Құқық қолдану белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
КОЛЛЕДЖ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Мемлекет және құқық институтының негіздері
Тақырыбы: Құқықты жүзеге асыру

Мамандық: Құқықтану
Шифр: 0201000
Курс: 2
Топ: ПК-201
Білім алушы: Мұрат Н.Д.
Жетекші: Сапирова М.М.

Алматы, 2022

Жоспар:
Құкыкты жүзеге асыру
1 ТАРАУ Құқықты жүзеге асыру туралы жалпы сипаттама
1.1 Қукыкты жүзеге асырудың түсінігі мен әдістері
1.2 Құқын қолданудың белгілілері
2 ТАРАУ Құкык қолдану - құқықты жүзеге асырудың ауыр нысаны
2.1 Қукыкты қолданудың негізгі сатылары
2.2 Қуктык нормаларды қолдану актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары. Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нəтижелерге жетуге болады.
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ-қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-нысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады

1.1 Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен әдістері.
Құқық жүзеге асыру үшін жасалады. Құкыктык қоғамда бір жағынан мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы мiндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондыктан ол екі бағытта қарастырылады.
1) мемлекет органдары, лауазымды адамдар заң бойынша қызмет істеуі керек;
2) азаматтар, олардын бiрлестiктерi және уйымдары өз әрекеттері арқылы құқықты жүзеге асыруы тиiс.
Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар.
1) Құқықты сақтау. Құқықты сақтау тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің мәні тыйым салынған әрекетті жасаудан бой тарту;
2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудын мәні - жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау. Мысалы, баланы тәрбиелеу үшін ата-анасы үнемi, жүйелі түрде қызмет істеп, оны оқытуы, әдепке баулуы қажет;
3) Құқықты пайдалану. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандыктарды пайдалана ма, жоқпа ез еркi. Егер оларды пайдаланғысы келсе, белсендi немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады.
Құқықтарды пайдаланудың барысында субъектiлер өздерінің заңдарда көрсетілген кукыктарын жүзеге асырады. Құқықты пайдалану тұлғаның құқық өкілеттігін жүзеге асыруға бағытталады. Демек, ол тұлғаның іс-әрекеті өз білігінше мұнда яки белсендi, яки енжар түрiнде болуы мумкін.
Құқықты жүзеге асырудың осы үш түрінің барысында қоғамдық қатынастардың субъектілері өз әрекеттері арқылы заң нормаларын тікелей iске асырады. Мұны құқықты тікелей жүзеге асыру нысаны деп атайды. Осындай нысандар түрінде көптеген (бірак барлығы емес) құқық нормалары жүзеге асырылады. Болмыста заң нормаларын бұлжытпай пайдалану және оларды орындауға толық жағдайлар жеткiлiктi болмайтын кездер болады. Ондайда бұл iске мемлекеттік-биліктік өкілеттiктерi бар құзырлы органдардың араласу қажеттілігі туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнына студенттер қабылдау, жұмыска алу, зейнетақы тағайындау, әскери кызметте мiндеттердi атқару және тағы басқалар.

4) Құқықты қолдану. Бұл билiк кызметiн жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары колданады. Есте болатын жайт: тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті актiнi колдануға болады. Колда ну екi жолмен жүзеге асырылады:
1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, полицейдiң қылмыскердi ұстауы;
2) нақтылы iстi шешу арқылы.
Құқықты қолдану - құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-үйымдастырушылық қызметі. Мұның нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады.
Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз кызметiнде екі функцияны жүзеге асырады: а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер аркылы позитивтік (оңтайлы) реттеудi жүргiзу; б) құқықты бұзылудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес кұкықты қолданудың екі нысаны: жедел аткаруға және құқық қорғауға жататын түрлері болады.
Қукыкты колданудың белгілері (нышандары):
1. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырушылық-билiктiк қызметі. Мұның өзі болмыстык ахуалдардың шешімін табуда колданылатын айрықша амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың қалыптасуын талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше бередi. Бұлар - мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектiлерi болып табылмайды, өйткені мемлекет оларға бұл кызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген iс жүргiзу заңдары бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нәтижесінде дербес құқықтық акт - құқық қолдану актiсi кабылданады (жасалады).
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) iстiң нақты жағдайларын анықтау;
б) iстiң заңдык негiзiн анықтау. Бұған кукык нормасын тандап алу, оның түпнұсқаға сәйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) iс бойынша шешім қабылдау.
Құқық қолдану актiсi - құзырлы органның нақты заңдық iс бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып келедi.

