіз көзге елестету мүмкін емес. Ұлттың рухани және материалдық құндылықтарын сақтап, адамзат өркениетінен қалыс қалмау жолдарын, тұтас бір ұлттың өмірлік философиясын негіздеп беру осы көшбасшылардың құзырында болған.

Еліміз егемендігін алғаннан бері қарыштап алға басуда, Елбасымыздың кезекті жолдауы дағдарыс кезеңімен тұспа-тұс келуде. Елді елеулі етіп тұғырында ұстай алатын көреген басшы мен оның соңынан ере білген кемеңгер халық. Біздің мақсат дағдарыстан шығып қана қоймай, дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл тек бір ғана адамның қолынан келетін ісі емес, бұл көптің бірлікте болып тірлік етуі, алдағы жылдар қазақ елі үшін аса үлкен белестер болмақ, мақсатқа жету, еңбектің жемісін жеу оңай болмақ нәрсе емес, ол уақытты, еңбекті қажырлықты, қайсарлықты, табандылықты, төзімділікті қажет ететін нәрсе, біз болашаққа қажымас қайрат пен талмас еңбектің арқасында уақытты ұтымды пайдалану арқылы жетпекпіз. Бұл іс жалғыз ғана бір тұлғаның ісі емес, көпшілік елдің ісі, бұл жолдарда ұлтымыздың тағдыры шешілмек.

Жобаның өзектілігі: Осыдан 13 ғасыр бұрын түркі жұртының данагөй қайреткері Тоныкөк негізін қалаған «Мәңгілік Ел» идеясы бүгінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ерен патриотизмінің арқасында қазақ елінің яғни «Ұлы Дала Елінің» басты ұранына айналуда. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының бір ауыздан бүкіл қазақстандықтар тарапынан қолдау табуы осының басты айғағы. «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ ұлтының мақсат-мүддесімен қатар елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ортақ идеясына негізделген жалпы ұлттық идеология. Яғни, «Мәңгілік Ел» идеясының түп қазығы - қазақстандық патриотизм.

Жобаның негізгі мақсаты: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы халқына жолдаған «Мәңгілік Ел» идеясы жолдауын бұрынғы өткен бабалардың билік жолдарымен, елге ірі өзгеріс әкелген реформаларымен салыстыра саралап, жолдаудың қазіргі сәттегі құндылығы мен оның іске асу барысын жіті назарға алып, ел болып елеулі іс атқарудың маңызын айқыштап, халықты жасампаздық пен еңбекқорлыққа негіздеп тапсырылған істерінің іске асуы. Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасай отырып, ұлы тұлғалардың рухты тағылымдарын зерделей келе, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік үлгісін, ел Тәуелсіздігінің 25 жылындағы жеткен бірегей табыстарымызды жете түсіндіру арқылы Елбасының ұйымдастыру көрегендігін, бейбітшілікті, ұлттық татулықты мақтанышпен айта отырып, шығармашылық жобаны қорғау.

Жобаның барысы: Жолдау! Талдау! Қолдау!

«Қазақ» х андығын хандық етіп тұғырына қондырған Жәнібек пен Керей аталарымыздан бастап, «Қазақ» елін мәңгілік ел ету жолында елеулі үлес қосқан ұрпақтарының саяси жолдарын зерделеп, өткенінен өнеге алып, болашаққа нық қадаммен жылжу .

Ел Президентінің халыққа жолдауын-дұрыс саралап, болашаққа бағыт бағдар алып, халқына дәріптеп, барынша қолдау білдіру.