1.2 Құқық қолдану белгілері
Құқық құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл -- қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде құқық құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама (міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды. Нұсқама (міндеттеу) -- бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік -- құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген. Тыйым -- шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Құқық тыйымға мысал ретінде ҚР-ның құқық құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады.
Ерік беру -- бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық құқыққа ерік беру неғұрлым тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезде тыйымдар мен нұсқамалар сияқтылар азаматтық құқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай-ақ тек қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер мақсаттарында пайдалануға жол бермейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленген құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару органдарының құжаттары қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс делінген. Бұл жерде тікелей заңдық нұсқама екендігі белгілі болып отыр.
Құқық құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді. Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап басқарушы рөлінде, ал екіншісі -- басқарылушы рөлінде болады.
Соған сәйкес құқық құқықпен реттелетін қатынастарда басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны білдіруші заңдық биліктік өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да болмасын субъектісі болып табылады. Бұл объектінің бұлайша іс-әрекет етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті құқық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды биліктік қатынастар деп жиі сипаттайды. Бұл формуланың ар жағында жасырын не бар? Ол басқарушылық қатынастар мәжбүрлеу құралдарының көмегімен реттеледі дегенді білдірмей ме? Әрине олай емес, сондықтан да құқықтық реттеудің сипаты мен тәсіліне тікелей әсер ететін ерекше шарттарын бөлу қажет.
Құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама (өкім ету) мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті.
Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Ең алдымен мынамен, қандай да болмасын атқарушы органға немесе лауазымды адамға тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерді шындығында іске асыру белгілі болып отыр, ал бұл негізінен алғанда басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастардың шарттық түрін болғызбайды. Мұны, мысалы, мынадай факт растайды, құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда реттелетін қатынастың бір тарабының ерік білдіруіне жетекші рөл беріледі.
Құқық құқықпен реттелетін нақты басқарушылық қатынастарда тиісінше мынадай көрініс байқалады. Бір жағдайларда қатынастың қатысушысында, қандай да бір атқарушы органның өкілеттіктеріне ұқсас келетін (мысалы, осындай орган және азаматтың арасындағы қатынастарда) өкілеттіктері жалпы болмайды. Басқа жағдайларда бір тараптың заңдық биліктік өкілеттіктерінің көлемі мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектісінің рөлінде болатын органдікінен (лауазымды адамдыкінен) аз болады (мысалы, жоғары және төменгі тұрған атқарушы органдардың арасындағы қатынастарда). Мысалы, министрлікте оған қарасты мемлекеттік кәсіпорынның басшысынан өкім етушілік өкілеттіктерінің көлемі, әрине, көп. Ал бұл, өз кезегінде мынаны білдіреді, мемлекеттік басқару аясында реттеудің мынадай механизмі қалыптасады, ондағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың, т.с.с. мүдделеріне қатысты болатын заңдық акт (ерік білдіру) олардың өзара ерік білдіруінің (шарттың) нәтижесі болып табылмайды. Оны тек қана өкілетті атқарушы орган немесе лауазымды адам шығарады. Оларға құқық құқықтың нормаларына сәйкес, бұған дейін атап көрсетілгендей, құзырет беріледі, соның шегінде олар біржақты тәртіппен белгілі бір зандық міндетті шешімдер қабылдауға құқылы. Демек, бұл сияқты шешімдер органның (лауазымды адамның) қарауынша емес, құқықтық белгілеулердің (заң, заңға тәуелді кұқықтық норма) негізінде қабылданады. Сондықтан олар кімге жолданса, соған міндетті болады. Әрине, олар осы шешімдерді қабылдайтын атқарушы органның немесе лауазымды адамның өзіне де бірдей өлшемде міндетті. Басқарушылық қоғамдық қатынастағы тараптардың ең толық көрініс тапқан заңдық өзара қарым-қатынастары осындай. Шындығында, сипатталған реттеу механизмі мемлекеттік тәртіп пен заңдылық талаптарының мазмұнынан тікелей туындайды. Соларға сәйкес мемлекет басқарушылық тәжірибеде пайда болатын мәселелерді, олардың кімнің ынтасы бойынша туындауына қарамастан, біржақты тәртіппен, бірақ міндетті түрде заң мен заңдарға тәуелді құқықтық нормалардың негізінде шешуге өкілетті мемлекеттік басқару аясында ресмисаты (инстанция) белгілейді.