2. Негізгі бөлім

2. 1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы - заманауи қазақстандық қоғамның басты бағыты

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес» деген сөзін арқау етіп шығармашылық жоба тақырыбында елінің, жерінің азаттығы үшін күрескен, халықтың біртуар ерлерін, батырларымыз бен ұлт қайраткерлерін еске ала отырып, рухтарына тағзым етеміз. ХІХ ғасыр - арысы сонау түркі бабаларымыздан бастау алған халқымыздың сан -ғасырлық арман-мұратының бір арнаға тоғызып, қайта жаңғырған өрлеу кезеңі. Осыдан 13 ғ. бұрын түркі жұртының данагөй қайреткері Тоныкөк негізін қалаған «Мәңгілік Ел» идеясы бүгінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ерен патриотизмінің арқасында қазақ елінің яғни «Ұлы Дала Елінің» басты ұранына айналуда. Халықтың ойынан шығатын идея ғана халықтың санасын билейді. «Халықтың басына келген ой, данышпанның тілінің ұшында» деп бекер айтылмаған. Егер кемеңгер адам сол халықтың ойын дәл басып айтса оның айтқандары үлкен күшке айналады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының бір ауыздан бүкіл қазақстандықтар тарапынан қолдау табуы осының басты айғағы.

«Мәңгілік Ел» идеясы қазақ ұлтының мақсат-мүддесімен қатар елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ортақ идеясына негізделген жалпы ұлттық идеология. Қазіргі кезде әлемде көптеген елдер саяси және экономикалық тәуелділікке тап болуда. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсап-армандаған тәуелсіздік халқымыздың еш нәрсеге айырбастамайтын ең қастерлі құндылығы. Осы ұлы құндылық тәуелсіздігімізді тұғырлы ету мақсатындағы ұлы идея - Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясы.

«Мәңгілік Ел» идеясының түп қазығы - қазақстандық патриотизм. «Мәңгілік Елге» бастайтын жол - ол ұлттық тұтастық, Қазақстан халқының мызғымас бірлігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Еңбектеген баладан, еңкейген қартымызға дейін Отаншыл болуымыз керек», «Мен қазақпын» деп, өз ұлтыңды мақтаныш тұтқың келсе, онда тарихыңды біл. Сонда ғана болашағың айқын» деді. «Біз өткенімізбен де, бүгінімізбен де мақтанатындай ұлт болуымыз керек, егер патриот болсаң ғана Қазақстан мемлекеті «Мәңгілік Елге» айналады»- деді.

Иә, отансүйгіштікке тұнып тұрған бұл өсиеттер әр қазақтың жүрегінде әрқашан сақталуы керек.

Егер жас ұрпақ отансүйгіш, елжанды болып тәрбиеленсе «Мәңгілік Ел» дегеніміз сол!

Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік Ел» идеясы алапат күшке ие. Олай дейтініміз, адамзат руханиятына, ұлт тағдырына қауіп төндіретін жаһандық процестер жүріп жатыр. Сол жаһандық күшке тек рухы мықты халық қана төтеп бере алады. «Мәңгілік Ел» - бабалар арманы, қазіргі буынның назары. Елбасының айтқан сөздерін, іске асыратын біз бен болашақ жас ұрпақ. «Мәңгілік Ел» жобасы жайдан айтылған сөз емес. Сөзді ұққан адамға бұл үлкен дүние.

«Мәңгілік Ел» ғасырларына әуелі бүгінгі күннің көзімен қарауымыз келеді. Елбасының халықтың идеясын шын жүрегімен құрметтеу оның түп мағынасын түсінуден, білуден басталады. Себебі, адам баласының дүниетанымын ықылым заманнан ұрпақтар сабақтастығына, ерекшелігі мен құндылықтарына тікелей байланысты. Бұл идея ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде берілу керек. Сонда ғана ұрпақ ұлтымыз бен мемлекетіміздің шежіресі туралы ой өрісін кеңейтеді және орныққан көзқарасы бар азамат болып қалыптасады.

Үлкен мақсатқа жетелеген ұзақ жолды еңсеру үшін жас жеткіншек білім кеңістігіне қанат қағады. Жас жеткіншектердің қазіргі таңдағы елге деген сүйіспеншілігін сезінген кезде тамырың тереңдеп, жаның тазарып, алысты болжайсың. Адамға қанат бітіріп, сен бір ауылдың ғана емес, күллі Мәңгілік Ел -Қазақстанның перзенті екеніңді, оның түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан туыстарыңның бар екенін сезінесін.