Бұл сияқты сатылардың қажеттігі түсінікті. Азамат, мысалы, қандай да бір құқық-басқарушылық қызметтердің заңсыз іс-әрекетіне өзінің шағымын өзі шеше алмайды. Сондықтан, ол бойынша заңды түрде міндетті болатын шешім қабылдауға кім ресми өкілетті екенін белгілеу керек; әйтпесе шағымды шешілген деп санауға болмайды. Шағым бойынша шешім азамат пен атқарушы органның арасындағы келісім тәртібімен емес, тек қана өкілетті органның алдын-ала заңмен немесе заңға тәуелді нормамен белгіленген өзінің биліктік құзыретін іске асыру ретінде қабылданады. Мысалы, бұл сияқты шағымдар бойынша шешімдерді кімнің іс-әрекеттеріне (құқықтық актілерін қоса) шағым жасалынса, соның жоғары тұрған органы (лауазымды адамы) қабылдайды деп белгіленген.
Басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа түрлерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, лицензияларды, белгілі бір қызмет түрімен (мысалы, кәсіпкерлікпен) айналысу үшін өкілетті атқарушы органдар береді; бірқатар мемлекеттік емес құрылымдарды тіркеуді ҚР-сы Әділет министрлігі органдары жүзеге асырады деп белгіленген, т.с.с.Атқарушы билік органдарының әр түрлі деңгейінің арасындағы қарым-қатынастарында сатылы біріне-бірі бағыныш принципі қолданылады, соған сәйкес төменгі тұрған органның кейбір мәселелерді, жоғарғы тұрған органның құзыретіне жатқызылғандықтан, өзі істеуге құқығы жоқ. Ол осы мәселені өкілетті саты алдында қоюға бастама көтере алады. Бірақ біржақты заңды түрдегі міндетті нұсқамалардың болуы құқықтық реттеуді басқарушылық қатынастардың екінші тарабын мәжбүрлеуге тіремейді. Мәжбүрлеу реттелетін қоғамдық қатынастарға және оның қатысушыларына заңдық ықпал жасаудың ең соңғы түрі. Ол тек қана атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) нұсқамаларында тұжырымдалған талаптардан бас тартқан кезде, ал ең жалпы нысанда құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайдаланылады. Мұндай жағдайларда заңдық жауапкершілік қағида болады. Демек, біржақты нұсқамалардың заңдық міндеттілігі мәжбүрлеу мен тепе-тең емес. Тағы бір ескеретін жағдай, атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруінің біржақты және міндетті болуы тек құқық құқықтың нормаларымен белгіленген тікелей нұсқамалар мен тыйымдар үшін ғана тән емес. Құқық әдістің бұл ерекшеліктері ерік беру үшін де тән, өйткені оларды пайдалану тиісті құқықтық нормалармен бұйырылады. Құқықтық реттеудегі ерік беру кұралдарын пайдаланудың механизмі мынадай.
Біріншіден, құқықтық нормалар реттелетін басқарушылық қатынастардың тараптарына тиісті мінез -- құлықтың бір түрін тандауға мүмкіншілік беруі мүмкін. Көпшілігінде бұл әдіс лауазымды адамдардың мінез-құлқын реттеу үшін пайдаланылады, бұл орайда олардың құқық -- құқықтық нормамен ұсынылған таңдаудан бас тартуға құқысы жоқ. Мәселен, ӘҚБТК (7-тарау) былай деп белгілеген, құқық бұзушыларға құқық жауапкершілік шараларын қолдануға өкілеттік берілген лауазымды адам немесе орган мына сияқты шаралардың (мысалы, ескерту немесе құқық айыппұл салу) бірін таңдап алуға немесе оны жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешуге құқылы.
Екіншіден, құқықтық нормалар басқарушылық қатынастардың тараптарына өзінің қалауы бойынша іс-әрекет жасауға (немесе жасамауға) мүмкіншілік беруі мүмкін. Әдетте, бұл субъективтік құқықтарды жүзеге асырғанда болады. Мысалы, азамат қандай да бір лауазымды адамның іс-әрекетін заңсыз деп санаған жағдайда, оған шағым беру керек пе, жоқ па, ол мәселені өзі шешеді. Сосын, шағымды қандай жолмен -- құқық немесе сот арқылы беру туралы мәселені де оның өзі дербес шешеді. Шындығында бұл сияқты ерік беру әдісінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға ресми, яғни құқық құқық нормасымен қаралған, рұқсат беру сипаты бар. Биліктік қатынастардың ерекшеліктері осындай. Олардың сипаттамасына тағы да бір елеулі қосымша жасау керек. Ол мынадай мәселе, құқық құқық та белгілі бір жағдайларда тараптардың заңдық тепе-тендігіне құрылған басқарушылық қатынастардың пайда болу мүмкіншілігін қарайды.

Құқық құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-құқық құқық-субъектілігі. Құқық құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың ұғымы
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қылмыстық құқық ғылымы
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Конституциядан қылмыстық құқық
Басқару әдістемелері мен нысандары
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Құқық норманың негізгі сипаты
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Пәндер