Бабалар дәстүрін, саясатын жалғаған Елбасымыз еліміздегі жүзден астам ұлттар мен ұлыстарды қазақтың қара шаңырағының астында ортақ идеяға ұйытып, Қазақстанды әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосуды мақсат етіп отыр. Осы кезге дейін 10 мың түлек бітірген «Болашақ» бағдарламасы Елбасымыздың Қазақстанды Мәңгілік Елге айналдырудағы негізгі стратегиясы.

«Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның ірі державалар арасындағы бәсекеге қабілеттілігі!

«Мәңгілік Ел» - бұл тілімізді, ділімізді, тарихымызды, салт-санамызды сақтап, қазақ деген атпен алдағы ғасырлардың көшіне ілесу!

«Мәңгілік Ел» - бұл келешек ұрпақтың тәуелсіз, алдыңғы қатарлы елде өмір сүруі, Қазақстанның көк байрағының мәңгілік желбіреуі. Елбасымыздың басты мақсаты осы!

Ұлы бабамыз Тоныкөк абыз түркі жұртына қалдырған өсиетінде «Туы тұғырлы, елің мәңгілік болсын» деген екен.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлытаудағы ұлағатында: «Менің арманым - Қазақстанның мәңгі болуы! Ең жоғары бағалайтын байлығымыз - тәуелсіздік. «Қазақстан -2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық», - деді. Лайым солай болғай! Сан ғасырлар Ұлы Даланы мекен еткен «Ұлы Дала» елінің өмірлік философиясы -«Мәңгілік Ел» идеясы ең асыл мұратымыз болсын!

Қазақстан атты қара шаңырақтың болашақ ұрпақтары, қырандай алысқа самғап, тұлпардай тұяқты болайық. Күн сөнгенше сөнбейтін Мәңгілік Елдің жасампаз жандарына айналайық.

Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні - мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

2. 2. Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ хандығына елеулі үлес қосқан тұлғалардың халық игілігі үшін жасаған істері.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи дата - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы датадан бұрын есептелетін мызғымас негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Бізге жеткен тағылымды тарлан, талай дәуірді басынан өткерген тарих беттерінен 1465-ші жылы Жәнібек пен Керей бабамыз «Қазақ» атты дархан елімізді тарих сахнасына шығарып, тұғырына тұрақтатқаны белгілі. Бұл кезеңде бабаларымыз жеке бастың қамы, атақ пен абыройдың дәні үшін емес мәңгілік елдің мәні үшін өз бетінше хандық құрып соны басқара білді.

Алғашқы жылдары қоныс аударған ұлы көш Шу өңіріне тұрақтап моғолстан елімен көрші болып, біраз уақыттқа еңселерін тіктеп алған соң өздерінің ата-бабасынан қалған тарихи тұрақтарын біртіндеп өз төңіректеріне алып, іргесін кеңейте бастады. Бұған дәлел: 1470 жылдың күз айларынан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан қаласынан бастап, Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларын өз қарамақтарына алып елінің жайлы тұрмысына дәнекер болуы. Бұл келтірілген дәлел Жәнібек пен Керей атамызбен халқының ерен еңбегі болса, дәл осы тұста халықтың қамын ойлап, қамығып, жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол шаруаға жайлы, адамы қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін, ертеңім не болады деп ойламайтын, елге ырыс, онда жұрттың бәрі тең бәрі де шат-шадыман тірлік кешетін, ел аласы жоқ, ағайын арасы тату, бірліктің ырыстың, бақ дәулетті, тыныш, бейбіт тұрмыстың белгісі ретінде қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын-жер үстіндегі адамзат көруі мүмкін «Жерұйықты» мұрат еткен бүгінге аты аңыз елі үшін еміренген - Асан қайғы бабамыз еді., Бұл сапардың оңай болмасы бірден білінеді, себебі: Ұзақ, азапты сапарға жылдар бойы әзірлену керек. Мал төлден тыйылуға, ер төсегінен безінуге тиіс. Соншалық төзім, шыдамды бастан өткерген соң ғана «Жерұйыққа» сапар шегуге болады. Жол ауыр: шөлстан бар, аптап ыстық бар, соның бәріне сабырмен, шыдамдылықпен төзген, жолда кездесетін барлық қиыншылықтарды көтере алатын, бақыт дегеннің, бақытқа жету жолындағы күрес дегеннің не екенін білетін ел ғана «Жерұйыққа» қоныстанбақ. Осыншама ауыртпалықтарды білсе де Асан қайғы төзімді жануар ретінде «Желмаяға» мініп «жерұйықты» іздеуге аттанады. Бұл сапарға Асан қайғы өзінің бақыты үшін, өзінің жан рахаты үшін емес, елдің мұраты үшін, елдің қамы үшін, өз халқының бақыты үшін, халқына мәңгілік мекен болатын, жан рахатын сыйлайтын осынау қасиетті жерді іздеуге аттанады. Бұл сапардың негізінде «МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ» жатқандығы айдан анық. Бүгінгі ұрпақ «Жерұйыққа» қоныс аудармаса да жазиралы дархан «Қазақстан» атты тау баурайы асыл қазынаға, кенге бай, байтақ жерде ғұмыр кешуде! Одан кейінгі жылдарда әрбі, хандар, сұлтандар, билер өз халқын мәңгілік ел ету жолында әр қайсы әр түрлі бағытта өздерінің саяси бағыттарын жүргізді, олардың ішінде жүзеге асқандары да, негіссіз қалғандары да болды, бабаларымыз елін, жерін қорғап, мәңгілік ел ету мақсатында сан түрлі амалдар жасады, сан түрлі кезеңдерден өтті.

2. 3 Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясының маңызы

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялық көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет.

Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. Иә, ел болып еңсе көтердік дегенде - арғы жағында арқасүйер, табан тірер не бар екенін қазақ жұрты мен қазақстандықтардың жарасымды тіршілігінің дәлелі болды. Бір кездері Алаш арысы Міржақып Дулатов «Түрік баласы» атты жазбасында: «Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», - деп, сонымен бірге тағы жазған мақаласында: «Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады», - деді.

Біздің Отанымыз Қазақстан - бүгінде тәуелсіз мемлекет. Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз - дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ. Тәуелсіздік - тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол- өткен бабалардың алдыңдағы қасиетті борышы және келешек ұрпақтың алдыңдағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, Тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз. Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз» деген еді. Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман - есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?!

Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі - Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы - бүгінгі өркениетті Қазақстан. Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі.

Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеологияға айналды. Ол - «Қазақстан-2050» Стратегиясының, сонымен қатар, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, ұлттың рухани құндылығы. Қазақстанның бүгінгі алатын орны, халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың нақты нәтижесі болып табылады. Өткенге сәл шегініс жасап көретін болсақ, тәуелсіздіктің бірінші күні яғни 1991 жылдың 17 желтоқсанында Елбасының «Кең - байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік. Әсіресе, жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік» - дегенінің өзінде Елбасының көрегенділігімен Қазақстанның жарқын болашағына деген үлкен сенімі мен серпіліс берер салиқалы ойы ұштасып жатқаны бүгінде ақиқатқа айналды. Содан бері жиырма төрт жыл уақыт ішінде қаншама жаңашыл бағдарламалар мен жолдауларын арнап мемлекетіміздің өркендеуі мен өсуіне ықпал ететін тиімді даму жолдарын нақты көрсетіп берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы жаңа дәуірдің, келісті келбетінің көрінісін саралап берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Мәңгілік Қазақстан» деп аталуы арқылы тұғырлы еліміздегі әрбір отандастарымыздың жүрегіне жылу ұялата, мақтаныш сезімінің және оған деген сенімін айқындады. Елбасымыз тағы бір сөзінде, бүгінімен ертеңін ғана ойлап, кеңшілікті ойлаудан түсер пайданың қазіргі бәсекелестік заманында түкке тұрмайтын тіршілік екенін баса айтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс
Тәуелсіздік мұраты - Мәңгілік ел
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
ҚAЗAҚ ПOЭЗИЯCЫНДAҒЫ МӘҢГІЛІК ЕЛ ТAҚЫРЫБЫНЫҢ ЖЫРЛAНУЫ
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Бостандыққа жету жолымыз
Тәуелсіздік - бабаларымыздың ежелгі арманы
Жеті атаны білу - ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz